АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 26.10.2017


СОТТА – ЖАҢА ТӨРАҒА

Күні: , 190 рет оқылды

№2 Қазталов аудандық сотының жаңа төрағасы болып, Айбар Серікұлы Бижанов тағайындалды. 25 қазан күні Батыс Қазақстан облыстың сотының төрағасы Бек Әметов ауданымыздың Жалпақтал ауылына арнайы іссапармен келді. Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан активімен болған жиынға аудан әкімі Абат Шыныбеков, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты. Жиында алғашқы болып сөз алған облыстық соттың төрағасы Бек Әметов осы уақытқа дейін №2 Қазталов аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Азамат Жұмаұлының Орал қалалық сотына ауысқандығын айтып, активке №2 Қазталов аудандық сотының төрағасы Айбар Серікұлы Бижановты таныстырды. Айбар Серікұлы Бижанов 1970 жылы бұрыңғы Фурманов ауданы, қазіргі Қазталов ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің құрылыс институтын, Орал Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы заңгер. 1988-1990 жылдары әскер қатарында болған. Еңбек жолын 1990 жылы Фурманов ауданының Қараөзен қой совхозында қатардағы жұмысшыдан бастаған. 1996-1998 жылдары Орал қалалық «Жайықжылуқуат» мекемесінде және «Құрылысгаз» акционерлік қоғамында участік шебері болып еңбек еткен. 1998-2004 жылдары Орал қалалық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, БҚО ІІБ-сы штабының аға инспекторы, 2004-2007 жылы Орал қалалық №2 сотының судьясы болып қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Жаңақала аудандық сотының төрағасы, 2012 жылдан күні бүгінге дейін Жәнібек аудандық сотының төрағасы болып еңбек етті. 2017 жылдын қазанынан №2 Қазталов аудандық сотының төрағасы. Облыстық сот төрағасы Бек Әметов, аудан әкімі Абат Абайұлы, аудандық ақсақалдар төрағасы Нағым Ризуанов Айбар Бижановты жаңа тағайындауымен құттықтап, абыройлы қызмет, еңбекте табыс тіледі. Айбар Серікұлы өзіне көрсетілген сенімге ризашылық білдіріп, соған лайықты қызмет жасауға бар күш-жігерін жұмсайтыны жайында айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Күні: , 314 рет оқылды

25 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен және Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің арнайы қатысуымен Қазталов ауданы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдалған жиын өтті. Жиында аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Әділ Ғазизов 9 ай ішінде аудан бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептік баяндама жасады. Баяндамаға қысқаша тоқталып өтсек, Қазталов жергілікті полиция қызметінде штаттық құрылым бойынша 18 қызметкер, ал Жалпақтал жергілікті полиция қызметінде штаттық құрылым бойынша 20 қызметкер, яғни жергілікті учаскелік инспекторлар өз қызметін атқаруда. 2017 жылдың 9-ай ішінде аудан көлемінде барлығы 206-қылмыс оқиғасы тіркеліп, соның 167 ашылған, ашылуы 89,3%. (2016ж. 247/204/82,6%). Оның ішінде ұрлық-89, ашылғаны-66, (2016ж. 107/62), мал ұрлығы 30, ашылғаны-19, пәтер ұрлығы-18, ашылғаны-16, ұялы телефон-11, ашылғаны-10. Осы орын алған 206-қылмыс оқиғасының (142 қылмыс, 64 қылмыстық теріс қылық), соның ішінде 61 35/26 /2016ж.-61/ қылмысты учаскелік полиция инспекторлары жеке дара ашқан, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі УПИ-ның қатысуымен 4-/2016ж.-3/ қылмыс жеке дара ашылған. Қазталов ауданында тұрғындар көбінесе мал шаруашалығымен айналысқанына байланысты мал ұрлығы азаймай отыр. Мысалы осы 2017 жылдың 9 айында 30- мал ұрлығы фактісі орын алса (2016 жылы — 42) ұрлық дерегі тіркелген. Осы санаттағы қылмыстарды ашылу пайызы ағымдағы жылдың 9-ай ішінде 73,1% болса (2016 жыл -45,5%) құраған. Аудан бойынша мал ұрлығы көп орын алған Талдыапан ауылдық округі, өткен 9-ай ішінде 9-мал ұрлығы оқиғасы тіркелген, мал ұрлықтарына талдау анықтағандай оның 80-пайызы иелерінің малдарына қарамай иесіз жіберетіндіктерінен жайылымнан жоғалып, олар қылмыскерге оңай олжа болуы себеп болған. Сонымен қатар мал иелері өз күштерімен малды іздеп тым кеш арызданатындары қылмыстың ашылуына өз кезегінде кедергісін тигізеді, себебі мал ізі суып кеткеннен кейін шұғыл жедел іздестіру жұмыстары оң нәтиже бермейді. Сондықтан, мал ұрлығы жөніңде қозғалған қылмыстық істердің тергеуі қаншама сапалы жүргізілсе де оның ашылуының тиімділігі төмен. Баяндамадан кейін жергілікті полиция қызметіне байланысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Осы жиында көтерілген мәселелерді атап өтсек, мал ұрлығы, соның ішінде қылмыс жасаған тұлғалардың жеңіл жазалармен құтылып кетуі де қылмыстың қайта жасалуына әкеліп соғуы, аудан бойынша тұрғындардың мас күйінде көлік басқарып, жол-көлік оқиғаларының жиелеуі, жануарларды аудан аумағынан тыс жерге тасымалдау аудандық жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар берген ветеринариялық паспорты мен ветеринариялық өңдеулер жүргізілгендігі туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі ветеринариялық анықтамасы болмауы немесе берілген уақытынан асып кетуі, «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды емдеу туралы» Заңына сай, мәжбүрлі емдеуге жіберуге денсаулық сақтау органдарының тікелей міндеті болса да, жергілікті жерде денсаулық сақтау ұйымдары маскүнемдерді мәжбүрлі түрде емдеге жіберуге құлшыныс білдірмеуі, аудан орталығы Қазталов ауылына және Жалпақтал ауылына қосымша бақылау бейне камераларын орнату, жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі мектеп полиция инспекторлары штатының жеткіліксіздігі, кейбір ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторларының қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз етілмегендігі туралы болды. Жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар тарапынан болашақта жергілікті полиция қызметінің материалдық техникалық базасын нығайту, сонымен қатар ауданда құқық бұзушылықты тоқтату мақсатында бірқатар жоспарлы жұмыстарды бірлесіп атқару туралы ұсыныстар да білдірілді.

Қайрат ЖАҚЫП


«ЖҮРЕГІМ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ…»

Күні: , 162 рет оқылды

Жақында «Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» Қайыңды орта мектебінің ұжымы қайырымдылық айлығы аясында «Жүрегім мейірімге толы…» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада мектеп өнерпаздары туған жер, ана, әке туралы және халық әндерін орындап, қазақ, өзбек билерін мың бұрала биелп әлеуметтік қызмет алушылардың көңілдерін бір көтеріп тастады. Шара соңында орталықтың директоры Альберт Талпақов және Қайыңды ауылдық округінің әкімі Болат Төлеушев сөз алып, қайырымдылық айлығында өткізген әсерлі шаралары үшін ризашылықтар білдірді. Сондай-ақ Қайыңды мектебінің ұжымы орталыққа әлеуметтік қызмет алушы 2 топ мүгедегі Ақұштап Бақтыгерееваға сый-сияпаттарын табыстады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«Туған жер – тірегім»

Күні: , 118 рет оқылды

21 қазан күні Бостандық ауылдық мәдениет үйіне Болашақ ауылдық округінің көркемөнерпаздары «Туған жер – тірегім» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада «Гүлдерайым» әжелер ансамблі мен ауыл жастары туған жер, ел туралы әндерін айтып, мың бұрала би билеп көрермендерді бір серпілтіп тастады. Шара соңында сөз алған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серікбай Жапақов, «Асыл әжелер» ансамблінің жетекшісі Гүлбану Шынтемірова, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Әлия Жұмашева әсерлі, көңілді кеш өтаізгендеріне ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тілеп, естелік сыйлық табыс етті.

«Ауыл айнсы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.