АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 06.12.2017


ҚАРАӨЗЕН МЕКТЕБІНЕ 50 ЖЫЛ. ҚАРАӨЗЕН МЕКТЕП ЛИЦЕЙІНЕ 20 ЖЫЛ

Күні: , 72 рет оқылды

Ауданымыздың іргелі білім ошақтарының бірі Қараөзен мектебіне 50 жыл толып отырса, Қараөзен мектеп лицейінің статусын алғанына 20 жыл толып отыр. Қараөзен мектеп лицейінде өткен шараға аудан əкімі Абат Шыныбеков, ардагер ұстаздар, мектептің түлектері қатысты. Ал округ əкімі Мұрат Есетұлы және лицей басшысы Мəншүк Жексенова сөз алып, мәртебелі меймандарға қош келдіңіз айтты. Содан кейін Қараөзен мектебінің 50 жылдығы және мектеп лицейінің статусын алғанына 20 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру» көрме залы ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан аудан əкімі Абат Шыныбеков ардагер ұстаздарды және мектеп ұжымын құттықтап, мектепке аудан əкімшілігі атынан 1 млн теңге сертификат табыс етті. Мұнан кейін ардагер ұстаздар Мүтиғолла Темірханов, Адам Имашев және Қараөзен ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Болат Бекешев және КазИИТУ білім кешенінің директордың стратегиялық даму және инновацияжөніндегі орынбасары Айдана Табылдықызы құттықтап, КазИИТУ білім кешені атынан естелік сыйлық тарту етті. Мәртебелі меймандар көрме залы мен мектептің тыныс тіршілігімен танысты. Мұнан кейін шара «Мектеп: Кеше. Бүгін. Ертең» атты тақырыбында дөңгелек үстел мен жалғасты.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


ЖАЛПАҚТАЛДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҮШ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Күні: , 74 рет оқылды

Елдің мерекесіне айналған 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде 3 нәресте өмірге келді. Тұңғыш Президент күні босанған аналарды Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы, Жалпақтал аналар кеңесінің мүшесі Ұлданай Неталиева жағдайларын біліп, құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті. мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің біреуі ер бала болса, екеуі қыз бала. Нәрестелердің денсаулықтары жақсы, аналар өздерін жақсы сезінетіндерін жеткізді. -Жыл басынан бері Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде 249 сәби дүниеге келді. Биылғы жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ,-дейді бізбен әңгімелескен Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы. -Бұл күн біз үшін тек мемлекеттік мереке ғана емес, отбасылық айтулы оқиғаға айналды. Ұлт Көшбасшысы ұлықталатын күні алтыншы перзентім, қызым өмір есігін ашты. Барлық дәрігерлерге алғысымды айтамын. Әр шаңырақта дені сау балалар көп болсын,-дейді Көктерек ауылдық округінің тұрғыныАйнұр Қайырлиева.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


КӨРІНБЕЙТІН «АТЫМТАЙ»

Күні: , 76 рет оқылды

Редакцияға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев келді. Ол: -Осы сіздер үнемі аудандағы игі істерге демеушілік жасап жүрген Жасұлан Байғонақов туралы неге арнайы жазбайсыздар? Ол өзінің қайырымдылық істерін әркезде де жарияламайды. Сондықтан бұл азамат туралы бір жазсаңыздар, -деген өтінішін айтты. Рас, Жасұлан — азамат. Оның мәрттігін байқап та қалып жүрміз. Соның біреуін айтайық. Осыдан екі жыл бұрын ауданымызда саз мектебін салу туралы мәселе қозғалғанда ең бірінші осы Жасұлан қолдады. Әрине, бұл жұмыс мемлекет тарапынан атқарылатын болғандықтан, тоқтатылған еді. Бұл жерде Жасұланның айтылған ұсыныс қолдау тапсын, таппасын соған азаматтық көзқараспен қараудың өзі неге тұрады?! Қаракөлді айтсақ, ондағы атқарылған істерден Жасұланды бөліп қарай алмаймыз. Сонымен қатар Қазталов мешітінің салынуына да өзіндік үлесін қосты. Айта берсек, қайырымдылық істері толып жатыр. Ал жақында ғана Жасұлан Қазталов ауылындағы Аққыз деген әжейдің үйіне ауыз су өткізіп берді. Кейде Жасұланды кездестіре қалып амандық сұрасқанда өзінің жасап жатқан жақсылық істерін бір ауызға алмайды. Сондықтан да болар білмей қалып жатамыз. Былайша айтқанда көрінбейтін «Атымтай». Жәкеңе алдағы уақытта да ауылдастарыңның арасында әрқашанда сыйлы және денсаулығың мықты болсын! — деп оқырмандар атынан тілек білдіреміз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.