АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 28.07.2017


ХАЛЫҚ ПЕН ПРОКУРАТУРА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСУДЕ

Күні: , 78 рет оқылды

20423882_305351353208093_4811143682591514709_o-Әр азамат өз құқығын толыққанды білсе, құқығы бұзылып жатқан жағдайда кез келген уақытта құқық қорғау органдарына, соның ішінде прокуратураға жүгінуі керек екені ақиқат. Әділдік іздегендер, ең бірінші прокуратураға келетіні де түсінікті. Себебі, бұл құқық қорғау органы – мемлекет атынан Заңның сақталуын, адам құқықтарының қорғалуын қадағалайтын орган. Бұқара халықпен тығыз байланыс жасау мақсатында оларды не мазалап жүргендерін айқындап, көңіл-күйін білу үшін әр бір ауыл әкімдігінде (А2 форматында) аудан прокуратурасының сенім телефоны, өзімнің ұялы байланыс телефоным мен электронды мекен-жайымыз жазылған билдборд тақтайшасы орналастырылды. Бұл халықпен тікелей өзіме хабарласуға мүмкіндік беруде. Айта кету керек аталған жұмыс 2013 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Өз телефонымды жария етуімнің нәтижесінде, қарапайым адамдар өзіме тікелей қоңырау шалып, алыс шалғай ауылдардан келмей-ақ, қеңес сұрауға, шағым айтуға, ыңғайы келсе тиісті заң түсіндермесін беріп, болмаған жағдайда, уатсапп желісі арқылы түсініктер беруге мүмкіндіктер туды. Сондай-ақ ауданның мекеме, ұйым жетекшілерімен бірлесе шалғай ауылдарға барып, өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдарына жауаптар алу үшін кездесулер ұйымдастырылды. Интернет желесін пайдаланып видео байланыс арқылы да азаматтарды қабылдау жұмыстары өткізілді. Бұл іс шарамыз да қеңінен қолдау тапты. Сонымен қатар қазіргі таңда Бас прокуратураның бастамасымен жобалық менеджмент арқылы жұмысымыздың әр саласында айтаралықтай нәтижеге кол жеткіздік Мысалы «Ұрлыққа тосқауыл» атты жобасы бойынша, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың қорытындыларымен ұрлықтың жалпы саны 35 пайызға төмендеуі байқалды, -деді аудан прокуроры өзінің қысқа сұхбатында.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


РЕДАКТОРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 144 рет оқылды

20369106_304975776578984_748029846503597289_o27 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиевті қабылдады. Қабылдауда С.Жұмағалиевті мерейлі жасымен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық қызмет атқара беруіне және аудандық газеттің оқырмандары көп басылым болуы жолында ұжыммен бірлесе отырып жұмыстана беруіне лебізін білдірді. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев те мерейтой иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«БОЛАШАҚҚА CАЛЫМ САЛАМЫЗ!» АКЦИЯСЫ

Күні: , 128 рет оқылды

20369564_304973996579162_3321627990986121562_o27 шілде күні аудан бойынша «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалақы шақ-бақытты отбасы» жобасы аясында «Болашаққа қаржы саламыз!» атты акциясы басталды. Осыған орай аудан орталығындағы жастар демалыс орталығында да осы акция өз бастауын алды. Акцияға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы қызметкерлері, Қазталов ауылдық округінің әкімдігі, мекеме, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жеке кәсіпкерлер қатысты. Акция барысында жеке кәсіпкерлер Нұрлыбек Хайруллин мен Рамиля Сұпығалиева өз қаражаттары есебінен мектеп оқушысы Аяжан Ұзақбаеваға есеп-шот ашуға көмек көрсетсе, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Марат Тоясов және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айжан Жағыпарова лебіздерін білдіре отырып, естелік сыйлықтар табыс етті. Айта кетуіміз керек, акцияны ұйымдастыруда және кәсіпкерледі бұл акцияға тартуда жұмыстанған аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллинаның еңбегі зор. Бұл акцияға дейін ауданымызда бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен 17 балаға осындай есеп-шоттар ашылған болатын. «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясын кез-келген ниет білдіруші қолдай алады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ЖАЙЫҚ-ОРАЛ 2017» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 118 рет оқылды

20368795_304777833265445_2813717963821224995_o26 шілде күні ауданымызға XXI бірлескен Жайық өзеніндегі Қазақстан-Ресей тарихи-мәдениеттік, экологиялық, спорттық және туристік «Жайық-Орал 2017» халқаралық экспедициясының мүшелері келді. Экспедицияның мақсаты: Қазақстан мен Ресейдің арасындағы мәдени және шекаралық ынтымақтастықты нығайту, Жайық өзені көлікті шекаралас бассейні бірегей экожүйесінің қазіргі және болашақ адамзатқа сақталуын, қоршаған ортаға қамқорлық жасауды экологиялық және туристік мәдениетті келешек ұрпаққа дағдыландыру, салауатты өмір салтын және туризмді насихаттау болып табылады.  Экспедиция мүшелерін қарсылап алған аудан әкімі Абат Шыныбеков,- Қазталов ауданына қош келдіңіздер! — деген тілегін жеткізсе, дәстүрлі бауырсақ пен ақ ұсынылып, «Гүлдерайым» әжелер ансамблі қонақтардың құрметіне әндерден шашу шашты.

Қайрат ЖАҚЫП


НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҮШІН

Күні: , 154 рет оқылды

20429701_304547989955096_7515551386593568382_nҮстіміздегі жылдың «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» аясында 27 адам газ қондырғысының операторы, шаштараз және аспазшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқуға жолданды. Ал екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында несиелендіруге 148 млн. 452 мың қаражат, соның «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы арқылы 87 млн. 452 мың теңгенің 65 млн. 500 мың теңгесі бүгінгі күнде игеріліп отыр. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалы арқылы 61 млн. теңге бөлінсе, қазір 6 адам малдану мақсатында 27 млн. 400 мың теңгеге қол жеткізді. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 60 адам кәсіпкерлік негіздерінде оқып, сертификаттары табысталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


-АУЫЛДА КӘСІП ЖОҚ,-ДЕП КІМ АЙТАДЫ?..

Күні: , 162 рет оқылды

20286737_304080966668465_5712515747769893162_oАудан орталығындағы үлкен көшенің асфальт жолдың үстінде ат арба келеді. Асфальтқа тиген ат тұяғының дыбысы тық-тық, тық-тық… етеді. Арба үстінде саман кірпіш тиелген. Ат арбаның делбесін жүзін күн қаққан қырықтар шамасындағы аға ұстап отыр. Әдейілеп жолықтым. -Мейрам Мұратовпын,-деп өзін таныстырды. Мына саман кірпішті өзім дайындадым. Қазір сатуға алып бара жатырмын. Күніне 100-150-дей саман кірпіш соғамын. Әрбір кірпішті 90 теңгеден сатамын. Сонымен қатар тапсырыс берген адамға осы ат арбаммен жеткізіп бергенім үшін 500 теңге аламын. (Былайша айтқанда «Доставка на дом» деп күлді) Сондай-ақ осы ат арбамен сұраныс жасаған адамдарға қажетті тауарларын да жеткізіп тастаймын. Өзім тұрақты жұмыс болмағанмен, маусымды жұмыстарда істеп жүрмін. Үйде қой, жылқы малын ұстап отырмын,- деді. Ойланып қалдым… Ауылда жұмыс жоқ, кәсіп жоқ, тағы да кіл жоқ-жо-о-о-қты айтамыз да отырамыз. Ал мына аптап ыстықта даярлаған саман кірпішін сатуға алып бара жатырған Мейрам ағаны көргенде кәсіп жоқ деуіміз қате сияқты. Тек адамдардың адал еңбекке деген құлшынысы болса ғана жетіп жатқан сияқты…

Гауһар ӘДІЛЖАН


ҚАЗТАЛОВ — ОҚЫРМАНДАР ЕЛІ

Күні: , 132 рет оқылды

20449031_303964156680146_1321061522615239023_o— Бүгінде кітап оқитындар азайды-деп жиі айтып жатамыз. Ал осы мәселенің тереңіне бойламай пікір қалыптастыратын сияқтымыз. Олай дейтініміз — аудандық орталықтандырылған кітапхананың толықтыру бөлімінің кітапханашылары таңертеңнен кешке дейін жаңадан келген оқулықтарды кітапханаларға сұрыптаумен отырғанын көреміз. Толықтыру бөлімінің жетекшісі Ағырыс Алтаева,- аудан кітапханаларында 412 мың 973 кітап қоры бар. Биылғы жылдың алты айлығында 1 мың 995 жаңа кітаптар келді. Олардың ішінде Ақселеу Сейдімбековтің, Әлихан Бөкейхановтың еңбектері болса, тарихымызды түгендеген кітаптар да баршылық.,- дейді. Қазіргі күнде ауданымыздың кітапханалары 22 мыңның үстінде оқырмандарды қамтып отыр. Бұл аудан тұрғындарының 60 пайызға жуығы кітаппен дос деген сөз. Сондықтан біздің аудан оқырмандары көп аудан болып саналады деп айта аламыз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.