АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 17.01.2018


АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Күні: , 464 рет оқылды

16 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің төрағалық етуімен елорда Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналған кездесу өтті. Кездесуде сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева: -Биылғы жылдың атаулы мерекелердің бірі — елорда Астананың 20 жылдығы. Осы мерекені атап өту үшін аудан бойынша жоспар бекітіліп, іс-шаралар ұйымдастырады. Атап айтар болсақ: тақырыптық фотокөрмелер, оқушылар арасында шығармалар байқауы, кітапханада кітаптар көрмесі, дөңгелек үстелдер, «Жас Отан» жастар қанаты мен жастар ресурстық ортылығы жастарымен флешмоб, «Көктем шуағы» өнер байқауы, волейболдан, кіші футболдан аудандық жарыстар, «Туған өлкем тарихы, болашақтың негізі» атты ғылыми-практикалық конференция, ұжымдар арасында өнер фестивалі, «Туған жер әуені» атты халықаралық ән байқауы басқа да шаралар өткізіледі, -деді. Кездесуге қатысқандар ұсыныс-пікірлерін айтылып, ойларын ортаға салды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ШАҒЫН АУЫЛДЫҢ СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРЫ

Күні: , 262 рет оқылды

Жаңажол ауылдық округінің Көмекші елді мекені бар, олардың басқаларға рухани жағынан көмек бере алатындай өнерлі ұл-қыздары бар. Мына суретте Көмекші негізгі мектебінің технология пәнінің мұғалімі Нұрболат Таниевтің қолынан шыққан туындылар көздің жауын алады. Бұрын жазғанымыздай малдың сүйектерінен түрлі бұйымдар жасайды. Біз теледидардан немесе жоғарғы ақпарат құралдарынан нағыз шеберлердің жасаған бұйымдарын көріп, таңдай қағып жатамыз. Ал шағын ауылдағы Нұрболаттай шебердің шын талантына бас июге тура келеді. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақтың қазақ екенін танытатын осындай өнер емес пе? «Егемен Қазақстанда» «Қазақ — қашанда қазақ!» айдарымен ұлттық кодты білдіретін тарихи суреттер жиі шығады. Ал бүгін жаңарып жатқан қоғамымызда жанымызда, соның ішінде шалғайдағы ауылда тұрып, шәкірттерінің бойына ұлттық өнерді сіңіріп жүрген Нұрболаттай шеберді қалай насихаттасақ та артық етпейді. Міне, өздерінің бастамаларымен осындай істі қолға алып жатқан шағын мектептің ұжымы әлі талай игі жаңалықтардың бастамашы болары сөзсіз.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.