АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 17.07.2017


АУДАН ӘКІМІ ҚАРАСУ ОКРУГІНДЕ

Күні: , 144 рет оқылды

19575124_299947620415133_4674654910540749756_o15 шілде күні Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков Қарасу ауылдық округінде болып, Жұлдыз, Қарасу ауылдарындағы бір қатар әлеуметтік нысандарды аралады. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Қарасу ауылдық округінде 1584 адам тұрып жатыр. Округ орталығы Қарасу ауылына көгілдір отын тартылған. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша округ орталығында шағын футбол алаңы салынып жатыр. Округтегі басты проблемалық мәселенің бірі — таза ауыз судың тапшылығы. Тұрғындар өз күштерімен құдық қазып немесе көрші ауылдардан тасып ішуде. Округтің тыныс-тіршілігімен танысқан аудан басшысы округ тұрғындарымен де кездесіп, бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. — Қарасу ауылына ауыз суды тарту үшін барлық сметалық құжаттарды жасап жатырмыз. Келесі жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су тартып беру көзделіп отыр. Алдағы уақытта Қарасу ауылына жақын орналасқан ауыз су көзін табу керек. Бұл мәселенің оңтайлы шешілуі жолдарын да қарастырып жатырмыз,- деді Абат Абайұлы. Сонымен қатар кездесуде округтегі Арыстан бөгетін жөндеу, Жұлдыз ауылына жаңа мектеп салу, Ащысай елді мекеніндегі көбікті тереңдетіп қазу, Бостандық ауылындағы бастауыш мектептің шатырын ауыстыру сияқты біраз мәселелер талқыланып, тұрғындарды толғандырып жүрген сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Қайрат ЖАҚЫП


АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КИНО ФИЛЬМ. ЖАСТАРДЫҢ ТІЛЕГІ

Күні: , 99 рет оқылды

20023840_299816537094908_1598040024221570991_oКино қазақ қызының үлкен қаладағы өмірі туралы. Қарапайым қыздың адамның абыройы әлеуметтік желідегі статусы және гламурмен өлшенетін әлемде өзін қалай ұстайтындығы бейнеленген. Гламур дегеніміз не? Гламур – адаманың эстетикалық феномені. Соны адам заманына сай қабылдауы… 19 жастағы Ұлжан бар өмірін ауылда өткізген. Ата-анасы тұрмысқа беріп жібермеу үшін ол мектепті бітіре сала қаладағы өзі ешқашан көрмеген әпкесіне қашып кетеді. Қалаға келген қыз әлеуметтік желі арқылы танымал болуды армандайды. Бірақ әпкесі оның бұл ісіне қарсылық танытады. Ұлжан дегеніне жетті ме? Бұл сұрақты фильмнің соңында көрермендер жауап алды. 14 шілде күні «Достық» саябағына жиналған көрермендер ашық аспан астында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрсетілген фильмнен жақсы әсер алды. Сонымен қатар тамылжыған кеште жаңа отау құрған екі жас Бауыржан мен Әйгерім Шаңырақтың астында үлкен өмірге алғашқы қадам басқандарынан естелік ретінде суретке түсті. Осы жүздерінен бақыт, қуаныш ұялаған бір топ жастарды әңгімеге тартқанда олар: -Осындай әсем де керемет «Достық» саябағын жасауға қамқорлық жасаған бұрынғы қызмет істеп кеткен аудан әкімі Нұрлан Мағазұлына рахметіміз шексіз. Ал жаңадан қызметке кірісіп жатқан түрлі руханият істердің басында жүретін Абат ағамыз әрі қарай бұл саябақты жастардың нағыз демалыс орнына айналдырады деп ойлаймыз, -деген жүрекжарды тілектерін жеткізді. Біз де жастарға, -Отауларыңыз берік болсын, қол ұстасып бірге жүре беріңіздер! -деген тілегімізді білдірдік.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ОКРУГТЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 124 рет оқылды

19983615_299666377109924_2639672016994980672_o14 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болды. Осы округтердегі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысқан аудан басшысы ауыл тұрғындарымен де кездесулер өткізді. Кездесулерде тұрғындармен ашық-жарқын әңгімелескен Абат Абайұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымыздың рухани даму жолы деген бағаға ие әрі саяси құжат болып табылатындығын атап өтті. Ондағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білуінде жатқандығын тілге тиек етті. — Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атады. Елбасы «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап өтіп, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Біз жас ұрпаққа туған жерлері туралы, олардың тарихқа толы тасы мен төбесін, аңызға толы атауы мен әрбір тұлғасын дәріптеп, тәрбиелеуіміз қажет,- деген жалынды сөздерімен кездесулерге келген тұрғындарға ой тастады. Кездесулерде аудан басшысы округтерде атқарылып жатырған жұмыстарға да тоқталды. Атап айтсақ, Қайыңды мен Болашақ ауылдық округтерінде бүгінгі күнде біршама тыңғылықты жұмыстар атқарылған. Қайыңдыда жобалық құны 189 млн 493 мың теңгені құрайтын «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су тартылып жатса, 15 млн теңгеге ФАП күрделі жөндеуден өткен. Мектеп бітіруші түлектер мектеп ауласынан 450 мың теңгеге ойын алаңын салып берген. Алдағы уақытта саябақты қоршау, ішкі жолдарды көтеру сияқты жұмыстар атқарылмақ. Ал Болашақ ауылдық округінде 2013 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы тартылған ауыз судың игілігін ауыл тұрғындары көріп жатса, округ орталығындағы интернат ғимараты жөнделіп, биылғы жылы жаңа УАЗ аутокөлігі сатып алынған. Округтегі жоспардағы жұмыстар санатына өртке қарсы пункт салу, бөгеттерді тазалау енген. Округтегі басты мәселе Богатырев орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу болып отыр.

Қайрат ЖАҚЫП


«ГҮЛДЕРАЙЫМ» АНСАМБЛІНІҢ ӘСЕРЛІ КЕШІ ӨТТІ

Күні: , 140 рет оқылды

20017597_298842113859017_2642390729267368829_o 20023998_298842100525685_2617425391062016774_o 20045716_298841810525714_4683739689664656881_o13 шілде күні аудандық «Гүлдерайым» әжелер ансамблі Бостандық ауылының тұрғындарына «Ардагерлерден сәлем» концерттік бағдарламаларын ұсынды. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы туралы өз ойымен бөлісті. Әжелер ансамблінің мүшелері халық және Шәмші Қалдыаяқов әндерін орындап, қатысушы көрермендерді бір серпілтіп тастаса, Қадырбек Балғынов ағамыз қазақтың қара домбырасымен күмбірлете күй тартты. Қазақ биін билеген Нұрия апамыз кәсіби бишілермен бірдей биледі десек те болады. Шара барысында орындалған әндер көрермендер көңілене шыққаны соншалық, бірге қосылып ән айтып, би де білеп, сыйлықтар да табысталды. Шара соңында Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов, Бостандық ауылдық бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жапақов, «Тоғжан» аналар кеңесінің төрайымы Алтын Ақбаева, «Асыл әжелер» ансамблінің мүшесі Бану Шынтемірова сөз алып, «Гүлдерайым» ансамбліне ұмытылмастай әсерлі кеш өткізгендеріне ризашылықтарын айта келе, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ

Күні: , 112 рет оқылды

19956726_298841067192455_5284567685462540436_o14 шілде күні аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Абзал Елтаевпен БАҚ өкілдері, блогерлер брифинг өткізді. (Бөлім басшысы іссапарда болуына байланысты брифингте себепті жағдайда қатыса алмады.) -Аудандық сәулет, қала құрылысы бөлімі бойынша «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде нысандардың жалпы құны — 2 323 838,0 мың теңгені құрайтын жұмыстарды қолға алуда. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 840 261,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 290191,0 мың теңге бөлінген. Соның ішінде Қазталов ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта 4 адам жұмысқа тартылды. Ал Жалпақтал, Талдыапан, Ақпәтер ауылдарында да «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша осы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ аудан орталығында мектеп интернат құрылысының аяқталу мерзімі де жақындап қалды. Қазталов ауылында 22 коммуналдық-жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аудан орталығындағы саз мектебінің жобалау-сметалық құжаттары жасалынып отырса, Жұлдыз ауылындағы 108 орындық мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Бұнымен қатар Қазталов, Жалпақтал ауылдарында қалдықтар алаңы құрылысын салу жұмысы жүргізілмекші. Тағы бір айтар мәселе — аудан орталығында және Жалпақтал ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу үшін ЖСҚ дайындау аяқталып, сараптамалық-конкурстық жұмыстары дайындалуда. Қазталов ауылындағы 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жасалып жатса, Жалпақтал, Қазталов ауылдарындағы 61 және 85 жер телімдеріне инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалды, -деді. Брифингте блогерлер қойып жүрген сауалдың бірі — Лекерден келіп тұрған ауыз судың үзіліспен берілетіндігі туралы мәселе 14 шілде күні өткен халық жиынында тұрғындарға түсіндіріліп, айтылды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ

Күні: , 152 рет оқылды

20017661_298840513859177_6267554876539075274_o14 шілде күні аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Саламат Байдуллинмен БАҚ өкілдері, блогерлер брифинг өткізді. (Бөлім басшысы ісспарда болуына байланысты себепті жағдаймен қатыса алмады) Бөлімнің бас маманының айтуынша: — 2016 жылы аудан бойынша тұрғын үй кезегінде жалпы саны — 182 адам тұрса, биылғы жартыжылдықта ол 210-ға жеткен. Қазталов ауылынан тұрғын үй сатып алуға 11 200,0 мың теңге бөлініп, төрт тұрғын үй сатылып алынды. Сондай-ақ өткен жылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою шешімі бойынша 13 адамға көмек көрсетілсе, биылғы жылы 22 адамға көмек көрсетіліп отыр. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 8 көп пәтерлі тұрғын үйлер жөндеуден өткізілсе, Күні бүгінге дейін 9 пәтер иелері 335 мың теңгенің тұрғын үй көмегін алып отыр. Қазталов ауылішілік жолдарды күтіп ұстауға 1 626, 0 мың теңге қаражатқа мердігер «Қуан құрылыс» ЖШС, Жалпақтал, Қараөзен ауылішілік жолдарды 1 716,0 мың теңге қаражатқа мердігер «Дорремсервис» ЖШС күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Қазталов ауылында 2,3 шақырым жаяу жүргінші жолын салуға 42 904,0 теңге, ал Жалпақтал ауылына 0,9 шақырым жаяу жүргінші жолын салуға 14 857,0 мың теңге қаражатқа конкурс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Бостандық, Әжібай, Талдыапан ауылішілік жолын күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатса, Қазталов ауылішілік 3 шақырым жолды күрделі жөндеу үшін сараптама жасалуда. Қазталов-Орал бағытында жолаушылар тасымалы үшін Қазталов несие серіктестігі арқылы автобус сатып алу жолспарлануда. Сондай-ақ Қазталов ауылы ішіне арнайы қалдықтар үшін 30 контейнер қою да жоспарлануда, -деді бас маман.

Әсем БОЛАТ


АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫРҒАН ІСТЕР БАРШЫЛЫҚ, АТҚАРЫЛАР ІСТЕР ДЕ КӨП

Күні: , 80 рет оқылды

20045438_298819440527951_6250027387116244842_o14 шілде күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Абат Шыныбеков округ тұрғындары өкілдерімен, қауымдастық мүшелерімен, қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен кездесу жиынын өткізді. Жиында Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев ағымдағы жылдың алты айында атқарылған істер жөнінде баяндады. Сөз алған аудан әкімі, -Аудан орталығында атқарылып жатырған істерге тоқтала келіп алда атқарылар жұмыстар жөнінде де айтып өтті. Халық жиынында сөз алған тұрғындар «Ақбұлақ» бағдарламасының іске асырылып жатқаны, Қарасудың экологиялық жағдайы, ауылішілік жолдарды жөндеу, асфальт төсеу тағы басқа да мәселелер төңірегіндегі ой-ұсыныстарын ортаға салды. Бұл мәселелер жөнінде тиісті жауаптар қайтарылды. Халық жиынында аудан әкімі Қазталов ауылдық округі әкімдігіне үміткерлерді таныстырды.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ОРТАЛЫҚТА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Күні: , 120 рет оқылды

19956687_298777013865527_2497013995728209882_o 20032083_298776527198909_7977797708627610989_n14 шілде күні Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы атқарылып жатырған құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол — аудан орталығында бой көтеріп жатырған 100 орындық интернат құрылысы, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауыз су жүйесі және коммуналды-жалдамалы 22 үйдің құрылысы жұмыстары. Айта кеткеніміз жөн интернат құрылысына облыстық бюджеттен 286 млн 485 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «СәттіҚұрылыс» ЖШС атқарып жатыр. Ал «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылып жатырған ауыз су жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 244 млн 606 мың теңге қаражат бөлінген. Ауыз су құбырын «БатысГазСтрой» ЖШС мекемесі тартып жатыр. Бұл екі жобаның жұмыстары былтырғы жылы бастау алған болатын. Коммуналды-жалдамалы 22 үйдің құрылысы жұмыстарына облыстық бюджеттен 166 млн 555 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып, құрылыс жұмыстарын «ЖолаушыЖол» ЖШС ұтып алып, осы жылдың мамыр айында бастап та кеткен. Құрылыс нысандарын аралап, танысқан аудан әкімі осы жұмыстарға жауапты бөлім басшыларына құрылыс жұмыстарының сапалы да уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА…

Күні: , 112 рет оқылды

19944667_298532390556656_1309988929441815444_o13 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтеріне жұмыс сапары жалғасты. Аталмыш округтердерді аралаған аудан әкімі округ орталықтарындағы әлеуметтік және құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты. Қараоба ауылында әлеуметтік нысандардың барлығы дерлік күрделі жөндеуден өтіп тұр. 2012 жылдан бері «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауыз су өткен болатын. Бүгінгі таңда қараобалық ағайын пайдасын көруде. Аудан орталығынан шалғайда ораналасқанымен Қараоба ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Соңғы жылдары мал басының жоғары қарқынмен өсуі байқалады. Ауылдық округтің әкімі Нұрлығали Дүйсеков ауылдың көрейуі мен дамуы жолында тұрғындармен бірлесе қызмет жасап жүргенін атап айтуға болады. Шешімін таппай жүрген мәселелер: ауылда интернет желісінің дұрсы жасамауы және техникалық су тарту жағдайы. Ал Қошанкөл ауылдық округінде биылғы жылы Ғали Беғалиев атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Республикалық бюджет есебінен жөндеу жұмыстарына 147 млн 695 мың теңге қаражат бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстарының құрылысын «БатысСтройСервис» ЖШС жүргізуде. Жөндеу жұмыстарында 40 адам қызмет атқарып жатса, оның 23-і ауыл тұрғындарыннан тартылған. Алдағы оқу маусымына жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Сонымен қатар Қошанкөл ауылдық округінде биылғы жылы футбол алаңын салу жоспарланып жатса, орталықтағы саябақтың абаттандыру және қоршау жұмыстары ауыл азаматтарының қолдауымен басталып та кеткен. Округте Медет сайына техникалық су тарту, мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, Ордабай ауылына ауыз су тарту, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер құру сияқты өзекті мәселелер шешімін табуды қажет етеді. Тереңкөл ауылдық округі. Ауыл шаруашылығы дамығын, төрт түлік мал өсіріп, барлық мемлекеттік бағдарламалардың жемісін көріп отырған округтардың бірі. Былтырғы жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су тартылып, округтегі басты проблемалық мәселе шешілген болатын. Округ орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан Апандой деген жерден табиғи таза ауыз су жүйесі тартылып, халықтың қуанышында шек болған жоқ. Соынымен қатар Тереңкөл орта мектебі де күрделі жөндеуден өтіп, балалардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып отыр. Тереңкөлдіктердің игіліген пайдалану үшін ауылдағы кәсіпкер Нұрғазы Садықов «Алтын Орда» мейрамханасын салған болатын. Бүгінгі ауыл тұрғындары ғана емес көрші ауылдардың тұрғындары келіп осы мейрамханада жақсылықтарын атқарып жатады. Тағы да бір атқарылған жұмыстардың бірі – округ орталығындағы футбол алшылуы. Былтырғы жылдан бері округте үкімет тарапынан қомақты қаржы қарайтын жұмыстар атқарылды. Алдағы күннің жоспарында «Бөбекжай» балабақшасының жылыту жүйесін ауыстыру мен Беспішен ауылының бөгетін тазалау мәселелері тұр. Аудан әкімі жұмыс сапары кезінде Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, атқарылыған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы әңгіме қозғады. Кездесулерде округтердің тұрғындарының ұсыныс, пікірлерін тыңдап, қордаланған мәселелердің шешу жолдарымен де бөлісті. Сондай-ақ кездесулерде аудан әкімі осы округтердің әкімдері лауазымына сайланатын үміткерлерді таныстырды.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.