АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 25.10.2017


30 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Күні: , 66 рет оқылды

25 қазан күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында 15 адам маусымдық жұмысқа тартылып, бұл маусымдық жұмысқа қабылданған адамдар өздерінің қабілеттігіне сай орналастырылды. Жалпы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру бағытында жыл басынан бері 30 мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне ыңғайлы жұмысқа орналастырылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КИРОВ-ШЕЖІН КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Күні: , 120 рет оқылды

24 қазан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Киров-Шежін каналының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл каналдың жалпы ұзындығы — 180 шақырым. Қазіргі күнде құрылыс жұмыстарының III кезеңі жүргізілуде. I кезең 77 шақырым, II кезең 53 шақырымды құраса, III кезең каналдың 48 шақырымын қамтиды. Бұл кезеңде каналдың 48 шақырымының 31 шақырымына «Қазсушар» тазалау жұмыстарын жүргізсе, 17 шақырымы жаңадан салынады. Осы жұмыстарға бөлінген 1 млрд. 100 млн. теңгеге қосымша биыл 500 млн. теңге қаржы бөлінді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


КІШІ ТАЛДЫҚҰДЫҚТАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Күні: , 70 рет оқылды

24 қазан күні елді мекендердегі ашық есік күні аясында аудан әкімі Абат Шыныбеков Ақпәтер ауылдық округіне қарасты Кіші Талдықұдық елді мекенінде болып, тұрғындармен кездесті. Тұрғындармен өткен жиында аудан әкімі ауданда атқарылған жұмыстарды айта келіп, алда тұрған жоспарлармен бөлісті. Жиында ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелермен де бөлісті. Айта кетсек, елді мекен тұрғындары ауылға келетін 50 шақырым жолдың қиындығы, дала өрті кезінде ауданнан көмек беру, өрт кезінде қажет құрал-жабдықтар алу, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құруда нақты ұсыныстар беру, қыс мезгілінде азық-түлік керуенін ұйымдастыру, көбік қазу сынды мәселелерді көтерді. Осы және басқа да айтылған мәселелер мен қойылған сауалдарға аудан әкімі тиісті жауаптар қайтарды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 136 рет оқылды

24 қазан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, ауыл ақсақалдарымен жүздесті. Кездесу барысында ауыл үлкендері көшелерді асфальттау, тұрғын үй салу, «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, бөгеттерді жөндеу, мал жайылымы жерлері сынды мәселелерді көтерді. Кездесуде осы айтылған мәселелерге байланысты аудан әкімі Абат Абайұлы ауданда атқарылып жатырған істер жөнінде айтып, алдағы уақытта жоспарланып отырған жұмыстармен таныстырып өтті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МЕКЕМЕ-ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Күні: , 116 рет оқылды

24 қазан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, мекеме-ұйым басшыларымен жиын өткізді. Жиында мекеме басшылары өз салалары бойынша атқарып жатырған жұмыстарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ жиын барысында Жалпақтал ауылында жүргізіліп жатырған «Ақбұлақ» бағдарламасы, елді мекендердегі медициналық қызметкелердің жетіспеушілігі, ауылдардағы мал ұрлығы туралы айтылды. Жиында осы және басқа да айтылған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ

Күні: , 116 рет оқылды

24 қазан күні аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Артур Айтжанов БАҚ және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында бөлім басшысы: -ауыл шаруашалық өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру туралы, -айтып өтті. -Ауданымыздың 9 ауылдық округінде 5700,0 гектар аумақты алатын жер учаскелері жалға беріледі. Жалға беру мерзімі 10 жыл. Бұл жер учаскелерін жалға алуға заңды және жеке тұлғалар қатыса алатын болады. Осы мәселе бойынша (15 қараша 2017 жыл) конкурс өтеді. Конкурс өткізілетіні туралы «Ауыл айнасы» газетінде (№42 саны 20 қазан 2017 жыл) жарияланды,-деді бөлім басшысы. Қосымша анықтама алуға 8 71144 -31089 телефонына қоңырау шалуға да болады. Баспасөз мәслихатында осы мәселеге байланысты сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ТАРИХ

Күні: , 134 рет оқылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында атап көрсетілгендей қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Осындай өңірлердің бірі болып саналатын Қазталов ауданында да талай тарихтың қилы кезеңдері өткенін біреу білер, біреу білмес. Сонау орта ғасырларға жататын қос өзеннің бойынан табылып жатырған Жалпақтал, Сарыөзен қалалары бұған дәлел болмақ. Соның бір айғағындай тарихи жәдігерлер көптеп табылып жатырған Көктерек ауылдық округін атап айтуға болады. Біз аудан әкімі Абат Шыныбековпен бірге осы ауылдық округке қарасты Саралжын (Киров) ауылына барған іссапарымызда ауыл төңірегінен табылған тарихи жәдігерлердің куәсі болдық. Саралжын ауылындағы М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебінде Елбасымыздың мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасына орай, мектеп ұжымы ауыл тарыихынан сыр шертетін өлкетану музейін ашуды қолға алып жатыр екен. Жарас Ғалымов басқаратын мектеп ұжымы мектеп ішінен бір бұрыш ашып, тарихи жәдігерлерді жинақтауда. Әртүрлі кезеңдерден сыр шертетін жәдігерлер ішінен көзге түскені қанжар, қылыш және садақтың жебесі. Мектеп директорының айтуынша бұл жәдігерлер ауылдан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Бірәлі обасынан табылған екен. Қай ғасырда жасалғаны белгісіз. Зерттеуді қажет етеді. Бірәлі сияқты обалар Саралжын ауылы аумағында көптеп кездеседі дейді. Жарас Ғалымовтың сәзінен байқағанымыздай бұндай жәдігерлер обаның беткі қабатынан ғана табылған. Ал астынғы қабатында қандай құнды заттар жатқанын көру үшін қазба жұмыстарын жүргізу керек сияқты. Бұл болашақтың еншісінде демекпіз. Шалғайда жатқан шағын ғана ауылдың тарихын ашып жатырған мектеп ұжымының еңбегі барша қазақстандықтарға үлгі болары анық. Өйткені осы ұжым сияқты тарихымызды зерделеп, өткенімізге көз жіберсек, әрбір ауылдың тарихын түгендеу арқылы туған Отанымыздың тарихын жасаумен пара-пар деп түсінуіміз керек. Сонда ғана дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз, тарихымыз бен мәдениетімізді сақтай отырып, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ өсіріп қана қоймай, Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азаматтары бар Мәңгілік ел боламыз!

Қайрат ЖАҚЫП


7 ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ СКВАЖИНАНЫҢ РАХАТЫН КӨРУДЕ

Күні: , 198 рет оқылды

Қазiргi таңда елімізде ауыл шаруашылығына тиесiлi жер ресурстарының 70 пайызы мал бағатын жердiң үлесiне тиесілі екен. Яғни, бiр малдың басына шаққанда 20 гектар жер көлемi бар деген сөз. Бұл дегенiмiз — болашақта индустриялды-инновациялық дамыған, алдыңғы қатардағы аграрлық мемлекет болуға бiздiң толық мүмкiндiгiмiзді көрсетеді. Осындайда жайылымдарды суландыру мақсатында жер асты суларын пайдаланудың неғұрлым сенімді және экономикалық жағынан тиімді әдісі – скважиналар (түтік, труба тәрізді құдықтар) салу. Олардың тиімділігі мынада: кіші диаметрлі және шағын мөлшерде болып, тез салынады. Біздің ауданымыз шөлейтті аймаққа жататыны белгілі. Осы жағдайға байланысты атакәсіппен айналысып отырғандар мал үшін судан зәру көретін еді. Енді соның шешімі табылып жатыр деуге болады. Ол жоғарыда айтқан жер асты суларын скважиналар арқылы пайдалану іске асырыла бастады. Соның бір айғағындай биылғы жылы ЖК «Бурсервис» арқылы шаруа қожалықтары 7 скважина құдық қазып алып, адамға да, малға да қажетті тұщы суға қол жеткізіп отыр. Біз барғанда «Миалы» шаруа қожалығының жетекшісі Өтепберген Бегжанов өзінің қыстағында скважина қаздырып жатыр екен. ЖК «Бурсервистің» жетекшісі Олег Иванов былай деп әңгімелейді: -Осыменен 7 шаруа қожалығына құдық қазып беріп отырмыз. Мына қазылып жатырған құдық 35 метр тереңдіктен асты. Тұщы судың көзіне жету де жақындап қалды. Жалпы біздер жер асты тұщы суының көзіне жету үшін 200 метрге дейін қазу жұмысын жүргізуге мүмкіндігіміз бар, -деді. Бұдан кейін Тереңкөл ауылдық округіне қарасты Базарбек Дүрленовтің және Әбуғали Ғұмаровтың скважиналарын да көзімізбен көруге мүмкіндік туды. Базарбек Дүрленов 60 және 28 метрден шыққан тұщы су көзін пайдаланып отырса, ал Әбуғали Ғұмаров 50 метрден шыққан тұщы су көзін тек малға емес, заманауи салынған үйге де жалғап алыпты. Былайша айтқанда бұл шаруа қожалықтары өздерінің «Ақбұлақ» бағдарламасын «іске асырған». Бізді іссапарға алып шыққан аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов, -Ауданымыздың барлық шаруа қожалықтарына үкіметіміз жасап отырған жайылымды суландыру жүйесі бағдарламасын пайдаланып қалуды айтудамыз. Егер шаруа қожалықтары орналасқан жерде тұщы су көздері табылып, осындай скважина орнатып алса өте тиімді болады және осы жұмысты атқаруға кеткен шығынның 80 пайызын өтеуге үкімет субсидия төлейді, -деп әңгіме басын қайырды. Жер астынан арнайы труба арқылы мөлдіреген тұщы суды жылқылар мейірлене ішіп жатқанын және оның үйге кіріп тұрғанын көргенде ауыл шаруашылығы салсында үлкен бетбұрыстың жасалып жатқанына көзіміз жетті.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 76 рет оқылды

23 қазан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Бірік ауылдық округіне қарасты Саралжын, Көктерек ауылдық округінің Саралжын (Киров) ауылдарында аудан әкімдігінің ашық есік күнін өткізіп, тұрғындармен кездесті. Кездесулерде аудан әкімі Қазталов ауданында бүгінгі таңда атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндай келіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар кездесулерде аудан басшысы ауыл тұрғындары көтерген біраз мәселелер төңірегінде де жұмыстанатын жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП


МӘСЛИХАТ ХАТШЫЛАРЫ АТҚЫРЫЛЫП ЖАТЫРҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Күні: , 146 рет оқылды

21 қазан күні аудандық мәслихат хатшылары қатысқан облыстық семинар-кеңестің жұмысы Қазталов ауданы орталығында жалғасты. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазталов ауданындағы атқарушы және өкілді органдармен жүзеге асырылуы жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Семинар-кеңесте Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков ауданымызда атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстар туралы айта келіп, күні кешегі өткен «Жерлестер форумы» «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес екендігіне тоқталса, осы орайда алдағы уақытта ауданымызда атқарылатын жобалар жөнінде де әңгімелеп берді. Семинар-кеңесте Қазталов аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, Зеленов аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, Шыңғырлау аудандық мәслихат хатшысы Галина Волкогон, «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбай Жолдыбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына орай ауданда атқарылған істер туралы және атқарылатын жұмыстар туралы пікірлерін ортаға салды. Семинар-кеңеске қатысушалыр бұдан кейін аудан орталығындағы жаңадан салынған 100 орындық мектеп-интернатының жағдайымен танысып, «Достық» саябағын аралады. Облыстық семинарға қатысушылар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аудандық мәслихат хатшылары және мәслихат депутаттары командалары болып волейболдан жолдастық кездесу өткізді. Кездесу қызықты да, тартысты өтті. Кездесуде үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар арнайы дипломдармен марапатталды

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.