АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 29.11.2017


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА

Күні: , 142 рет оқылды

Біздің елімізде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қолдауы мен сындарлы саясатының арқасында ауыл шаруашылық саласы даму үстінде. Осы ауыл шаруашылығының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы саланың дамуындағы оң өзгерістерге қол жеткізуге, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету қауіпсіздігіне лайықты үлес қосуға өз септігін тигізуде.
Осыған орай 28 қараша күні аудандық мəдениет үйінде ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күніне байланысты салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада сөз алған аудан əкімі Абат Шыныбеков аудандағы ауыл шаруашылық саласындағы зор жетістіктерді айта келіп, барлық ауыл шаруашылық қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

Жұлдыз АСҚАР


«ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ НЕГІЗІ — АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ»

Күні: , 144 рет оқылды

28 қараша күні аудандық мәдениет үйінде Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Ұлттық рухтың негізі — Алаш қозғалысы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға арнайы келген қонақтар еске алу аллеясына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ қатысушылар «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тақырыбындағы көрме, мұражайды аралады. Сонымен қатар «Азаттықты аңсаған айбынды Алаш» атты бейнефильм конференцияға қатысушылардың назарларына ұсынылды. Қазталов орта мектебінің оқушылары Алаш қозғалысына арналған әдеби композицияны қонақтарға ұсынды. Бұдан кейін өткізілген конференцияда аудан әкімі Абат Шыныбеков конференция жұмысын бастап, келген барша қонақтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конференцияда тарих ғылымының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков, БҚО инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушылары Самат Құрманалин, Бақтылы Боранбаева, М.Өтемісов атындағы университеттің оқытушысы Жаңабек Жақсығалиев, Сырым ауданы, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева, Алма Оразбаева орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марал Төлекенова Алаш тарихына қатысты баяндамалар жасады. Сонымен қатар конференцияда Алаш қозғалысының 100 жылдығына өткен аудандық сурет байқауына қатысып, жүлдегер атанған бірқатар оқушылар да марапатталды. Конференцияға қатысушылар арнайы қарар қабылдады.

Әсем БОЛАТ


КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗЕКТІ ОТЫРЫС

Күні: , 136 рет оқылды

27 қараша күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен аудан әкімідігінің кеңейтілген кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» және «Денсаулық» мемлекттік бағдарламалар туралы аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев, аудандық орталық аурухана директоры Хайырбай Алтаев және аудандық аурухана директоры Алмас Жүнісбеков хабарлама жасады. Отырыс барысында жаңа форматтағы атаулы әлуметтік көмектің қандай отбасылар мен азаматтарға берілетінін анықтау үшін аудан тұрғындарының әлеуметтік статусын анықтаудағы жұмыстар туралы да айтылды. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде ауданымыз бойынша 3412 адам өзін-өзі қамтығандар қатарында екені анықталып отыр. Отырыста аудан әкімі азаматтардың әлеуметтік статусын анықтау үшін арнайы жұмыс тобын құрып, тұрғындармен жеке-дара жұмыстануды тапсырды. Отырыс кезінде белгілі болғандай ауданымыздағы денсаулық сақтау мекемелерінде бүгінгі таңда арнаулы дәрігер мамандардың жетіспеуі, Ақпәтер, Жаңажол ауылдарындағы дәрігерлік нысандардың апаттық жағдайы, Қараоба, Қошанкөл ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларда және Қайыңды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде ғаламтор желісінің жоқтығы, ауданымыздағы қатерлі ісік ауруларын бастапқы сатысында ерте анықтау жұмыстарын күшейту және осы дертпен ауыратын адамдардың 5 жыл өмір сүру деңгейін көтеру туралы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар отырыста аудан әкімі аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуды басты назарда ұстап, әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жұмыстарын күшейтуді де тапсырды.

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ЖОЛ ЖАСАЛМАҚ

Күні: , 132 рет оқылды

Ауданымызда жаңа технологиялар бойынша жолдар жасалмақ. Бұл жөнінде 27 қараша күні аудан әкімдігінде өткізілген мәжілісте айтылды. Мәжілісте ауданымызға арнайы келген «СтройИнтеграция» ЖШС-ның өкілі Константин Моряк жаңа технологиямен жасалған, жол көтеру жұмыстарында пайдаланылатын ұнтақталған және сұйықтық тәріздес компоненттік материал туралы таныстыру өткізді. Бұл материал бұрын-соңды Қазақстанда қолданылмаған. Польша мен Швецария технологиялары бойынша жасалған, суға езілмейтін цемент тәріздес ұнтақ. Ресейдің Химки зауытында өндіріледі екен. Болашақта бұл жаңа ұнтақты пайдалану арқылы ауданымызға қарасты Талдыапан ауылындағы 21,9 шақырым, Бостандықтағы 12,7 шақырым, Әжбай ауылындағы 5,5 шақырым кіреберіс және ішкі жолдары күрделі жөндеуден өтпек. Бұл жаңа технологиямен жасалатын жолдың құны да қара жамылғыдан үш есе төмен болса, бір шақырымға 60 млн. шамасында қаржы жұмсалмақ. Осы үш елді мекендердің жолдарын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар да жасақталуда. Сонымен қатар мәжілісте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов ауданымыздағы кіреберіс және ішкі жолдардың күрделі жөндеуді қажет ететін, жобалық-сметалық құжаттары дайын жобаларды таныстырды. Бұл жобаларға кіретін Жаңажол, Жалпақтал ауылдарындағы кіреберіс және ішкі көшелеріндегі 7,4 шақырым жол, Қазталов ауылындағы ауылішілік 6 көше 3,2 шақырым жол мен Жалпақтал ауылындағы 4 көшеге 2,7 шақырым жол жасау. Бұл жолдарға қаражамылғы төселіп, барлығы 1 млрд 123 млн. 660 мың 6 теңге қаражат керек. Жоғарыдағы жазылған және осы жобаларға тиісті қаражат бөлінсе, ауданымыздың инфраструктурасы жақсара түспек.

Қайрат ЖАҚЫП


МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Күні: , 68 рет оқылды

Өткен жұмада облыста агроөнеркәсіп қызметкерлері күніне арналған жиын өтті. Сол жиында сала үздіктері марапатталды. Біздің ауданымыздан аудан әкімінің ауыл шаруашылығы саласы жөніндегі орынбасары Нұретден Құтхожин ҚР-ның «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар Қошанкөл ауылдық округіне қарасты «Ажкей» шаруа қожалығының жетекішісі Мырзагелді Таспихов облыс әкімінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» алғыс хатымен және Қазталов ауылдық округіне қарасты «Дулат» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Малаев ҚР-сы ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Нұретден Ихсанұлы ұзақ жылдар ауданымыздың драйвері — ауыл шаруашылығы саласына өзіндік қолтаңба қалдырған азамат болса, Мырзагелді мен Нұрлан кең даланы малға толтырған еңбекқор азаматтар. Марапаттарыңыз құтты болсын!

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.