АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.07.2017


СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 94 рет оқылды

20045728_301308763612352_6141971212347651488_o18 шілде күні ауданымызға Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары кезінде халық қалаулылары Жалпақтал және Қазталов ауылдарындағы құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатырған жұмыстармен танысты. Айта кетсек, ауданымызда биылғы жылы 4 млд теңгені құрайтын жобалар іске асуда. Солардың қатарында Жалпақтал, Қараөзен ауылдық округтеріндегі «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылып жатырған ауыз су жүйесі, және Жалпақтал ауылындағы Масалимов атындағы көшенің қара жамылғы мен жаяу жүргіншіге арналған тротуар төсеу жұмыстары. Сонымен қатар округ орталығындағы «Ертегі» бала бақшасының күрделі жөндеу өтуде. Ал Қазталов ауылында 100 орындық интернат пен 1 пәтерлік 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ауданымыздағы басты жобалардың бірі – Чапаев-Жалпақтал-Қазталов күре жолының жөнделуі. Бұл жұмыстарға биылғы жылы 2,3 млд теңге қаражат бөлінген. Құрылыс нысандарын аралағаннан кейін халық қалаулылары «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесті. Кездесуде сенат депутаты биылғы жылы жоғарғы палатада «100 нақты қадам» бағдарламасының аясында қабылданған заң жобалары туралы айта келіп, Елбасымыздың биылғы үндеуі мен мақаласы туралы кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ кездесуде қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді қабылдап, қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды.

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 144 рет оқылды

20023998_301104886966073_8181998536852075441_o18 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып жүлделі орын алып келген Оралхан Қабдолғазизов пен Әділжан Нұртаевты қабылдады. 32 келі салмақта Оралхан жарыста жатып көтеруден 2 орынды, Әділжан 36 келі салмақта жатып көтеруден 3 орынды және поуэрлифтингтен 3 орынды иеленген болатын. Осындай жас спортшыларды республикалық жарыстан жеңіс тұғырынан көрінуіне жаттықтырушысы Айдын Елемесовтің еңбегі зор. Қабылдауда аудан әкімі Абат Абайұлы, -Алдағы уақытта да аламан бәйгелерде топ жарып, аудан спортын өрге сүйреуде өздеріңнің сүбелі үлестеріңді қосады деп сенім білдіремін. Еліміздің ертеңі өздерің секілді жастардың қолында. Әрдайым талаптың төрінен, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер, -деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ жас спортшыларды алғыс хатпен марапаттады.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ӘЖІБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Күні: , 128 рет оқылды

20232397_300922770317618_7035682059982919123_o17 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Бірік ауылдық округінде болып, халық жиынына қатысты. Жиында ауыл әкімі Батырхан Байғонақов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Жиында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков үкіметіміз қойып отырған міндеттің бірі — кәсіпкерлікті дамыту, соның ішінде ауданымыздың бірден-бір үлкен саласы болып саналатын мал шаруашылығымен айналысу, жұмыссыздықты азайту сынды мәселелерге тоқталып, әлеуметтік бағыттағы атқарылатын істерден де тысқары қалмау қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты адамдардың өз денсаулығының өздерінің қолында екендігін түсіндіріп, қажетті талаптардың орындалуын, ол үшін тиісті мекемелердің жұмыстануы жөніндегі міндеттерге тоқталды. Жиында сөз алған ауыл тұрғындары Қазталовпен жалғастырып тұрған грейдер және ауылішілік жолдарды жөндеуден өткізу, тоғанға өзеннен су айдау, интернет желісіне қосылу мәселелері төңірегінде ой-ұсыныстарын айтса, мал дәрігерлік қызметін арттыру бағытында да сыни пікірлерін ортаға салды. Жиында аудан әкімі қойылған сауалдарға жауаптар қайтара келіп, мекеме-ұйымдарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Әсем БОЛАТ


ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ

Күні: , 114 рет оқылды

20024132_300810930328802_7272895602011012064_o17 шілде күні Қазталов ауданы Әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиевамен БАҚ өкілдері, блогерлер, қоғамдық ұйым өкілдері брифинг өткізді. — Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Қазталов ауданының Әділет басқармасының құзыретіне заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, зияткерлік меншікті қорғау және тұрғындарға құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар әділет қызметінің бір бағыты сот актілерін орындау болып табылады. Ауданымыз бойынша 2 мемлекеттік сот орындаушысы Қазталов және Жалпақтал ауылдарында, 1 жеке сот орындаушысы Қазталов ауылында жұмыс жасауда. 2016 жылғы 29 наурыздағы ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру, құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» заңының 23 бабы 1 тармағына, яғни мемлекеттік тіркеу тіркеуші өтіні келіп түскен сәттен бастап «5 жұмыс күні» дегеннің орнына «3 жұмыс күн» деп өзгертілді. Ал заңды тұлғаларды тіркеу «1 жұмыс күн» ішінде, егер egov.kz порталы арқылы болса «1 сағат ішінде» атқарылады. Бұны аудан тұрғындары біліп жүрулері абзал. Сондай-ақ тұрғындардың білместігінен құқық беруші құжаттың тіркеуге жататын 6 айлық мерзімінің өтуіне байланысты (Тұрғындар жылжымайтын мүліті сатып алған немесе жалға алған жағдайда Әділет басқармасына тіркетулері қажет) «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 460 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс болып табылады. Осы орайда аудан бойынша 62 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 58 жеке тұлғаға, 4 заңды тұлғаға жалпы құны 839 530 теңге айыппұл салынып, күні бүгінге оның 748770 теңгесі өндірілді. Осы мәселеге қатысты тұрғындар әділет басқармасына міндетті түрде тіркелуі қажет немесе кеңестер алуларына болады. Басқарманың құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету саласы бойынша: аудан аумағында 1 жеке нотариус заңгерлік қызмет жасайды,- деді. Брифингтегі,- ауданда адвокат қызметі және қоғамдық бірлестікті қалай тіркетуге болады? -деген сауалға,- ауданымыздың аумағында 1 жеке адвокат қызмет атқарып жатыр. Ал қоғамдық бірлестікті тіркету үшін облыстағы әділет басқармасына жүгіну қажет,- деген жауап қайтарды.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚАРАСУ – ӨЗ ӨЛКЕСІН ТАНУҒА ҚҰЛШЫНЫС БІЛДІРУДЕ

Күні: , 140 рет оқылды

20023744_300738837002678_6419040192061132147_o 20023807_300738610336034_2987876719149923084_o 20139639_300738700336025_1206253472790813029_nЕлбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая¬сат¬тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.» — деген еді. Бұдан туар ой әрбір елді мекендің тарихын, сол жерде өсіп-өнген бабалардың жүріп өткен жолдарын бүгінгі өскелең ұрпаққа жеткізуде танымдық мұражайлардың атқарар рөлі зор. Өткен жұмада аудан әкімі округтерге жұмыс сапарымен барғанда, кітапхана қызметкерлеріне, ұстаздарға осы мәселе төңірегінде көбірек жұмыстану керек екендігін айтты. Соның бір айғағындай шалғайда жатқан Қарасу ауылында мектеп жанында жаңадан құрылып жатқан өлкетану мұражайы мен мектеп кітапханасындағы іргелі істерге аудан әкімі ризашылығын білдіріп, әрі қарай дамыта түсуді тапсырды.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.