АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 30.11.2017


«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Күні: , 158 рет оқылды

Ауданымызда ҚР Тұңғыш Президент күніне және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай ауылдық округ әкімдіктері, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы өтуде. Осы «Қайырымдылық айлығы» аясында «Жомарт жүрек» қайырымдылық айлығы негізінде аудан кәсіпкерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жалғыз басты қарияларға азық-түлік және киім-кешек алуға түрлі сомада қайырымдылық жасауда. Осыған орай 30 қараша күні Қазталов ауылдық округі әкімінің міндеті атқарушы Баймағанбет Сағадденов пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиев осындай сертификаттарды кәсіпкерлер атынан Қазталов ауылының тұрғындарына табыс етті. Бұл акцияға аудан орталығының 35 кәсіпкері (36 дүкен, 36 сертификат) қатысуда. Осындай қайырымдылық шараны ұйымдастырушыларға және жомарт жанды кәсіпкерлерге сертификаттарға ие болған тұрғындар шексіз ризашылықтарын жеткізді. Мұндай қайырымдылық акциясы ауданымыздың барлық округтерінде өтуде.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ

Күні: , 176 рет оқылды

Тереңкөл ауылдық округінде 20-29 қараша аралығында кәсіпкерлер мен меценаттардың қатысуымен «Туған жерге құрмет» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция кезінде шаруа қожалық жетекшілері – Нұрболат Айшев, Құрманбек Шыналиев, Жасболат Ғилманов, Серғазы Садықов, Әбуғали Ғұмаров ауылдағы 10 аз қамтылған отбасылар мен жалғыз басты аналарды облыстық «Орал өңірі» газетіне жаздырса, Мақсот Шабаров, Жұмабай Көшекеновтер – Мереке ауылы, Айтболат Бердіғалиев пен Нұржан Салауатов – Беспішен ауылы, ал Жұмагерей Хұсанов, Батыр Қауметов және Базарбек Дүрленов – Нұрсай ауылының барлығы 33 тұрғынын аудандық «Ауыл айнасы» газетіне өз қаражаттарынан жаздырып берді. Ауыл кәсіпкерлері де бұл акциядан тыс қалмады. Мәселен, «Бупешова» жеке кәсіпкерлігінің иесі Галя Тілекқалиқызы ауыл тұрғыны Нұрғаным Боранбаеваның отбасына 10 мың теңге көлемінде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін алуға сауда сертификатын сыйлады. Осындай қайырымдылық акциясына белсене қатысқан жомарт жандарға ауыл тұрғындарының алғыстары шексіз.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Күні: , 178 рет оқылды

Бүгін аудан əкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылындағы аудандық спорт мектебінде Қазталов ауданының құрметті азаматы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовпен кездесті. Кездесу барысында аудан əкімі Абат Абайұлы Азия құрлығының қазақ күресі федерациясы президенті атынан Нұрлан Қажиақпарұлын «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапаттады.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


БАЛУАНДАР БЕЛДЕСУДЕ

Күні: , 173 рет оқылды

29 қараша күні Жалпақтал ауылындағы аудандық спорт мектебінде Қазталов ауданының құрметті азаматы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2002-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына спорт жанкүйерлері, ауыл тұрғындары қатысып, аудан əкімі Абат Шыныбеков өзінің құттықтау лебізін білдіріп, балуандарға сәттілік тілесе, облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры Абай Бакманов облыстық спорт басқармасы атынан құттықтап, Нұрлан Қажиақпарұлының иығына шапан жапты. Бұл облыстық турнирге Орал қаласы, Орал спорт клубы, облысымыздың Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Қаратөбе, Қазталов аудандарының 128-ге тарта балуандар 10 салмақ бойынша белдесуде.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Күні: , 148 рет оқылды

29 қараша күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Бисебай Төлепов пен аға учаскелік инспектор, полиция капитаны Нүркен Калманов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда келген азаматтар мал ұрлығы, ұсақ құқықбұзушылық сынды мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тиісті жауаптар қайтарылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.