АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 01.11.2017


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Күні: , 150 рет оқылды

1 қараша күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Отырысқа аудандық мекеме, ұйым басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде аудандық ішкі істер бөлімімен өткізілетін сыбайлас жемқорлыққтың алдын алу бойынша жұмысы және тұрғындардың өтініштерімен жұмыс туралы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Убишев және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде іс-әрекеттердің орындалуы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Әйгерім Шуақбаева мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов хабарлама жасады. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Убишев: -2017 жылдың 10 айының ішінде Қазталов АІІб қызметкерлерінің тарапынан 1 сыбайлас жемқорлыққа бару қылмыс оқиғасы тіркеліп, қазіргі күнде тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Бөлімде қоғамдық резонанс тудырған төтенше оқиғалар жөнінде нұсқаулар жеке құрамда талқыланып, жедел кеңестерде қаралып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы газет беттеріне мақалалар жарияланып келеді. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесе отырып кездесулер, «Жолда қабылдау» акциялары ұйымдастырылып келеді,-деді. Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, аудан әкімі тиісті салалық мекеме жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ»

Күні: , 184 рет оқылды

Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының терең бір арнасы – ән өнері. 60-70-80-ші жылдары шыққан әндердің қазіргі таңға дейін ел арасында кеңінен насихатталып, шырқалып келе жатыр. Соның бір айғағындай 31 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Сағит Садықов атындағы мәдени демалыс орталығының көркемөнерпаздары «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кешін оздырды. Құлақтың құрышын қандырар әсем әндермен қатар, мың бұралған билер арқылы өрбіген ән кеші ретро әндерді сағынған көрерменді сонау 70-80-ші жылдарға жетелеп әкеткендей болды. Әсіресе вокалды инструментальді ансамбльдің орындаған композициялары мен осы ансамбльдің сүймелдеуімен шырқалған әндерді атап айтуға болады.

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІНДЕ

Күні: , 205 рет оқылды

31 қазан күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Кезекті мәжілісте, — Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы, -аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиев және аудан кәсіпкерлік палатасының басшысы Аманжол Нығметов, -Ауданда 10 ай ішінде ветеринарлық шаралардың жүргізілуі туралы,-Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев, аудандық аумақтық инспекция бөлімінің басшысы Арген Малахов хабарламалар жасады. Хабарламаларда айтылғандай шағын кәсіпті дамытуға бөлінген қаржы көлемі өскен. Тек өткен жылы 320 млн. несие қаражат алыныпты. Бұл алған несие қаражаттардың көпшілігін «Игілік», «Береке», «Іскер» шаруа қожалықтары және «Қазталов несие серіктестігі» өз жұмыстарын жүргізу үшін алуға қол жеткізген. Алайда аудан әкімі атап көрсеткендей ауылдық округтерде шағын кәсіпкерліктерді дамыту жұмыстары төмен дәрежеде. Ауыл тұрғындарының көпшілігі мемлекеттік бағдарламаларға қатыспай отыр. Әсіресе, шағын кәсіпкерліктің сервистік түрін дамыту баяу жүруде. Сонымен қатар ауданымызда ветеринарлық шаралар жоспарлы жүргізіле тұрса да мал сою алаңдары тиісті талаптарға сай жасалынбай келеді. Округтердегі мал дәрігерлерінің белсенділіктері әлі төмен деңгейде. Аудан әкімі осындай және басқа да жіберіліп отырған кемшіліктерді атап көрсете келіп, тиісті салалық басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Әсем БОЛАТ


«ҚАЗТАЛОВ — АНТИТЕРРОР — 2017» ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Күні: , 145 рет оқылды

31 қазан күні Қазталов ауданы орталығында шартты түрдегі террорлық актіні болдырмауды мақсат еткен «Қазталов-Антитеррор-2017» жоспарлы антитеррорлық жедел-тактикалық жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты — ауданның лаңкестікпен күрес жедел штабы мүшелері мен оның жедел топтары жұмыстарының үйлесімділігін жетілдіру. «Оқу-жаттығу кезінде хабарлау жүйесінің элементтері мен террорлық акт болған жерге жедел штабтың күш құрылымдарын жиналуы, жеткізуі тексерілді. Бүгінде әр елде барша қоғамға үлкен қауіп туғызатын құрылымды бұзатын күштердің ену қатері бар. Оларға қарсы тұру мәселелерінде табанды болу үшін мұндай оқу-жаттығулар өзара іс-қимыл жасау сәттерін сапалы пысықтауға және әртүрлі ведомстволар арасындағы үйлесімділікке, сондай-ақ баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді. (СУРЕТТІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУҒА ЕШ ҚАТЫСЫ ЖОҚ. ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН.)

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.