АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 29.01.2018


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 172 рет оқылды

26 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Нұротандықтар бас қосқан бұл жиынға Саяси кеңес, Саяси Бюро мүшелері, бөлім, мекеме басшылары мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Кеңесте партия төрағасы, аудан әкімі Абат Шыныбеков Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы 10 міндетті аудан бойынша жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ аудандық партия филиалының саяси кеңесінің есебінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин өткен жылы атқарылған жұмыстардан хабарлама жасады. Кеңеске қатысқан басқа да партиялықтар өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар отырыста барлық деңгейдегі шараларды ұйымдастырып, белсенділік танытып жүрген партия мүшелеріне алғыс хаттар мен партия билетін табыс етілді. Сондай-ақ аудан әкімі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген облыстық «Туған жерім» атты шығармалар байқауында жүлделі орын алған оқушыларды «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің алғыс хатымен марапаттады. Саяси кеңес отырысының соңында аудан әкімі Абат Шыныбеков партия мүшелеріне ауылдық округ әкімдеріне партияның қазіргі заман талабына сай одан әрі дамыту үшін жұмыстану қажет екенін айтып өтті.

Жұлдыз АСҚАР


ШАРУАЛАР БАС ҚОСҚАН КЕҢЕС

Күні: , 170 рет оқылды

26 қаңтар күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен ауданның ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша кеңесі оздырылды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл кеңестің күн тәртібінде Елбасының 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын іске асырудағы ауданның агроөнеркәсіп кешені саласындағы атқарылатын міндеттер, аудандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қауымдастығын құру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша түсінік беру ұсынылды. Кеңеске Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Серік Бадиев, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Ташимов, «ҚазСуШар» мекемесінің облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Төлеген Ғұмаров, «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Абдулов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті, экономика ғылымдарының докторы Айгүл Қазамбаева, «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директоры Досхан Салыхов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы кооперация бөлімінің басшысы Жандос Шайжанов және облыстан «Кублей», «Уралбурсервис» ЖШС, «Молдашев» жеке кәсіпкерлігінің өкілдері, ауданның ауыл шаруашылық өндірістік кооператив төрағалары, шаруа қожалық жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер, жергілікті мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, қоғамдық ұйым жетекшілері, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты. Кеңесте сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин биылғы жылғы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген үшінші міндетке тоқталып өтіп, ауданымыздың агроөнеркәсіп кешені саласындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кеңесте облыстан арнайы келген мекеме-кәсіпорын өкілдері агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері және өз салалары бойынша түсініктер беріп, шаруаладың сұрақтарына жауаптар қайтарды. Агроөнеркәсіп кешініндегі мәселелерді жіктеген мамандар кеңеске қатысқан шаруаларға керекті мағлұматтар беріп, оларды мазалап жүрген мәселелері бойынша тиісті жауаптарға қанықтырды. Кеңес соңында аудандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қауымдастығын құру мәселесі талқыланып, осы қауымдастықтың төрағасы мен мүшелерінің кандидатуралары сайланды.

Қайрат ЖАҚЫП


НҰРЛЫБАЙ АҒА ТУРАЛЫ ЭССЕ

Күні: , 198 рет оқылды

«100 жаңа есім» Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы осы бір жаңа есімдер туралы айтқан сөздері басқаны қайдам, менің замандастарыма қанат бітіріп, қияға ұшырғандай сезімге бөлейтін сияқты көрінеді. Себебі біздер, жастар жоғары энтузиазммен алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылатын кезеңдеміз ғой. Ал «100 жаңа есімнің» өзі түсіне білген адамға бұл адам бойындағы ашылмай жатқан күштердің «индустриясы» болып табылады. Яғни қасымыздағы ерен еңбектерімен ел құрметіне бөленіп жүргендердің ісі бізге үлгі болады және соған еліктейтін боламыз деп санаймыз. Ал өзіміздің жерлесіміз Нұрлыбай Жолдыбаев қырықтың қырқасына жетпей тұрып, өзін дәлелдетті. Ол дәлелдеу — өзінің алға қойған мақсатына жетемін деген күш еді. Оған жетті де.Ісін нөлден бастаған Нұрлыбай табысына табыс қосылып, шаруасын дөңгелеткенде де оның ойынан өзінің кіндік қаны тамған, сар даланың сар желінің өтінде тұрған Сарықұдығын әсте естен шығарған жоқ. Шаруасын да жүргізді, ауылын да көркейтті. Бұл Нұрлыбайдың алғашқы бастамасы. Сол бастаманы бүгінде басқа өңір де іліп алып кетті. Біз бүгін оның жеткен жетістігін айтайық деп отырған жоқпыз, тағы бір қырын ашқымыз келіп отыр. Нұрлыбай — Сарықұдықтың ұлы емес, Нұрлыбай — елдің ұлы. Дәлелдейік. НҰРЛЫБАЙДЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №5 МЕКТЕБІ АРНАЙЫ ШАҚЫРЫП, КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. Қаланың мектебі кездесуге шақыратын адам таба алмай қалып жатқан жоқ. Олар Нұрлыбайдай азаматпен кездесуді мақсат етті. Мектеп партасында отырған шәкірттері Нұрлыбай ағасын көріп, содан үлгі алсын деді. Нұрлыбай сылтау айтқан жоқ, барды, кездесті. Көздері мөлдіреген, жүректері ақ қағаздай тап-таза шәкірттер ағаларының айтқан сөзін ұйып тыңдады. Нұрлыбай аға тебірене сөйледі: -Мен де сендердей партада отырдым. Бірақ мен бүгінгі заманауи жабдықталған қаланың мектебі емес, қарапайым ауыл мектебінің партасынан білім алдым. Бір ғана ой болды. Еңбектің үлкен, кішісі болмайды. Нөлден басталды. Ол «нөлдер» үлкен табыс әкелген «нөлдерге» құралды. Бірақ сол «нөлдер» өзіме ғана қызмет істемей, халыққа да пайдасын тигізсін дедім. Мақсат орындалып келе жатыр. Алла қосса жүрегімнің бір бөлшегі Сарықұдықтың жастарын қуанышқа бөлейтін шаруа да іске асады деп санаймын, -деді. Кездесу аяқталып, жоғарғы қабаттан түсіп келе жатырғанда Нұрлыбайды бір кішкентай қыз бала құшақтай алды. Нұрлыбай да кішкентай қызды көтеріп алып, -Айналайын! -деп бетінен сүйді. Бұл қыз бала ата-анадан ерте айырылған, жүрегі мұңды періште екен… Нұрлыбай мектепке құр қол келген жоқ. Кішкентай балаларды қуантып кетті… Екінші күні әлгі балалар ағаларының берген қаражатына аяқ киім алып, мәз болды. Кішкентайлардың жүздері шаттыққа толып, бір қуанғанының өзі бақыт қой… Жаңа сөз басында «100 жаңа есімді» айтып кеттік. Сол мектепте кездесуде болған шәкірттер ағаларындай болғысы келгені анық. Иә, күні ертең сол партада отырған Нұрлыбайдай ағасының жолын қуған елдің ұлы шығары сөзсіз. Міне, «100 жаңа есімнің» индустриясын қалыптастыру осы емес пе?.. Нұрлыбай аға сізге тек табыс тілейміз!

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.