АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 31.08.2017


АТА ЗАҢЫМЫЗ АРДАҚТАЛҒАН КҮН

Күні: , 116 рет оқылды

Бүгін Тәуелсіз Қазақ елінің қолданыстағы Конституциясына биыл 22 жыл. Осы айбынды Ата заңымыздың ұлықтауға Жалпақтал мәдениет үйінде мерекелік шара оздырылды. Шараға уыл тұрғындары қатысты. Мерекелік шарада Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин өзінің ізгі лебізін білдіріп, ауыл тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Абылай Молдашев ауылдастарды Ата Заңымыз Конституциямыздың 22 жылдығымен құттықтап, баяндама жасады. Соңынан мерекелік концерт оздырылып, Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. Мерекелік шара барысында әсен әндер шырқалып, күмбірлеген қазақы қара домбырамен термеде айтылып, мың бұралған биде болды. Жалпақтал жұртшылығы өнерпаздарға дән риза болды. Мемлекеттің дамуы жолында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Ата заңымыздың мерекесін жалпақталдықтар жоғары деңгейде тойлады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


АУДАН ӘКІМІ КИРОВ-ШЕЖІН КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Күні: , 116 рет оқылды

Бүгін аудан әкімі Абат Шыныбеков Ақпәтер ауылдық округінде болып, жаңадан салынып жатқан Киров-Шежін каналының жұмысымен танысып қайтты. Киров-Шежін каналының кеңейту, тазарту жұмыстарын көрген аудан басшысы «Азиятехстрой» ЖШС-нің бригадиріне жұмысты тоқтатпай, сапалы атқару керектігін айтты. -Киров-Шежін каналының жұмыстары жүзеге асырылуда. Бассейндердің барлығын тзаратып, кеңейту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Жұмыстарды мамыр айынан бері атқарудамыз. Жұмысты тоқтатпау үшін күндіз алты эксковатор, түнде алты эксковатор екі кезеңмен жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Ақпәтер ауылдық округіне қарасты Кішкене шал елді мекеніне жақындадық.Жұмыс қарқыны жаман емес Биыл осындай жұмыс қарқынымен каналымызды Үлкен өзенге қосамыз деген ойымыз бар,-дейді «Азиятехстрой» ЖШС-нің бригадирі Серік Жұмақанов.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


КҮРЕС ЗАЛЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Күні: , 230 рет оқылды

30 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әсия Аманбаева жұмыс сапарымен ауданымыздың Ақпәтер ауылдық округінде болды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысымен бірге аудан әкімі Абат Шыныбеков, Ақпәтер ауылдық округінің әкімі Есенгелді Айсағалиев, бірқатар мекеме жетекшілері болды. Ақпәтер ауылындағы күрес залы бүгінде 50 тарта жасөспірім палуандарды дайындауда. Палуандарды дайындауда Жеңіс Стамғазиевтің еңбегі орасан зор. Ақпәтер ауылындағы күрес залында жаттықан палуандар қазіргі күні облыстық, республикалық деңгейлерде өнер көрсетіп, жоғарығы жетістіктерге жетіп отырғаны үлкен мақтаныш деп айтуға болады. Округ әкімі Есенгелді Айсағалиев күрес залы күрделі жөндеу қажет ететінін айтса, аудан басшысы Абат Абайұлы жөндеу жұмыстарына, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева татами алып беруге көмектесетінін айтып, уәде етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ҚОС АУЫЛДА ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Күні: , 311 рет оқылды

30 тамыз күні Ата заңымыздың 22 жылдық мерекесіне орай ауданымызға қарасты Талдықұдық және Ақпәтер ауылдық округтерінің орталықтарында жасанды жамылғы төселген футбол алаңдары ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева және мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. -Баршаңызды Ата заңымыз Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. 22 жыл бойы қабылданған Конституция шеңберінде қазақ елі бай қуатты да, тұрақтылықта, бейбіт өмір сүріп келеміз. Бірінші кезекте бұл Конституция еліміздегі әрбір азаматтарымыздың құқықтарымен, міндеттерін қорғауда және бағыттауда өзіндік рөлін атқарып келе жатқан Ата Заңымыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының бірі елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік, экономикалық өрлеу. Осы бағытты ұстанған Тәуелсіз Қазақ елі экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да озық елдердің қатарынан көрініп келеді. Елбасының қойып отырған талаптарының бірі ол бұқаралық спортты дамыту. Осы бағытта биылғы жылдың өзінде ауданымызда 48 млн теңге қаржы бөлініп, жыл ішінде алты ауылдық округтердің орталықтарында футбола алаңдарын салу көзделіп отыр. Бүгінде Талдықұдық, Ақпәтер ауылдық округтеріндегі ашылғалы отырған футбол алаңдарыңыз ел игілігіне пайдаланып, осы алаңдарда доп тепкен біздің жас жеткіншектеріміздің жетістіктері, мерейлері үстем болсын. Бүгінгі мерекеде ашылып отырған спорт алаңдарыңыз құтты болсын,-деп құттықтау тілегін білдірді аудан басшысы Абат Абайұлы. Мұнан кейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасының басшысы Әсия Рахымқызы, еңбек ардагерлері Асқар Ғазизов, Кәрім Өтеғұлов игі тілектерін білдіріп, ауыл жұртшылығын Конституция күнімен құттықтады. Футбол алаңының ашылуының қуанышына келген жұртшылық жолдастық футбол жарысын тамашалады. Әсия АМАНБАЕВА, Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: -Ата заңымыздың 22 жылдық мерекесіне орай бүгін қос ауылдың орталықтарында футбол алаңдары ашылып отыр. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында бұқаралық спорты дамыту керектігін айтқан болатын. Сол мақсатта біз бүгінде осы бұқаралық спортты дамыту мақсатында алдымызға міндеттер қойып отырмыз. Ауылдың спорты дамып, жас спортшыларымыз толағай табыстарға жете берсін. Төлеген СҮЙІНІШҚАЛИЕВ, Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы: -Ауылдас ағайындар футбол алаңының ашылу салтанатының куәсі болып отыр. Осы құрылыс нысандарын жүргізген «АзияМегаСтрой» ЖШС-на көп рахметімізді айтамыз. Бұл серіктестік уақытынан бұрын бітіріп, ел игілігіне беріп отыр. Сапасына өте ризамыз. Ендігі кезекте балаларымыз осы алаңдарда шынығып, облыс деңгейінде өнер көрсетуіне тілекшіміз. Нұрдәулет ЖАНДАУОВ, Талдықұдық ауылдық округінің С.Есетов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы: Бүгінгі салынған футбол алаңы маған өте ұнады. Бұл шағын футбол алаңын салып берген мердігер компанияларға, аудан әкімшілігіне көп алғысымды айтамын. Басқа ауылдарда да осындай шағын футбол алаңдары салынса деймін. Ендігі кезекте осы алаңның айналасын таза ұстап, абаттандырып, тал-теректер егуге өз үлесімізді қосамыз.

Тұрарбек АҚМЫРЗА


«АТА ЗАҢ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ»

Күні: , 98 рет оқылды

29 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Ата Заң – кемел болашақтың кепілі» атты салтанатты шара өтті. Салтантты шарада сөз алған аудан әкімі Ата Заңымыздың маңыздылығына тоқталып өтіп, барша аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Шарада мереке күніне орай ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып жүрген аудандық әділет басқармасының бас маманы Аягүл Темірешова, «Қазталовка» шекара заставасының қызметкері Мақсот Өтешов, аудандық ішкі істер бөлімінің ақпараттық — аналитика бөлімінің инспекторы Гүлбар Үмітқалиева және аудандық соттың бас маманы Дәмелі Ажғалиевалар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов Ата Заңмыз туралы баяндама жасаса, мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан жас мамандар Әліби Жангерей мен Асылхан Қаратаев ант қабылдады. Салтантты шара соңы аудан көркемөнерпаздарының арнайы дайындаған мерекелік концертіне ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП


АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ

Күні: , 114 рет оқылды

29 тамыз күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен аудан әкімдігінің алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ринат Мәулетқалиев, -Аудандағы білім беру орындарының 2017-2018 оқу жылына әзірліктері туралы хабарлама жасады. Мәжілісте қаралған мәселеге орай аудан әкімі аудан мектептерінің жаңа оқу жылына әзірлік барысы ойдағыдай болмай тұрғанына тоқталып өтті. Кейбір мектептердің жылу жүйелері қысқы маусымға толықтай даяр болмаса, сұйық және қатты отындардың да әлі күнге дейін алынбай тұр. Сонымен қатар бір ай уақыт өтсе де «Мектепке жол» акциясына қатысушылардың белсенділіктері төмен. Қажетті оқулықтармен мектептерді қамту да кемшін болуда. Міне осындай тағы басқа да жіберіліп отырған кемшіліктерге тоқтала келген аудан әкімі бұл мәселелерге байланысты сала басшылығына тез арада шара алуды тапсырды. Алқа мәжілісінде басқа да қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Әсем БОЛАТ


КЕЛІСІМ БАРДА, ТИЯНАҚТЫ ІС БОЛАДЫ

Күні: , 106 рет оқылды

29 тамыз күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен мәжіліс өткізді. Кеңес мәжілісінде аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып Тауфиқ Мұқанов сайланды. Қоғамдық келісім кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатырған қоғамдық келісімнің атқарған жұмысы туралы, -аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов хабарлама жасаса, сонымен қатар Жалпақтал және Қараоба ауылдық округтері қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары Ғилым Едекешов, Руслан Жұмағұловтар қоғамдық кеңес арқылы округтеріндегі атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде баяндап өтті.  Қоғамдық кеңестің мәжілісінде аудан әкімі Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» мақаласына орай атқарылуға тиісті істердің басы-қасында қоғамдық кеңес мүшелері жүру қажеттігін айта келіп, барлық атқарылар істер осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарылса, қай жерде болмасын келісім, бірлік, өзара түсіністік орнайтынын жеткізді. Сонымен қатар алда атқарылар жұмыстар туралы да айтып өтті.

Жұлдыз АСҚАР


ЖАСТАРЫМЫЗ ТЕРІС АҒЫМНАН САҚ БОЛУЫ ҮШІН

Күні: , 102 рет оқылды

29 тамыз күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі аудандық кеңестің мәжілісі өтті.  Мәжілісте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, -ауданымызда діни бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдардың теріс ағымдардың алдын алуда атқарып жатырған жұмыстары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы, — хабарлама жасады. Сонымен қатар осы қаралған мәселе бойынша Қазталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов, аудандық білім беру бөлімінің басшысының уақытша м.а Ринат Мәулетқалиевтің, «Ақниет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бексұлтан Ғилымовтың да хабарламалары тыңдалды. Осы мәселелер жөнінде кеңес мүшелері өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Кеңестің жұмысын қорытындылаған аудан әкімі теріс ағымдардың алдын алуда, әсіресе жасөспірімдермен жұмыс, олардың түрлі әлеуметтік желідегі түрлі пікірлерге ілеспеуі, белгілі бір түсінік жұмыстарын алар кезде арнайы мамандарға жолығу қажеттігі тағы басқа да мәселелерге тоқталып, тиісті ұйымдарға және мекемелерге тапсырмалар жүктеді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.