АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.11.2017


САУДА-САТТЫҚ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Күні: , 128 рет оқылды

13 қараша күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы сауда-саттық орындарын аралап, олардың жұмыстарымен танысып, кәсіпкерлермен кездесті. Саудамен айналысатын кәсіп иелерімен кездесулерде аудан әкімі: Елімізде кәсіпкерлікті дамытуға үнемі қолдау көрсетілуде. Сіздер сол қолдаудың арқасында кәсіптеріңізді дамытып әрі халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп отырсыздар. Бұндай жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз. Дегенмен, сіздердің тұтынушылар алдындағы және халыққа қызмет көрсетуде сапалы жұмыс атқаруларыңызды қалаймыз. Сондай-ақ кейбір сауда дүкендерінде санитарлық талаптардың төмендігі де көзге түседі. Алынған тауарға чек бермеу фактілері де бар. Тауар чегінің тұтынушылар тарапынан да сұралмайтынын байқадық. Сонымен қатар ауданымызда сауда орындары көптеп салынуда. Бұл да жақсы нәтиже деуге болады. Бірақ, сол дүкендердің айналасын абаттандыру, заманауи талаптарға сай ұстауына мән берілмеуде. Атап айтсақ, осыдан 10 жыл бұрын ашылған дүкендер сол баяғы қалпында тұр. Керек десеңіз орталықтағы басты көшелерде орналасқан сауда орындарының айналасындағы тазалық пен жарықтандыру мәселесі ақсап тұр. Бұның барлығы аудан орталығының абаттандырылуына кері әсерін тигізуде,- деді. Сауда орындарын аралау кезінде аудан әкімімен бірге «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының өкілі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының және аудандық салық басқармасының басшылары да болды.

Қайрат ЖАҚЫП


ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ НАҚТЫЛАНДЫ

Күні: , 88 рет оқылды

13 қараша күні аудан әкімі Абат Шыныбеков қоғамдық ұйым өкілдерімен және кейбір салалық мекеме басшыларымен мәжіліс өткізді. Мәжілісте аудан әкімі алдағы 2018 жылы Елордамыз Астананың 20 жылдығына байланысты ауданымызда өтетін шаралар туралы айтып өтті. Осы мәселе бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Астананың 20 жылдығына арналған шаралар басталмақ. Мәжілісте бұл шаралардың жоспарлары нақтыланды. Сонымен қатар алда келе жатқан 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар жоспарлары да қаралды. Сондай ақ мәжіліс барысында «Қазталов ауданының құрметті азаматы», ауыл шаруашылық саласының білгірі, руханият жанашыры Кәрім Өтеғұловтың мерейлі 80 жасқа толуын ауданымызда атап өту мәселесі де талқыланды. Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша салалық мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КИРОВ-ШЕЖІН КАНАЛЫ ҮЛКЕН ӨЗЕНГЕ ҚОСЫЛМАҚ

Күні: , 144 рет оқылды

Аудан əкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, ауылдың ақсақалдарымен бірге жаңадан салынып жатқан Киров-Шежін каналының жұмысымен танысып қайтты. Киров-Шежін каналының кеңейту, тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күнде құрылыс жұмыстарының ІІІ кезеңі атқарылып жатыр. Серіктестік жұмысшыларымен кездескен аудан басшысы Абат Абайұлы жұмысты тоқтатпай, сапалы атқару керек екенін айтты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АЙЗЕРЕ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Күні: , 204 рет оқылды

8-11 қараша күндері Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында «Үркер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Алаш үкіметі» І Халықаралық рухани жаңғыру фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» идеясын қолдау жəне жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау. Алаш зиялылары еңбектерін тану жəне зерттеу арқылы ұлттық патриоттық рухын оятуға ықпал ету. Фестивальге 7-9, 10-13, 14-17, 18-21 жас аралығында эстрадалық-вокал, дәстүрлі əн, күй, көркем сөз, қол өнер жəне бейнелеу өнері, жас сахна жанрлары бойынша бақтарын сынады. Осы фестивальге ауданымыздан Бостандық орта мектебінің оқушысы Айзере Есенгелдина жетекшісі Жайнагүл Ескендировамен қатысты. Қолөнер жəне бейнелеу өнері жанры бойынша 14-17 жас аралығында қатысқан 18 оқушының арасынан Айзере үздік шығып бас жүлдені жеңіп алды. Осындай ауқымды шараға қатысып, жүлделі орыннан көрінуі жетекшісі Жайнагүлдің еңбегі деп білеміз. Жетекшісі Жайнагүл мен Айзерені жүлделерімен құттықтап, жеңісті күндерің көп болсын дейміз.

Гауһар ƏДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.