АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 04.12.2017


ЖАС КИКБОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 168 рет оқылды

Күні кеше ғана Орал қаласында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өткен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ашық жекпе-жек фестивалі өтті. Бұл фестивальге ауданымыздың намысын қорғаған 54 келі салмақ дәрежесінде Арген Хайруков 1 орынды иеленсе, 48 салмақта Елнұр Есполов 2 орынға ие болды. Арген Хайруков бірінші жекпе-жегін ұпай санымен жеңіп, финалдық жекпе-жекте қарсыласын теxникалық нокаутпен ұтты. Қос шәкіртінің жеңісіне риза болған жаттықтырушысы Мұxаммед Құрманалиев: — Біз үшің ең бастысы — тәжірибе жинау, алда әлі жоспарларымыз көп,- дейді. Міне, шәкірттерінің осындай биік шыңдарды бағындырулары жас та болса жаттықтырушысы Мұxаммедтің арқасы деп білеміз! ЖАРАЙСЫЗДАР, ЖАС КИКБОКСШЫЛАР!

Әсем БОЛАТ


«КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫСЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Күні: , 134 рет оқылды

1 желтоқсан – Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі. Қазақ тарихында тағы бір таңбалы күн, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күнін атап өту – елдікті, еңселі Тәуелсіздікті тұғырлы ететін ерекше мереке. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы» атты мерекелік шара өтті. Шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков: -Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды жеңіп, еліміз экономикасы қарқынды дамушы елдер қатарынан көрінуде. «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев айтқандай, Мәңгілік Ел ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды. Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналуда, -дей келе жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Салтанатты шарада аудан әкімі Абат Абайұлы ауданымыздағы бір топ мекеме-ұйым қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясына жаңадан қабылданған мүшелеріне куәліктер табыс етті. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, Б.Мақатова, С.Құсайынова, О.Ерғалиев, Н.Дүйсенов, М.Ахметов, Қ.Абдолов, М.Қабошев, Д.Жұмабаева, Б.Ғұбашева, Саз мектебінің оқушыларынан құралған квинтет және «Әуен» квинтеті, «Күншуақ» балалар хоры туған жер, Отан, Елбасы туралы әндер шырқаса, Ө.Шоқпанов «Шалқыма» күйін қазақтың домбырасымен күмбірлете орындап, «Қарлығаш» би ансамблі «Хорезм», «Жайлау» билерін мың бұрала билеп көрермендердің қошеметіне бөленді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан бойынша көптеп кездеседі. Осындай абыройлы есімді үлкен жауапкершілікпен алып жүрген біздің ауданымызда да Нұрсұлтан есімді балалар бар. Осы шарада Нұрсұлтан есімді балалар нақыша келтіре өлең оқыды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 140 рет оқылды

1991 жылдың 1 желтоқсан күні Тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы сайлауы өтіп, онда басым дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Ал бұл мереке Жалпақтал ауылында салтанатты түрде аталып өтті. Елінің аманатын арқалаған Тұңғшы Президент күні тойлана бастағаннан бері бірер жылдың ішінде халықтық мерекеге айналып үлгірді. Мерекелік шарада Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин ауылдастарды мәртебелі мерекемен құттықтады. -Бұл ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған Азаттық алауын жаққан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. сондықтан да бұл мейрамның сыры мен сипаты, халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда — Елбасының еңбегі ұшан-теңіз,-деп Елбасының Қазақстан тарихында алатын орны мен оның сарабдал саясаты арқылы мемлекетіміздің жеткен жетістіктерін айтып, кәмелеттік жасқа толған жасөспірімге жеке куәлік және ауылымыздың әлеуметтік саласына үлес қосып жүрген Талғат Абуовты алғыс хатпен марапттады. Мұнан кейін Жалпақтал аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сапахова, жастар атынан Еламан Мусин сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Салтанатты шара соңы Жалпақтал мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖАЛПАҚТАЛДА ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Күні: , 134 рет оқылды

Қазталов ауданының Жалпақтал ауылындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты күрделі жөндеуден кейін 30 қараша күні пайдалануға берілді. 1964 жылдың 17 қыркүйегінде Жалпақтал ауылында құрылған №15 кәсіптік сақтандыру бөлімі сол кездері Фурманов аудандық ішкі істер бөлімінде орналасқан болатын. кейін 1985 жылы облыс, аудан басшылығымен көмегімен №15 өрт сөндіру ғимараты салынып, көшірілді. Қазір мұнда өртке қарсы азаматтық қорғау капитаны Жарас Қаженовтың басшылығымен 11 адам еңбек етуде. 1985 жылы ашылғаннан бері күрделі жөндеу көрмей, ескіріп тозығы жеткен бұл ғимаратқа 2017 жылы республикалық бюджеттен 40 млн теңге қаражат бөлініп, бұл жұмыстарды «Батыс СтройСервис» ЖШС-гі атқарып шықты. Аудан әкімі Абат Шыныбеков өрт сөндірушілерді ғимараттың ашылу салтанатымен құттықтап, ауданда көбейген тілсіз жауды ауыздықтауда аянбай еңбек етуге шақырды. Шараға қатысқан БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызмметі бастығы, азаматтық қорғау бастығы Назарали Селимов, Жалпақтал ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Шынболат Өтешқалиев, зейнеткер, запастағы капитан Жамбыл Нұғыманов сөз сөйлеп, өрт сөндіру қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде аянбай еңбек еткен №19, №15 Қазталов, Жалпақтал өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Мардан Жұмашевты, Нұрлан Мұханбетқалиевты аудан басшысы Абат Абайұлы өзінің атынан алғыс хатпен марапаттап, жаңартылған өрт сөндіру ғимаратын аралап көрді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


«ПРЕЗИДЕНТ — БІЗДІҢ КӨШБАСШЫ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Күні: , 152 рет оқылды

29 қараша күні Қазталов орта мектебінде 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай Қазталов орта мектебінің тариx пәнінің мұғалімі Гүлнұр Ажғалиеваның ұйымдастыруымен «Президент — біздің көшбасшы» атты конференция өтті. Конференцияда Қазталов орта мектебінің директоры Әлия Жақсыбаева барша конференцияға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, қонақтарға естелік сыйлық табыс етті. Конференцияда 6-7 сынып оқушылары Президент күніне арнап шығармалар оқып, Елбасының өмір жолына тоқталып, өз ойларын ортаға салды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.