АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 28.09.2017


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХIII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Күні: , 72 рет оқылды

25 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХIII конференциясы өтті. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Абат Шыныбеков сайланды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Конференцияда сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен оның міндеттеріне тоқталды. -«Нұр Отан» партиясының қойып отырған мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда бастауыш ұйымдарының белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орта¬лығы болуы тиістігін айта келіп, партия мүшелерінің заман талабына сай жаңашыл, барынша қабілетті, көпшілік қолдайтындай, ел сені¬міне лайықты болу керектігіне тоқталды. Сондай-ақ мүшелік жарналардың уақтылы жиналуына бастауыш партия ұйымдары жетекшілерінің жауапкершіліктерінің жоғары болу қажеттігін баса көрсетті.

Әсем БОЛАТ


БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН КӨШЕ ТОЙЫ

Күні: , 135 рет оқылды

23 қыркүйек күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын негізге ала отырып Қазталов ауылдық округінің С.Даниялов, Ғ.Қараш, Д.Нұрпейісова, Ә.Жангелдин, У.Жұмасейітов, А.Құнанбаев көшелерінің «Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік шарасы өтті. Шарада сөз алған Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймағамбет Хамитұлы: -Барша ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке шақыратын, үлкен мен жас арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсетін әсерлі шарамен құттықтаймын. Осы шараның өтуіне атсалысып, демеушілік білдірген атаулы көшенің тұрғындары Мейірбек Рамазановқа, Айдар Шакуовқа, Эдик Нұғмановқа және барлық тұрғындарға ризашылығымды білдіремін,-деді. Шара барысында әсем ән де айтылып, мың бұрала би де биленіп, қазақтың қара домбырасымен күй де, сырнайымен орыс, беларус әндері тартылды. Ауыл тұрғындарының үлкендері тамаша ән мен күй тыңдап отырса, балғын балаларға арнап «асық ату» ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар көше тойында С.Даниялов көшесінің тұрғыны «Батыр ана» Аққаным Мамбетоваға «Алтын алқа», А.Құнанбаев көшесінің тұрғыны Кәрім Оразовқа «Ең үлкен тұрғын», У.Жұмасейітов көшесінің тұрғыны Тұрсынхан Нұрымоваға «Уахап Жұмасейітов келіні», Д.Нұрпейісова көшесінің тұрғыны Талап Уәлиұлына «Еңбек ардагері», Ғ.Қараш көшесінің тұрғыны Жәннат Нұғмановқа «Үлгілі отбасы», Ә.Жангелдин көшесінің кішкентай тұрғыны Жансая Жандербекқызына «Ең жас көше тұрғыны» номинациялары беріліп, У.Жұмасейітов көшесінен Еркін Мұқатов, С.Даниялов көшесінен Сатыбалды Ерахов, А.Құнанбаев көшесінен Абай Шакиров, Ғ.Қараш көшесінен Əділбек Лұқпанов, Д.Нұрпейісова көшесінен Тауфих Мұқанов, Ə.Жангелдин көшесінен Сағындық Жұматов «Үлгілі үй» номинациясын алып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар тұрғындар С.Даниялов, Ғ.Қараш, Д.Нұрпейісова, Ә.Жангелдин, У.Жұмасейітов, А.Құнанбаев көшелерінің атаулары жазылған тақтайшаларын, үйлерінің реттік сандарын да жаңғыртқан.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«АУЫЛЫМ — АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ КӨШЕ ТОЙЫ

Күні: , 80 рет оқылды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында бастау алған көше тойы мерекесі бүгінде аудан ортлағында өз жалғасын тапты. 22 қыркүйек күні «Достық» саябағында «Ауылым — алтын бесігім» атты Ш.Шарафутдинов, М.Әуезов, С.Құрманғазы, Қ.Сәтпаев, М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы көшелерінің көше тойы мерекесі өтті. Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова барша ауыл тұрғындарын көше тойы мерекесімен құттықтап, ұйымшылдық танытқан тұрғындар мен мекеме ұжымдарына ризашылығын білдірді. Бұл шарада әсем ән де шырқалды, мың бұрала би де биленді, күмбірлете домбыра да тартылды. Аталмыш көшелердің ең кіші тұрғынынан бастап еңкейген кәрісіне дейін барлығы дерлік шараға атсалысып, өз үлестерін қосқанын ерекше атап өткен жөн. Көше тойы мерекесінде жасы ең үлкен және жасы ең кіші тұрғындар және Шарафутдинов көшесінен Ерсайын Тасболатов, Мұхтар Әуезов көшесінен Досболат Василин, Махамбет Өтемісов көшесінен Ғалымжан Нығметов, Исатай Тайманов көшесінен Жаңылғаным Рушанова, Қаныш Сәтпаев көшесінен Сансызбай Уаресов және Құрманғазы көшесінен Мерлан Турумов «Үлгілі үй» номинациялары бойынша марапатталды. Сондай-ақ соғыс ардагері Мұстахим Ғалиевке арнап Шарафутдинов көшесіндегі өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Сонымен қатар әр көшенің тұрғындары мен мекеме ұжымдары шараға жиналған көпшілік қауымға арнайы даярлаған дәмдерін ұсынып, шашу шашты. Шара соңында Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймағанбет Сағадденов шараға атсалысқан көше тұрғындары мен мекеме ұжымдарына және демеушілік білдірген кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Осылайша бірліктері жарасқан көше тұрғындары керемет көңіл-күймен тарқасып жатты.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.