АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.12.2017


ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 90 рет оқылды

12 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға 8 тұрғын тіркеліп, олар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу және де басқа да жеке сұрақтарын қойды. Қабылдау кезінде аудан әкімі жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша, -Біз тұрғын үйді кезегімен береміз. Биылғы жылы аудан орталығында 22 тұрғын үй салынуда. Бірінші кезектегі азаматтарды осы үйлерге кіргіземіз. Ал тұрақты жұмыс туралы айтсақ, кейбір жұмыс сұрап келетін тұрғындар берілген жолдама бойынша жіберген жұмысқа бармай жатады. Бұдан кейін жұмысымыз жоқ деп қабылдауға келеді. Қандай да болмасын жұмысқа жіберген кезде бару қажет,- деді. Қайрат ЖАҚЫП

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЖИЫН

Күні: , 85 рет оқылды

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Кәсіпкерлік саланы дамытпайынша ел экономикасын жандандыру, xалықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мүмкін емес. Біздің ауданымызда да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың жаңа бағыттарға бет бұрып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосуға баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта 11 желтоқсан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы шағын кәсіпкерлік иелерімен кездесіп, жиын өткізді.Жиында аудан әкімі: -Ауданымызда 1200-ден аса шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды. Ал өткен жылы аудан бюджетіне 1 млрд.-тан астам салықтан түскен табыстың тек 35 пайызы ғана кәсіпкерлердің үлесінде. Бұл төмен нәтиже. Бізде кәсіпкерлердің көбі сауда-саттықпен айналысады. Неге басқа бағытта, мысалы жаяу жүргіншілер жолын салу, мектеп, балабақшаларды жөндеу, саябақтар салу сынды жұмыстармен айналыспасқа? Сол кезде осы жұмыстарға бөлінген қаржының бір бөлігі ауданда қалатын еді. Сонымен қатар аудан орталығындағы дүкен, кафелердің абаттандырылуы, безендірілуі, жарықтандырылуы төмен деңгейде. Тазалық мәселесі де ақсап тұр. Сол себепті осы жұмыстарды біріге қолға алып, ауданымызды көркейтуге бірге жұмыстанайық, -деді. Жиын барысында кәсіпкерлер кей мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.