АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.09.2017


«ДАЛА ДАРЫНДАРЫ – 2017» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Күні: , 146 рет оқылды

15 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде жас өнерпаздардың талантын ұштап, шығармашылығын дамыту мақсатында аудандық «Дала дарындары – 2017» жастар шығармашылығы фестивалі өтті. Фестивальде қатысушылар эстрадалық вокал, бейнелеу өнері, халық музыкасы, хореография, әдеби шығарма жанрлары бойынша бақтарын сынады. Іріктеу турынан өткен өнерпаздар гала концертте өз өнерлерін көрсетіп, сынға түсті. Әділқазылардың шешімімена әдеби шығарма жанры бойынша Айзат Алдабергенова «Мен – Тәуелсіз елдің ұланымын» атты шығамасымен 1 орынды жеңіп алса, Арай Зайдекенова «Жырым сенсің, Жаңажол» туындысымен 2 орынға ие болды. Бейнелеу өнері жанры бойынша Сайранбек Қажиақпаров 1 орынды, Айдос Айтболатов 2 орынды иеленді. Хореграфия номинациясы бойынша Әдемі Асқарқызы – 1 орын, Арухан Жасбуын – 2 орын, халық музыкасы номинациясы бойынша Гүлзия Жанғалиева – 2 орынды иеленсе, вокал жанры бойынша Әйгерім Масалимова ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бірінші орыннан көрінген өнерпаздар облыстық байқауда бақтарын сынайтын болады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


«МЕН ҚАРАОБАЛЫҚПЫН» АТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР ФОРУМЫ

Күні: , 150 рет оқылды

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасына орай әрбір ауылдық округте көптеген жұмыстар қолға алынуда. Соның ішінде Қараоба ауылдық округінде бүгінгі күнге дейін атқарылып жатырған жұмыстар баршылық. Әрине, бұл жұмыстардың барлығы да үкіметтің арнайы қаржысымен емес, қарапайым ауыл тұрғындарының қаржысымен атқарылып жатырған істер. Міне, осындай ауыл азаматтарын насихаттай отырып, оларды құрметтеу, елге, туған жеріне тигізген үлесін үлгі ету мақсатында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Жерлестер форумы» қолға алынған болатын.  Осы орайда бүгін, яғни 15 қыркүйек күні Қараоба ауылдық округінде «Мен Қараобалықпын» атты жерлестер форумы өтті. Форумға жиналған сол жердің перзенттері ең бірінші Алланың үйі мешітке бас сұғып, ата-баба рухына құран бағыштады. Сондай-ақ Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясындағы мұражайды аралап, өскен өлкенің тарихымен және еңбек адамдарының өмірдерегімен, сол жерде сақталған құнды жәдігерлермен танысты. Осындай сәттерден соң, туған жерге еңбек еткен ел ағалары дөңгелек үстел басында кездесті. Кездесу барысында Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин, — Қараоба ауылдық округі қай жағынан болса да белсенді округтердің бірі. Сіздердің әр бастамаларыңыз ертеңгі өсіп келе жатырған өскелең ұрпаққа үлгі деп білеміз. Қазақи қаймағы бұзылмаған Қараоба ауылының абзал азаматтары, соның ішінде шаруа қожалық жетекшілері, жеке кәсіпкерлер бүгінгі таңда жасалған істер сіздердің бір кісідей атсалысқандарыңыздың арқасы. Әрқашан ауызбіршіліктеріңіз ортаймасын, -деді. Сонымен қатар Қараоба ауылдық округінің әкімі Нұрлығали Дүйсеков «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы уақытта жүзеге асатын игі істерді де слайд арқылы көрсетті. Кездесуге жиналған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Қизағалиев, ардагер ұстаз Е.Сарбупин, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Р.Қайсағалиева, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының директоры Руслан Жұмағұлов, ауылдық кітапхананың кітапханашы Лаура Бердіғалиева, Қараоба ауылдық округі бойынша жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы Жәдігер Мұқашев тағы да басқа ауыл азаматтары өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Дөңгелек үстел барысында балалар ойын алаңдарын салу, «Денсаулық» клубын іске қосу, ауылға кіре-беріс жерді жарықтандыру сияқты елдегі жанашыр ағаларға қозғау салатындай түрлі мәселелер айтылды. Солардың ішінде ауылдың ішкі сәні ретінде қараобалықтар «Мен Қараобалықпын» атты жарықтық диодты бүгіннен бастап қолға алып, жоспарды жүзеге асыруды бастап та кетті. Осы игі іске алғашқы болып сол жердің перзенті, кәсіпкер Мұса ағамыз 100 теңге қаражатын берді. Міне, тамаша! -Біздің мақсатымыз өзіміздің туған ауылға өзіндік қолтаңбамызды қалдырып, осындай игі істі жасауды қолға алу болатын. Бұл біздің туған елімізге деген құрметіміз, сыйымыз деп білемін. Әрбір перзенттің туған жері көркейіп, жылдан-жылға жандана берсе, содан асқан бақыт жоқ шығар, сірә! Мен ауылымның әр бастамасын әрқашан қолдаймын, -дейді кәсіпкер Мұса ағамыз. Ауылдарының ырысы шайқалмай, тұтастығы сақталуында жүрегі «Ауылым, туған өлкем», — деп соғатын, өзінің перзенттік махаббатын еліне арнаған, туған жерінің өсіп-өркендеуіне, көркейтуіне атсалысып жүрген осындай ел ағаларының үлесі орасан зор деп білеміз. «Мен Қараобалықпын» атты жерлестер форумында естелік сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

Күні: , 120 рет оқылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауында халықтың денсаулығының кепілі бұқаралық спортты дамытуға баса мән берілді. Елбасы бұқаралық спортқа халықтың кемінде 30 пайызы тартылуы тиіс деп тікелей міндет қойды. Алайда осы міндет ауданымызда қалай орындалуда? Аудандағы спорт саласының көрсеткіші қандай? Міне, 15 қыркүйек күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалығымен осы және басқа да мәселелерді қамтыған аудандық дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің кеңесі өтті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, аудандық спорт мектептерінің жаттықтырушылары, спортшылар, мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Жиында аудандағы спорт саласы бойынша атқарылған істер мен алдағы жоспарлар туралы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов, балалар мен жасөпірімдер арасындағы спорттың дамуы туралы Қазталов аудандық орталық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Қазталов аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары Руслан Шәріпқалиев пен Айбар Мұғалбаев, аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндері бойынша әдіскері Нұрлан Нұрғалиев хабарлама жасады. Аудан бойынша биыл бұқаралық спортты дамытуға 4 миллион теңге қаржы қарастырылса, балалар спортын дамытуға 80 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген екен. Қазталов ауылындағы спорт мектебінде 11 спорт түрінен 17 топ жұмыс жасаса, Жалпақтал ауылындағы спорт мектебінде 10 спорт түрінен 42 топта балалар спортпен шұғылдануда. Жекелеген спорт түрлерінен, атап айтсақ күрес, бокс, дзюдо, футбол сынды спорт түрлерінен спортшылар жақсы көрсеткіштер көрсетіп, республика, облыс, аудан көлемінде белгілі бір нәтижелерге де ие болуда. Дегенмен кеңесте жиынға қатысушылар осы саладағы бүгінде өзекті болып тұрған мәселелердің де жәйін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, олар ауылдық жерлерде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арнайы ғимараттардың болмауы, спорттық құралдардың сапасыздығы, іссапар шығындары сынды мәселелерді сөз етті. Иә, спорт саласында көптеген кемшіліктердің бар екені жасырын емес. Аудан әкімі Абат Абайұлы өз сөзінде осы кеңесті ұйымдастырудағы басты мақсатқа тоқталып, кемшіліктерді де атап көрсетті. -Біздің аудан облыстағы 12 ауданның арасында спорт саласы бойынша 8 орында тұр. Бұл – тамыз айында өткен «Ақбидай» ауыл спорты ойындарында көрсеткен нәтижеміз, төмен көрсеткіш. Ұлттық спорт ойындары мүлдем кемшін қалған. Жылқы бар, атбегілер бар, ал ұйымдастырушылар – жоқ. Осыншама аудан халқының арасынан бір көкпар ойнаушы, бір теңге ілуші, не бір жамбы атушы шықпауы мүмкін емес. Сол себептен ұлттық спорт ойындарына баса назар аударуымыз қажет. Сонымен қатар қысқы спорт түрлерін де дамытуды қолға алу керек. Тек бір шаңғымен тоқтап қалуға болмайды. Мектептерде спорт үйірмелерін ашып, олардың арасында түрлі спартакиадалар ұйымдастырылу қажет. Сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасы аясында мектептерді қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында жұмыстануымыз да қажет. Осы жиында көптеген көкейкесті мәселелер қозғалды. Енді бір нәтиже шығатынына сенімдіміз, -деді кеңесті қорытындылаған аудан әкімі.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Мемлекеттік инспектор жұмыс сапарымен Қазталов ауданында

Күні: , 72 рет оқылды

14 қыркүйек күні Президент әкімшілігі аппаратының мемлекеттік инспекторы Есет Байкен жұмыс сапарымен ауданымызда болды. Сапар барысында Есет Берікұлы Тереңкөл ауылдық окургіне қарасты «Жалдықара» шаруа қожалығында болып, шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Жанболат Ақсалов жетекшілік ететін қожалықта бүгінде 280 бастай ірі қара, 1900-ден аса қой-ешкі, 400-ден астам жылқы бар. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалардан да тыс қалмауда. Атап айтсақ 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 161 ірі қара, 2016 жылы 50 бас қазақтың ақбас сиырын сатып алды. Сонымен қатар агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында «Шығанақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, мал соятын орын салуды қолға алды. Ферма сондай-ақ қымыз өндірумен де, құс шаруашылығымен де шұғылданады. Бүгінде 44-ке тарта құс түрлері, соның ішінде түйеқұс, бөдене, фазан, цесарка сынды құстар өсірілуде. Ферма жұмысымен танысқан Есет Берікұлы мемлекетімізде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында қабылданған бағдарламалардың тиімділігіне тоқталып өтіп, олардың істеріне табыс тіледі. Осы жұмыс сапары кезінде мемлекеттік инспектор Есет Берікұлы Қазталов аудандық орталық ауруханасының жұмысымен де танысты. 1999 жылы жаңадан салынып, ашылғаннан бері орталық аурухана аудан тұрғындарына  медициналық көмек көрсетіп келеді. Соның ішінде кардиология бөлімі, ультрадыбыстық зерттеу, рентген бөлмелері жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталып, жұмыс жасауда. Есет Берікұлы аурухана қызметкерлерімен жолығып, науқастарды электронды кезекке қою, міндетті әлеуметік медициналық сақтандыру бойынша жасалып жатырған жұмыстармен де танысты. Осы сапар барысында мемлекеттік инспектор Есет Байкен аудан орталығында салынып жатырған 22 бірпәтерлік тұрғын үй құрылысымен де танысты. Облыстық бюджеттен бөлінген 176,019 млн. теңгені «Жолаушы жол» ЖШС ұтып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуде.  Пәтердің жалпы көлемі – 1,96 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстары осы жылдық желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Осы және басқа да нысандарды аралап көрген мемлекеттік инспектор Есет Берікұлы аудан аймағындағы атқарылған жəне қолға алынып жатқан іргелі істер туралы оң пікір білдірді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ XХII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Күні: , 116 рет оқылды

14 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХII конференциясы өтті. Конференцияға мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен партия мүшелері қатысты. Конференцияда сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков, — Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын партия. Осы мақсатта Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылатын әрбір іске нұртоандықтар да өз үлестерін қосу қажет, -деді. Конференцияда аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының міндеттері туралы хабарлама жасады. Бұл мәселе бойынша Қошанкөл бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық партия филиалы саяси кеңесінің мүшесі Мирбол Адаялиев, Қайыңды ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Төлеушов және аудандық жастармен жқмыс жөніндегі ресурстық орталығының Жалпақтал ауылдық округіндегі кеңесші маманы Дәурен Батырғалиев жарыссөзге қатысты. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы өзінің Жарғы талаптарына сәйкес Қазталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерін ұсынды. Сондай-ақ конференцияда облыстық партия конференциясына делегаттар сайланды. Конференцияда қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Әсем БОЛАТ


ХАСАНОВТАР ОТБАСЫ ОБЛЫСТАН 1 ОРЫН

Күні: , 144 рет оқылды

Облыстық қазақ драма театрында «Өнер шамшырағы» отбасылық ансамбльдер байқауы мәреге жетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы мәртебесін арттырып, оларға қолдау көрсету, халқымыздың дәстүрлі өнерін дамыту мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған өнер сайысына 10 отбасылық ансамбль қатысып, бақ сынады. Міне, осы дәстүрлі «Өнер шамшырағы» отбасылық байқауына біздің ауданымыздан Марат Хасанов ағамыздың отбасы да қатысып, 1 орынға ие болып қайтты. Көпшілік көрермендердің ыстық ықыласы мен жоғары бағасына ие болған ақпәтерлік Хасановтар отбасы нағыз өнердің жанашыры деуге болады. 2002 жылы құрылған Хасановтар отбасылық ансамблі аудандық мәдени шараларға қатысып, өнер жолын бағындыруда аянбай еңбек етіп келеді. Осылайша, аудан жұртшылығына танымал өнерлі де үлгілі отбасы аудан абыройын тағы бір асқақтата түсті.

Жұлдыз АСҚАР


ОТБАСЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Күні: , 134 рет оқылды

Жалпақтал ауылдық округінің мәдениет үйінің алаңында «Отбасы күні» тойланды. Мерекелік шараға ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова Жалпақтал жұртшылығын Отбасы күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Мұнан кейін алаңда отбасылардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Сонымен қатар шарада К.Меңдәлиев атындағы орта мектебінің ұйымдастырумен отбасылар арасында «Толағай» сайысы өткізілді. Бұл шараға Жалмұқановтар, Серіковтер, Дәулетовтер отбасылары қатысты. Алты турдан өткен сайыста Жалмұқановтар отбасы үздіктер қатарынан көрініп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал Серіковтер мен Дәулетовтер отбасылары ІІ-ІІІ орындарды өзара бөлісті. Сонымен қатар К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп ұйымдастырған мерекелік шарада лоторея билеттері ойнатылып, мәре-сәре болды. «Толағай» отбасылық сайысына қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шарада ауылшаруашылық жәрмеңкесі де оздырылды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Күні: , 128 рет оқылды

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өткен болатын. Ал 11 қыркүйек күні ҚР Парламенті Мәжілісінде латын әліпбиіне көшу бойынша ғалымдардың қатысуымен тыңдау өтті. Маңызды мәселе талқылауға түсіп, түрлі ойлар айтылды. Осыған орай 11 қыркүйек күні аудандық орталықтандырылған кітапхананың балалар бөлімінде кітапхананың жас оқырмандарына арнап баспасөзге шолу өткізілді. Шолуда түрлі басылымдарда латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі туралы жарияланған мақалалар көрмеге қойылып, кітапханашы Ботагөз Айтмағанбетова мақалалардың мазмұнын балаларға қысқаша түсіндіріп берді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.