АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 07.08.2017


ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БӘРІН ТАБУҒА БОЛАДЫ

Күні: , 114 рет оқылды

20626341_308524809557414_7162330967389523558_o 20689637_308524786224083_7436691758862793813_oБүгінде қай ауылға барма заманауи тұрғын үйлер мен түрлі мейрамхана басқа да мәдени орындарды көруге болады. Бұның өзі ауыл халқының тұрмысының жақсарып келе жатқанын көрсетіп отыр. Сонау қиыншылық кезде ауыл тұрғындары үйлерін жаңартпақ түгіл, азын-шоғын малдарының аула-қораларын жөндеуге де қажетті құрылыс материалдарын таба алмаушы еді. Ал қазір ауылдың іскер жігіттері құрылыс материалдарының түр-түрін әкеліп, үйіп қойды. Солардың бірі — Қазталов ауылының іскер азаматы Самат Шакуов. Ол сонау Кеңес заманынан қалған ғимаратты құрылыс материалдарын сататын қоймаға айналдырды. Бұл қоймада құрылысқа қажеттінің бәрін табуға болады. Сондай-ақ жергілікті материалдардан дайындалған тұрғын үй қабырғалары да бар. Бұл жұмысқа ауылдан 2 адамды тартса, өзінің «Абылай» шаруа қожалығының малы үшін жаңадан қора құрылысын жүргізуге 3 адамды жұмысқа тартып отыр. Бұл ауылдағы адамдардың маусымдық уақыттарда жұмысқа тартылып, ақша табуларына жағдай жасалып отыр деген сөз. Сондықтан осындай кәсіптер өміршең болатын болса, ауылымыздың келбеті жаңарып, әрі екі қолға бір күрек табылады деп айта аламыз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ОРАЛДЫҚТАРДЫ ТАМСАНДЫРҒАН КОНЦЕРТ

Күні: , 164 рет оқылды

20645393_308371112906117_5714016784620591802_o 20626127_308370896239472_7837318244496527758_o5 тамыз күні Орал қаласы күні аясында «Туған жер» атты аудан аралық өнер фестиваліне орай облыс орталығындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығыда Қазталов ауданы көркемөнерпаздарының концертік бағдарламасы өтті. Өнер орталығы жанында орналасқан саябақ қала тұрғындарының көптеп жиналатын сүйікті орнына айналып та үлгерген. Сәулет өнерінің шеберлігін нақыштайтын бұл саябақта қала тұрғындарына арнап қазталовтықтар ақшаңқай киіз үй тігіп, қымыз бен бауырсақтан дәм татқызса, мектеп оқушылары жасаған қолөнер бұйымдары және ауданымыз туралы сыр шертетін фото көрмесі де ұйымдастырылған болатын. Бұл көрмені тамашалаған жұртшылық сонымен қатар ақ жаулықты әжелердің жүн түтіп, киіз басып, диірмен тартқан, келі түйген ұлттық нақыштағы көріністерінің де куәсі болды. 20617188_308371012906127_6303307057061900353_o 20615781_308371856239376_7589800927860243388_o 20615848_308372029572692_4005142651307281406_oӨнер орталығының амфитеатрында көрермен көп болды. Қала тұрғындарының назарына қазталовтық көркемөнерпаздар дайындаған коцерттік бағдарлама үлкен әсер берді десек артық болмас. 20689894_308375926238969_2035802918986723029_o 20689875_308376199572275_485440149832484096_o 20689508_308373059572589_6627228526964676307_oКонцерт Халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің бишілері мың бұрала билеген «Дала сарыны» биімен ашылып, «Мәңгілік ел» әнімен өрнектелді. Ал Халықтық «Назқоңыр» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Қарасай» күйі мен Нұрғиса Тілендиевтің «Жүрегім менің» әні концертке қатысқан көрерменді бейжай қалдырмағаны анық. Облыстық ардагерлер арасындағы өнер фестивальдары мен конкурстарында топ жарып жүрген «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің мүшелері шырқаған әндер концертті тамашалаған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Концертте Баян Қабиева жетекшілік ететін «Қыз жібек» термешілер ансамблі де әннен шашу шашып, кештің мазмұнын аша түсті. Көрерменнің алдында «Туған жер», «Еділ мен Жайық» әндерін шебер орындаған трио мен «Әуен» квинтеттерінің өнерлерін атап айтуға болады. Бегалиевтер Халықтық жанұялық ансамблінің мүшелері де әндер орындап, бұл концертке өз үлестерін қосты. 20626630_308371552906073_3998981774391267738_o20626332_308372332905995_3531401957297689458_oБұл концертті Орал қаласында тұратын көптеген жерлестеріміз де тамашалады. Солардың қатарында жерлесіміз – Қайрат Хайдаров та болды. — Бүгін керемет кеш өтуде. Елден келген өнерпаздардың өнерлеріне сусындап, тәнті болып жатырмыз. Бейне бір Қазталов жерінде жүргендей әсер алдым. Қазталов ауданы дами берсін, осындай шаралар көп болсын!- деген тілегін жеткізді. Концертте жерлес композиторлардың әніне жазылған «Қазталов вальсі», «Жалпақталым жан жарым» атты әндер де әсем орындалып, амфитеатр сахнасын жайнатып жіберді. Сондай-ақ концертте вокалды аспаптар ансамблі де өз өнерлерін ортаға салып, көременге тамаша кеш сыйлады. Концерт соңында сөз алған Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова концертті тамашалаған қала тұрғындарына қазталовтық ағайынның атынан алғысын білдіріп және осындай өнер фестивалінің өтуіне ат салысқан қала әкімдігіне де ризашылығын айтып, қала әкімінің орынбасары Алтынбек Кеңесұлына алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Қадыр Мырза Әлі өнер орталығында өткен концертте ауданымыздың көркемөнерпаздарының өнеріне қаныққан қала тұрғындары көпке дейін тамсанып айтып жүретіндері сөзсіз.

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАЛПАҚТАЛДАҒЫ ЖƏРМЕҢКЕ

Күні: , 114 рет оқылды

20526079_307960989613796_5262068356346170601_n 20621761_307961036280458_6230936892677050821_n5 тамыз күні  Жалпақтал ауылының орталық базарында ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті. Өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сауда орындары тегін берілді. Жәрмеңкеде трактор тіркемесімен мал азығы, қымыз, балық, қауын-қарбыз, жеміс-жидек, май-құрт, көкөністер сатылды. Сондай-ақ Жалпақтал, Талдыапан, Талдықұдық, Ақпəтер, Қараөзен ауылдық округтері жәрмеңкеге қатысты. Тұрғындар ұйымдастырылған жəрмеңкеде өздеріне қажетті тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік туғанына дән риза.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ

Күні: , 84 рет оқылды

20616911_307949532948275_738103612500748912_o5 тамыз күні ауданда «Таза жағалау» акциясы өтті. Акцияда аудан орталығы жанындағы Қарасу тоғаны және Сарыөзеннің жағалары қалдықтардан тазартылды. Бұл акцияға аудандағы мекеме ұйымдардың қызметкерлері және аудан жастары белсенді қатысты. Осындай акция жиі өтіп тұрса, өзен-көлдеріміз және айналамыз жарқырап, әсем табиғат болып тұрар еді.

Әсем БОЛАТ


ОРТАЛЫҚ БАЗАРДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Күні: , 114 рет оқылды

20543870_307938029616092_3303137085351202357_o 20543903_307940466282515_497915955411190526_o5 тамыз күні ауданның орталық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ауылдық округтердің шаруа қожалықтары, ауыл тұрғындары өздерінің өнімдерін саттыққа шығарды. Жәрмеңкеге жиналғандар алдында аудан әкімі Абат Шыныбеков сөз алып, -Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудағы жәрмеңке күз айына дейін жалғасын табатын болады. Бұндағы мақсат — өнім өндіруші өз өнімінен табыс табатын болса, екінші жағынан тұтынушы қолжетімді бағамен қажетті өнімдерді сатып алуға қол жеткізбекші. Сондай-ақ біз өзіміздің ішкі өнімдерімізді аудан халқының нарықтық сұранысына бейімдеуге де жұмыстануымыз қажет, -деді. 20626361_307938149616080_4231059245717350620_o 20543886_307943822948846_7851395944443955320_oАудан әкімі жәрмеңкені аралап, тұрғындармен ашық-жарқын әңгімелесті. Тұрғындар барынша осындай жәрмеңкелер жиі өтіп, қолжетімді бағалар болса екен деген ұсыныстарын жеткізсе, аудан әкімі тиісті мекемелерге орталық базардың жұмысын әрі қарай дамытып, тұтынушылардың қажеттісін табатын орынға айналдыру жолында жұмыстану қажеттігіне де тоқталып өтті. Жәрмеңке аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасмен өріліп, сауда-саттық көрігін қыздыра түсті. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері көптеп шығарылды. Қазталов ауылының тұрғыны 70-тің төрінде жүрген Қорғанбай ағамыз бен Чиослан апамыздың қолынан шыққан қаймақ, айран, сары май тіл үйіргендей… Ал Қошанкөл ауылынан келген Серік Ахетовтің қымызының дәмі — екі-үш күннен бері басылмай тұрған ыссылықты серпілтіп, сусыныңды бір қандырып жіберді-ау… 20543919_307943016282260_2074182991547735661_o 20615624_307941992949029_8565511234107593128_oБазарда кәуап (шашлык) пісірілуде. Оның қасында жігіттер жағы көбірек шоғырланған… Жалпы базарда тек жәрмеңке күні қымыз сусыны мен кәуап дайындалып қоймай, күн сайын саттыққа шығарылып тұрса, қазталовтық «тихий базардың…» сәні кіріп, оралдық базардан озып кетер еді… Әрі күн сайын әуен шырқалып тұрса, сатушыға да, сатып алушыға да тиімді болған болар еді деп ойлаймыз. Жәрмеңкеде Қошанкөлден әкелінген тоқтылар тез өтіп кетті. Сондай-ақ Руслан Қажымовтың қойларының майлы етіне көзін салушылар көп болса, ал базар сөресіндегі көкөністерге де тұрғындар кезекке тұрды. Дегенмен қазіргі күнде тұтынушылар көбінесе жергілікті өнімді іздейтіндері белгілі. Алдағы өткізілетін жәрмеңкелерде жергілікті бау-бақша өнімдері молынан болса екен дейміз. Жәрмеңкеде қоян сатып тұрған жігітке жақындадым. Расында да қоян сатып тұрғынды Қазталов базарынан алғаш рет көруіміз. Асылхан деген жігіт былай дейді: -Жыл жарым бұрын екі қоян сатып алып, асырап едім. Қазір оның саны — 20-ға жетті. Енді осыны саттыққа шығарып отырмын. Жалпы бұл кәсіптің адамға берер пайдасы көп қой, -деді. Иә, біз кейбір кәсіптердің тереңіне үңілмейміз. Қоян еті деликатес. Ал қоян етіне қаймақ қосып, қуырдақ қылып сатсаң, оған деген сұраныс тіптен көбейері сөзсіз… Сондықтан ауылдағы осындай сирек кәсіптерді игеріп жүрген жас жігіттерді көбірек насихаттау керек екен деген ойға қалдық… Жәрмеңкеде балалар үшін «second hand» акциясы аясында арзан бағамен киімдер сатылды. Киімдер көздің жауын алады. Өзіне күртеше алған жасөспірімнің жүзінде қуаныш ұялап тұр. Алдағы жәрмеңкелерде де осы акция жалғасын табады.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ — КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Күні: , 117 рет оқылды

20615987_307934276283134_1600171006074182759_o5 тамыз күні облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Сабыров және кәсіптік білім, кадрлар даярлау бөлімінің басшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева ауданымызда болып, салалық мекеме, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті. Кездесуде қонақтар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы айтып өтті. Атап айтқанда, -Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды оқытуды қолдана отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндік беріледі. Тегін кәсіптік оқытумен мектептердің түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған, оқу орындарына түспегендер, орта жастағы адамдар қамтылатын болады. Сонымен қатар облыс бойынша бағдарламаның іске асырылуын халық арасында түсіндіру үшін облыс бойынша 183 мобильдік топ жұмыс істеп жатырса, Қазталов ауданында 16 топ жұмыс істеуде. Осындай жұмыстарды аудандық білім бөлімі қоғамдық ұйымдармен, ата-аналармен бірлесе жұмыстар атқару қажет, -деді. Кездесуде сауалдар қойылып, оған тұшымды жауаптар қайтарылды.

Әсем БОЛАТ


ЖАЛПАҚТАЛДА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ»АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Күні: , 112 рет оқылды

20526295_1824973611147547_7880058231851551881_nҚазір демалыстың қызған шағы. Көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны хақ. Көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай демалыс мекендерін ластап кетеді. 5 тамыз күні жалпақталдықтар «Таза жағалау» акциясын өткізіп, Үлкен өзен айналасын тазарту жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс істеді. Өзен жағалаулары қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жаңғырып қалды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Күні: , 66 рет оқылды

20620778_307701539639741_5259596388007645202_n3 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан Мақсотов ауданымызда болып, аудандық кәсіпкерлік палатасы, аудандық Әділет басқармасы, аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен және жеке кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік палатасының Казталов ауданындағы филиалының 2016 жылғы мен 2017 жылдың алты айында атқарылған кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі және өзгеде мәселелер туралы айтылды. Сонымен қатар палата директорының орынбасары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне жалған кәсіпкерлік туралы, санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы және басқа да құқықтық актілерге енгізілген оңды өзгерістер жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ кездесуде Қазталов ауданындағы кәсіпкерлер палатасының филиал директоры А.Нығметов, аудандық Әділет басқармасының басшысы Э.Қайсағалиева өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, әкімшілік кедергілерді жою бағытындағы қойылған сұрақтарға да жауаптар қайтарды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖИЕНБАЙДЫҢ ЖАҢА АВТОБУСЫ

Күні: , 232 рет оқылды

20543961_307688909641004_3794924707357933613_oСоңғы жылдары Жалпақтал ауылынан облыс орталығы Орал қаласына жолаушыларды тасымалдау бір жөнге келтірілді.Асфальтымыз жетіп, ән-сағатта облыс орталығына жетесің. Өткен жылдан бері Ахметқали Қарағойшин жетекшілік ететін «Жиенбай» ЖШС-гі жолаушыларды тасымалдау үшін арнайы екі автобус шығарды. Әсіресе көп балалы отбасылар үшін жеке таксилерге қарағанда өте тиімді болатын. Облыс орталығына қатынайтын қос автобусы таңертең ертемен жүріп, түске таман Жалпақталға кері шығатын. Жақында «Жиенбай» серіктестігі тағы бір автобуспен толықты. -Бұрыңғы «Мерседес» автобусының қазіргі маршруттық бағыты Ақпәтер-Жалпақтал-Орал болса, жаңа автобус 29 орындық «TOYOTA Coaster» таңғы 6-40 та Жалпақтал-Орал бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын болады,-дейді Ахметқали Жиенбайұлы. Жеке кәсіпкермен кездескен аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ісіңізді әрі қарай өрістетіп, дамытыңыз. Жолаушыларыңыз көп болсын,- деген игі тілегін айтты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


«ҚАЗПОШТА» ЖАҢАРУ ҮСТІНДЕ

Күні: , 154 рет оқылды

20545498_307647399645155_6390325270255615001_o Бәріміз көріп жүргендей «Қазпошта» мекемесіз қызметтеріміз бітпейді. Тіпті әрбір айдың аяғында пошта алдынан аудан тұрғындарының банкоматта еңбекақыларын алуға келіп жатса, ал зейнеткер аға-апаларымыз айдың ортасында қауқылдасып әңгіме соғып, зейнеатқы алып жатқан көңілді жүздерін көреміз. Яғни бұл газет-журнал тарату қызметін айтпағандағы бір қызметтің түрі. Сондай-ақ қазір поштаның іштегі қызмет түрлері жаңаруда. Осыны білу мақсатында «Қазпошта» мекемесінің бастығы Жанар Табылдиеваға жолыққан едік. -Бүгінгі күнде мекемеміз трансформация (күрделі өзгеріс) кезеңінен өтіп жатыр. Әрбір қызмет көрсететін кабиналар модернизациялануда (жаңашылдандыру). Алла қосса ағымдағы жылдың аяғында модернизациялау аяқталады деп жоспарлаудамыз. Болашақта супермаркет посылка қызметі де болады. Бұнда біздің қызметімізді пайдаланушылар өздеріне келген посылкаларды өздері еркін түрде ала алатын жағдайға жетеді. Сондай-ақ біз екінші деңгейдегі банктердің қызметін атқарудамыз. Олардың барлық қызмет түрлерін аудан тұрғындарының пайдалануына қолайлы жағдай туғызып отырмыз. Бұл қызмет түрі ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде автоматтандырылған. Яғни ол жердегі тұрғындар аудан орталығына келмей-ақ, барлық қызмет түрлерін сол жерден ала береді. Тек Талдыапан, Кайыңды ауылдық округтерінде әзірше бұл жүйе іске аса қойған жоқ. 20615573_307647279645167_4017253007685874458_oБұның барлығы да Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай 50 елдің қатарына кіру үшін жасалып жатқан заманауи талаптар деп түсінгеніміз жөн, -деп қысқа әңгімесін аяқтады. Расында да Ы.Алтынсарин атамыз айтқан «…Айшылық алыс жерлерден…» деп басталатын өлең жолында айтылғандай пошта қызметі халыққа неғұрлым тиімді қызметтерді сапалы көрсетуде. Тіпті соның бір айғағы — Алматыға барғың келсе пойыз, ұшақ билеттерін қалаға барып, касса алдына сарсылып тұрмайсың. Осы «Қазпоштадан» -ақ ала аласың…

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.