АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 08.12.2017


«ОН ТӨРТ» РОМАНЫ ЖАЛПАҚТАЛҒА ЖЕТТІ

Күні: , 152 рет оқылды

Бүгін Жалпақтал мәдениет үйінде «Он төрт» тарихи-романының таныстырылымы өтті. Роман кейіпкерлері жайында жалпақталдық жастар шағын қойылыммен бастады. Мұнда танымал тележурналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Мұнайдар Балмолданың қаламынан туған роман қазақ халқының бостандығы үшін қыршын кеткен оғландар тағдырын сөз етеді. Шараға аудан əкімі Абат Шыныбеков қатысып, «Он төрт» атты кітаптың авторына шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар Жаңажол ауылдық округіне қарасты шаруа қожалық жетекшілері ақын Мұнайдар Балмолдаға тұлпар тарту етті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ТАНЫМАЛ ӨНЕР ИЕЛЕРІ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 174 рет оқылды

6 желтоқсан күні «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші-композитор Донеділ Қажымов пен жұбайы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнәр Дәукенова Қазталов ауданына ат басын тіреді. Осы жылдың қазан айында Донеділ ағамыз 65 жасқа толған болатын. Осыған орай өзі туған Ақжайық өңірін концерттік бағдарламамен аралап, Қазталов жеріне де келудің сәті түскен болатын. Оларды жылы шыраймен қабылдаған аудан әкімі Абат Шыныбеков,- өнер иелеріне қош келдің айта отырып, ағаны мерейлі жасымен құттықтады. Сол күні аудандық мәдениет үйінде композитор, термеші, Республикалық термешілер конкурсының лауреаты Донеділ Ізмағамбетұлы Қажымовтың шығармашылық кеші өтті. Кеште өнерде де, өмірде де бірге жүрген жан-жары Гүлнәр Дәукенова қатысты. Шығармашылық кеш барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Сондай-ақ Донеділ Ізмағанбетұлы осындай қошемет білдірген аудан тұрғындары ризашылығын білдіріп, әндер жинағын табыстады. «Ақ Жайық», «Айлы түн», «Махаббат», «Ақ Жайық — ару мекенім», «Екеуміз» сияқты әндері шырқалып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЗИРАТ ҚОРШАЛДЫ

Күні: , 202 рет оқылды

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында күні кеше ғана Қарасу ауылдық округіне қарасты Ащысай елді мекенінде ауылдастардың күшімен ауыл зираты қоршалды. 1 млн. 500 мың теңгедей қаржы жұмсалған бұл ауқымды жұмыс ауыл тұрғындары мен жерлестердің қолдауымен жүзеге асырылды. Осындай игі жобаның іске асуына ауылдық округ әкімі Эдуард Ешмұханов, осы жердің азаматтары А.Садықов, Е.Апақаев, Б.Дүйсенғалиев, Ж.Нығметов қолдау көрсетіп, өз үлестерін қосты.
Ащысай ауылында барлық тұрғындардың қатысуымен ата-баба рухына құран бағыштап, садақа берілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ГАУҺАР ЕКІНШІ ОРЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Күні: , 144 рет оқылды

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен этоносаралық қатынастар тақырыбын жазып көрсететін журналистер арасында «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауы өтті. Сол байқауда аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі ГАУҺАР ҚҰРМАНҒАЗИЕВА (ӘДІЛЖАН) 2 орынды иеленді. Әріптесіміздің осындай марапатқа ие болуы – ауданның мерейі. Сондықтан Гауһар Әділжанды жүлделі орыннан көрінуімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.