АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 06.11.2017


АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАДЫ

Күні: , 154 рет оқылды

6 қараша күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Қазталов ауылдық округі әкімі қызметінде болған Сәрсенбай Молдашевті қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі Сәрсенбай Молдашетің аудандық мәслихат депутаты болып сайлануына байланысты құттықтап, ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте абыройлы жұмыс жасағаны үшін алғыс хат табыстады. Аудан әкімі С.Молдашевқа алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қоса беретініне сенім білдірді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ТЕСІК ТИЫН» ҒҰМАРОВ ТЕАТРЫНДА САХНАЛАНДЫ

Күні: , 88 рет оқылды

Бүгін М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрында ағылшын драматургі Рэй Кунидің «Тесік тиын» атты қойылымның тұсаукесері өтті. Қойылымның режиссері Шалқыма Меркулова. Жас режиссер «Тесік тиын» комедиялық қойылымы арқылы адамдардың ақша үшін бәріне дайын екенін көрсете білді. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі көк қағаз үшін адамдар өздерінің табиғи болмысынан айрылуда. Ал сахналанған комедия желісінің аясында 1 млн. 750 мың фунт стерлинг отбасы мүшелерінің шынайы болмысын ашып көрсетті. Қойылым бас кейіпкер Генри Перкинстің өзінің туған күнінде бір чемодан ақша тауып алуымен басталады. Одан арғы оқиға оның отбасында өрбиді. Ешқашан өтірік айтпайтын шыншыл Генри ақша тапқан күннен бастап түбегейлі өзгеріп шыға келеді. Генри Перкинс тіпті әйелімен басқа мемлекетке қашып кетуді де көздейді. Комедиялық жанрдағы бұл қойылым көрермендеріне күлкі сыйлай отырып, терең ойға шомылдырды. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «Тесік тиын» үшін күресте ашыла бастайды. Әншейінде қарапайым әрі адал адамдарды осындай бір сын сәттерде тану қиынға түседі. Р.Кунидің шығармасы орыс театрларында талай рет сахналанғанымен, М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрында алғаш рет қойылып отыр. Негізгі рөлдерді Нұрбек Мұқамбетқалиев, Анар Мусина, Мержан Дүйсенов, Гүлхан Елемесова, Жандос Жексенбаев, Азамат Дүйсеков, Нұрхат Жалмұханов секілді театрдың актерлері сомдады. Шалқыма Самалқызы жас та болса театр сахнасында аянбай еңбек етіп келе жатқан талантты режиссер. «Тесік тиын» қойылымы өз кезегінде көрерменнің көңілінен шықты. Қойылым соңында Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Меңдіхан Халимуллин өзінің игі тілегін арнаса, М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрының әуесқой, маңдайалды актерлері, бүгінде зейнет демалысындағы ардагерлер Зәуреш Ақмурзина, Қайрат Туляшев, Нұрлан Шаканаев, Самат Ерғалиев жас актерлерге шабыт тілеп, еңбектеріне жеміс, өнер көгінде талмай биіктен көріне беріңдер деген жылы лебіздерін білдірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.