АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 24.11.2017


АУЫЛНАЙЛАР САЙЛАНДЫ

Күні: , 138 рет оқылды

23 қараша күні Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, Қазталов аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Тауфих Мұқанов Талдыапан ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Қазталов ауданы әкімінің ұсынысымен қоғамдық келісім кеңесінің отырысында ауылнайдың ережесі бекітілді. Соған байланысты ауданымыздың әрбір кіші елді мекендерінде ауылнай сайланды. Талдыапан ауылдық округі бойынша Қособа елді мекеніне Жанболат Файзуллин, Қайшақұдыққа Азамат Кубенов, Бейістерекке Азамат Тұрбаев, ал Сарықұдық елді мекеніне Амангелді Телеуов сайланды

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Күні: , 68 рет оқылды

23 қараша күні ауданымыздың Талдыапан ауылдық округінде қылмыстың алдын алу бағытында ауыл тұрғындарымен мәдениет үйінде кездесу өтті. Бұл кездесу жиынына Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Тауфих Мұқанов, Қазталов аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ғаділбек Ғазизов, Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сағат Ғаббасов, Жалпақтал полиция бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Дастан Искалиев және Талдыапан ауылдық округі бойынша учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Жиында тәртіп сақшылары баяндамаларын жасады. Округ әкімі Асқар Есқалиев қылмысты болдырмау мақсатында бірлесіп жұмыстану керектігін айтып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдалды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


«ҚУАН ҚҰРЫЛЫС» ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ, БҰДАН ӘРБІР ТҰРҒЫН СЫРТ ҚАЛМАУ КЕРЕК

Күні: , 72 рет оқылды

Қазталов ауданының орталығында биылғы жылы көп оңды өзгерістер болуда. Былайша айтқанда жасарып, жаңара түсуде. Соның бір айғағы — әсем интернат ғимаратын айтсақ, жаяу жүргіншілер үшін 2 шақырымның үстінде асфальт жолдың салынып, іске асуы. Ауыл тазалығымен де ажарланады. Осыған орай бүгінгі күнде 11 орында арнайы қалдықтар үшін контейнерлер қойылды. Осы мәселеге байланысты бұл жұмыстардың басында жүрген «Қуан Құрылыс» ЖШС-ның жетекшісі Нұрлыбек Хайруллинге жолығып, әңгімеге тарттық. -Қазіргі күнде қалдықтар үшін контейнерлер тұрғындар көп шоғырланған (екі қабатты үйлердің) жанында қойылса, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына да орнатылды. Аудандық мәслихаттың шешімімен жиналған қалдықтарды жұмасына екі рет шығарып тұрамыз. Осы қызметтер үшін жеке тұрғындардан жан басына 126 теңгеден, ал мекемелерден 178 теңгеден төлем алынады. Ал енді контейнер алыс немесе көшелерге орнатылмаған тұрғындардан біздермен келісім-шартқа қол қойса, үйлерінен қалдықтарды алып кету мүмкіндігін де жасап отырмыз. Қазіргі күнде аудандық аурухана, аудандық қаржы және экономика, білім, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және спорт мектебі арнайы тапсырыспен контейнер алғызды. Алдағы уақытта басқа мекемелер де осындай тапсырыстар береді деп санаймыз. Сонымен қатар «қалдық алаңын» сенімгерлікпен басқаруға алсақ, арнайы техникаларды да сенімгерлік басқарумен алып отырмыз. Бұл жұмысымызды тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сөз соңында айтарым аудан орталығының таза, мәдениетті болуы үшін аудан әкімі Абат Абайұлы көп қолдау көрсетуде. Әрі тиісті мекемелерге талап та қойып отыр. Сондықтан осындай бастамаларды ауылымыз үшін барлық тұрғындар болып қолдауымыз қажет. Тазалық өзіміз үшін ғой, -деді. Иә, жаңарған, жарқыраған ауылда өмір сүру бақыт қой! Ал соны жасау, оған үлес қосу — біздің борышымыз.

Әсем БОЛАТ


ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

Күні: , 138 рет оқылды

22 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен құқық бұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия мүшелерімен қатар отырысқа ауылдық округ әкімдері, ауылдық әкімдіктерінің мамандары және дербес бөлім басшылары қатысты. Комиссия отырысында күн тәртібіндегі қоғамдық орындарда, соның ішінде көшеде жасалатын ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, жою туралы, құқық қорғау және білім беру ұйымдарымен бірлесіп балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою сынды мәселелер қаралды. Зорлық-зомбылықты анықтау , алдын алу, ескерту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылықты профилактикалық бағытында алдын алу мақсатында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен атқарылған іс-шаралар туралы баяндамалар жасалды. Отырыс барысында комиссия төрағасы, аудан әкімі Абат Абайұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ескертпелер жасады. Айта кетсек, баяндамаларда аудандағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары туралы нақты анализдің жоқтығы (соның ішінде келтірілген нақты фактілер мен атқарылған нақты іс-шаралардың аздығы немесе дұрыс атқарылмауы) құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылатын іс шаралар кезінде құқық қорғау органдары мен жергілкті атқарушы органдар арасындағы байланыстың нашарлығы сияқты мәселелерге тоқталып өтті. Сонымен қатар комиссия отырысында комиссия мүшесі, аудан прокуроры Дәурен Медетбеков ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін арнайы WhatsApp желісін ашып тұрғындар арасында тарату және құқық қорғау органдарына көмектесіп жүрген еріктілерге аудандық бюджет есебінен сыйақылар тағайындау жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП


… ЕЛ КӨРКЕЙСІН ДЕСЕҢІЗ, АУЫЛҒА СІЗ БАРЫҢЫЗ…

Күні: , 119 рет оқылды

Биыл 100 жылдығын атап өтіп жатырған Алаш арыстарының бірі, ақын Сәкен Сейфуллин өткен ғасырдың бас кезінде «Кооперацияны күшейту керек» деген шағын мақаласы қанша уақыт өтсе де, өзінің маңызын жоймағаны таңғалдырады. Мақалада: — Қазақстанның еңбекшілеріне ең керек нәрселер: қала болу, жер кәсібіне айналу, школа ашу, әм кооперация ашу, — деп жазыпты. Осы бір 20 ғасырдағы жазылған мақалаға орай мына бір мәселелерді қозғағымыз келеді. Кооперация деп – бір жердегі бір айналадағы отырған халықтың ұйымдасып, керек-жарақ нәрселерін бірге алып тұратын, өзінің артық нәрселерін бірлесіп, көзін тауып, тиісті бағамен өткізіп тұратын бірлікті айтады. Жасыратыны жоқ, қазіргі шаруа қожалықтарының саны көп. Ал мұндай ұсақ шаруашылықтардың ешқашанда жаңа техника алуға, қаржылық жеңілдіктер, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер алуға қауқары жете бермейді. Мысалы, бір кіші шаруашылық егін екті дейік. Оның барлық шаруасын басшысының өзі атқарады. Ауыспалы егіс сияқты агротехнологияларды сақтай алмайды және қолы қысқа болғандықтан ештеңені жоспарлауға да мүмкіндігі жоқ. Жыл сайын бір бидайды еге береді, еге береді… Сондай-ақ ауылдағылардың қорасында 5-6 ірі-қара бар дейік. Орта есеппен алғанда бұл сиырлар күніне 10-15 литр сүт берсе, оны өздері тұтынады. Ал қалған 4-5 литр сүтті сату тиімсіз. Ал кооперация құрылса, арнайы маман бухгалтерлік есеп жүргізеді және кооперативтің ортақ несие басқа да көмектер алуына мүмкіндік жасайды. Жұмыс істейтін адамдарды белгілі бір мамандықтарға баулиды. Статистикалық есеп бойынша халқымыздың 43 пайызы ауыл тұрғындары болса, еліміз әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Алайда бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер өз еркімен ауылшаруашылық кооперацияларына бірігуге құлықты емес. Оның басты себебі – нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі, қызметінің айқын болмауынан сияқты да көрінеді. Сондай-ақ нәтижесінде кооператив мүшелерінің бір-біріне деген сенімсіздігі де кедергі болып тұрғанын білеміз. Жалпы, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру жұмысы жақсы идея. Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ауыл кооперациясын дамытуға бағытталып отыр. Кооперативтер құру — ауылда дамытудың бірден-бір жолы. Тіпті ет пен сүттен бөлек есігіңнің алдындағы 5-6 соттық жерге егілген картоп басқа көкөністерді де кооперативке өткізуге болады. Қазіргі басты мәселе – өнім өндіруде емес, тиімді сатуда. Сонау 60 жылдары ақын Асқар Тоқмағамбетовтың: — Ауыл – біздің сәніміз, Ауыл – біздің қанымыз. Ел көркейсін десеңіз, Ауылға сіз барыңыз, деген өлеңін мұғалімдеріміз біздерге жаттатқызған еді. Әрине, ол кездерде жеке деген ұғым жоқ, колхоз-совхоздардың дүрілдеп тұрған кезі ғой. Ал қазір жағдай басқаша… Сондқтан ауылдағылар «Алма піс, аузыма түс» -деп армандап жата бермей, үлкен тірліктерге талпыну қажет…

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Күні: , 100 рет оқылды

22 қараша күні аудан әкімі Абат Шыныбеков және мекеме-кәсіпорын басшылары аудан орталығында «Ашық есік» күніне орай қабылдау өткізді. Қабылдауға келгендердің дені көпшілігі тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселесін қозғады. Қабылдауда болған тұрғындарға олардың айтқан ұсыныстары кезең-кезеңмен шешімін табылатындығы жөнінде айтылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ 16 СЕССИЯСЫ

Күні: , 130 рет оқылды

22 қараша күні аудандық мәслихаттың кезекті 16 сессисы өтті. Сессияда аудандық мәслихаттың №4 Тереңкөл сайлау округінен, №12 Көктерек сайлау округінен шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына депутаттар сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының қорытындысы туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Құтхожин хабарлама жасады. №4 Тереңкөл сайлау округінен және №12 Көктерек сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты болып сайланған Сәрсенбай Молдашев пен Руслан Сарыбаевқа депутаттық куәлік пен төсбелгі табыс етілді. Сессияда аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов депутаттар алдында есеп берді. Сессияда басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар кезекті сессияның төрағасы сайланды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.