АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.01.2018


ЖАЛПАҚТАЛДА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Күні: , 68 рет оқылды

Жаңа жыл мерекесін қарсылау үшін 31 желтоқсан күні ауыл тұрғындары мен қонақтарына халықтық серуен ұйымдастырылды. Мəдениет үйінің алаңында әсем безендіріліп орнатылған бас шыршаның жанына жиналған халықтың қарасы көп болды. Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік бағдарлама ұсынды. Ауыл халқын мерекелерімен құттықтау үшін сахна төріне көтерілген округ əкімі Самиғолла Ақмурзин барша жалпақталдықтарды басталғалы тұрған ит жылымен шын жүректен құттықтап, аудан басшысы Абат Абайұлының құттықтау лебізін жеткізіп, өткен жылы Жалпақтал ауылы үшін атқарылған маңызды шаруаларға тоқтала келіп, елімізге бірлік пен татулық тіледі. Сонымен қатар облыстық мəслихат депутаты Мағауия Есмағұлов пен аудандық мəслихат депутаты Надежда Нигимова ақ тілектерін арнады. Мейрамның көркін қыздырған Аяз ата мен Қарша қыз жиналған тұрғындарға ақ тілектерін арнап, өнер көрсеткендерге сыйлықтарын ұсынды. Көңілді кешке түрлі кейіпке еніп арнайы киініп келген адамдар да сыйлықтан құр алақан қалмады. Мереке соңы отшашуға ұласты.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


ҚАЗТАЛОВТЫҚТАР ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Күні: , 76 рет оқылды

31 желтоқсан. Қазталов ауылы. Сағат 21:00. Орталық алаңда халық көп жиналды. Жианалған көпшілік 2017 тауық жылын шығарып салып, 2018 ит жылын қарсылауда. Әсем де әдемі шыршаны айнала билеген балалар мен сан алуан ертегі кейіпкерлерінің костюмін кигендердің көңіл-күйі көтеріңкі. Мерекелік сахнаға көтерілген аудан әкімі Абат Шыныбеков барша аудан тұрғындарын жаңа 2018 жылмен құттықтады. Аяз ата мен Ақшақарда асыға жетіп, тұрғындарды өз сыйлықтарымен қуантты. Сонымен қатар аудандағы мекеме ұжымдары мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, меркенің ажарын одан әрі аша түскендей. Сағат 23:00-де сахна төрінде қойылған экран арқылы Елбасымыздың Жаңа жылдық құттықтауын тамашалаған көпшілік, мерекелік аспанды сәнге бөлеген отшашудан үлкен әсер алып тарап жатты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҒЫ

Күні: , 164 рет оқылды

31 желтоқсан күні Жаңа Жыл қарсаңында аудандық мәслихаттың депутаты Сарықұдық ауылының тұрғыны «Дархан» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлыбай Жолдыбайұлы Қараөзен ауылындағы тыл ардагерлерімен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың шаңырақтарында болып, қал жағдайларын білді. Жаңажылдық сыйлықтар тарту еткен Нұрлыбай Жолдыбайұлы Жаңа жылдарымен құттықтады. Осындай ризашылықтарын білдірген қараөзендіктер халық қалаулысына алғыстарын жаудырды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ҚОС АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Күні: , 132 рет оқылды

31 желтоқсан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев талай жыл ұстаздық жолда қызмет атқарған ардагер-ұстаз Бұлан Арыстанбекова мен мәдениет саласының ардагері Есімхан Меңешовтің шаңырағына бас сұқты. Кездесуде аудан әкімі Абат Шыныбеков ардагерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлық табыстады. Сондай-ақ ардагерлеріміз өздерінің өнегелі өмір жолдарындағы естеліктерімен бөлісіп әңгімелесті. Ардагерлеріміз осындай құрмет көрсеткендері үшін оларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Жұлдыз АСҚАР


БОСТАНДЫҚҚА АУЫЗ СУ ЖЕТКІЗІЛДІ

Күні: , 88 рет оқылды

30 желтоқсан күні Бостандық, Қаракөл ауылдарында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауыз су жүйелері іске қосылды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталған бұл жобаға республикалық бюджеттен 336 млн. 470 мың теңге қаражат бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Жиенбай» ЖШС атқарып, мезгілінен бұрын аяқтап отыр. 1700-дей тұрғыны бар Бостандық, Қаракөл ауылдарына Сарыөзен өзенінен тартылған су тазарту қондырғысы арқылы өтіп, әрбір үйге жеткізілуде. Ауыз су жүйесінің іске қосылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков барша тұрғындарды осындай жобаның аяқталуымен құттықтай отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы да мерзімінен бұрын аяқтаған «Жиенбай» ЖШС-нің директоры Александр Қарағойшинге ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар аудан әкімі таза ауыз суға қол жеткізген бостандықтық Болат Ескендіровтің шаңырағында болып, үй иелерінің қуанышымен бөлісті.

Қайрат ЖАҚЫП


ҮШ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Күні: , 134 рет оқылды

Қазталов ауданына қарасты шалғайда орналасқан Талдықұдық ауылдық округінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуанышты жағдай орын алды. 30 желтоқсан күні округ орталығы Талдықұдық ауылында коммуналдық-жалға берілетін 3 пәтерлі үйдің кілті табысталды. Тұрғын үйдің кілтін табыстау салтанатына арнайы келген аудан әкімі Абат Шыныбеков ауыл тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтап, жаңа үйге қоныстанушы 3 отбасыға пәтер кілттерін табыс етті. Құны 15 млн. теңге тұратын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «ӘсемПроект» ЖШС жүргізген. Әсіресе, Талдықұдық ауылының жандануына үлес қосып жүрген ауыл жанашыры, «ӘсемПроект» ЖШС-нің директоры Манарбек Ыдрысовқа тұрғындар дән риза.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚОС АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Күні: , 134 рет оқылды

30 желтоқсан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылындағы республикалық дәрежедегі зейнеткер, ауданның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан Жаңыл Құспанованың, кейін «Қазақстанның құрметті жолшысы», ұзақ жыл жол саласына басшылық еткен Мұқсан Бақтыгереевтың шаңырақтарында болып, келер Жаңа 2018 жылмен құттықтап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынболат Өтешқалиев бірге болып, қос ардагерге жүрекжарды тілектерін білдірді. Қос ардагердің шаңырақтарында болған аудан басшысы Абат Абайұлы ұзақ жылғы еңбектерін бағалап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, жаңажылдық естелік сыйлықтарын табыс етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Күні: , 172 рет оқылды

29 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 34 бабына сәйкес, Қазталов ауданы әкімінің өкімімен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметіне Артур Амантайұлы Берденов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымына аудан әкімі Абат Шыныбеков таныстырды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАҢА ӘКІМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

29 желтоқсан күні Қазталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 27 желтоқсан 2017 жылғы Қазталов ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешіміне сәйкес, аудан әкімінің өкімімен Қазталов ауылдық округіәкімі лауазымына Жүсіп Ғабдулханұлы Шакуов тағайындалды. Жаңа округ әкімін Қазталов ауылының тұрғындарына және Қазталов ауылдық округі аппаратының ұжымына аудан әкімі Абат Шыныбеков таныстырып, Жүсіп Ғабдулханұлының атқарғалы отырған қызметіне сәттілік тіледі.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.