АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 01.08.2017


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНДА 700 МЫҢДАЙ ҚАРАЖАТ ЖИНАЛДЫ. ЖАРАЙСЫҢДАР, ҚАЗТАЛОВТЫҚ ЖАСТАР!

Күні: , 74 рет оқылды

20597217_306647919745103_8326401830546604607_n 20507011_306648883078340_7061986142887106780_o21 маусым күні аудандық мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық кеші өткен болатын. Осы кешті ұйымдастыруға мұрындық болған, әркезде де жаңашылдыққа жаны құмар әріптесім Жұлдыз Асқар еді. Өзі осы шараның басты ұйымдастырушысы ретінде қайырымдылық кешінің жұртшылық көңілінен шығуына бар күш-жігерін жұмсады. Кезекті еңбек демалысында жүрсе де, демалыс уақытын ысырып қойып, замандастарымен бірге жүрді. 
Ауданның 13 округін аралап, адамдар арасындағы бір-біріне қамқорлығын, қол ұшын созуын, ал оның жүректерде қалай сақталатынын жастар өздерінің бағдарламаларында анық, айқын көрсетті. Нәтижесінде 13 округте өткен қайырымдылық шарасында 700 мыңдай қаражат жиналып, ол қаражат қайырымдылық кешінің әр округтердегі кейіпкерлеріне табысталды. Міне, осындай істің басында болған жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары Аян Каримоллин, Дәурен Батырғалиев, Аман Қабошев, Ару Мұстажапова, Нұрсұлтан Бекманов, Жәдігер Мұқашев, Әлімжан Шангереев, Салтанат Басерова, Ерхат Бекмолдин, Қайрат Науханов, Нұрлыбай Ердосбай өздерінің жаңалыққа құмар бастамаларын көрсетумен қатар, бойларындағы таланттарын да паш етті. Бұл басқа жастарға да үлгі болғандай… Ал осы аға-апаларымен бірге болып өнерін көрсеткен мектеп оқушысы Асылжан Хайредденов мүмкіндігі шектеулі құрдастарына кішкентай жүрегімен жылу сыйлағанын көрген жұртшылық көздеріне еріксіз жас алды… Алда жастармен атқарылатын үлкен жұмыстар тұр. Осындай түрлі істердің жүзеге асуына аудан жастары құлшыныс білдіргенде қолдаулар ауадай қажет деген ойдамыз. Сонда ғана алдыңғы толқын аға-апалардың ісін жастар жаңашыл бағытпен жүргізетін болады.

Әсем БОЛАТ


БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУЫ — «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Күні: , 38 рет оқылды

20507177_306450803098148_8682724844190374884_o31 шілде күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен «Бақытты отбасы — бақтты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке жинайық!» республикалық қайырымдылық акциясының басталуына орай брифинг өткізді. Төраға орынбасары өз сөзінде: -Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында және аз қамтылған отбасыларға, жетім, ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларға материалдық көмектер көрсету болып табылады. Ауданымызда мектеп жасындағы балалардың бірде-біреуі оқудан тысқары қалып қоймауы қажет. Бұл орайда барлық ауылдық округтердегі қоғамдық ұйымдар, білім мекемелері өз міндеттеріне жауаптылықпен қарағандары жөн. Сондай-ақ бұл қайырымдылық акциясынан кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілері, түрлі қоғамдық ұйымдар шет қалмайды деген сенімдеміз. Сондықтан өткізілетін акцияның нәтижелі болуы үшін аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне түрлі ұйымдастыру жұмыстары тапсырылатын болады, -деді. Брифингте қайырымдылық акциясын өткізуге байланысты түрлі сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Әсем БОЛАТ


«ЭКСПО — 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ АРНАЛҒАН СУРЕТ БАЙҚАУЫ

Күні: , 56 рет оқылды

20424041_306381999771695_6857981662011896877_o31 шілде күні аудандық балалар кітапханасында «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесі аясында оқушылар арасында сурет байқауы оздырылды. Байқауда оқушылар Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКПО — 2017» халықаралық көрмесіндегі басты нышандарды бейнелеп, өз ойларын сурет арқылы жеткіздіі. Байқауға белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҚАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ 

Күні: , 64 рет оқылды

20294317_305512303191998_8954978086819924672_n28 шілде күні Қазталов аудандық ауруханасының директоры Алмас Жүнісбековпен блогерлер, әлеуметтік желі белсенділері брифинг өткізді. — Қазталов аудандық ауруxанасы негізінде Жалпақтал ауруxанасы, 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория (Жаңажол, Қарасу, Көктерек), 4 ФАП (Қараөзен, Ақпәтер, Талдықұдық, Талдыапан), 17 дәрігерлік пункт жұмыс жасаса, онда 18 дәрігер, 123 кіші медбикелер тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда ана және бала өлімі көрсеткіші жоқ екендігін, өкпе ауруының анықталуы ағымдағы жылы кемігендігін және жылжымалы флюорография арқылы барлық тұрғындардың тексерістен өтуі қамтамасыз етілгендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ скрингтен өту арқылы ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексеруден өткізу жолға қойылды. Тегін кепілмен арнайы тізіммен дәрі-дәрмек алушылардың сұраныстары уақтылы толық қамтылуда, -деді Алмас Тоғайбайұлы. Брифингте көлік жүргізушілерге жаңа көлік жүргізу құжатын алар кездегі нарколог маманының анықтамасын алудағы қиындықтар туралы сұраққа: -Нарколог, невропотолог, педиатр сияқты мамандардың жетіспейтіні рас. Сұраныс жасап жатырмыз және келетін мамандарды баспанамен қамту бағытында да жұмыстану үстіндеміз, -деді ауруxана басшысы. Брифингте ауыл тұрғыны Абай Абдрахманов қан қысымы көтеріліп, сырқаттанған кезінде шұғыл және сауатты медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдем ұжымына және фельдшері Болатбек Сармановтың жұмысына ризашылығын білдірді. Брифинг барысында міндетті медициналық сақтандыру, квотамен емделу, медициналық талдауларды ертеңгілік алу уақыттарын ұзарту бағыттарындағы сұрақтарға да жауаптар алынды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 62 рет оқылды

20525994_305484399861455_1835630683047374762_n28 шілде күні Қазталов аудан әкімдігінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Абат Шыныбеков, аудан әкімі орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Отырыста «2017 жылы аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесулері кезіндегі тұрғындардың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы» аудан әкімінің аппарат басшысы Артур Берденов, «Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмысы және ауылдық округтердің, мекемелердің мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатыуы туралы» аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов хабарлама жасады. -Ағымдағы жылдың 6 айын да қорытындыладық. Хабарламадан естіп отырғанымыздай орындалмаған жұмыстар әлі де көп. Соның ішінде білім саласы, мәдениет, спорт салаларында көптеген жұмыстар қордаланып тұр. Сол себептен мекеме басшыларына әрбір ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып жұмыс жоспарын жасақтап, атқарылмаған істерді уақтылы аяқтауды тапсырамын, -деді аудан әкімі Абат Абайұлы. Жиында басқа да мәселелер қаралып, әкімдік отырысының қорытындысы бойынша арнайы қаулы қабылданды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 60 рет оқылды

20374462_305483669861528_7488514595728302525_n28 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Болат Данияловты зейнеткерлік жасқа шығуымен құттықтап, алғыс хат табыс етіп, иығына шапан жапты. -Сіз ұзақ жылдар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, қажырлы қызмет атқардыңыз. Сіздің еңбек жолыңыз жастарға үлгі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт тілеймін, -деді аудан әкімі өз сөзінде. Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де Болат Сатқанұлын мерейлі жасымен құттықтап, естелік сыйлық табыстады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ТҰРҒЫН ҮЙ САЛСАҢ РҰҚСАТ АЛУДЫ ҰМЫТПА!

Күні: , 62 рет оқылды

20294140_305482033195025_3057680233496307019_n28 шілде күні аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру шаралары жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесте елді мекен шегінде жер учаскесін беру, жер телімінің нысанды мақсатын өзгерту бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша және тұрғын үй,қора-қопсы құрылыстарын салу үшін рұқсат алу туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Абзал Елтаев түсінік беріп өтті.
-Қазіргі күнде тұрғындар жеке тұрғын үй салу немесе басқа да құрылыстар кезінде рұқсат қағаздарын алмастан, үйдің теxникалық паспортын жасап алып жатады. Ал рұқсат қағазы болмаған жағдайда үйді тіркеу кезінде кедергілер туындап, өздеріне қиындықтар келтіріп жатады. Сол себепті тұрғындар осы мәселені қатерде ұстаса екен дейміз, -деді Абзал Елтаев. Семинарда сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Назар Аманғалиев, әділет басқармасының бас маманы Аягүл Темрешева осы мәселеге қатысты өз салалары бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН АУДАНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Күні: , 148 рет оқылды

20429695_305479183195310_4336038407191111629_n28 шілде күні а аудан әкімі Абат Шыныбековтің төрағалық етуімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша құрылған комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер ұйымының төрағалары мен ауыл ақсақалдары қатысты. Отырыста баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: — Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша мемлекеттік деңгейде ұйымдастыру жұмыстары қолға алынғаны белгілі. Бағдарлама аясында республикалық іс-шаралар жоспары да бекітілді. Осыған орай біздің ауданымызда да бірқатар жұмыстар қолға алынбақшы. Атап айтсақ бағдарламаның «Туған жер» бағыты бойынша «Туған өлке атаулары» атты анықтамалық кітап шығару, ұлттық нақыштағы колөнер бұйымдарын жасау, аудандық суретшілер байқауын ұйымдастыру, «Туған елге туыңды тік!» аяциясын әрі қарай жалғастыру, мұражайлар жасақтау, құлпытастар мен тарихи ескерткіштерді зерттеу, жергілікті ақын-сазгерлердің жинағын шығару, «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан көркемөнерпаздарының фестивалін ұйымдастыру сынды бірқатар жұмыстар жоспарлануда. Сол себепті баршамыз осы жоспарды іске асыруда жұмылған жұдырықтай бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет, -деді өз сөзінде. Отырыста аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, Қошанкөл орта жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Мирбол Адаялиев өз ұсыныстарын ортаға салды. Комиссия отырсын қорытындылаған аудан әкімі Абат Шыныбеков, -Елбасынын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тек аудан орталығында ғана емес, ауданымыздың әр елді мекененінде көрініс табуы тиіс. Сол себептен ауылдық округ әкімдері осы бағдарлама аясында тиісті іс-шара жоспарларын белгілеп, сол бойынша жұмыстар атқаруылары тиіс, — деді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҚАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ

Күні: , 60 рет оқылды

20287186_305456443197584_806099924046277850_o28 шілде күні Қазталов аудандық орталық ауруханасының директоры Қайырбай Алтаевпен БАҚ өкілдері, блогерлер брифинг өткізді. Аурухана директорының айтуынша: — Қазталов аудандық ауруханасы тұрғындарға медициналық қызмет көрсету жұмыстарын өзіне қарасты 50 керуеттік орталық аурухана, аудандық емхана, 4 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және 14 медициналық пункттермен жұмыс жүргізуде. Медициналық қамтуда барлығы — 15 436 тұрғын болса, дәрігерлер саны — 29. Елбасы дариялаған «100 нақты қадам» реформасының 80-ші қадамы — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге бағытталған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі — бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Аудандық орталық аурухана бойынша 2017 жылдың алты айлығында 27 ауру түрі бойынша барлығы 1852 адамға тегін 6130 рецепт жазылып, барлығы 18 262 996, 68 теңгеге дәрі-дәрмек жіберілді, -деді аурухана директоры Қайырбай Алтаев.

Әсем БОЛАТ


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 64 рет оқылды

20413897_305454889864406_1493872392658000873_o28 шілде күні аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сисенғали Нығметовтің төрағалық етуімен қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңесте аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде хабарлама жасады. -Ауданымызда 4 демалыс лагері 6 кезең бойынша жұмыс атқаруда. Бұл жазғы сауықтыру лагерьлерінің негізгі міндеті — балалардың жазғы демалыстарын көңілді әрі қызықты етіп өткізу. Сонымен қатар балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан 182 бала көрмені тамашалап келді. «Аджип Қарашығанақ» демеушілігімен 7 бала, 1 жетекшіні жіберу алдағы жоспарда тұр, -деді білім беру бөлімінің басшысы. Сондай-ақ кеңесте қоғамдық кеңестің құрамы толықтырылып, қаралған мәселе бойынша шешім қабылданды.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.