АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.01.2018


ОРДАБАЙЛЫҚТАР «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ САЛМАҚШЫ

Күні: , 170 рет оқылды

16 қаңтар күні Қошанкөл ауылдық округіне қарасты Ордабай елді мекені тұрғындарының алдында округ әкімі Радж Шәріпов өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстардан есеп берді. Есеп беру жиынына аудан әкімі Абат Шыныбеков, аудандық мәслихат депутаты Сәрсенбай Молдашев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов қатысты. Есептік баяндамасында округ әкімі Радж Болақайұлы Елбасының халыққа жолдаған Жолдауына қысқаша тоқталып, округ бойынша атқарылған істер туралы айтып өтті. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің де кейбірінің шешімін тапқандарын тілге тиек етіп, алда тұрған мақсат-міндеттерден хабардар етті. Соның бірі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында ордабайлықтар ауылдық клуб ғимаратын салуды қолға алмақшы. Сондай-ақ зират қоршау жұмыстарын да биыл бастамақшы. Осы жұмысқа ел азаматтары бірлесе жұмыстанып, туған жерді түлетуге өз үлестерін қоспақшы. Есептік жиында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданда атқарылған жұмыстардың бір парасын саралай келе, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға ашық та нақты жауаптар қайтарды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Күні: , 189 рет оқылды

15 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Бостандық ауылының Қаракөл , Жаңажол ауылының Әбіш, Көмекші елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті. Жиында алдымен Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов және Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қайыржан Өмірәлиев өткен жылда ауылда атқарылған жұмыстардан есеп берді. Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданда атқарылған жұмыстарға және алда тұрған міндеттерге де тоқталып өтті. Сондай-ақ жиында ауыл тұрғындары Қаракөл мен Бостандық арасындағы жолды жөндеу, көшеге жарық орнату мәселесі, күл-қоқыстарды және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, Жаңажолда амбулаторлық пункт ғимаратын салу, техникалық су құбырын тарту сынды мәселелерді көтерді. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары айтылған мәселелердің орындалу жолында бірқатар жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Әсем БОЛАТ


ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 142 рет оқылды

15 қаңтар күні Қарасу ауылдық округінің әкімі Эдуард Ешмұқанов Ащысай, Бостандық ауылы тұрғындары алдында өткен жылда округ бойынша атқарылған жұмыстардан есеп берді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтxожин, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов қатысты. Округ әкімі 2017 жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша айтып өтіп, алда тұрған міндеттерге де тоқталды. Жиында тұрғындар бөгет тазарту, ауыз су, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмккке қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар Елбасы Жолдауында белгіленген агроөнеркәсіпті дамытуға байланысты ауыл шаруашылық кооперацияларын құру туралы да айтылып, түсінік берілді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 144 рет оқылды

15 қаңтар күні Қарасу ауылдық округінің әкімі Эдуард Ешмұқанов Жұлдыз ауылы тұрғындары алдында өткен жылда округ бойынша атқарылған жұмыстардан есеп берді. Есеп беру жиынына аудан әкімі Абат Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтxожин, кейбір салалық мекеме басшылары қатысты. Округ әкімі өзінің есептік баяндамасында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндай келе, тұрғындар көкейіндегі кейбір мәселелерге де тоқтала кетті. Атап өтсек, тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі -Жұлдыз елді мекеніне көгілдір отын тарту,сондай-ақ А.Хұсайынов атындағы мектептің құрылысы, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су тазалайтын қондырғы мембранасын ауыстыру. Жиылған xалық алдында сөз алған аудан әкімі Абат Абайұлы ауданда жыл ішінде жасалған жұмыстар жөнінде айтып, жұлдыздықтардың өткен жылғы есептік жиында және «Ашық есік» күндерінде көтерген мәселелеріне қатысты жауап берді. -Көгілдір отын бойынша құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасалып, сараптамаға дайын болса, А.Хұсайынов атындағы мектептің ЖСҚ-ы сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы шыққан соң бұл құрылыс жұмыстарына қаражат сұралып, бөлінетін болады, -деді аудан әкімі. Жиында аудан әкімі Елбасының 10 қаңтар күнгі xалыққа жолдаған Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына да тоқталып, елді әлеуметтік-экономикалық даму жолында бірге жұмыстануға шақырды. Жиында тұрғындар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ОРТАЛЫҚ – ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Күні: , 198 рет оқылды

Аудан орталығында 18 жылдан бері «Әлеуметтік қызмет көрсету бизнес және демалыс орталығы» қызмет жасап келеді. Бұндай орталық елімізде санаулы ғана деп айтуға болады. Бұл орталықтан тұрғындар өзіне қажетті қызмет түрлерін алуда. Сол қызметтердің түрлеріне тоқталар болсақ: жекек кәсіпкер Лунара Абулованың «Лунара» ветеринарлық дәріханасы, «Еуразиялық» банктің филиалы (Нұркен Зайнуллин), «Атамекен»кәсіпкерлер палатасы (А.Нығметов, Р.Жалмұханов), жеке кәсіпкер Бағдат Қабылхайырдың «Әмір» стамотологиялық кабинеті, Әсем Сәрсенованың «Әсем» әйелдерге арналған шаштаразы, «Самат» автомобиль жүргізуді үйреті мектебінің филиалы (Талапқали Қошанов), «Каз КомерцПолис» сақтандыру филиалы (Нағым Мажитов), жеке кәсіпкер Зәмзагүл Батихуллина «Бегжан» «Фаберлик» косметикалық қызметтер көрсетуі, жеке кәсіпкер Лаура Латипованың «Қуаныш» балалар кафесі қызмет жасауда. Бұл бинес орталығының төрағасы болып Владимир Габидуллин қызмет жасап келеді. Сонымен қатар орталықта фитосанитария (Ә.Зайнушев) және «Қызыл-ай» қоғамы (С.Дүйсенғалиева), Қазталов несие серіктестігі (А.Багисов), бугхалтерлік есеп қызметін көрсететін жеке кәсіпкер А.Жұмағазиевтің «Алмат» және шахмат клубы (А.Жұмағазиев), нотариалдық қызмет көрсететін Д.Нығметовтің конторы, жастар кешін ұйымдастыратын «Дильмуханова» жеке кәсіпкер Р.Дильмуханованың демалыс орны қызмет істесе, Мөлдір Базартаеваның «Мөлдір» киім тігу цехы да өнімді жұмыс жасап келеді. Оралыққа орналасқан бұл қызмет түрлеріне аудан тұрғындары әркезде де ризашылықтарын білдіруде. Бүгінгі күнде орталықтың ғимараты жеке кәсіпкер Самат Хасанов жетекшілік ететін «Ер Қожа» кәсіпкерлігінің меншігінде. Әркезде де қайырымдылық істерге бірінші болып қол созатын Самат Хасанов мүгедек балаларға арналған оңалту бөлмелерін тегін пайдалануға беріп отыр. Сонымен қатар ғимаратқа жөндеу жұмыстарын да жүргізді. Міне, өзінің жұмысын бір сәт те тоқтатпай тұрғындарға сапалы қызмет түрлерін көрсетіп отырған орталық алдағы уақытта да жұмыстана беретін болады.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ

Күні: , 138 рет оқылды

Елбасымыздың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы еліміздің дамуына бағытталған жаңа міндеттер қойып отыр. Президент өзінің Жолдауында еліміздің алдында тұрған 10 басты міндетті атап көрсетті. Соның бірі – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Бұл – құқық қорғау органдарына жүктеліп отырған басты міндет. Елбасымыздың бұл жолғы Жолдауының тоғызыншы міндетінде сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда, заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілгендігі, адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейетіндігі, құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалғаны және азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет екендігі баса айтылған. Жолдауда Президент ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған. Экономика, мемлекеттік басқару, агроөнеркәсіп саласын дамытуға жаңа технологияларды енгізуге оны дамытуға басты назар аударылып отыр. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда дамиды. Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға, еліміздің төртінші өндірістік төңкеріс жағдайында бәсекеге қабілетті елге айналуына және әлемдегі отыз дамыған мемлекеттің қатарына кіруіне үлес қосу басты міндетіміз болмақ.

Райбек ХАЙЫРБЕКОВ, Қазталов аудандық сотының төрағасы


ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Күні: , 190 рет оқылды

13-14 қаңтар күндері аралығында Орал қаласында зілтемірді классикалык жатып көтеруден жасөспірімдер және ерлер мен айелдер арасында қалалық ашық біріншілік өтті. Біріншілікке Орал қаласы, Бөкей орда ауданы, Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер командалары қатысып, 60-қа жуыкқ спортшы өзара бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша Гүлсезім Алғазиева 47 келіде 1 орын, 59 келіде Ерген Октябрят 1 орын, 74 келіде Дулат Жәнібеков 1 орын, 48 келіде Әділжан Нұртаев 2 орын, Айымгүл Елемесова 52 келіде 2 орын, Жәңгір Серікқалиев 66 келіде 3 орын, Бексұлтан Қарабаев 74 келіде 3 орынға ие болса, ал ересектер арасында 53 келіде Мейрам Ғиляжев 1 орын, 66 келіде Айдын Елемесов 2 орынды иеленді. Жеңіс тұғырынан көрініп, ауданның намысын қорғаған зілтеміршілерге тағы да бір мәрте жеңістеріңіз құтты болсын дейміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАЛПАҚТАЛДЫҚ ЖАС ШЕБЕРЛЕР

Күні: , 122 рет оқылды

Көне тарихы бар, жайсаң мінезді халқы бар Жалпақтал ауылы өнердің қай түрінен де басқаларға үлгі болғандай. Соның бір айғағындай бүгінгі күнде Жалпақтал өнер мектебін өңірімізге ғана емес, елімізге де үлгі етуге болады. Бүгінгі әңгімемізде өнер мектебінде шәкірттердің түрлі үйірмелер арқылы жасап жатқанына тоқталмай, тек сирек кездесетін мал сүйегінен және ағаштан түйін түйіп жатқан жұмыстарына тоқталғымыз келеді. Біз барғанда өнер мектебінің оқушылары қымқуат іспен айналысып жатыр екен. Әншейінде аула, қораның сыртында шашылып, кездесіп қалып жататын, үйдегі «бөрібасарлар» ойдан-қырдан тасып әкелетін мал сүйектеріне көзім түсті. Сол сүйектерден жасалған бұйымдар көздің жауын алады. Өнер мектебінің мұғалімі, өздеріміз сияқты жалындап тұрған жас жігіт Еламан Мусинді әңгімеге тарттық. -Бұл шеберлік кәсіпті оқушыларға үйрететін үйірменің ашылғанына 3 жылдың жүзі болды. 16 шәкіртім бар. Малдың тұяғынан және сүйектерінен музыкалық аспаптар жасаймыз. Сонымен қатар түрлі сувенир де (шағын сыйлықтар) жасаудамыз. Ал бұны қалай дайындаймыз? Мәселен тұяқ өңдеу үшін бір жетідей уақыт суға салып, жібітіп алып, сонан соң ыстық суға қайнатып немесе ыстық қоламтаға салып балқытып алса, кесіп, жонуға жеңіл болады. Мұндай жұмсап, балбыраған тұяқты июге, қалыпқа қысып кез келген пішінге келтіру оңай. Тұяқты ыстық қоламтаға саларда суға малынған киізбен орап қойса, тұяқ күймей жақсы балқиды. Осындай бабына келіп тұрған тұяқ, сүйектерді пышақпен еркін жонып, түрлі бұйымдар жасауға болады, -дейді. Осы кезде ағаштан түйін түйген Сайран Мадияров та әңгімеге араласты. -Менің үйірмемде 8 шәкіртім бар. Жалпы осы кәсіппен айналысқаныма 10 жылдай уақыт болды. Енді осы білгенімді шәкірттерге үйретіп жатырмын. Қайың, емен, үйеңкі ағаштарын пайдаланамыз, Домбыраның 5 түрін, қобыз және садақ қаруын жасасақ, алдағы уақытта топтамалы қару-жарақ түрлерін де жасау жоспарда тұр, -деді. Қызық көріп мал тұяғын қолыма алдым. Жылтырап, әзір тұрған материалдан күні ертең мына шәкірттердің алтын қолынан түрлі бұйымдар шығатынын көз алдыма елестеттім. Көз алдыма елестете отырып, санамызда рухани сілкіністер жасалып жатқанда туған жердің киелі топырағының үстінде өзіміздің ұлттық қасиетімізді танытатын небір асылдардың жатқанын сезіндім. Себебі бүгінгі күнде біреу шетелге шығып, сол жерден ата-тегі белгісіз бір ескерткіш сыйлық алып келсе, мәз болып көрнекті жерге қоямыз. Ал жалпақталдық жас шеберлер жасап жатқан өнер туындыларын көргенде олардың бұнын қасында жіп есе алмайтынын бағамдадым.

Әсем БОЛАТ


«БҰНЫ ӨҢІРІМІЗ ХАЛҚЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ДЕП БАҒАЛАЙМЫН»

Күні: , 140 рет оқылды

Бүгін ауданымызға арнайы іссапармен келген «КазИИТУ» ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы әрі ректоры, ғалым, еліміздегі «100 жаңа есімнің» тізіміне енген Ақсерік Әйтімов ағамызбен кездесіп, әңгімеге тарттық. Қысқа әңгіме барысында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Сарыұлы былай деп әңгімеледі: -Желтоқсан айында Елбасымыз «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Елбасы осы кездесуде ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін ерекше айтып өтіп, игі тілегін жеткізді. Бұндай тағылымы мол бастамаға Елбасының өзі мұрындық болғанын білесіздер. «100 жаңа есімді» анықтауға мұқым ел атсалысты. Жерлестеріме ризамын. Ғаламторда онлайн іріктеу кезеңінен 2 мыңнан астам үміткердің ішінен 102 жеңімпаз анықталды. Осындай жеңімпаздардың арасында өзімнің болғанымды мақтан ете отырып, бұл өңіріміз халқының еңбегі деп бағалаймын. Сондықтан өзімнің барлық өмірлік тәжірибемді, білімімді жас ұрпақтың бойына сіңіруді өзімнің парызым деп санаймын. Қазталов ауданынан да өнерімен де, білімімен де, қажырлы еңбектерімен де елге танымал адамдар көп. Осындай адамдар болашақта еліміздің «100 жаңа есімінің» қатарынан орын алуына тілекшімін, -деді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


БАТАГӨЙ ҚАРИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 152 рет оқылды

12 қаңтар күні аудан әкімі Абат Шыныбеков облыста өткен «Ата сөзі – бата сөзі» батагөй қариялар сайысында 3 орын жүлдегері атанған жаңатаңдық Есмағұл Мусинді қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі батагөй қарияның имандылық, ұрпақ тәрбиелеу жолында үлгі боларлық ісіне алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті. Өз кезегінде батагөй ақсақал еліміздің салт-дәстүрін ел арасында насихаттауда әрі қарай жұмыстана беретінін жеткізіп, алдағы уақытта жастар арасында батагөйлер сайысын өткізу, мектептерде оқушыларға бата үйретуге арналған тәрбие сағаттарын өткізу жөнінде ұсынысымен бөлісті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.