АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 19.10.2017


АУДАНДЫҚ СОТТА БРИФИНГ ӨТТІ

Күні: , 132 рет оқылды

Қазталов аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында сот төрағасы Р.Хайырбеков ағымдағы жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру жолында атқарылған іс-шараларды қорытындылап, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді жария етті. Сот төрағасы қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселелерінің бірі — сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және істерді уақтылы қарау екендігін айтты. Сонымен қатар сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, атап айтқанда ахуалдық орталығының негізгі міндеттерін, функцияларын және қызмет тәртібін айта келе, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ахуалдық орталығы Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен және сот органдарының өзге де ақпараттық жүйелерінен алынған өзекті және шынайы мәліметтердің негізінде сот жүйесі қызметінің жедел көрсеткіштерін шоғырландыру және көрсету мақсатында құрылғанын айтып берді. Сондай-ақ аудандық сот жұмыс жоспарына сай дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндерін атап өтіп, басқа да сұрақтарға сот төрағасының тарапынан толыққанды жауаптар алды.

Әсем БОЛАТ


ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Күні: , 120 рет оқылды

19 қазан күні аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында партия активтерінің қатысуымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу туралы тапсырмасына сәйкес кездесу өтті. Кездесуде сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов: -Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сонымен қатар Елбасы білім беру жүйесінде жаңа алфавитті енгізуде әдістемелік база мен мұғалімдер дайындаудың қажеттігін атап көрсетіп, үкіметке кезеңдеп енгізу жоспарын әзірлеуді тапсырды. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Латын әліпбиін қолдану түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін мұндай шешім қабылдау өте маңызды, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға ықпалы зор, -деді. Кездесуде аудандық кітапхананың басшысы Гүлдана Дәулетова, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев латын әліпбиіне көшу туралы ойларымен бөлісті. Партия активтерімен кездесу барысында партияның ішкі жұмыстарының жұмыс барысын да талқылады. Яғни партия қатарын нығайту, құрамын көбейту, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу туралы айтылды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЕҢБЕК ЕРІНІҢ МҮСІНІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Күні: , 188 рет оқылды

Қайша Миханова (1907, бұрынғы Жалпақтал ауданы — 1980) — аға шопан, Социалистік Еңбек Ері (29.3.1958). 1943 жылдан «Талдыапан» қой кеңшарында шопан, аға шопан болған. Қазақстанның мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері атанған. Жыл сайын малды шығынсыз бағып, төл алуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін оған ең мәртебелі атақ берілген. Миханова есімі бұрынғы шаруашылықтағы бөлімше орталығына, сондай-ақ балаларбақшасына беріліп, туған ауылына ескерткіш-мүсін қойылған болатын. 18 қазан күні Талдыапан ауылдық округінде Қайша Михановаға арнап мүсін орнату салтанаты өтті. Бұл мүсінді Қайшақұдық ауылынан анамыздың ұрпақтарының ұсынысы бойынша округ орталығындағы орталық саябаққа жаңартылып, көшірілді. Мүсіннің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков Қайша анамыздың бүгінгі ұрпаққа үлгі болар ерлігі туралы айта келіп, ауыл тұрғындарын салтанатты шарамен құттықтады. Салтанатты шарада Қайша Миханованы көз көрген қариялар еске алып, мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Қайрат ЖАҚЫП


АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ЖАЛҒАСУДА

Күні: , 124 рет оқылды

18 қазан күні аудан әкімдігінің ашық есік күні аясында Талдыапан ауылдық округіне қарасты Қособа, Қайшақұдық, Сарықұдық, Бейістерек ауылдарына аудан әкімі жұмыс сапарымен барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесулерде аудандағы салалық меккмелердің басшылары да қатысты. Кездесуде алдымен ауылдық округ әкімі Асқар Есқалиев тоғыз айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасаса, аудан әкімі Абат Абайұлы ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтып беріп, тұрғындар көтерген мәселелер мен қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар қайтарды. Сонымен қатар аудан әкімі осы ауылдардағы әлеуметтік нысандарды да аралады.

Қайрат ЖАҚЫП


КҮЗГІ БАЛЫҚ АУЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Күні: , 148 рет оқылды

Балық аулау үшін күзгі айлар ең жақсы деп саналады. Күзгі балық аулау кезінде көбінесе ұсталған балықтың саны жоғары болып келеді. Кобі күздің ашық күндерінде қайықтан балық аулайды. Бірақта, күзгі балық аулау қауіпті бола алатының көбінің есінде жоқ. Сондықтан балық аулаушыларының судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауы есінде болу керек.Балық аулау кезінде қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында, Казталов ауданы əкімдігі жəне аудандық төтенше жағдайлар бөлімі балық аулаушыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерді сақтауға шақырады:
— балық аулауға барарда ауа райы болжамын білу керек; — шығар алдында, қай жерде балық ұстайтыңызды туыстарға айтып қойыңыз; — өзімен бірге су, тамақ қоры, дәрілер, байланыс құралдары болу керек; — аулау жерін жағажайдан тандағанда, батпақ және тағы да басқа тайғақ жерлерден аулақ жүріңіз; — су айдынына шыгар алдында, қайықтың күйін тиянақты тексеріңіз, ағып жатпасын, ескектер жөндеулі болу керек; — міндетті түрде қайықтың ішінде құтқару дөңгелегі, белбеу немесе жилет, шелек немесе басқа да суды сарқып алу үшін ыдыс болу керек; — қайықты артық тиеу керек емес; — жүзе алмайтын адамдарға, қайықтан балық аулауға болмайды; — аулау кезінде асықпаңыз, жалт қимыл жасамаңыз; — егер де үрлемелі қайықтажүзіп кетсеңіз, спиннингті орауыштарды, қармақтарды және басқа құралдарды ұқыпты қолдаңыз. Әрбір балық аулаудың негізгі ережесі – қайғылы жағдайларды болдырмау үшін, су айдынына тек қана компаниямен бару керек.

Жандос ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, Қазталов ауданы əкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы


ПЕШТІ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Күні: , 78 рет оқылды

Өрттің басым бөлігі қыс мезгіліне, яғни жылу беру маусымына келеді екен. Суық түсе салысымен тұрғын үйлерде өрт пен жану жағдайлары күр көбейеді. Бұл немен байланысты? Көптеген тұрғындар пеш жағу режимін сақтамайды, таңертең жаққан пештің жылуы кешке дейін жетсін деп ойлайды. Нәтижесінде қатты қызудан пеш құдықтарының қабырғасы, мұржаға түтін жүретін жолдары жарылады, бұның өзі өрттің себебі болуы мүмкін. Көптеген пештерді білікті мамандар емес, өз бетімен үйренген адамдар қалайды, олар пеш, мұржа құрылысын салған кезде өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамайды сақтамайды. Осының салдарынан пеш пен мұржа жұмысында өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайды да, ал бұл өрттің туындау қаупі мен адамдардың зардап шегу қаупін туындатады. Қазіргі уақытта көп қабатты үйлерде жылыту пештерін орнату мәселесі үлкен бір өзекті мәселеге айналып отыр. Осы үйлерді салған кезде үйдің жобасына сәйкес орталықтан жылыту қарастырылған. Үй қожалары оның болмауына байланысты көп пәтерлерге жылыту пештерін орнатқан. Мұржалар мен түтін шығатын құбырлар өрт қауіпсіздігінің ережелерін және құрылыс нормаларын өрескел бұзушылықпен жасалған, жағылатын газды шығару ас үй бөлмесінің табиғи вентиляциясы және газ колонкасы арқылы шығарылады. Осы вентиляция колонкалары жағылатын газды шығаруға және ұзақ температура режиміне шыдамайды, нәтижесінде вентиляция каналдары жарылады және түтін газы шығып кетеді, ал бұл өрттің шығуына және адамдардың улы газдан уланып қайтыс болуына әкеліп соқтырады.Тұрғын үй секторында өрт шығуы мен адамдардың мерт болу оқиғасына жол бермеу мақсатында құтқарушылар азаматтарды пеш жылыту пештерін салғанда және пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады:
— пеш және басқа да жылыту құралдары қойылған нормаға сәйкес өртке қарсы ыстық құрастырымдардан алшақ тұруы керек, пеш алдына 50х70 см темір кілемше төселуі керек; — пеш пен мұржаны жылу маусымы басталар алдында, және де әр үш айда бір тазалап отыру керек; — шатыр астында түтін құбыры өтетін жерлердің бәрі әктелуі керек. Пешпен жылытуды пайдалануда: — жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және де кәмелет жасқа толмаған балаларға тастап кетуге; — отынды, басқа да жанғыш заттарды пеш үстінде және пеш алдындағы темірде қалдыруға; — пешті тұтандырарда бензин, керосин, дизел отынын және де тез жанғыш заттар мен сұйықтарды қолдануға; — үйдің ауа кіру, газ жүру каналдарын пеш мұржасы ретінде қодануға; — пешті тым қыздырып жіберуге тыйым салынады. Өрт рақымсыз жау. Өз мүлкің, денсаулық пен өміріңнің қауіпсіздігі үшін бұл туралы ұмытпау керек!

Жандос ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, Қазталов ауданы əкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы


АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАДЫ

Күні: , 116 рет оқылды

18 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев Тереңкөл, Бірік ауылдық округтерінде және Қызылту, Мереке, Саралжын елді мекендерінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде 2018 жылдан бастап еңгізілетін төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақының орнына жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек туралы халықты ақпараттандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  -Елімізде келер жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек еңгізілуде. Ондағы мақсат – жұмысқа қабілетті, бірақ жәрдем алатын азаматтардың 70 пайызын жұмыспен қамту арқылы тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеру болатын. Баспасөз беттеріне материалдар жариялау, тұрғындармен кездесулер ұйымдастыру арқылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылмақ, — деді аудан әкімінің орынбасары. Сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев, — Бұл мәселе туралы тұрғындар арасында түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Әлбетте әлеуметтік немесе денсаулық саласындағы жаңа өзгерістерді жаңа көзқараспен қабылдауымыз қажет. Осы орайда алдағы уақытта барлық ауылдық округтер мен елді-мекендерде жұмыстар оңтайлы жүргізіліп, атқарылатын болады. Соның ішінде 18 жасқа толмаған балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар мен арнаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға түсіндіру жұмыстары алдымен жүргізілетін болады, — деп, тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берді. Іссапар барысында орталық аурухананың маманы Аяужан Ғалымжанова міндетті медициналық сақтандыру мәселесі бойынша түсіндіре отырып, биылғы шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аудару қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Марс Малахов округтер мен елді мекендердегі білім ошақтарының мән-жәйімен танысты. Кездесуде аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Ғалиман Айтмұқанов жұмыссыз жастарға жаңа табыс көзін ашу үшін түрлі бағдарламаларға қатысуға болатынын айтты. Іссапар кезінде аудан əкімінің орынбасары əлеуметтік нысандарды аралап, қыс маусымына әзірлік жұмыстарын қадағалады.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАНДЫҚ СОТТА ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Күні: , 112 рет оқылды

18 қазан күні Қазталов аудандық сотында БАҚ және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисі электронды іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.Қазақстан Республикасының сот жүйесіне заманауи электрондық технологияларды енгізу халыққа сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде көтеруге мүмкіндік береді.«Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасы сервисі іске қосылды, яғни тараптар сотқа келмей интернетке қосылған мобильды құрылғы арқылы сот процессіне қатыса алады. Тіркелуүшінқолданушының ЖСН және мобильді телефонның нөмері қажет, алдын ала сот кабинетінқолданутуралыкелісімінеқолқояды. Тіркелу үшін көрсетілген телефон нөміріне хабарлама арқылы құпия сөз келеді. Аталған сервис арқылы Сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және Сот кабинеті веб-сервисі арқылы сот органына жолданған барлық құжаттарды телефон құрылғысына жүктеу, сот органына жолдаған сот құжаттарының мән-жайын бақылау, хабарлама арқылы мәтіндермен алмасу мүмкіншіліктері бар. Кеңсе меңгерушісі Р.С.Қаженов «Сот кабинеті» сервисінде жұмыс істейтін өтініштердің 32 түрінен басқа оның қосымша жаңа 11 түрлі электронды түрдегі азаматтық іс жүргізу бойынша арыздар және басқа да қызметтер іске асырылғандығы жөнінде хабарлап, «Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасыэлектрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдары қызметінің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналғанын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысында, қатысушылар ойларымен бөлісіп, «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіншіліктері жайында толық ақпарат берілді.

Әсем БОЛАТ


КӘСІПКЕРЛЕР БАСҚОСҚАН КЕЗДЕСУ

Күні: , 116 рет оқылды

18 қазан күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында БҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Каиршин Қазталов ауданы кәсіпкерлік палатасы жанындағы кәсіпкерлермен, шаруа қожалығы жетекшілерімен кездесу өтті. Кездесуде Қазталов ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Аманжол Нығметов ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. -Соңғы 9 айда кәсіпкерлікті қолдау орталығымен 540 адамға 702 кеңес көрсетілсе, оның ішінде 4-і бизнесті ашу және жабу қызметі, 94-і «Бизенстің жол картасы — 2020» бағдарламасымен, 437-і «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен және 127-і «Агробизнес — 2020» бағдарламалары бойынша түсіндірілді. Аталмыш айдың қорытындысы бойынша 25 адам оқытылып, сертификаттар алды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында «Игілік» бағдарламасы шеңберінде 11 адамға — 47 млн. 6900 мың теңге, «Іскер» бағдарламасы аясында 2 адамға — 8 млн. теңге, «Береке» бағдарламасы бойынша 21 адамға — 53 млн. 50 мың теңге қаржылай қолдау көрстеілді, -деді. Сондай-ақ кездесуде Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Каиршин кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарға кеңес беру, оқыту жайы жөнінде айтып өтті. Кездесуде кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әсем БОЛАТ

АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 112 рет оқылды

17 қазан күні Қараөзен ауылдық округінің Серік, Жас ауылдарында және Қарасу ауылдық округінің Бостандық, Ащысай, Жұлдыз ауылдарында аудан әкімдігінің ашық есік күні өтті. Бұл шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков пен аудандағы салалық мекемелердің басшылары қатыстып, аталмыш ауылдардың тұрғындарымен кездесті. Кездесулерде округ әкімдері өткен 9 айда атқарылған жұмыстарынан есеп берсе, салалық мекеме басшылары бүгінгі күнде халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен өз қызметтері туралы кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар аудан әкімі ауданымызда жасалып жатырған жұмыстар туралы айта отырып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен сұрақтарға жауап берді. Ашық есік күні өткен ашық-жарқын кездесулерде ауыл тұрғындары жұмысқа орналасу, бөгеттерді тазалау, жол көтеру, ауылдарға ауыз су өткізу, газ тарту сияқты мәселелерді қозғап, басқа да жұмыстар төңірегінде өз ұсыныстарын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.