АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 13.12.2017


ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Күні: , 82 рет оқылды

12 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының Саяси Кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырысқа Саяси Кеңес Бюро мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, партия мүшелері қатысты. Бюро отырысын аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Абат Шыныбеков жүргізді. Жиында «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған міндеттерді орындау жөнінде аудандық партия филиалы төрағасы Абат Шыныбеков хабарлама жасады. Сонымен қатар Жалпақтал, Көктерек БПҰ-ның жыл ішінде атқарылған жұмыстары мен ішкі партиялық жұмыстар жөнінде бастауыш партия ұйым төрағаларының есептері тыңдалып, аудандық мәслихат деутаттарының 2018 жылға арналған қоғамдық қабылдау кестесі бекітілді. Отырыс соңында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде 3 орын алған Жаңажол БПҰ мен байқауға белсене қатысқан Талдықұдық БПҰ және «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел — өркендеуші ел» партиялық жобасы мемлекеттік органдар арасындағы байқауға белсенді қатысқан Назар Аманғалиев алғыс хаттармен марапатталды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 17 СЕССИЯСЫ

Күні: , 80 рет оқылды

12 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 17 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Абат Шыныбеков, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары қатысты. Сессияда «Ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев хабарлама жасады. -Ауданның 2018 жылдың бюджеті 6 млрд. 500 млн, теңгені құрап отыр. Соның ішінде 1 млрд. 12 млн.-нан астамы аудан бюджетіне салықтан түсетін табыстар болса, 4 млрд, 90 млн. теңге трансфереттер, 1 млрд. 391 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінген трансфереттер, -деді Жанболат Серікқалиұлы. Сессияда сонымен қатар Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің Жалпақтал полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысын лауазымынан босату мәселесі де қаралды. Сессия барысында сондай-ақ аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ҚАЗТАЛОВ ОРТА МЕКТЕБІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

Күні: , 96 рет оқылды

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлтымыздың бойында ғасырлар бойы жасап келе жатырған құндылықтарды насихаттау, оны бүгінгі күнде де жүзеге асырудың жолдарын көрсетіп бергені белгілі. Адам бойында имандылық, қайырымдылық бір жерде тоғысып жатса, онда басқа игі істерге де жол ашылары сөзсіз. Соның бір айғағын Қазталов орта мектебі көрсетті деуге болады. 12 желтоқсан күні мектеп ұжымы Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып қайырымдылық шарасын өткізді. Арнаулы әлеуметтік көмек алушылар алдында сөз алған мектеп директоры Әлия Жақсыбаева, мектеп мұғалімі Гүлнұр Ажғалиева келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, өздерінің орталыққа әкелген сый-сияпаттарын ұсынды. Сонымен қатар әннен де шашу шашып, қамкөңіл жандардың көңілдерін бір серпілтті. Осындай имандылық шарасын өткізген мектеп ұжымына әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Альберт Талпахов ризашылығын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Әсем БОЛАТ


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Күні: , 58 рет оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасының тиімділігін арттыру мақсатында Қазталов аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құрылып, жұмыс жасауда. 12 желтоқсан күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысның күн тәртібінде жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізіп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды атқару және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-әрекеттердің орындалуы туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев баяндама жасады. Сонымен қатар комиссияда 2017 жылдың 1 қарашасында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның хаттамасында бекітілген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстардың орындалуы туралы да қатысқан салалық мекеме басшылары мен ауылдық округтердің әкімдерінен сұралды. Отырыста комиссия төрағасы, аудан әкімі Абат Абайұлы,- біздер комиссия жұмысын тек қағаз жүзінде өткізіп қана қоймай, оның орындалуын іске асыруымыз керек. Осы бағыттағы жұмыстардың тиісінше орындалуы үшін аудан тұрғындарына ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруымыз қажет. Ол үшін электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсетудің тиімділігін халыққа насихаттау жұмыстарын жетілдіру керек. Мысалы, шалғай жатқан Талдыапан ауылының тұрғындары аудан орталығына келмей-ақ осы портал арқылы өзіне керекті қызметін алып жатса, осы қызмет арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра аламыз,- деді. Отырыс барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға тиісті жауаптар берілді.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.