АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 25.07.2017


АРДАГЕРЛЕР БАҚША ӨСІРУДЕ. АЛ ЖАСТАРЫМЫЗ НЕГЕ КЕТПЕН ҰСТАМАЙДЫ?…

Күні: , 170 рет оқылды

20368891_303938466682715_7594203314511234073_o 20369019_303938953349333_2034464519946148745_oҚазталовта көкөніс егіп, кәдімгі қияр, қызанақ өсіріп, бақша қызығын көргендер өте сирек. Судың жағасында отырған ауыл болсақ та желкеміздің қыры жібермейді ме, әлде шөп-шаламды менсінбейміз бе, әйтеуір, бақша салуға жоқпыз. Дегенмен, жерді тырмалап, шыжыған күннің астында қолына күрек-кетпен ұстап, бақша салатындар аз да болса бар. Солардың қатарында қазталовтық Жұмабай Көшекенов ағамыз. Ғұмырына атакәсіп төрт түлік мал өсірумен айналысқан ағамыз зейнетке шыққаннан кейін бау-бақша салуды қолға алыпты. Қарасудың жағасында тұратын Жұмабай аға жылма-жыл бақша егіп, қыста жейтін ащысы мен тәттісін молынан даярлап алады. Бақшасында қияр, қызанақ, қызылша, асқабақ сынды көкөністермен қатар алма, бүлдірген, шие сияқты жеміс теректерін өсіріп, өнімін алып отыр. Жұмабай ағамызбен тілдескенімізде:- Зейнетке шыққасын мал бағуды балаларға тапсырып, аудан орталығына келдік. Жастайынан қара жұмысқа түсіп үйренген адамға қарап жатудың өзі қиын екен. Мен де қарап отырмайын деп бір жағынан еңбек, бір жағынан азық болатын бау-бақша дақылдарын өсіруді қолға алдым. Міне, үш жылдан бері осы жердің төсін еміп келеміз. Сатып ақша жасамасақ та қысқа банка жауып, артылғанын балаларға жіберіп жатамыз. Бүгінгі күнде еңбек еткен адамның бағы жанып тұр ғой,- деп ағынан жарылды. Сонымен қатар куә болғанымыздай ағамыздың көршісі еңбек ардагері Есентай Темірешев те білегін түріп, өз бақшасында еңбектеніп жатыр. Бұл ағаның да бақшасын көріп, қуанып қалдық. Осындайда ой келеді, тепсе темір үзетін замандастарымыз екі қолын қайда сыйғызарын білмей көшеде жүр. Ең болмағанда жаз айларында кетпен ұстаса, оның жемісін көрер еді… Жер-ананың адамзатқа берері көп қой. Еңбекке деген құлшынысы мол, қара жердің игілігін көріп отырған еңбекқор ағалалардың ісі – көпге үлгі болмақ.

Қайрат ЖАҚЫП


«КӨШІМ» ТҰҚЫМДЫ ЖЫЛҚЫ БАР

Күні: , 149 рет оқылды

20414307_303678803375348_4412869846555617164_oЖылқы шаруашылығын дамыту жобасы бойынша Болашақ ауылдық округіне қарасты «Жаңа тұрмыс» өндірістік кооперативінде, Ақпәтер ауылдық округіне қарасты «Қамқор», «Бейназар-Б» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды «Көшім» жылқысы өсірілуде. Осы шаруашылықтардың иелігінде 1318 бас асыл тұқымды жылқы, соның ішінде 407 бас аналық бар, қазіргі уақытта асыл тұқымды жылқы малы саттыққа ұсынылып, 5 бас сатылымға шығарылды. Сондай-ақ ағымдағы жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 8 шаруашылық 79 млн 975 мың теңге несие алуға қол жеткізді. Осы қаражатқа 13 бас бұқа, 277 бас ірі қара аналығы, 400 бас қой, 3 бас айғыр, 30 бас байтал сатып алынды. Бұл бағдарламалар бойынша өткен жылдың сәйкесті мерзіміне 6 шаруашылық несиеге алған 79,0 млн теңге қаражаттарына 8 бас өндіргіш бұқа, 189 бас ірі қара аналығы, 11 бас айғыр, 137 бас байтал сатып алынғын болатын.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«БЕРЕКЕНІҢ» БЕРЕКЕСІН КӨРГЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН?!…

Күні: , 280 рет оқылды

20280599_303677966708765_8355511090764277871_oЖеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздықты азайту, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында «Береке» несиелік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы мүйізді ірі қара малын бордақылаумен айналысатын 8 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері (АӨК) жаңадан құрылып, жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге аудан бойынша есепте тұрған 21 ауылшаруашылық кооперативінің құрамына 1103 тұрғын мүшелікке енген, онда 7093 бас ірі мүйізді қара, соның ішінде 6836 аналық мал тіркелген. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде «Береке» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалына 36 жеке тұлға 111 млн 500 мың теңге, «Игілік» бағдарламасы бойынша 13 жеке тұлға 54 млн 100 мың теңге несие алуға қол жеткізсе, 3 жеке тұлғаның 7 млн 100 мың теңге несие алуға берген өтінімдері мақұлданып, несиелендіру сатысында. Бүгінгі күні осы несиелік бағдарламалармен барлығы 52 адам 172 млн 700 мың теңге несиелік қаражаттармен қамтылып, мал шаруашылығымен шұғылдануда.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ҚОС ӨЗЕННЕН ҚАЛЫҚТАП ҰШҚАН ӘСЕМ ӘН»

Күні: , 136 рет оқылды

20157994_302516363491592_6063851443895158204_o 20229453_302517013491527_6479925296103298201_oАдамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. Ән бір жерден үйлесімін тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады…
21 шілде аудан орталығындағы «Достық» саябағында ауданымыздың атын асқақтатып, көптеген әндерді дүниеге әкеліп, аянбай еңбек етіп жүрген жерлес композиторлар мен ақындардың әндерін дәріптеу мақсатында «Қос өзеннен қалықтап ұшқан әсем ән» атты концерт өтті. Бұл концертте жерлестеріміз Сағит Садықов, Темірәлі Бақтыгереев, Сағидолла Нығметов, Баян Қабиева, Дархан Дәулетияров, Әділбек Сүлейменов, Нұрлан Нығметов, Гүлбаршын Қасиетова, Өтеген Шоқпанов, Сәуле Қарабалина сынды ақын, композиторлардың жанды тебірентер әндерін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шебер орындап, саябаққа келген көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Қайрат ЖАҚЫП


БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА…

Күні: , 106 рет оқылды

20157136_302407130169182_4865771322227458177_o21 шілде күні аудандық кітапхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Меңсұлу Сейфуллинаның ұйымдастыруымен жазғы лагерьде демалыста жүрген оқушыларға «Қандай кітапты таңдар едің?» атты сауалнама жүргізді. Бөлім меңгерушісі оқушыларға кітапханаға келгенде өзін-өзі ұстау әдебі, кітапты ұқыпты ұстау сынды жадынамалар айтып, сауалнамалар таратты.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЫБЫРАЙ САУАНОВТЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ШАРА

Күні: , 144 рет оқылды

20157440_302406260169269_1319216800031769795_oЕлбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп жазылған болатын. Осы мақсатта 21 шілде аудандық кітапхананың оқырмандарды қамту бөлімінде жерлесіміз, Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Сауановтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Еңбек ері» атты әдеби кеш өтті. Шарада кітапханашылар Ыбырай Сауановтың өмірдерегімен таныстырып, аудан орталығындағы Ы.Сауанов көшесінің тұрғындары шақырылып, өздерінің ойларымен бөлісті. Сонымен қатар Аружан Хайрукова мәнерлеп өлең оқыды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ҚАРҚЫН АЛУДА

Күні: , 148 рет оқылды

20157965_302095633533665_4815298710710674879_oАуданда қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қарқын ала бастады. Аудан бойынша 228000 тонна табиғи мал азығын дайындау жоспары тұрса, 19 шілдеге дейін (аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінен) 57,668 тонна шөп дайындалып отыр. Мал азығын дайындауға 295 техника қатысуда. Мал азығын дайындауда Қараоба ауылдық округі берілген жоспардың 44,5 пайызын орындаса, Қарасу ауылдық округі 34,1 пайызын, Қараөзен ауылдық округі 32,5 пайызын орындап көш бастап келеді. Ал шабындық алқаптары мол Бостандық және Ақпәтер ауылдық округтері 9,8 пайыз және 11,7 пайызын ғана дайындаған. Қазіргі күнде шілденің аптапты ыстығы өз күшіне еніп, әрі аңызақ желдің де күшейіп тұрған уақыты. Бұл дала өртінің болуына да себепші. Сондықтан барынша сақ болайық!

«Ауыл айнасы» ақпарат


«АЛҒАНЫ» АЛҒА СҮЙРЕГЕН ЖАС ЖІГІТ

Күні: , 112 рет оқылды

20121321_302003233542905_1183656590413961729_oҚазақтың ата кәсібі – мал бағу болғандықтан бүгінгі біздің өміріміз де осы кәсіппен тығыз байланысты. Ауданымызда бейнеті мен зейнеті қатар жүретін ата кәсібімізді жандандырып жатырған жастарымыз баршылық. Солардың қатарында «Алға» шаруа қожалығының жетекшісі Айсұлтан Сағынғалиевті айтуымызға болады. 22 жастағы жалындаған жас жігіт Қапай қыстағында ірі қара мал өсіруді қолға алып, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатыр.

Қайрат ЖАҚЫП


МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Күні: , 142 рет оқылды

20157448_301645633578665_8020263170368787682_o«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз болашақ» атты партиялық жобасы ауданымызда іске асырылуда. Бұл орайда мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру, әлеуметтік бейімделуіне қоғамды тарту, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге араластыру бағытындағы жұмыстар – ауданның бастауыш партия ұйымдары өздерінің басты міндетіне айналдырып отыр. 18 шілде күні партиялық жоба аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Марат Тоясов, филиалдың сектор меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Гүлфия Кушваева аудан орталығында тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып, жағдайларымен танысты. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында осы жылдың бірінші жартыжылдығында 15 мүгедек жұмыспен қамтылса, соның үшеуі бүгінгі күнде тұрақты жұмыспен қамтылған. Мысалы, еңбекке жарамды топ мүгедегі Дильяра Ахатаева аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмысқа алынды. Сондай-ақ партиялық жоба аясындағы топ мүшелері екінші топтағы мүгедек Шырайлым Жаңбыршинаның үйінде болып, жағдайымен де танысты. Ал Жаңажол ауылдық округі бастауыш партия ұйымының төрайымы Марзия Сисенова округ әкімдігі қызметкерлерімен бірге үшінші топтағы мүгедек Елтай Батыровтың шаңырағында болып, тұрмыстық жағдайымен танысты. Осы округтің тұрғыны мүмкіндігі шектеулі Мұрадым Теменов партия ұйымының ықпалымен арнайы кәсіптік оқуға жіберілді. Алдағы уақытта да «Кедергісіз болашақ» партиялық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы басты назарында ұстайтын болады.
 

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.