АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.07.2017


АУДАН ӘКІМІНІҢ ОКРУГТЕРГЕ ЖҰМЫС САПАРЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 88 рет оқылды

19875639_297303347346227_5506627059855892089_n10 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков жұмыс сапарымен Жалпақтал ауылдық округінде болды. Аудан басшысы жұмыс сапарын Жалпақтал мешітінен бастады. Мешіттің жай-күйімен танысқан аудан әкімі Қазталов ауданындағы діни тұрақтылығы мен ахуалының қалыпты екенін атап өтті. Аудан әкімінің жұмыс сапары Жалпақтал ауылындағы құрылыс нысандарын аралаумен жалғасты. Атап айтсақ: аудан әкімі Жалпақтал ауылындағы көп жылдар бойы жөндеу көрмеген 140 орындық «Ертегі» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 72 млн. теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстарын «ЖолаушыЖол» ЖШС жүргізіп жатыр. Мердігер оқу жылы басталғанша жөндеу жұмыстарын бітіретініне кепілдік берді. Сонымен қатар биылғы жылы Жалпақтал ауылындағы Масалимов көшесінде қара жамылғы және жаяу жүргінші жолдарын төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобаға облыстық бюджет есебінен 50 млн. теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Юнисерв» ЖШС мекемесі атқаруда. Аудан әкімі жобалық құны 361 млн. 126 мың теңге құрайтын Жалпақтал және Қараөзен ауылдарындағы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылып жатырған ауыз су жүйесінің жұмысымен де танысты. Құбыр тарту жұмыстарын «ПМК-117» ЖШС мекемесі атқаруда. Сондай-ақ аудан әкімі жұмыс сапары барысында Жалпақтал ауылдық округінің активімен кездесті. Актив кездесуінде округ бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы және алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларының барысы сөз болды.

Қайрат ЖАҚЫП


«ЭКСПО — 2017» ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЕКІНШІ ЛЕГІ АТТАНДЫ

Күні: , 84 рет оқылды

19756353_296354147441147_7713071677821841450_n8 шілде күні «Достық» саябағында Қазталов ауданы мектебі оқушыларының «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне баратындардың кезекті екінші легін аттандыру рәсімі өтті. Рәсімде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: -Бүгін сіздер өмірлеріңіздің тарихи сәті болып қалатын саяхатқа аттанып бара жатырсыздар. «ЭКСПО – 2017» көрмесінде әлем елдерінің тамаша жаңалықтарын көретін боласыздар. Ол сіздерге үлкен әсер қалдырады деп санаймын. Жолдарың болсын, жас достар! -деді. Оқушылардың екінші легінде 129 оқушы бар.

Әсем БОЛАТ


МЕРЕКЕ КҮНІ ЕКІ ЖАС ОТАУ ҚҰРДЫ

Күні: , 130 рет оқылды

19780377_295767680833127_1042718265989838003_oАстана күні мерекесінде ауылымызда үлкен қуаныш орын алды. Ол екі жас Мағжан мен Динараның отау құру тойы еді. Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев,- Астана күні мерекесімен тұспа-тұс болып жатқан Құсайыновтар мен Ахметжановтардың шаңырағындағы отау құру тойы — еліміздің үлкен шаңырағына тағы бір шаңырақ қосылып керегесі кеңіді деп санаймыз. Сіздер тәуелсіз еліміздің бақытты отбасы болыңыздар! -деген тілегін жеткізіп, ескерткіш сыйлық табыс етті. АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ЖИНАЛҒАН КӨПШІЛІКТІ БІР СЕРПІЛТІП ТАСТАДЫ.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!»

Күні: , 92 рет оқылды

19243089_295766677499894_3813811425283326919_o 19693759_295737960836099_3249063087807409614_o 19702529_295766027499959_2100201676851868301_n 19875679_295767260833169_7667429487604270751_nАстана — еліміздің жүрегі. Астана арқылы дүние жүзі қазақты таниды. Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО -2017» халқаралық көрме елімізді әлемге одан әрі танытуда. 6 шілде — Астана күні мерекесіне орай аудан орталығында үлкен мерекелік шара өткізілді. Шара — мекеме, ұйым қызметкерлерінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен 6 шақырымдық велошерумен басталды. Аудан әкімі Абат Шыныбековтің өзі бас болып велошеруге қатысты. «Достық» саябағына аудан тұрғындары көп жиналған. Бірін-бірі мейраммен құттықтап жатқан жұртшылық. Сонымен қатар мерекеге жиналғандар Астана туралы кітап және қолөнер көрмесін тамашалады. Жиналған көпшілікті аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады. — Астана — еліміздің экономикалық локомотиві. Астана — әлемдік деңгейдегі халқаралық мәселелерді шешетін орталыққа айналды. Астана десек, Елбасы деп айтамыз. Екеуі егіз ұғым. «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтуде. Миллиондаған туристер қазақ елінің дамып келе жатырғанын өз көздерімен көруде. Бүгінгі мереке барлығыңызға табыс, шаттық көңіл-күй сыйласын! -деді. Мерекелік шарада Астана құрылысына қатысқан бір топ жерлестерге алғыс хат табысталды. Қазталовтың көгінде ән қалықтады. Көпшілік Халықтық «Қарлығаш» би ансамблімен бірге тербелді… Мерекелік шарада спорттық сайыстар да оздырылды. Қол күресі, асық ату және арқан тарту. Осы спорттық сайыста жиналған көпшілік арқан тарту сайысының тартысты өткеніне куә болып, бір жасап қалды. Олай дейтініміз — үстелде отырған қызметкерлер «ақ саусақ» емес екендіктерін дәлелдеді. Әрбіреуінің бойында халқымызға тән күштің жатқанын көрсетті. Соның нәтижесіндей аудандағы мекемелер мен және аудан әкімдігі қызметкерлерінің арқан тартысы өте «тартысты» өтті. Аудан әкімдігінің жігіттері атпалдай бөлім басшыларын «сүйреп» алып кетті… Жұртшылық риясыз күлкіге батып, жігер беретін айқайға басты… Жарайсыңдар, әкімдіктің жігіттері! Спорттық сайыста жүлделі орын алғандар алғыс хаттармен марапатталды. Астана күні мерекесін атап өтуде орталық «Достық» саябағында ардагерлерге арналып киіз үй тігілген болатын. Бұндағы басты мақсат — алдыңғы толқын аға-апаларға осынау бір жарқын мерекеде, дастархан басында ұлтымыздың дәстүріне сай ақжарма тілектер айту еді. Аудан әкімі Абат Шыныбеков жиналған ардагер аға-апаларға,- сіздер әркезде де біздің ақылшымыз, арқа сүйер асқар тауымызсыздар. Сондықтан да біз сіздерге әркезде де құрметпен қараймыз,- тілегін жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП


«ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЙНЕСІ – ЕЛОРДА»

Күні: , 130 рет оқылды

19679119_295600044183224_8935107046783785669_o 19693684_295600330849862_1396316813097096120_o 19780473_295600490849846_5747796693657813593_oҚазталов ауданының халқы 6 шілде – Астана күнін тойлауды бастап кетті. Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің мәдениет үйінде «Елдігіміздің бейнесі – Елорда» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, мерекені ашып берді. Сөз алған аудан басшысы алдымен бас қаламыздың Қазақстан үшін алар орны мен қиын-қыстау кезеңде бойын тіктеген, жеткен жетістіктерін атап өтіп, барша жалпақталдық ағайынды Астана күні мерекесімен құттықтады. Салтанатты шара Елордамыз туралы бейнебаян арқылы жалғасып, Жалпақтал мәдениет үйінің көркемөнерпаздары даярлаған мерекелік концертімен жалғасты. Концертте көрерменнің бойындағы патриоттық сезім мен рухты көтеретін және Астана қаласының бейнесін айқындайтын жырлардан шашу шашылды. Әсіресе, Жалпақтал мәдениет үйі жанында құрылған вокалды инструменталдық ансамбльдің орындаған тамаша әндерін көрермен ыстық ықыласпен қабылдады.

Қайрат ЖАҚЫП


ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Күні: , 122 рет оқылды

19702642_295590140850881_8818722599949183371_o6 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал аулындағы аудандық аруханасында болып, медециналық мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, дәрігерлер ұжымымен кездесіп, аурухананың техникалық жабдықталуы және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі жайын сұрап білді. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Алмас Жүнісбеков айтып берді. Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен Жалпақтал ауруханасы мен емханасының медициналық қызметкерлері жан-жақты қолдау мен нақты міндеттер аясында еңбек етуде. Бұл аурухана өз аймағында14500 адамға арналған 3 дәрігерлік амбулаторя, 4 ФАП, 17 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетуде. Ауруханада 20 жоғарғы санатты дәрігерлер мен 121 мейірбикелер өз қызметін адал атқаруда. Барлық медициналық заманауи құрлығылармен қамтылған. Ал, кадрмен қамтамасыз етілуіне келетін болсақ, бас дәрігер ауруханаға жоғарғы санаттағы дәрігерлердің жетіспейтіндігін атап өтті. Аурухананың бар жағдайымен танысқан аудан әкімі кадр мәселесін шешу жолдарын қарастыратынын айтып, аурухана жұмысына оң баға берді.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚАРТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 130 рет оқылды

19679163_295587537517808_5133119934824612785_o6 шілде – Астана мерекесі күні Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылындағы аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медециналық әлеуметтік мекемесінде болып, осы мекеменің тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Астана күніне орай өз құттықтауын жеткізіп, мерекеге арнайы әкелген сыйлығын табыс етті. Сонымен қатар Абат Абайұлы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Бұл мекеме 50 адамға лайықталса да, бүгінде 46 қариялар мен мүгедектерге арнайы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетіп отырған жайы бар. Жас мөлшерлері мен ауруының сипатына қарай топтарға бөлінген қариялар мен мүгедектерге медициналық, психологиялық, мәдени қызмет көрсетіледі. Мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметпен қатар 4 мезгіл ас пен моншасы да қамтылған. Қариялар мен мүгедектерге барлық жағдай жасалған деуге толық негіз бар.

Қайрат ЖАҚЫП


«ЭКСПО — 2017» СӘТ САПАР, ЖАС ДОСТАР!

Күні: , 78 рет оқылды

19665188_295526124190616_831005952285381450_n6 шілде күні «Достық» саябағында Астана қаласындағы «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне баратын Қазталов ауданы оқушыларының бірінші легін шығарып салу рәсімі рәсімі болды. Шығарып салу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: -«ЭКСПО — 2017» халықаралық көремсіне аттанғалы тұрған жас достар! Сіздерді Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еолрдамыздың туған күнімен тұспа-тұс келген «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне бастаған сапарларыңыз сәтті болсын! -деді. Аудан оқушыларының бірінші легінде 48 оқушы бар. Оларды мұғалімдер мен медқызметкерлер бастап алып барады. Сәт сапар, жас достар!

Әсем БОЛАТ


АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Күні: , 154 рет оқылды

19875211_295520514191177_6660712793407179419_nАстана күні мерекесіне орай Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы апталық өткізді. Апталық кезінде «Астана — мақтанышым», «Күлкі өмірді ұзартады» треннинг, «Астана жас қала» ашық сабақ, «Шынықсаң шымыр боларсың» спорттық шара және «Елімнің жүрегі — Астана» атты мерекелік концерт болды. 6 шілде күні осы өткізілген мерекелік апталық бағдарламаны орталықтың директоры Альберт Талпахов қорытындылап, бағдарламаға қатысқан әлеуметтік көмек алушыларға алғыс хаттар табыстады. Мерекелік концертте саз мектебінің «Шаттық» бишілер тобы және басқа да өнерпаздар өнерлерін ортаға салып, ауру жандардың көңілдерін бір серпілтіп тастады. Осындай бағдарламаның жақсы ұйымдастырылуына орталық қызметкерлері А.Тасболатов, А.Мұқат, Л.Қожанова, Ғ.Бижанова,Е.Жұмасейітов, З.Қуандықова, Ж.Ақаев, Ә.Бекжанның көп еңбек сіңіргендерін айтқанымыз жөн. Себебі бұл мекеменің басқа мекемелерден қызметінің өзгешерек екенін ескерсек, ұжым қызметкерлерінің аянбай тер төгіп жүргенін атқарып жатырған жұмыстарынан байқаймыз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ЕКІ ОТБАСЫ ДА АРНАЙЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

19693820_295379957538566_8915646948061437450_oКүні кеше өткен облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында ауданымыздан екі отбасы қатысып, арнайы марапатқа ие болды. Дина Кенжина (Шналиевтер) апамыздың отбасы «Еліне еңбегі сіңген» отбасы номинациясына ие болса, Нұрлан Нығметовтардың отбасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясына ие болды. Екі отбасыға да да марапаттарыңыз құтты болсын дейміз. Осындай отбасылар ауданымыздан көптеп шығып, рухани жаңғыруымыздың үлгісі бола берсін дегіміз келеді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.