АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 11.12.2017


ҚАЗТАЛОВТЫҚ КОМАНДА — БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Күні: , 158 рет оқылды

8-10 желтоқсан күндері Орал қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында Батыс Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін волейболдан жарыс өтті. Жарысқа облыс әкімдігі, қала әкімдігі және 12 аудан әкімдігі командалары, жалпы 14 команда қатысты. 3 күнге созылған тартысты да қызықты өткен жарыста Қазталов ауданы әкімдігінің командасы финалға жолдама алып, финалдық ойында Шыңғырлау ауданы әкімдігінің командасымен кездесті. Жарыс нәтижесінде біздің ауданның волейболшылары жеңіске жетіп, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ! Құттықтаймыз!!! Жеңісті күндеріміз көп болсын!!!!

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


НҰРЛЫБАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Күні: , 134 рет оқылды

8 желтоқсан күні облыс орталығында өткен «Рухани жаңғыру: Туған жер» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек — 2017″ меценаттар форумында «Дархан» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбай Жолдыбаев облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ол Сарықұдық ауылына дәрігерлік амбулатория салып берсе, енді туған ауылына мәдениет үйін салуды жоспарлап отыр. Ал ең бастысы бүгін ғана қуанышты хабар жетті. Нұрлыбай республикалық «Жомарт жүрек» төсбелгісімен марапатталды (Алдағы күндері салтанатты түрде табыс етіледі). Нұрлыбайды жерлестері құттықтайды. (Суретте Нұрлыбайға Сенат депутаты Б.Әйтімованың облыс әкімінің алғыс хатын табыстау сәті)

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ЖАНЫ ЖОМАРТ, ҚОЛЫ АШЫҚ БІРЖАН АҒАНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ТАРТУЫ

Күні: , 137 рет оқылды

«Ғибадат» ЖШС директоры, «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамының төрағасы Біржан Қожақовтың есімімен өңір тұрғындары жақсы таныс. Біржан Қожақов мүмкіндігі шектелсе де мұң айтпаған жан. Ол екі аяғынан бірдей айрылса да еңсесін түсірмей, қазіргі күнде табысты кәсіпкерге айналды. Мүмкіндігі шектеулі жанның халін өз басындағы жағдайдан жақсы білетін Біржан аға оларға үнемі қолдау білдіріп, көмек қолын созып келеді. Жүрегі жомарт, жаңы жайсаң, қолы ашық Біржан ағаның шеберханасы өткен жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына сал ауруына шалдыққан ауыр науқас балаларға арнайы құралдар шығарып, республика бойынша тегін таратқан да болатын. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Енді міне, Біржан Морякұлы қазталовтық 3 топ мүгедегі Жақсылық Әлмұрзинге де қолдау көрсетті. Жақсылық бұрын да жазғанымыздай өз еңбегімен тұрғын үй салып, биыл жаңа баспанаға қоныс аударған еді. Жақсылықтың жаңа қонысына Біржан аға ас үй жиһазын сыйға тартты. -Мен ерекше қуаныштымын. Себебі биыл жаңа баспанамды салып бітірдім. Осы жаңа қонысыма сыйлық ретінде ас үй жиһазын сыйға тартқан Біржан Морякұлына айтар алғысым шексіз. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайына бейжай қарамай, көмек көрсеткен аудан басшылығына, әсіресе аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызына, жаз айында үйіме пластикалық терезе алып берген Арман Биғалиевке де шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Еңбектерінің жемісін көріп, шынайы бақытқа бөленіп жүре берсін, -дейді Жақсылық Әлмұрзин.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.