АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.07.2017


СЕМЕЙДЕН ЖЕТКЕН ҚУАНЫШТЫ ХАБАР!

Күні: , 130 рет оқылды

19620476_294849814258247_4693704541238608614_o2-10 шілде күндері аралығында Семей қаласында жатып көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионатынан жарыс өтуде. Бұл жарысқа ауданымыздың жас спортшылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша 32 келі салмақ дәрежесінде Оралхан Қабдолғазизов 2 орынды иеленсе, 36 келі салмақта Әділжан Нұртаев 3 орынға ие болды.Осындай жас спортшылардың республикалық жарыстан жеңіс тұғырынан көрінуі жаттықтырушысы Айдын Елемесовтің еңбегінің арқасы деп білеміз. Алдағы уақытта да Айдын мен оның қос шәкіртінің әлі талай биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

Әсем БОЛАТ


АРМАТТЫҢ ҚОЛЫ АЛТЫН. КЕЙДЕ «ҰМЫТЫП» ТА КЕТІП ЖАТАМЫЗ-АУ…

Күні: , 132 рет оқылды

19620282_294847430925152_5025003885576394356_oАрматты «ұмытып» кетіп жатамыз… Ал мына заманда қолымыз компьютерге ажырамастай байланып қалған уақытта Армат сияқты «алтын қолдыларды» ұмыту қиын екен. Компьютер істен шығып қалса Армат сияқты азаматтарды іздейміз. Бірақ, оларды шөптің арасынан жоғалған инені іздеген сияқты бірден таба да алмаймыз… — Арматжан, қалайда уақыт тауып келсейші! — деп жалынуға да көшіп жатамыз. Бұл шындық. Жалпы қолы шеберлер көмек сұрағанда олар бірден елп ете түспейді. Дұрыс та болар. Олай болмаған күнде компьютер іске қосылған күнде оларды қайтадан «ұмытып» жатамыз ғой. Арматтың қолы шебер. Атқарған жұмысы сапалы. Қолы да «қымбат» емес. Кейде шеберлерге компьютерді жөндете қалсаң, кнопканы басып қалады да 10 мыңның чегін алдыңа «лақтырып» тастайды. Қаншама қиналсаң да амалсыз төлейсің. Ал Арматтың «чегі» көбінесе-көп үш нөлге жетер-жетпес болады. Бұл оның азаматтығы болар. 17 жылдан бері компьютер жөндеумен айналысып келе жатырған Армат Мырзағалиев өткен жылдары картридж жөндеу үшін мемлекеттік грантты да ұтып алса, баннер жасайтын қондырғыны да сатып алып отыр. Сонымен қатар Армат оргтехникаларды жөндейтін цех та салып жатыр Арматты қазталовтықтар да ғана іздемейді, сонау көрші жаңақалалықтар да іздеп жатады. Бұл оның шеберлігіне байланысты болар. Қолы алтын Армат өзінің кәсібі арқылы аудан тұрғындарына адал қызмет жасап жүр. Қолың дерт көрмесін!

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


«ЕЛОРДА МЕН ЕЛБАСЫ ЕГІЗ ҰҒЫМ»

Күні: , 133 рет оқылды

19621196_294827484260480_7413082116209195508_o4 шілде күні аудандық жастар демалыс орталығында Астана күні мерекесіне орай «Елорда мен Елбасы егіз ұғым» атты мерекелік шара оздырылды. Шарада Елордамыз Астана қаласының ерекшеліктері және Елбасымыздың кемеңгерлігі туралы бейнебаян көрсетілді. Шарада сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев және еңбек ардагері Әбдірахман Қазихановтар барша шараға қатысушыларды Астана күні мерекесімен құттықтаса, Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халқаралық көрмесіне қатысып келген Орал қаласындағы дарында балаларға арналған мектеп оқушысы Айша Қадемова көрмеден алған әсерімен бөлісті. Сонымен қатар шарада мектеп оқушылары Айым мен Бақтияр Толияттилар жырдан шашу шашса, жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина М.Бекмағамбетовтың «Асқақтай бер, Астана» атты өлеңімен шараны қорытындылады.

Қайрат ЖАҚЫП


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Күні: , 120 рет оқылды

19601421_294812680928627_8420447660856497127_n4 шілде күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының фракция жанындағы комиссия мүшелері аудан орталығындағы құрылыс нысандарын аралады. Бұл комиссияның құрамына кіретін аудандық мәслихат депутаттары және аудандағы салалық мекеме басшылары аудандағы салынып жатырған 100 орындық интернаттың және коммуналдық-жалға берілетін 22 үйдің құрылысы жұмыстарымен танысты. Комиссия мүшелері осы нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарының мерзімге сәйкес бітуі және бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын туралы ақпарлар жинады. Сонымен қатар комиссия мүшелері құрылыс нысандарына аудан тұрғындарын жұмысқа тарту туралы да нақтылады. Тексеріс кезінде комиссия мүшелері мектеп интернаттың құрылысы осы жылдың тамыз айында толығымен бітетіндігіне көз жеткізсе, ал салынып жатырған тұрғын үйлер құрылысының іргетасы көтеріліп жатқандығына куә болды.

Қайрат ЖАҚЫП


КӨКТЕ САМҒАҒАН РАЙЫМБЕК

Күні: , 124 рет оқылды

19756880_294796554263573_4883847468748211015_n4 шілде күні жерлесіміз, бала кезден ұшқыш болып, көкке самғауды армандаған, бүгіңгі таңда сол арманына қол жеткізген Райымбек Зайдағалиев ауылға ат басын тіреп, жастармен кездесті. Кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: -Бүгінгі таңда еліміздің жастары түрлі әскери мамандықтар алып шығуда. Олар осы мамандықтары арқылы туған елге қызмет жасап келеді. Көп адамның қолы жете бермейтін ұшқыштық мамандықты да бүгінгі күнде ауыл балалары игеруде. Тәуелсіз еліміздің көк аспанында олар күміс қанат техникамен самғауда. Солардың бірі — өзіміздің жерлесіміз — Райымбек Зайдағалиев. Райымбекке алдағы уақытта да таңдаған қызметінде биікте болып, артынан ерген інілеріне үлгі болсын! -деген тілегін жеткізді. Сыр-сұхбатта сөз алған Райымбек өзінің ұшқыш мамандығын қалай таңдағаны жөнінде әсерлі әңгімелеп берді. Бүгінгі күнде ол Шымкент қаласындағы әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінде борт инженері болып қызмет жасауда. Өзінің әскери қызметін адал атқаруымен қатар өзінің шәкіртін де тәрбиелеуде. Райымбек бірнеше мәрте Астана қаласындағы ҚР-ның Отан қорғау күні мерекесіндегі әскери парадтарға қатысса, үлгілі қызметі үшін талай мәрте марапаттарға да ие болған. Райымбекке аудан жастары түрлі тақырыпта сауалдар қойып, сыр-сұхбаттың көрігін қыздыра түсті. Сыр-сұхбаттың соңында жастар Райымбекке естелік сыйлық табыс етіп, ескерткіш суретке түсті.

Әсем БОЛАТ


АУДАНЫМЫЗДА КООПЕРАТИВТЕРДІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

Күні: , 110 рет оқылды

19247861_294731860936709_255290851429424765_n 19621348_294731917603370_7709531742662935875_oМал басын етті және сүтті бағытта асылдандыруды қолға алған кооперативтер, мемлекеттің көмегін де иеленіп, ісін дөңгелетуде. Бірігіп, біраз жетістіктерге жеткен Қазталов ауданындағы шаруалар бүгінде көпшілікке үлгі көрсетуде. Ауданымызда былтырғы жылы 13 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркелген болса, биылғы жылы олардың саны 21-ге өсіп отыр. Осы 21 кооперативтің қатарында 1113 адам мүше болып тіркеліп, 7093 бас мүйізді ірі қара малын бағып отыр. Бұл қуантарлық жәйт. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің саны ауданымызда көбейіп келе жатыр. Биылғы жылы бұл кооперативтерді қаржыландыру үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары кооперативтердегі мал санының санағын алуда. Бізде де кооперативтердің жұмысымен таныспақ мақсатында Қайыңды мен Болашақ ауылдық округтерінде құрылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне ат басын бұрдық. Қайыңды ауылдық округінде биыл құрылған «Нұрдосхан» кооперативінің қарамағында 450 бас мүйізді ірі қара аналығы мен 15 бұқа бар. Үш бағытта мал бағылым ұйымдастырылып, үш адамды бақташылыққа жұмысқа алған. Ал Болашақ ауылдық округінде құрылған «Исмурзин» кооперативінде 540 мүйізді ірі қара малының аналығына 18 бұқа сатып алынған. Былтырғы жылы құрылған бұл кооперативтің нәтижесі де жаман емес. Аналық малдардың төлдерін де алып жатыр. Бұл кооператив те қарамағындағы малдарын жаюға үшін жайылым жерлерін алған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановтан сұхбат алғанымызда,- өндірістік кооперативке бірігіп еңбек ету ел дамуына серпін беретіні сөзсіз. Бірақ, кейбір тұрғындар бұл тиімділікті әлі де болса дұрыс түсінбей жатыр. Дегенмен, өз жұмысын жандандырып жатырған кооперативтер күн санап өсіп келеді. Бүгінгі таңда тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бойынша маңызды міндеттерді жүктеп, жұмысты жандандыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты арнайы жұмысшы топ құрылды. «Кооперация негіздері және жаңа мемлекеттік саясатты түсіндіру» тақырыбында аудан көлеміндегі барлық ауылдық округінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сала мамандары тұрғындарға ауылшаруашылығы техникаларына Үкімет тарапынан төленетін жеңілдіктер мен төленетін субсидияларды алу мүмкіндіктерін қарастырып, көмектесіп жатыр. Кооперативтер құрылғалы мал басын асылдандыру жұмыстары өз нәтижесін беріп жатыр деп толық айта аламыз,- деп ағынан жарылды. Байқағанымыз қазір көпшілік тұрғындар кооперативтерге бірігуге бет бұрып жатыр. Өткен жылдың аяғында кооперативке біріккен тұрғындар ірі қара мен ұсақ малдарға, сондай-ақ асылтұқымды бұқаға субсидия алды. Сондай-ақ халық малының төлін, әсіресе еркек малды ет өндірушілерге тапсырса, үкімет 24 мың теңге субсидия беретінін білді. Соның арқасында халық кооперативке бірігудің тиімділігін түсініп жатыр. Бұл ең алдымен жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға, мал санын көбейтуге мүмкіндік береді және басқа да ауыл тұрғындарына үлгі болады деп сенеміз.

Қайрат ЖАҚЫП


ШӨП ШАБУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 325 рет оқылды

19621087_294716704271558_1725909143317529373_o 19621276_294716314271597_3940274751644720725_o«Қыстың қамын жазда ойла» деген қазақ мәтелі бекерге айтылмаса керек. Қазталов ауданында шөп шабу науқаны басталып та кетті. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек: аудан бойынша 342 мың гектар шабындық болса, биылғы жылы 228 мың тоннадай мал азығын дайындау жоспарланып отыр. Былтырғы жылдан 75 мың тоннадай мал азығы қалып отыр. Ал ауданда алғашқылардың бірі болып «Қайнар» шаруа қожалығының пішеншілері шабындыққа орақ салды. Шөп шабуды бастаған «Қайнар» шаруа қожалығындағы ағайынды жігіттер шөп шабу науқанын өз күштерімен игермекші. Науқандық жұмысқа алты адамды тартып, үш трактор, бір шөп буғыш, бір «Камаз» аутокөлігі, екі орақпен кіріскен ағайынды жігіттер қыстақтарына 450 бума шөпті дайындап та үлгеріпті. Шаруа қожалығының жетекшісі Тарғын Бермағамбетовті әңгімеге тартқанымызда,- Биыл шүкір, мамыр, маусым айларында жауын-шашын мол болды. Ал шілде айы аптап ыстық болып тұр. Дала өртінен сақтық мақсатында таңғы және кешкі салқынмен шөп дайындап жатырмыз. Дегенмен, шөптің шығымдығы жаман емес. Бір гектар жерден он центнерге дейін шөп дайындалып жатыр,-деді. Халқымыз «шөмелені шөбім бар» деп айтпа деген. Олай болса, аудан бойынша дайындалатын 228 мың мың тонна шөпті әзірлеу оңай шаруа болмасы анық. Қалай болғанда да, жаздың қолайлы кездерін пайдаланып қалғанымыз жөн.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.