АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 14.07.2017


АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ

Күні: , 112 рет оқылды

19956792_298489197227642_1879265864747692291_o13 шілде күні Қазталов аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев БАҚ өкілдерімен және блогерлермен брифинг өткізді. Бөлім басшысы айтып өткендей, -Мекемеде 115 жұмысшы қызмет атқарса, соның 78-і маман ветеринариялық дәрігерлер. Биылғы жылы аса қауіпті ауруларға қарсы зерттеу және профилактикалық алдын алу үшін ауданымызға 97 млн. теңге қаражат бөлінген екен. Аудан бойынша құтыру, пастереллез, сібір жарасы және тағы басқа ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліпті. Сондай-ақ күні бүгінде ауданда 46980 ірі қара малы зерттеліп, тек соның 2,7 пайызы ғана зақымдануды құраған. Ал ұсақ малдар бойынша 104,615 бас зерттеліп, соның 0,12 пайызы ғана зақымдануды құрап отыр. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстары бойынша Қазталов және Болашақ ауылдық округтерінде екі қайтара 43,579 бас тексеріліп, оң нәтиже берсе, 171 бас санитариялық сойылымға тапсырылды. Алты айдың ішінде аудандағы агроқұрылым жетекшілері мен облыстық ветеринария басқармасы және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессорларының қатысуымен бруцеллез ауруы туралы, оған қарсы іс-шаралар ұйымдастыру туралы семинар-кеңестер оздырылды. Сондай-ақ аудан бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аластату мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге қаражат бөлініп, 1 мың бас жануарларды аластату жоспарланған болатын. Соның 70 пайызы орындалып отыр, -деді. БРИФИНГТЕ ҚОЙЫЛҒАН — қаңғыбас аластатылған ит, мысық сияқты жануарлардың өлімтігі көп жағдайларда көшеде немесе бейтарап жерлерде ұзақ жатып қалады. Осыны дер кезінде неге жиналмайды? -деген сауалға, -Ондай жағдайлардың кездесіп қалып жатқаны рас. Бірақ тұрғындар мына бір мәселені ұғынса екен дейміз. Біздің мекеме арнайы жоспармен ғана қызмет жасайды. Негізінен иесіз иттер мен мысықтарға арнайы Виварий (арнайы орын) болу керек. Ал ол аудан орталықтарында жоқ. Және оған көп қаражат қажет етіледі. Біздің мекеме өздері аластатқан жануарларды дер кезінде жинап алғанмен де, кейбір жеке тұрғындар біздің тарапымыздан тыс өлген ит, мысықтарды арнайы орынға апармай, үй сыртына лақтырып тастау фактілері көп кездесуде. Бұл айналамыз үшін өте қауіпті екенін ескеру керек. Жалпы ит, мысықтарды аластатудың өзі де жоспарлы болғаны дұрыс. Түгел бұл жануарлардан құтылу деген екінші бір қолайсыздықты тудыратынын да ұмытпауымыз керек. Сондықтан ит, мысық асыраушылар белгілі ережеге сәйкес ұстаса екен, -деген жауап қайтарылды.

Әсем БОЛАТ


«ӨНЕРПАЗДАР КЕРУЕНІ» ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ

Күні: , 149 рет оқылды

19989392_1814043612240547_270144185561265976_nҚазталов аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінен құралған «Өнерпаздар керуені» елді мекендерге өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынуда. 12 шілде күні Боранғали Сәртөк жетекшілік жасайтын «Өнерпаздар керуені» Қаракөл, Қоныс елді мекендерінде болды. Құрамында Тауасих Тақаев, Өтеген Шоқпанов, Оралхан Ерғалиев болған бұл концерттік бағдарламада ауыл тұрғындары ән-күй, термеден бір серпіліп қалса, жерлесіміз, республикалық «Жас қанат» байқауының 3 орын иегері Айбек Дәулетқалиев ауылға демалысқа келіп жатса да, демалып жатпай өзінің жерлестеріне әдемі әндерден сый жасады. Бүгін «Өнерпаздар керуенінің» мүшелері Мүрат Ахметов, Данагүл Жұмабаева, Мерболат Қабошев, Балғаным Ғұбашева, Ботагөз Махатова, Динара Қадерова Бозоба, Сексенбаев елді мекендеріне өздерінің әсем әндерін тыңдарманға ұсынуға жолға шықты. Жұрт көңілінен шығып жүрген аудан өнерпаздарының әсем әндерін шалғай елді мекендердегі тұрғындар орталықтарда өтетін концерттерге қатыса алмай қалатын еді. Енді міне, соның орны толмақшы. «Өнерпаздар керуені» аудандағы 54 елді мекеннің барлығына да өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынатын болады.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІМЕН ӨТКІЗІЛГЕН БРИФИНГ

Күні: , 164 рет оқылды

19944583_298393943903834_870172423117435446_o13 шілде күні аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Артур Айтжанов 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында артқарылған жұмысы жөнінде БАҚ өкілдерімен және блогерлермен брифинг өткізді. Бөлім басшысының айтып өткеніндей, -Ауданымыздың жалпы территориясы 1 860 581 га жерді құрайды. Соның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 587487,0 га болса, елді мекен жерлері 220384 гектар. Ал өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс тағы басқа жерлер 2814 га жар болса, су қорының жерлері 10462,0 га, босалқы жерлер 1039434 га болып отыр. Өткен жылы 102 агросубъектілерден 73999,0 га жер учаскелері мемлекет меншегіне қайтарылған көрінеді. Ағымдағы жылы ауданның шаруа қожалықтары өз есептерінен 5200,0 га егістік жерлерін басқа алқап түрлеріне ауыстырған. Былайша айтқанда жайылым есебіне аударған. Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 28 жер учаскесі, жалпы көлемі 2,8 га жер учаскелері беріліпті. Жалпақтал ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін дайын алаңдар болмауына байланысты 28 азамат күні бүгін кезекте тұр екен. Сондай-ақ ҚРАШМ 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде аудан бойынша маусымдық мал жайылатын жайылымдық жер учаскелері бекітілу үстінде, -деді. Бөлім басшысы сонымен қатар жер бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін де түсіндіріп өтті. Брифингте тікелей желі арқылы қожалық құру үшін жер беру тәртібі бұрынғы ереже бойынша болып жатыр ма? және аудан орталығындағы базар жанындағы аутокөлік тоқтайтын алаң кімнің құзырында? -деген сауалдар берілді. Бұл сауалдар бойынша бірінші сауалға қожалық құру үшін жер ҚР-ның 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 жер кодексінің 43 бабы бойынша беріліп жатқанын және де екінші сауал бойынша базар жанындағы алаңның әзірше тиісті құзырлы органдардың жұмыстанып жатқанын жеткізді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


КАНАЛ АРҚЫЛЫ СУ ТАРТУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 80 рет оқылды

20121327_298369293906299_4145860363925765845_oТалдықұдық ауылдық округіне «Киров-Шежін» каналы арқылы су тарту жұмысы жүргізілуде. Бұдан келген су Талдықұдық ауылының тұрғындарына арнайы қондырғы арқылы көшелерге тартылады. Сөйтіп бұл округтің мал шаруашылығын дамыту, соның ішінде ірі қара малын өсіруге зор мүмкіндік болмақшы. Ауылдың еңбекқор халқы сонымен қатар аулаларында көкөніс өсіруге де мүмкіндік болады деп күтілуде.

Әсем БОЛАТ


АУДАН ӘКІМІНІҢ ТАЛДЫАПАН, ТАЛДЫҚҰДЫҚ, АҚПӘТЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ ІССАПАРЫ

Күні: , 113 рет оқылды

19905091_298366940573201_3652122853101428887_n12 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Талдыапан, Талдықұдық, Ақпәтер ауылдық округтерінде болып, округтердегі әлеуметтік және құрылыс нысандарымен танысты. Аудан әкімі Абат Шыныбеков Талдыапан ауылдық округіндегі орта мектеп пен фельдшерлік-акушерлік медпунктті аралап, жұмыс барыстарымен танысты. Сондай-ақ аудан әкімі Талдықұдық, Ақпәтер ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде округ әкімдері ағымдағы жылдың 6 ай мерзімі ішінде атқарған жұмыстарынан есеп берді. Кездесуде аудан әкімі Абат Шыныбеков, -агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы мен кәсіпкерлікті дамыту, яғни тегін кәсіптік білім алу, «Бизнес бастау» бағдарламасы негізінде оқу, жастар практикасымен жұмыс атқару және міндетті әлеуметтік сақтандыру жөнінде нақты мәліметтер беріп өтті. Сондай-ақ аудан әкімі осы округтерге алдағы тамыз айында сайланатын ауыл әкімдеріне үміткер кандидаттарды таныстырды. Сонымен қатар Талдыапан, Ақпәтер ауылдық округтерінде «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы таза ауыз су жүйесін тарту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жұмыстарды ЖШС «БатысГазСтрой» мекемесі атқаруда. Кездесуде Талдыапан ауылдық округінің тұрғындары елді мекеннен ауылға келіп оқитын оқушыларды таситын көліктің қажеттілігін, газ құбырларын тарту сынды ұсыныстарын білдірсе, Ақпәтер ауылдық округінің тұрғындары электр желісінің жөнделуі, Жалпақталдан Ақпәтерге қатынайтын жолды көтеру жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Әсем БОЛАТ


ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Күні: , 116 рет оқылды

20017552_298034847273077_4925274944901355186_o11 шілде күні Жалпақтал және Қазталов мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Қанат Мусин және Павел Казанцев мекеме, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар кездесуге Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Руслан Сапарғалиев қатысты. Парламент мәжілісінің депуттарымен кездесу жиынын аудан әкімі Абат Шыныбеков ашты. Кездесу жиынында Мәжіліс депуттары Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жөнінде айтты. Сонымен қатар Мәжіліс қоржынына осы кезге дейін 100-ге жуық заң жобасы түссе, соның 83-і қабылданып, 60-қа жуығына Елбасы қол қойғанын жеткізді. Сондай-ақ Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына орай атқарылатын жұмыстар жөнінде де айтып өтті. Жалпақтал ауылында сөз алған тұрғындар Талдықұдық, Талдыапан, Көктерек ауылдарына көгілдір отын тарту мәселесін қозғаса, Қазталовта болған кездесуде шекаралық аймақта орналасқан ауданға белгілі бір оңтайлы жағдайлар жасау, Александров-Гай ауданымен екі ортаға барып-келу мәселесін жеңілдету, аудан орталығында саз мектебін салу тағы басқа да мәселелер туралы депуттардың назарына берді. Сонымен қатар ауданымыздағы жүргізіліп жатқан іргелі жұмыстарға ризалықтарын да білдіріп кетті. Кездесуде Мәжіліс депуттары айтылған ұсыныс-пікірлерді тиісті министрліктерге жеткізетіндіктерін, осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізетіндіктерін айтты.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 118 рет оқылды

19957076_297808407295721_2198928056024613568_o11 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Бостандық, Көктерек ауылдық округтерінде болып, округтердегі әлеуметтік және құрылыс нысандарымен танысты. Аудан әкімі Абат Шыныбеков Бостандық ауылдық округінде орта мектеп пен «Айгөлек» балабақшасын аралап, жобалық құны 336 млн. 470 мың теңгені құрайтын «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы жүріп жатқан таза ауыз су жүйесінің жұмысымен танысты. Құбыр тарту жұмыстарын «Жиенбай» ЖШС мекемесі атқаруда. Сонымен қатар аудан әкімі Бостандық және Көктерек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі осы округтерге алдағы тамыз айында сайланатын ауыл әкімдеріне үміткер кандидаттарды таныстырды. Сондай-ақ округ әкімдері ағымдағы жылдың 6 айы мерзімі ішінде атқарған жұмыстарынан есеп берді. Кездесуде аудан әкімі Абат Шыныбеков, -агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы мен кәсіпкерлікті дамыту, яғни тегін кәсіптік білім алу, «Бизнес бастау» бағдарламасы негізінде оқу, жастар практикасымен жұмыс атқару және міндетті әлеуметтік сақтандыру жөнінде нақты мәліметтер беріп өтті. Сондай-ақ Бостандық ауылдық округінде «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы таза ауыз су тарту жұмысына да сын көзбен қарап, яғни техникалық ережелердің сақталмауы және жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтып өтті. Кездесу барысында Бостандық ауылдық округінің тұрғындары ауылдан күре жолға қатынайтын 9 шақырым жолды жөндеу, Қаракөл бастауыш мектебінің жағдайы және осы елді мекенге қатынайтын жолды көтеру, пошта қызметі жұмысының сапасы жөнінде ұсыныстарын айтса, Көктерек ауылдық округінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтамассыз ету, газ құбырларын тарту, балабақша қажеттілігін, қысқы мал азығын даярлау, Сатыбалды клубының құрылыс жұмысын аяқтау жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


СОТ ТӨРАҒАСЫМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ

Күні: , 127 рет оқылды

19787495_297629197313642_7524728285762047474_o11 шілде күні Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайырбековпен баспасөз мәслихаты оздырылды. Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген Республика Судьяларының 7 съезінде Елбасының берген тапсырмаларының орындалу барысын мәлімдеп, сот жүйесінің беделін және қоғамның оған деген сенімін және соттардың ақпараттық ашықтығын арттыру, жұртшылықпен және БАҚ-пен жұмысты күшейту міндеттері тұрғанын айтып өтті. Сондай-ақ тұрғындардың құжаттарды сотқа интернет желісі арқылы беріп, орындалу барысын бақылап отыруға мүмкіндік туғызатын «Сот кабинеті» интернет сервисі кеңінен қолданысқа енгенін жеткізді. Сот төрағасы кездесу барысында сот істерінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында сот отырыстары үн-бейне жазба арқылы жүргізілетіні, одан басқа да жаңа технологиямен жұмыстар атқарылып жатқаны және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, еңбек және орындаушылық тәртібінің бақылауда болатынын айтты. -Қазталов аудандық сотымен азаматтық іс бойынша 103 арыз түсіп, 1 арыз кері қайтарылса, 99 арыз бойынша азаматтық іс қозғалды. Қалдықта 4 азаматтық іс, 3 арыз қалып отыр. Әкімшілік істер бойынша 130 әкімшілік іс түсіп, 128 әкімшілік іс қаралды, 2 қайтарылды. Ал қылмыстық істер бойынша 13 тұлғаға қатысты 12 қылмыстық іс түсіп, бәріде қаралды. Жеке айыптау бойынша шағым түскен жоқ. Сондай-ақ қалдықта қалған істер болған жоқ. Қаралған қылмыстық істердің ішінде 4 іс медиациямен қаралып, қысқартылды, -деді сот төрағасы. Бүгінгі күнде Қазталов аудандық соты Елбасының «100 нақты қадам» институционалдық реформасында көрсетілген міндеттерді орындау жолында, соның ішінде БАҚ-пен арадағы тығыз байланысты орнатуда үлкен жұмыстар атқарып келеді. Соның нәтижесінде жариялылық, ашықтық, мөлдірлік айқын көрініс табуда.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Күні: , 122 рет оқылды

19944377_297589840650911_3647430766183220783_o 19989260_297589630650932_3155107450664969661_n10 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Қараөзен және Жаңажол ауылдық округтерінде болып, округтерде орналасқан әлеуметтік және құрылыс нысандарымен танысты. Округтердегі атқарылған тыңғылықты істерді көрген аудан әкімі,- біздің алдымызда үлкен мақсат тұр. Міне, Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында ауданымызда біраз жұмыстар жасалып жатыр. Ауданымызда биылғы жылы құны 4 миллиард теңгені құрайтын жобалар іске асуда. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына сай біздер де қоғамдық сананы жаңғыртумыз керек. Яғни, өзімізде туған өлкемізге бір пайдамызды келтіруіміз керек,- деді. Сонымен қатар аудан әкімі Қараөзен, Жаңажол ауылдық округтерінің қауымдастық өкілдері және ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі осы округтерге алдағы тамыз айында сайланатын ауыл әкімдеріне үміткер кандидаттарды таныстырды. Айта кеткеніміз жөн, өкілеттік мерзімдерінің айяқталуына орай алдағы тамыз айында ауданымыздың 11 ауылдық округінде жаңадан әкімдер сайлауы өтпек.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ. БҰЛ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА БЕРІЛГЕН БАҒА

Күні: , 127 рет оқылды

19875445_297332857343276_389365093384605762_nӨткен 13-14 маусым күндері Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының кезекті съезі болды. Осы съезге ауданымыздан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметов қатысты. Біз съез делегатына жолығып, ой бөліскен едік. Сонда Ол бізге былай деп әңгімеледі: -Біз съезге барған уақытта «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылып, жұмыс жасап жатқан уақыты болатын. Сол көрмені тамашалауға мүмкіндік болды. Съезде күн тәртібінде кәсіпкерлік палатасының атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Сонымен қатар съезде елімізде кәсіпкерлік саласын қолдау туралы көптеген мәселелер айтылса, еліміз бюджетіне қаржы түсіретін шағын бизнестің алдында тұрған нақты міндеттері туралы да айқын ойлар айтылды. Былайша айтқанда, еліміздің экономикалық көкжиегінің негізі шағын бизнесті дамытуда жатқанын түсініп қайттық,-деді. Осы съезде облысымыз бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметов «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы А.Мырзахметовтің қолынан Құрмет грамотасын алды. Бұндай құрмет ауданымыздағы кәсіпкерлік саласына берілген баға деп білеміз. Сондықтан кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалына алдағы уақытта да табыстар тілейміз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.