АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 22.01.2018


ƏЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Күні: , 110 рет оқылды

20 қаңтар күні Аудан əкімі Абат Шыныбеков ауданымыздың Талдыапан, Қараөзен ауылдық округтерінде болып, əлеуметтік нысандарды аралады. Ең алдымен сапарын Талдыапан ауылынан бастаған аудан басшысы Абат Абайұлы медициналық пунктті болып, медбикелермен кездесті. Сонымен жалпы білім беретін мектебінде болған Абат Абайұлы жасақталып жатқан мұражайдың жұмысымен танысып, мектептің спорт залын көрді. Аудан əкімінің сапары түстен кейін Қараөзен ауылында жалғасты. Бұл ауылда І топ мүгедегі Жұмагерей Жапаров аудан əкімі Абат Шыныбеков кездесті. Кездесу барысында Жұмагерей Жапаров тұрғын үйінің тұруға қолайсыз екенін айтып, көмек сұрады. Аудан басшысы тұрғын үйінің апатты жағдайда танытып және тұрғын үйдің кезегіне тұру қажет екенін айтты. Мұнан кейін Қараөзен ауылының «Айгөлек» шағын орталығымен кітапханасын аралады. Аудан басшысымен округ әкімдері Асқар Есқалиев, Мұрат Рахметуллин, облыстық және аудандық мəслихат депутаттары Мағауия Есмағұлов пен Нұрлыбай Жолдыбайұлы бірге болды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ЕСЕП БЕРУ ҮШ ОКРУГТЕ ЖАЛҒАСТЫ

Күні: , 162 рет оқылды

Аудан əкімі Абат Шыныбековтың халық алдында қорытынды есеп беру 20 қаңтар күні Талдыапан, Қараөзен, Жаңажол ауылдық округтерінде жалғасты. Бұл есептік жиынға сала басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Бұл есептік жиындарды округ əкімдері Асқар Есқалиев, Мұрат Рахметуллин, Қайыржан Өміралиев округ бойынша атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді баяндады. Мұнан кейін мінбеге көтерілген аудан басшысы Абат Абайұлы 2017 жылы кеткен кемшіліктер мен жеткен жетістіктерді саралап, ауылдас ағайындардың қойылған сауалдарына нақты жауаптар қайтарды. Осы есеп беруде Қазталов аудандық-2 сотының төрағасы Айвар Бижанов сот саласы мен медиация жөнінде егжей тегжейлі айтса, сала басшыларының, учаскелік инспекторлардың хабарламалары тыңдалды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖОЛ ТАПҚАН ЖОЛДАУ

Күні: , 158 рет оқылды

Ағымдағы жылдың басында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы жарияланған болатын. Осыған орай Қазталов ауданында құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері А.Оразбаева және Қазталов мектептерінің, аудандық аурухананың, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жүздесті. Мекеме ұжымдармен болған жүздесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев және Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауындағы басымдық беріліп отырған мәселелерге тоқталып, алға қойған міндеттер туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ ауданымызды дамыту жолында ауыз толтырып айтатындай ауқымды жобалардың жүзеге асырылып жатқаны жөнінде атап айтты.
Жолдаудың бір ерекшелігі – мұнда білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған. Бұл білім саласы басты назарда екенін көрсетсе керек. Әсіресе, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қабылдады. А.Оразбаева және Қазталов орта жалпы білім беретін мектептерінде болған кездесуде, -Биылғы Жолдауда айрықша айтылған бағыт — Қазақстанның болашағы – үш тілді еркін меңгерудің қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату үшін латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі болжампаздық бағдаршамы. Халыққа арналған жаңа Жолдау жанымызды да, жадымызды да жаңғыртып, өркениет өрінің тағы бір белесіне алып шығар баспалдақ болмақ,-деп ұстаздар қауымы өз пікірлерін білдірді. Президент өз Жолдауында денсаулық саласында онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет екенін айтты. Сондай-ақ Жолдауда Президент тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды. Яғни халықтың әл-ауқаты, әлеуметтік жағдайы мен денсаулығы басты назарда болмақ. Осыған орай Елбасының Жолдауындағы денсаулық саласы бойынша аталып өткен жағымды жаңалықтары аудандық аурухана қызметкерлерін бір қуантып тастады. Ақпараттық түсіндіру тобы аурухана қызметкерлерімен кездескенде сауалдарын жолдап, Елбасы Жолдауын бір ауыздан қолдайтындықтарын білдіріп жатты. Н.Назарбаев Жолдаудың тоғызыншы міндетінде Қазақстанда жемқорлыққа қарсы күрес жалғаса беретінін жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жүргізе беруді тапсырды. Ал құқық қорғау органдарының ұжымдарымен болған кездесуде тоғызыншы бағытына байланысты түрлі сауалдар айтылып, ішкі істер қызметкерлері тарапынан түрлі пікірлер мен ұсыныстар білдірілді. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыздың бағыт-бағдарын бағамдап берген Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін маңызды құжат болатындығы туралы ортақ ой өрбіткен білім, денсаулық, құқық қорғау саласының қызметкерлері басқосудан ой түйіндеп, Елбасы Жолдауын қолдайтындарын білдірді. Жұлдыз АСҚАР

ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ

Күні: , 134 рет оқылды

19 қаңтар күні «Нұр Отан» аудандық партиясы филиалының және Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Акцияға қатысқан Азаматтарға, заңды тұлғалар өкілдеріне соңғы енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы заңнама нормаларынан құқықтық заңды түсініктемелер берілді. Осы орайда Асылан Асқар мен Мұқағали Шоқпанов, — Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды қай мерзім ішінде тіркеу қажет және уақытында тіркемегені үшін жауапкершіліктер бар ма? Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тірку қалай жүргізіледі? — деген сауалдарды қойып, оған нақты жауаптар алды.

Жұлдыз АСҚАР


СЕНБІЛІККЕ ШЫҒЫП, МҰЗ ОЮДА

Күні: , 126 рет оқылды

20 қаңтар күні аудан орталығындағы мекеме ұжымдары сенбілікке шықты. Сенбілікке шыққан ұжымдар Қарасу тоғанында мұз ойып, балықтардың тыныс алуы үшін қамыс салып жатыр. Былтырғы жылы Қарасу тоғанында балықтарға ауа жетпеуіне байланысты апатты жағдай орын алып, біраз балық қырылып қалған еді. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында еңбектеніп жатырғандар ұйымшылдықпен жұмыс жасауда. Сонымен қатар сенбілікте балалар ойнау үшін алаңдар жасақталып, мұз үсті қардан тазартылуда.

Қайрат ЖАҚЫП


ӘКІМДЕР ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУДЕ

Күні: , 138 рет оқылды

ҚР Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазталов ауданына қарасты округ әкімдері белгіленген кесте бойынша ел алдындағы есеп берулерін өткізуде. Оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, сондай ақ, сала басшылары мен мамандары қатысуда. 19 қаңтар күні Ақпәтер, Қайыңды және Болашақ ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының басын қосқан есеп беру жиындары өтті. Халық алдында есеп берген округ әкімдері Есенгелді Айсағалиев, Болат Төлеушев, Қобылан Дүйсенов 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқып, сонымен қатар алдағы атқаратын жұмыс жоспарларымен де бөлісті. Халық жиындарында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында жүктеген жаңа міндеттер, өңірді дамытудағы кешенді жобалардың орындалуы мен алға қойылған мақсаттарды сарапқа салып, ауданымыз бойынша атқарылған істер туралы қысқаша айтып берді. Жиындарда халық назарына ауданымызда атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндайтын бейнеролик көрсетіліп, аудан әкімі мен салалық мекеме басшылары тұрғындарды мазалап жүрген сұрақтарға жауаптар берді. Айта кетсек, Ақпәтер округі бойынша тозығы жеткен электр желілері мен бағандарын ауыстыру, Кішіталдықұдық, Кішкенешал елді мекендеріне көгілдір отын тарту, жаңадан фелдшерлік амбулаториялық пункт салу, мамандарға арнап тұрғын үй салу мәселелері көтерілді. Қайыңды ауылында ескірген техникалық су құбырларын ауыстыру, жедел жәрдем көлігін жаңадан алдыру, шабындық жер алу сияқты қордаланған мәселелер айтылды. Ал Болашақ ауылдық округінеде таза ауыз су жүйесінің қыс мезгілінде қатып қалуы мен істен шығуы, Богатерев орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу, Жаңатаң ауылына техникалық су тарту, интернет пен ұялы байланысты күшейту секілді проблемалық мәселелер айтылды. Сондай-ақ халық жиындарында округтердің учаскелік полиция инспекторлары да өз жұмыстарынан есеп берді.

Қайрат ЖАҚЫП


САЗ МЕКТЕБІНІҢ САЗДЫ СӘЛЕМІ

Күні: , 150 рет оқылды

19 желтоқсан күні аудандық балалар саз мектебінің ұстаздары мен оқушылары Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында және елордамыз — Астананың 20 жылдығына орай Әжібай ауылы тұрғындарына мерекелік концерт қойды. Кештің ашылуында саз мектебінің директоры Жадыра Тілеубаева сөз сөйлеп, көрермендерді шараның басты мақсатымен таныстырып, мерекелерімен құттықтады. Концерт барысында саз мектебі оқушылары әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, ұлттық аспаптарымыз — домбыра мен қобызда түрлі композициялар ойнап, баянмен де Шәмшінің әндерін әуелетіп, көрермен көңілінен шыға білді. Әсіресе, кішкентай бүлдіршін қыздардың айтқан әндерін әжібайлықтар ыстық ықыласпен қабылдады. Осындай әдемі де әрлі, сазды да сәнді кеш сыйлаған саз мектебінің ұжымы мен оның өнерлі өрендеріне Бірік ауылдық округі әкімі Батырxан Байқонақов пен ақжаулықты аналар алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.