АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.11.2017


ЖАҢАРТЫЛҒАН ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Күні: , 80 рет оқылды

Қазталов аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты заманауи жөнделген ғимарат болғанымен жұмыс жасайтын қызметкерлеріне тарлық етіп, күнделікті ырғақты қызметтеріне қиындықтар келтіретін. Сондай-ақ өтініштерімен келетін тұрғындарға да бұл жағдай қолайсыздау еді. Енді сол түйін шешілді деуге болады. Бұл мекемелер бос тұрған бұрынғы интернат ғимаратына қоныс аударды. 10 қараша күні жөндеуден өткізілген жаңартылған ғимараттың ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков,- халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын бұл мекемелерді ыңғайлы орынға көшіру жоспарда бар еді. Енді соның мәселесі шешілді деуге болады. Сонымен қатар бұл орын басқа да мекемелерге қатынауға қолайлы болса, шалғайдан келген аудан тұрғындары да уақыттарын кетірмей, шаруаларын бітірулеріне де септігін тигізеді деп санаймын,- деді. Жарық та кең бөлмелерде жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру, жұмысқа жолдама беру, қоғамдық жұмыстарға жіберу, кәсіби мамандықтар алуға және қайта қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіоладама беру, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беру, жастар практикасына жолдама беру, ардагерлер мен мүгедектерге арналған көмектер көрсету сынды қызметтерді алуға болады. Бұл ғимараттың жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 2 млн теңге қаражат бөлінген.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ҚОРЫТЫЛАНДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

10 қараша күні аудан әкімдігінде «Мейірбандық күндер» қайырымдылық айлығында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Абат Шыныбеков төрағалық етіп, округ әкімдері, мекеме, ұйым шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. Жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Райымбек Нұрекешовтің баяндамалары тыңдалды. Баяндамаларға қысқаша тоқталсақ: «Мейірбандық күндері» айлығына барлық кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары, мекемелер «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығын өткізуге қатысып, айлық қортындысы бойынша 817 адамға 3022,5 мың тенгенің қайырымдылық көмектері көрсетілген. Қариялар күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл және еңбек еңбеккерлерін қабылдау, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылған. Жалпы айлық барысында 26 адамға 214,0 мың тенге азық-түлік және қайырымдылық түстіктері 499 адамға 766,5 мың тенге, қаржылай қолдау 6 адамға 153,0 мың тенге, жөндеу жұмыстары 23 адамға 118,5 мың тенге және сыйлықтармен басқалай көмектер 253 адамға 1743,5 мың тенгеге көрсетілсе, ал аудандық бюджеттен 13 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілген. Жиында аудан әкімі,- Қайырымдылық көмектер бұл аймен ғана шектеліп қалмауы керек. Әрі қарай жалғасын тауып, аудандағы барлық кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын жұмылдыру қажет,- деген ұсынысын білдіріп, кейбір салалық мекеме жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді. Жиын соңында қайырымдылық айында жомарттық танытқан бір топ шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлерге аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Қайрат ЖАҚЫП


«ПРОБАЦИЯ ҮЙІ» ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЙДІ

Күні: , 90 рет оқылды

10 қараша күні аудандық прокуратураның бастамасымен ауданымызда бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға арналған «Пробация үйі» ашылды. Негізгі мақсат — шартты мерзімге дейін бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету. Бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетпек. Шара түрмелерден босап шыққан азаматтардың қайтара қылмыс жасамауын және есептегі адамдарды әлеуметтендіру үшін ұйымдастырылды. «Пробация үйінің» ашылуында аудан прокуроры Дәурен Медетбеков: -Түзеу мекемелерінен босап шыққан және жазасын шартты түрде өтейтін сотталғандар «Пробация үйіне» келіп әлеуметтік-құқықтық көмек алуларына толық мүмкіндік бар. Сондай-ақ олардың кәсіп ашулары үшін кеңестер беріліп, психологиялық, жұмыспен қамту жөнінде көмектер көрсетіледі, -деді. Шарада аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Аманжол Нығметов осы санаттағы адамдарға кәсіптерін бастау үшін «Бастау Бизнес» жобасы туралы түсінік беріп өтсе, аудандық аурухана дәрігері Ерсайын Тасболатов аурухана тарапынан берілетін көмектер мен кей дәрі-дәрмектердің тегін берілетіндігі жөнінде хабардар етті. Айтса кетсек, өткен жылы аудан бойынша 63 адам пробациялық есепте тұрса, биыл 50-ге жуық адам тіркелген, 4 адам қайтадан түзеу орындарына жіберілген. Биыл жұмыспен қамту орталығында түзеу мекемелерінен шыққан 10 адам тіркелсе, соның 5-і жұмыспен қамтылып, 2-і кәсіптік білім алып келген. Сондай-ақ жазасын өтеп келген 6 адамға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 22690 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленген екен.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ҚАЗТАЛОВ ТЕАТРЫ — 1 ОРЫН

Күні: , 98 рет оқылды

Саxнаның xас шебері Хадиша Бөкеева Еуропалық үлгіде өнер көрсетіп, КСРО-ны таңдандырған өнер тарланы. Неге таңдандырмасын?! Әлем xалықтарының өнерін үйреніп, оларға жаңа үлгіде қайтадан көрсете білген бірден-бір ұлт болса, ол — қазақ ұлты. Соның айғағындай облыс орталығында өткен Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген аудандық xалық театрлары байқауында С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы жанындағы xалық театры 1 орынға ие болды. Театрдың белді мүшесі Мирлан Нұролла «Ең жас актер» дипломымен марапатталды.  Сонымен қатар театрда өнер көрсеткен А.Оразбаева мектебінің оқушыларына көрермендер тәнті болып, -Хадиша апамыздың ізбасарлары Сарыөзеннен шығып жатыр екен, болашақтары бар, -деп риясыз тілектерін білдіргенін айтқан жөн. Сондай-ақ жарты ғасырға жуық тарихы М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры бұл байқауда ІІ орын алып, Рэй Кунидің «Тесік тиын» атты ағылшын комедиясын қойды. Бұл байқауда М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрының режиссері Шалқыма Меркулова «Үздік режиссер» атанса, Анар Мусина әйел рөлін сомдағаны үшін «Үздік әйел» атанды. Хадиша апамыздың 100 жылдығын тойлап өткен қазталовтықтар театр ұжымына шығармашылық табыс тілейді. Қазталов «Бишілер елі» атанып жүрсе, енді «Актерлар елі» атансын дейміз.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.