АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.09.2017


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА АКЦИЯ ӨТТІ

Күні: , 122 рет оқылды

18 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды алу мәселелері туралы азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акция өтті. Акцияның мақсаты — «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен даму институттарының азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне диалог алаңын ұсыну. Акция барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Елбасымыздың халыққа арнаған «Нұрлы жол» жолдауының негізгі ережелері және Ұлт жоспары — бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілетіндігі туралы айтылды. Сонымен қатар 2015-2016 жылдары Бағдарламаның тетіктері мен шарттарын жетілдіру бойынша өзгерістер енгізілген. Онда несиелерді кепілдендірудің жаңа жүйесі; екінші деңгейлі банктердің беретін несиелерінің пайыздық мөлшемелерін төмендету; ауылдық жерде, шағын қалаларда кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту; бизнес-план жоспарларын жасау және өзінің кәсібін ашу үшін тиісті оқытулар жүргізу; экспресс-кепілдемелерді ұсына отырып, жаңа бастап жүрген кәсіпкерлерді қолдау және кепілді қаржыландыру; кәсіпкерлер осы бағдарлама бойынша әлеуметті қатысушы бола алатын басымды салалар тізімін кеңейту жөнінде де тоқталды. Сондай-ақ «Бизнес бастау» жобасы арқылы ауданымзда 137 адам 4 кезеңде оқып, тәмамдаса, 5 кезеңде 34 адам оқуда. Бағдарламаны оқыған 10 адам қазіргі күнде мал шаруашылығына байланысты несиелерін алып, кәсіптерімен айналысуда. Шараға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар қайтарылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 150 рет оқылды

18 қыркүйек күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен аудандағы санитарлық-тазалық айлығының өту барысы және тұмауға қарсы екпе мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға мекеме, кәсіпорын басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиында аудандағы санитарлық-тазалық айлығының өту барысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов, Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев, тұрғындар арасындағы тұмауға қарсы екпе жұмыстары туралы аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров хабарлама жасады. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі, -алдағы қазан айында қайырымдылық айлығы басталады. Осыған орай өткізілетін шараларды алдын-ала жоспарлауымыз қажет. Сонымен қатар баспасөзге жазылу науқанын да ұйымшылдықпен өткізуіміз керек, -деді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ЖӘРМЕҢКЕ ЖАЛҒАСУДА

Күні: , 138 рет оқылды

Көше мейрамымен бірге жәрмеңкеде жалғасуда. Аудан әкімі Абат Шыныбеков пен мекеме басшылары жәрмеңкені аралап, «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының қолөнер көрмесін тамашалады. Жәрмеңкеде әдеттегідей жеміс-жидек пен сүт өнімдерінен сауда-саттық қызу жүруде.

Жұлдыз АСҚАР


КӨШЕ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 248 рет оқылды

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасына орай әрбір ауылдық округте көше тойы өтуде. Бұндағы мақсат не? Әрине, көшелер арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, сол көшенің тұрғындарын ауызбіршілікке шақыру, көше тазалығын қадағалау, тұрғындар арасынан үлгілі отбасы мен үлгілі үйді анықтау еді.  Осындай үрдіспен жалғасқан көше мерекесі бүгін Қазталов ауылында да жалғасын тапты. Аудан орталығы болғасын жерде, бір күнге төрт көшені біріктіріп, ұйымдастыруды арнайы сол көше бойында орналасқан мекемелерге жүктеген екен. Осы орайда күздің шуақты күнімен жарасқан С.Сейфуллин, М.Ихсанов, А.Оразбаева, Қ.Жангереев көшелерінің тұрғындары халыққа әдемі кеш пен көңілді мейрам сыйлады. Көше мерекесінде Қазталов ауылдық округінің әкімінің орынбасары Баймағанбет Хамитұлы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Осы көшелердің тұрғындары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге тарту етті. Соның ішінде қай шараның басы-қасынан табылатын «Нұрбалапан» балабақша-бөбекжайының ұжымы белсенділік танытып, өз өнімдерін ұсынып жатты… Көше мейрамында С.Сейфуллин, М.Ихсанов, А.Оразбаева, Қ.Жангереев көшелерінің ең үлкен, ең кіші тұрғындары мен үлгілі үйлер марапатталды. Әр көшенің «Ең үлкен тұрғындары» Серікқали Валиев, Зияда Есқақова, Ораш Малаев, Әмина Қумаева ата-әжелерімізбен, 2017 жылы дүниеге келген көшенің «Ең кіші тұрғындары » Жанерке Ерболатова, Ақжан Темірболатовтардың ата-аналары естелік сыйлықтармен марапатталса, Салаватовтар, Қабировтар, Елдузеровтар, Рамазановтар отбасы көшелерінің «Үлгілі үйлері» атанды. Ендеше, көше тұрғындарын құттықтаймыз! Татулығы мен бірлігі жарасқан ең үздік көшелердің бірі болыңыздар дегіміз келеді.

Жұлдыз АСҚАР


КҮЗГІ СПАРТАКИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 189 рет оқылды

16 қыркүйек күні «Достық» саябағында күзгі спартакиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Спартакиаданың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, ауыл жастарының белсендігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау және аудан бойынша спорт түрлерін дамытудағы ең мықты мекеме, ұйымдарды анықтау. Жарысқа аудан орталығындағы мекеме, кәсіпорындар қызметкерлерінен құралған 12 команда қатысуда. Олар баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, гір тасын көтеру, дойбы, қол күресі сынды спорт түрлерінен сайысқа түседі. Спартакиаданың ашылуына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков жарысқа қатысушыларды құттықтап, -Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев спортты дамытуға айрықша мән беріп, жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Қазақстан халқының отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту жөнінде міндеттеген болатын. Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Сол себептен спортқа үлкен мән беруіміз керек. Осы жарысқа қатысушы баршаңызға сәттілік тілеймін! -деген лебізін жеткізді. Сонымен қатар жарысқа қатысушыларды аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Ал аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары спортшыларға арнап әсем әннен шашу шашты. Ашылу салтанатынан соң жеребе тасталып, баскетбол ойынынан ерлер арасында жарыс басталып кетті.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ЖАЛПАҚТАЛДА КӨШЕ ТОЙЫ ЖАЛҒАСУДА

Күні: , 136 рет оқылды

Жалпақтал ауылында «Туған жерге тағзым» атты бағдарлама аясында көше мерекесін тойлау жалғасуда. Осы мақсатта 15 қыркүйек күні көше тойын К.Меңдəлиев, І.Масалиев атындағы көше тұрғындары бастады. Көше тұрғындары К.Меңдəлиев пен І.Масалиев атындағы көшенің қиылысынан қазақи дəстүрмен бауырсақ пен айран-көжемен, əсем əнмен əділ қазы мүшелерін қарсылап алды. Сол жерде көше мерекесіне орай сауда-саттық жəрмеңкесін ұйымдастырылды. Жəрмеңкеде құрт, май, айран, көжемен қатар жеміс-жидектерде табылып жатты. Мұнан кейін үлгілі отбасы Мерғарап Əкімалиевтің, үлгілі аула Берік Ақбаевтың, көшенің ақсақалы Ғайнолла Əбуовтың, көшенің көп балалы отбасы Азамат Мыңбаевтың шаңырақтарында болып, өтіп жатқан көше тойының мақсаттарын айтып, шаңырақ иелерімен əңгімелесті. Осындай көше мерекесінің жыл сайын және игі шаралардың ауылымызда көптеп ұйымдастырылса деген тілектерін білдірген көше тұрғындары өздерінің ұсыныс пікірлерін айтты. Қос көшенің тойы орталық саябақта концерттік шарамен жалғасты. Концерт шағын ғана көрініспен басталды. Сахнада «той басталды, той басталды» деген бала қос көшеде шілдехана тойының басталғанын айтып, көрерменге жар салды. Бесік тойы, ат қою рәсімі өткізілді. Концерттік бағдарламада қыздар арасында қазақтың қара домбырасымен айтыс ұйымдастырылды. Спорттық шаралар көрсетіліп, лоторея билеттері орнатылды. Сонымен қатар көше тұрғындары өз өнерлерін ортаға салды. Олар домбыра мен терме айтып, əсем əндерімен, мың бұралған билерімен, əзіл қалжыңдарымен көрерменнің қошаметіне бөленді.

ТұрарбекАҚМУРЗИН


ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

Күні: , 161 рет оқылды

15 қыркүйек күні аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, мекеме-кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде мал ұрлығына қарсы «Жол картасы» бағдарламасының орындалуы: жануарларды сатып алу кезінде, сатып алушы жануарды сатушыдан заңды иелігін растайтын тиісті құжаттарды талап ету құқығын жүзеге асыру, жануарларды белгіленген сауда орындарында сатып алу нормаларының сақталмауы және сауда орындарынан тыс жерде сату кезіндегі жауапкершілік туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ветеринария бөлімі басшысы Аманжол Қажғалиев, меншік құқықтарын қорғау және бөтеннің мүлкін ұрлаумен күрес бойынша: бөтеннің мүлкін ұрлауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар туралы жергілікті полиция басшысы Әділбек Ғазизов хабарлама жасады. Комиссия отырысында аудан әкімі Абат Шыныбеков жануарларды сатар кезде сатушының малдың заңды иесі екендігін растайтын құжаттардың ендігі жерде ауылдық округ әкімдерінен емес ветеринария бөлімінен алу керектігін және бағымсыз жүрген жануарларды шаруа қожалықтарымен келісе отырып, иелері табылғанша қамау орындарын даярлау, сырға салу, аудан бойынша ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері арқылы мал бағымын ұйымдастыру жөнінде баса айтты. Сонымен қатар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыз адамдарды бақташылыққа тарту, мал ұрлығының алдын алу мақсатында шаруа қожалықтарына жаңа технологияларды қолдану қажеттігіне де тоқталды. Комиссия отырысында түрлі сауалдар қойлып, жауаптар қайтарылды. Аудан басшысы шешімін табу керек мәселелерді тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


АҚПӘТЕРДЕ САҚТАУЛЫ ТҰРҒАН ЗӘКІР

Күні: , 166 рет оқылды

Жақында іссапармен Ақпәтер ауылында болып, сол кезде Ақпәтер өлкетану мұражайында, 19 ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейін сақтаулы тұрған зәкірді көрдім. 1870 жылдары қазақ-орыс байлары бірігіп, көктем-күз мезгілдерін лайсаң уақыттарда Алғайдан керек заттарын тасу үшін буменен жүретін шағын кеме жасайды. Ол кемемен заттарды тасып, жазғытұры сол кездегі Красный партизанға әкеліп, күзге таман Русский таловкаға түсірген. Мұның себебі Үлкен өзен Ақпәтерден Жалпақталға қарай тайыз болған. Сол Ақпәтер тұсынан қойма жасап, кеменің тоқтайтын орын болыпты. Содан қалған бұл зәкір күні бүгін Ақпәтер өлкетану мұражайында сақтаулы тұр.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.