АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.12.2017


МҰРАЖАЙ ТАРИХПЕН ТƏРБИЕНІҢ АЛТЫН ОРДАСЫ

Күні: , 68 рет оқылды

Бүгін К.Меңдəлиев атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мұражай тарихпен тəрбиенің алтын ордасы» атты тақырыппен облыстық семинар кеңес оздырылды. Семинар кеңес жұмысына мұражай қызметкерлері, ауданымыздың тарих пәнінің ұстаздары қатысты. Кеңес жұмысын аудан əкімінің орынбасары Зəйлім Мажитова жүргізіп, дөңгелек үстел басында мұражай қызметкерлері ой пікірлерімен бөлісті. Ауданымыздың құрметті азаматы Ақпəтер өлкетану мұражайының негізін қалаушы Кəрім Өтеғұлов мұражайда қазіргі күні 3200 жəдігердің бар екенін сөз етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫНЫҢ ИЕСІ

Күні: , 212 рет оқылды

14 желтоқсан күні осындай тақырыппен «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, еңбек ардагері саналы ғұмырын ауылшаруашылық саласына арнаған Қазталов ауданының құрметті азаматы, Ақпəтер ауылдық өлкетану мұражайының негізін қалаған Кəрім Тəжмағанбетұлының мерейлі 80 жас мерейтойына арналған мерекелік кеш оздырылды. Мерекелік кешке облыс əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысып, сексеннің сеңгіріне толған Кəрім Өтеғұловты облыс басшысы Алтай Сейдірұлы атынан құттықтап, иығына шапан жапты. Осы кеште аудан əкімі Абат Шыныбеков облыстық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен атынан құттықтап, жылдың үздік меценаты номинациясын табыс етіп, аудан атынан тұлпар міңгізді. Сонымен қатар ауданның ақсақалдар алқасы, аудандық ардагерлер ұйымы, бірге қызметтес болған інілері жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік кеш өнерпаздардың əн шашуына ұласты. Сонымен қатар Кəрім Өтеғұловтың 80 жылдық мерейтойына орай Жалпақтал мәдениет үйінің фоесінде «Еңбегін еліне арнаған тұлға» атты фотокөрме оздырылды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


СИЯСЫ КЕППЕГЕН КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Күні: , 122 рет оқылды

14 желтоқсан күні Қазталов ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Кəрім Өтеғұловтың мерейлі сексен жасына орай «Əрекеті адал болса-азамат аласармайды» атты кітаптың тұсауы Жалпақтал мәдениет үйінде кесілді. Кітаптың тұсауын республикалық, облыстық ақын Сəрсенғали Бисенғалиев пен мерейлі туған күн иесінің немересі Нұр Бейбітұлы кесті. «Əрекеті адал болса-азамат аласармайды» атты өмір мен өнегеге тұнған бұл кітабы сексен бастың биігіне шыққан сарабдал ақсақалдың салиқалы өмірінен сыр шертеді. Көпшілік оқырманға арналған бұл кітаптың оқылуы жеңіл, мазмұны терең, ұрпақ тəрбиесіне қосар үлесі шексіз. Сиясы кеппеген «Əрекеті адал болса-азамат аласармайды» атты кітабын мерей той иесі Кəрім Тəжмағанбетұлы бір топ жерлестеріне сыйға тартты.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.