АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 02.10.2017


ҚАРИЯНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛЫП, АҚ БАТАСЫН АЛДЫ

Күні: , 156 рет оқылды

1 қазан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Халықаралық қариялар күніне орай тыл және еңбек ардагері, «Қазталов ауданының құрметті азаматы» Ихсан Құтхожин ақсақалдың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Аудан әкімі ақсақалдың қал-жағдайын біліп, ашық-жарқын сұхбаттасты. Сонымен қатар аудан әкімі ауданымыздың дамуына өзіндік үлес қосқан, сексеннің жетеуінен асқан қарияға мерекеде арнайы дайындалған сыйлық табыс етті. Келген қонақтарға ризашылығын білдірген қария ақ батасын беріп, дайындалған дастарханнан дәм татуға шақырды.

Қайрат ЖАҚЫП


МАЙДАНГЕРДІҢ ШАҢЫРАҒЫНДА

Күні: , 150 рет оқылды

1 қазан — Қариялар күні. Осыған орай бүгін аудан əкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сəрсенбиевтің шаңырағында болды. Дастархан басында болған кездесуде майдангердің деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілеген аудан басшысы сый-сияпат тарту етті. Өз кезегінде майдангер ақсақал аудан əкімшілігіне алғысын айтып, ақ батасын берді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ТАМАША ӘН КЕШІ

Күні: , 128 рет оқылды

1 қазан «Қайырымдылық айлығы» аясында «Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты шара өтті. Шарада сөз алған «Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының басшысы Альберт Талпақов: -БҰҰ Ассамблеясының 45-ші сессиясының ұсынымы бойынша Халықаралық қарттар күнін дәстүрлі түрде жыл сайын 1 қазанда аталып келеді. Сонымен қатар қазан айының екінші жексенбісі Елбасының жарлығы бойынша мүгедектер күні болып бекітілді. Осы «Қайырымдылық айлығының» басталған күні мекемеде жоспарға сәйкес шара оздырып отырмыз. Бүгінде мекемеде 19 арнаулы әлеуметтік қызмет алушы тұрады. Оларға «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сай қызметтер көрсетіледі. Айлық аясында түрлі мәдени шаралар, әлеуметтік көмек беру, қолдау көрсету көзделіп отыр. Үстіміздегі жылы мекемеде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік, спорттық шараларға демеушілік жасаған ауданымыздың «Әулет», «Бибөк», «Думан», «Дулат», «Барс», «Зере» жеке кәсіпкерліктеріне және Самат Шакуовқа ризашылығымызды білдіреміз,- деді. Шарада аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының тамаша концерттік бағдарламасын ұсынып, әлеуметтік қызмет алушыларды бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар мекемеде «Қайырымыдылық айлығы» аясында «Жүректен жүрекке» жәшігі қойылған. Түскен қаражат әлеуметтік қызмет алушыларға жұмсалатын болады.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЖАҢАРҒАН БАЛАБАҚША

Күні: , 290 рет оқылды

29 қыркүйек күні  аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, жаңа кейіпке енген «Ертегі» бөбекжайының ашылу салтанатына қатысты. «Ертегі» бөбекжайының күрделі жөндеу жұмыстарына 71 млн. 900 мың теңге қарастырылып, бұл күрделі жөндеу жұмыстарын «Жолаушы-Жол» ЖШС-гі жүргізді. Бөбекжай ішін аралаған аудан басшысы Абат Абайұлы тәрбиешілер мен бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, естелік фотоға түсті Жаңарған балабақша жайында газеттің алдағы сандарында оқитын боласыздар.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АЛҚА ТӨРАҒАСЫ Қ.АДРАНОВ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ӨТКІЗДІ

Күні: , 122 рет оқылды

29 қыркүйек күні Қазталов аудандық сотында Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Төлепбергенұлы Адрановтың қатысуымен «Ұлт жоспары шеңберінде жүргізілген реформалардың, сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділігі және сот жүйесінде орындалуы тиіс басымдық міндеттер» аясында ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, кәсіби емес медиаторлар, ҮЕҰ-ның және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында алқа төрағасы Қайрат Адранов қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан реформалар құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз сот билігін құруға бағытталғандығы туралы айтып өтті. Сондай-ақ алқа төрағасы қолжетімділік пен сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, заңның үстемдік құруы, ашықтықты қамтамасыз ету туралы, дауларды сотқа дейін реттеу мен медиация институтын дамытудағы артықшылықтарына тоқталып, туындаған мәселелерді бейбіт жолымен шешу керектігін де атап көрсетті. Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев және Бостандық ауылдық округі бойынша кәсіби емес медиатор Қазбек Ғазизов Қазталов аудандық сотының азаматтық істерді қарауда құқықтық реформадағы жүргізіліп жатырған ізгілендіру, ашықтық бағыттағы оң істерін айтып өтті. Бұдан кейін облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Адранов азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау өткізді.

Әсем БОЛАТ


ЖЫЛЫ ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУ

Күні: , 124 рет оқылды

29 қыркүйек күні ұстаздар мерекесі қарсаңында аудан əкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, Ғ.Молдашев, К.Меңдəлиев атындағы білім ордаларының ардагер ұстаздарымен мерекелік дастархан басында жүздесті. Жылы шырайлы кездесуде аудан басшысы Абат Абайұлы барша ұстаздарды құттықтап, білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Кездесу соңы концерттік шарамен жалғасты.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


ҰСТАЗДАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 171 рет оқылды

Халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық –ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» — деген екен. Иә, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру адамгершілік рухта бағыт—беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтанда олар әрдайым құрметті тұлға ретінде дараланады. 29 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл мерекелік шараға білім беру саласының ардагерлері, озат мұғалімдер және жас мамандар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданның білім саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай келіп, — Елбасының халыққа арнаған Жолдауында және «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұстаздарға үлкен жауапты жұмыстар жүктеліп отыр. Өйткені ертеңгі болашақты жасайтын, жас ұрпақты тәрбиелейтін және біліммен қаруландыратын да мектеп болып табылады. Міне, осындай қиын да, жауапты жұмыста сіздер тер төгіп келесіздер. Алдағы уақытта да еңбектеріңіз еш кетпей, қоғамымыздың саналы да білімді азаматтарын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіңіздер! -деген тілегін жеткізді. Осы салтанатты шарада аудан әкімі білім саласында толағай табыстарға жетіп жүрген бір топ ұстаздар қауымын облыстық білім басқармасының, Қазталов ауданы әкімінің және аудандық білім беру басшысының алғыс хаттарымен марапаттады. Салтанатты шараға жиналғандар аудандық саз мектебінің мерекелік концертін тамашалады.

Жұлдыз АСҚАР


«ЕЛ ОСЫ – КӨМЕКШІ ДЕП АТАЛАТЫН»

Күні: , 164 рет оқылды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Жанажол ауылдық округіне қарасты Көмекші ауылында «Ел осы – Көмекші деп аталатын» атты ауыл тойы өтті. Ауыл тойында сөз алған Жаңажол ауылдық округ əкімі Қайыржан Өмірəлиев барша тұрғындарды ауылдың ауызбіршілігін нығайтатын, маңызы зор шарамен құттықтады. Шара барысында әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Ауылдың ең үлкен тұрғыны Жамал ана кішкентай бүлдіршін Динара Нұрболатқызына ақ батасын беріп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ауылға қайырымдылық көрсеткен тұрғындарға және «Қамқор Ана» деп танылған Нұраш апаға мектеп ұжымы атынан арнайы алғыс хат табысталды. Шарада 50 жастан асқан ауыл тұрғындары арасында «Велосипедпен кедергілерден өту», «Қыз қуу», «Арқан тартыс» ойындары ойнатылды. Ауыл тұрғындары ішінен өздері дайындаған тағамдарын сатып, ұлттық қол өнер көрмесі ұйымдастырылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ САНА» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Күні: , 226 рет оқылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 28 қыркүйек күні Қазталов орта мектебінде «Рухани жаңғыру – ұлттық сана» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелде Қазталов орта мектебінің директоры Әлия Жақсыбаева сөз алып, Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттерге тоқтала келіп, оның тиімді тұстарын атап көрсетті. Осы орайда сөз алған А.Оразбаева, Қазталов орта мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мирболат Мырзағалиев, Жасұлан Шүкіров: -Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы – өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкіндік беретін бірден-бір маңызды құжат. Рухани жаңғыру арқылы біз санамызды жаңғыртамыз. Міне, мақалада көрсетілген латын әліпбиіне бірден көшудің өзінде терең логика жатыр. Мәселен, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандардың қатары көбейіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет. Сондықтан да бұл үрдіс белгілі бір кезең бойынша ақырын жүзеге асуы тиіс, -деді. Сондай-ақ дөңгелек үстелде «Рухани жаңғыру», «Латын жазбасы» туралы бейнекөрініс көрстетіліп, Қазталов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абзал Есенғазиев қазақ әліпбиінің шығу тарихына тоқталып өтті. Дөңгелек үстелге барша қатысушы жастар мен Қазталов орта мектебінің ағылшын және орыс тілі пәні мұғалімдері де «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Әсем БОЛАТ


ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Күні: , 135 рет оқылды

«Нұр Отан» партиясы – еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы. Осы орайда жергілікті жерлерде партия ұйымдарының атқарар жұмыстары баршылық. Олар араласпайтын экономикалық та, әлеуметтік те мәселе жоқ деуге болады. Сондықтан құрамдық тұрғыдан алсақ, партия дегеніміз – ең алдымен, партиялық бастауыш ұйымдардың жиынтығы. Яғни, партия мүшелерінің басын қосатын, тек партиялықтармен ғана емес, түрлі әлеуметтік топтармен күнделікті көзбе-көз жұмыс жүргізетін бастауыш ұйымдар біздің партия қызметін ұйымдастыру жүйесінің негізі болып табылады. Былайша айтқанда өмірлік маңызы зор жүйе деп айтамыз.  Осыған орай 28 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауға қатысушыларды анықтау өтті. Бұл байқауға Талдықұдық, Жаңажол, Қараоба, Бірік, Қошанкөл бастауыш партия ұйымдары қатысты. Анықтауда бастауыш партия ұйымдарының ішкі партиялық жұмысы, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, партиялық жобаларға қатысу тағы басқа да атқарған жұмыстарына бағалар берілді. Нәтижесінде 100 дейінгі мүшесі бар Талдықұдық бастауыш партия ұйымы (төрайымы Жанна Баймағанбетова) және 100-ден жоғары мүшесі бар Жаңажол бастауыш партия ұйымдары (төрайымы Мәрзия Сисенова) аудандық байқау кезеңінде жеңімпаз болып табылды. Бұл бастауыш ұйымдар алдағы өтетін облыстық байқауға қатысатын болады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.