АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 07.09.2017


«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҚАДІРІ»

Күні: , 218 рет оқылды

6 қыркүйек күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде және Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Ғұмар Қараш ізімен» атты Қошанкөл ауылының «Алау» лагерінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Туған жердің қадірі» тақырыбында аудан жастары аудан әкімі Абат Шыныбековпен бейресми түрде кездесу өткізді. Кездесуде сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков және «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев, — Бүгінгі күнде жастар араласпайтын шаруа жоқ деуге болады. Ауданымыздың қай саласы болмасын жастардың өзіндік қолтаңбалары қалуда. Бүгінде Елбасының жүргізіп жатқан реформалары да мәңгілік Қазақ елі үшін, ал соны іске асыратын да, оның жемісін де көретін — өскелең ұрпақ сіздерсіздер. Сондықтан бұндай жасампаз істерден бойларында күш-қуаты тасыған, жігерлері жанып тұрған жастар шет қалмау керек. Міне, жастармен кездесудегі негізгі мақсат да осы, -деді. Жасыл желекті, тамаша табиғат аясында өткен кездесуде жастар қызықты тренингтер өткізіп, әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар «Туған өлке» тарихи-танымдық экспедициясы кездесулерде туған өлкенің қадір-қасиетін насихаттауды да басты тақырыптарына айналдырды. Жастардың бейресми кездесуі флешмобқа жалғасты. «Туған жердің қадірі» атты жастардың бейресми кездесуінде жастар алауды тұтатты. Сарыөзеннің жағасында, Көктеректің арасында жаңған алаудың ұшқындары ұшып, қараңғылық тұмшалаған аспанға сіңіп жатты… Алаудай жалындаған жастар қолдарына гитара ұстап, бард әндерін орындады. Бұл әндіі жастармен қатар арнайы шақырылған қонақтар да қосыла шырқады. «Туған жердің қадірі» атты жастардың кездесуінде жастар үлкен белсенділік танытты. Олар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын аудан әкімі Абат Шыныбековке қойып, тұшымды жауаптар алды. Сол сұрақтардың қатарында жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, оларды кәсіпке тарту, әсіресе, атакәсіпке мойын бұру, сондай-ақ түрлі спорт алаңдарын көбейту, тұрғын үй мәселесін шешу, интернет желісінің жылдамдығының әлі де төмен болуы, жастар арасындағы құқық бұзушылық алдын алу сынды тағы басқа да сауалдар болды.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.