АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 27.11.2017


СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Күні: , 159 рет оқылды

Ауданымызда ағымдағы жылдың қыркүйек айында бастау алған мекеме және кәсіпорындар арасында өткен күзгі спартакиада өз мәресіне жетті. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен оздырылған бұл спартакиадаға аудандық мекеме, кәсіпорындары қызметкерлерінен құрылған 12 команда қатысып, тоғыз құмалақ, асық ату, дойбы, үстел теннисі, қол күресі, гір тасын көтеру, баскетбол және волейбол сияқты спорт түрлерінен сайысқа түсті. 25 қараша күні күзгі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков барша жарысқа қатысқан ұжымдарға алғысын айта келіп, жүлделі орындардан көрінген спортшыларды құттықтады. Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте Алма Оразбаева атынындағы орта мектебі атынан шыққан «Алма» командасы 3 орынды иеленсе, аудандық спорт бөлімінің «Жеңіс» командасы 2 орынды місе тұтты. Ал спорттық жарыстарға белсене қатысып, жоғары ұпайларға ие болған Қазталов орта мектебінің «Жалын» командасы 1 орыннан көрінді. Жүлделі орындардан көрінген спортшылар мен командаларға алғыс хаттар мен және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Жеңістеріңіз құтты болсын дейміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.