АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 24.01.2018


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДР ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН

Күні: , 152 рет оқылды

Мемлекеттік қызмет саласында қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 24 қаңтар күні аудандық дербес бөлімдер мен ауылдық округ қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы кадр жұмысын жетілдіру бойынша семинар-кеңес өтті. Семинарда аудан әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің мамандары Айша Әбішева мен Ерлан Аронов мемлекеттік қызметкешілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет заңнамасы талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу тәртібі және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін қолдануың тәртібімен таныстырып өтті. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ

Күні: , 160 рет оқылды

Бүгін облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшардың және аудан әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымындағы кезектен тыс 19-шы сессиясы оздырылды. Сессияның күн тәртібінде Қазталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20-5 «Қазталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіне өзгеріс енгізу туралы, Қазталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою, аудандық мәслихат хатшысын лауазымынан босату, аудандық мәслихатқа жаңа хатшы сайлау және №13 Қарасу сайлау округінен депутат Еркін Ғазизовтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныстар талқыланып, халық қалаулылары тарапынан дауысқа салынды. Сессияда аудандық мәслихат хатшысы қызметінде болған Еркін Ғазизовтың зейнет жасына келуіне байланысты өз өтініші бойынша хатшылық лауазымы мен депутаттық өкілеттігі тоқатылды. Еркін Ғазизұлына ауданымыздың дамуына үлес қосқан қызметі үшін облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар облыс әкімінің құрмет грамотасы мен естелік сыйлық сыйласа, аудан әкімі Абат Шыныбеков алғыс хат беріп, иығына шапан жапты. Сонымен қатар сессияда аудандық сайлау комиссиясының ұсынысын қабылдаған депутаттар бірауыздан дауыс беріп, аудандық мәслихат хатшысы лауазымына Сәрсенбай Молдашевті сайлады. Сәрсенбай Молдашев 1962 жылы Саратов облысы, Совет ауданы, Лебедево селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы химия және биология пәнінің мұғалімі. 1986-1988 жылдары Қараоба орта мектебінің мұғалімі, мектептен тыс жұмыстарының ұйымдастырушысы. 1987-1988 жылдары Казталов аудандық комсомол комитетінің хатшысы. 1988-1989 жылдары Қараоба орта мектебінің мұғалімі. 1989-2003 жылдары Қараоба орта мектебінің, Қараоба гимназиясының, Орал қаласындағы № 44 мектебінің директоры қызметтерінде істеді. 2003-2007 жылдары Казталов аудандық білім бөлімінің басшысы. 2007-2013 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары. 2013 жылдың тамызынан бастап Казталов ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды.

Қайрат ЖАҚЫП


БІРІКТІКТЕР ӘКІМДЕРІНЕ ОҢ БАҒАЛАРЫН БЕРДІ

Күні: , 144 рет оқылды

24 қаңтар күні әкімдердің халыққа есеп беру жиындары Бірік ауылдық округінде жалғасты. Округ тұрғындарының алдында есептік баяндама жасаған округ әкімі Батырхан Байғонақов округ бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Жиынға аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары және салалық мекеме басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге жауаптар берді. Округ тұрғындарын мазалайтын сұрақтарға тоқталсақ: округ орталығы Әжібай ауылына техникалық су тарту, Жайылымдар мен шабындықтарды бөлу, Лекер көліне құбыр арқылы Сарыөзеннен су айдау, Ауыл ішіндегі көшелерге көлік жылдамдығын тежейтін жол белгілерін орнату, Таза ауыз суды ауыл тұрғындарына беруді шектемеу, халыққа қызмет көрсететін орын салу сынды мәселелер. Жиында сөз алған округ тұрғындары округ әкімінің жұмысына оң бағаларын берді.

Қайрат ЖАҚЫП


«ҚЫЗ ЖІБЕК» ТЕРМЕШІЛЕР АНСАМБЛІН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 108 рет оқылды

24 қаңтар күні аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданымыздың мерейін елімізге танытып жүрген, сонымен қатар Еуропа елдерін де қазақ әнімен сусындатқан «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің мүшелерін қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі шалғайда жатқан ауылдан осындай өнерлі өрендердің шығып, туған жердің мәртебесін асқақтатып жүргендеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар осындай өнерлі жасөспірімдерді қияға қанат қақтырып, өнерлерін ұштаған ұстаздары Баян Қабиева мен Асылхан Болтановқа алғысын білдірді. Қабылдауда аудан әкімі алдағы уақытта да ансамбльге қолдау көрсететінін жеткізіп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Қабылдау кезінде «Қыз жібек» термешілер ансамблінің мүшесі Венера Асқарова өнерлерін жақын және шетелдерге барып көрсетуге үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан облыс, аудан әкімдігіне жүрекжарды тілегін айтты.

Әсем БОЛАТ


ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Күні: , 172 рет оқылды

22 қаңтар күні аудан орталығында «Айбын» спорт клубы жəне аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 9-25 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында спорттық ойындардан жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатында «Айбын» спорт клубының директоры Берік Рахымғалиев сөз сөйлеп, спортшыларға сəттілік тіледі. Спортшылар конькимен сырғанаудан жарысқа түсті. Айта кететін жəйт, қысқы спорттық жарысқа 10-60 жас аралығындағы ауыл тұрғындары қызығушылықпен атсалысып, белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар «Ең жас спортшы» мен «Ардагер спортшы» номинацияларына ие болды. Сондай-ақ жарысқа белсене қатысқандар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР


ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Күні: , 136 рет оқылды

22 қаңтар күні аудан орталығында «Айбын» спорт клубы жəне аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 9-25 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында спорттық ойындардан жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатында «Айбын» спорт клубының директоры Берік Рахымғалиев сөз сөйлеп, спортшыларға сəттілік тіледі. Спортшылар конькимен сырғанаудан жарысқа түсті. Айта кететін жəйт, қысқы спорттық жарысқа 10-60 жас аралығындағы ауыл тұрғындары қызығушылықпен атсалысып, белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар «Ең жас спортшы» мен «Ардагер спортшы» номинацияларына ие болды. Сондай-ақ жарысқа белсене қатысқандар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР


ОКРУГ ƏКІМІ ЖАЛПАҚТАЛ ХАЛҚЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Күні: , 152 рет оқылды

Ауданымыздың округ əкімдерінің есеп беру кездесулері жалғасуда. Осындай есепті кездесу 23 қаңтар күні Жалпақтал ауылында өтіп, бұл жиынға аудан əкімі Абат Шыныбеков қатысты. Жалпақтал ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жобалық сметалық құжаты жасақталған. Ал округ орталығына 12 пәтерлі 2 қабатты үш тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілеріне жобалық сметалық құжаттары жасақталуда. Көптің тілегі «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауызсу мәселесі шешіліп, алдағы күндері іске қосылмақ. Халықтың тағы бір тілегі «Ертегі» бөбекжайы күрделі жөндеуден өтіп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Есеп беру кездесуде округ әкімі Самиғолла Ақмурзин ауылдық округ туралы жалпы мағұлмат бере келе, ауылдық округтегі қаржыландыру мәселесі, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар бойынша, сондай-ақ білім, денсаулық, мәдениет салалары және қоғамдық ұйымдар мен жастар жұмыстары жайлы кең көлемде баяндап шықты.Биыл Жалпақтал ауылы еліміздегі тұрғындары 5000-нан асқан ауылдардың бірі ретінде өзінің дербес бюджетін қалыптастыруға көшуде. Ұлт жоспарына сай реформалармен қолға алынған бұл өзгерісті де жамағат өркендеудің зор кепілі деп қабылдады. Әрине, бір жағынан дербес бюджет ауыл басшысына да, қосшысына да үлкен сынақтың бірі. Салық түсімі молаюы үшін ілгері істерде, кәсіпкерлікте серпіле түсу керек. Ауыл әкімінің есебінен соң аудан әкімі Абат Шыныбеков сөз алып, өз баяндамасын Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын талқылаудан бастады. Аталмыш Жолдауда көрсетілген 10 нақты міндетке кеңінен тоқталған аудан басшысы, тұрғындарға 10 міндеттің әрқайсысын егжей-тегжейлі түсіндіріп, талқылап берді. Одан әрі Абат Абайұлы 2017 жылы аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды істер мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның ішінде ауданымыздың бюджет және салық саласы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы, білім саласы, денсаулық саласы, мәдениет және спорт саласында атқарылған ауқымды істер де бар. Кездесулерде №2 Қазталов аудандық сотының төрағасы Айвар Бижанов тұрғындар алдында сот жүйесіне уақыт әкелген бетбұрыстар, жаңалықтар жайында баяндады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Күні: , 140 рет оқылды

-Талдықұдық ауылындағы С.Есетов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 5 млн.теңге тұратын жобалық сметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатарТалдықұдық ауылын ұялы байланыс мұнарасының құрылысы, жобалық сметалық құжаты 880,6 теңге тұратын қаржы қарастырылып отыр,-деді аудан әкімі Абат Шыныбеков Талдықұдық ауылының тұрғындары есеп беру жиынында. 23 қаңтар күні өткен есеп беру кездесу жиынында Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Арман Алдабергенов өткен жылды қорытындылап, биылғы жылдың жұмыс жоспарымен бөлісті. Осы есеп беру жиынына облыстық мәслихат депутаты, аудандық дербес мекеме кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Мекеме басшыларына ауыл тұрғындары сауалдарын жолдап, бөлім басшылары тиісті жауаптарын қайтарды. Жиын барысында аудан әкімі Абат Абайұлы талдықұдықтық тұрғындардың көтерген ұсыныс пікірлерін ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЖАҢА ЖОЛДАУ: ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА ЖОСПАР

Күні: , 134 рет оқылды

Ұлт көшбасшысының кезекті Жолдауы алда атқарар тірлігімізді тиянақтап, мәңгілік елге бастар жоспарымызды айқындап берді. Енді тек осы бас құжаттың орындалуына жұмылуымыз қажет. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінен құралған ақпараттық түсіндіру топтары Жолдауды жан-жақты түсіндіруде. 23 қаңтар күні ақпараттық-насихат топ өкілдері аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария, қаржы және экономика, мемлекеттік кірістер мен статистика бөлімі мамандарымен кездесу өткізді. Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев: -Биылғы жылғы Жолдаудың өзегі – технологияландыру және цифрландыру. Әлемде орын алып жатқан динамикалық өзгерістер Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сай әрі жедел түрде жауап қатуды талап етеді. Цифрландыру қазақстандықтардың ілгерілеудің жаңа нақты ахуалдарына сәтті навигациялануы мен бейімделуінің қажетті алғышарты болып табылады. Сондай-ақ Жолдауда 10 міндет белгіленді, олар бірінші кезекте «Индустрия 4.0» ретінде көбірек танымал Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін кеңінен енгізуге бағытталған, -деді. Кездесуге қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, Жолдаудан туындайтын жаңа мақсаттарға жету үшін біріге жұмыстанатындарын жеткізді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


«АШЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫ ҚОҒАМ МЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТАДЫ

Күні: , 156 рет оқылды

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-қадамында ««Ашық үкіметті» енгізу. ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді» делінген болатын. Осыған орай «Ашық үкімет» порталы құрылып жұмыс жасауда. «Ашық үкіметтің» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады. 23 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық Әділет басқармасы «Ашық үкімет» порталын түсіндіру, жұмысының жүру барысы мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық салалалық мекемелер қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде сөз алған аудандық Әділет басқарамасының басшысы Эльмира Қайсағалиева: -«Ашық үкімет» дегеннің өзі Қазақстан Республикасының азаматтарының ақпаратты тез, қолжетімді алуы. «Ашық үкімет» 4 порталдан тұрады. 1 портал нормативтік құқықтық актілер, 2 портал ашық бюджеттер, 3 портал мемлекеттік органдардың қызметтерін бағалау, 4 портал қоғам арасындағы кері байланыс. Кез келген азамат үйде болсын, не болмаса әлемнің кез келген нүктесінен ақпараттық технологияларды қолданып, бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың қызметтеріне бағаларын беріп, ұсыныс-пікірлерін қалдырып, сауалдарын жолдай алады, -деді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз салалары бойынша мәліметтерінің ашықтығы туралы айтып, пікірлерін білдірді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.