АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 20.09.2017


«БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ — АНА ТІЛІМІЗДЕ» АТТЫ САЙЫС

Күні: , 78 рет оқылды

Ана тілі — халықтың өткен ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тілі — әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі. Осыған орай 20 қыркүйек күні аудандық кітапханада «Біздің болашағымыз — ана тілімізде» атты оқушылар арасында сайыс оздырылды. Сайысқа қатысушылар «Тапқырлар» және «Алғырлар» болып екі топқа бөлініп, 3 кезең бойынша бақтарын сынады. «Кім тапқыр» кезеңінде түрлі сұрақтар қойылып, «Мақал — сөздің көркі» кезеңінде мақал-мәтелдің жалғасын тапса, ал «Сөз мәнері» кезеңінде оқуышлар өздерінің білетін өлеңдерін жатқа айтты. Қызықты өткен сайысқа оқушылар бар ынталарымен қатысып, әр кезеңдерден сүрінбей өтті. Сайыс нәтижесі бойынша «Тапқырлар» тобы 1 орынды, «Алғырлар» тобы 2 орынды иеленіп, дипломдармен марапатталды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЖӘРДЕМ АҒА «АНЫҚТАМАЛЫҚ БЮРО» ҚЫЗМЕТІН АТҚАРЫП ЖҮР

Күні: , 116 рет оқылды

Үлкендерден еститін едік, сонау Кеңес заманы кезінде қалаларда «Анықтамалық бюро» болады деп. Оның қызметі қалаарлық тағы басқа телефон нөмілерін, үй мекен-жайларын анықтап беретін көрінеді. Енді қазіргі күнде интернеттің іске қосылуына байланысты бұл қызмет тоқтап қалған сияқты. Тіпті үй телефондарын пайдалану да азайып бара жатыр. Бірақ арамызда анықтамалық қызметті атқарып жүрген адамдар да бар екен. Аудандық кітапханада күзетші болып істейтін Жәрдем Ақаев деген ағамызды «Анықтамалық бюро» деуге болады. Оның телефон нөмірлері жазылған 21 блокноты бар екен. Бұл телефон нөмірлерін 2010 жылдан бері жазуда көрінеді. Бұл блокнотта не жоқ дейсіз? Ауданның телефоны емес, қалалардағы телефон нөмірлері де бар. Ал өзінің қолға ұстап жүрген ұялы телефонындағы «А» әрпінен басталатын есімдердің өзі 72 екен. Сол ұялы телефонында 500-ден астам адамдардың нөмірлері бар. Шындығы керек, кейбір жандар біреудің телефон нөмірлерін білгісі келсе, Жәдем ағадан сұрап алып жатады. Жәрдем аға да бұған шаршамайды, ұялы телефонын қарайды, онда болмаса блокнотқа жүгінеді. Міне, Қазталовта Жәрдем аға «Анықтамалық бюро» қызметін атқарып жүр.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.