АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.07.2017


«ГҮЛДЕНГЕН АСТАНА — ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ»

Күні: , 127 рет оқылды

19642708_294348717641690_1388474959914195302_n3 шілде күні аудандық кітапханада Астана күні мерекесіне арналған «Гүлденген Астана — Елбасымен бірге» атты шара оздырылды. Шарада сөз алған аудандық кітапхана директоры Гүлдана Дәулетова мен аудандық жастар демалыс ортылығының әдіскері Нұрия Хабибуллина: -Бұл мереке әрбір қазақтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімін шындай түсуде. Жас Елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Сүйікті қаламыз тек көркейіп, жайнай берсін деген тілектерін жеткізді. Шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының құттықтауы мен «ЭКСПО — 2017» көрмесіндегі «Нұр әлем» павильоны жөнінде бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ шарада кітапхананың жас оқырманы Айша Русланқызы «ЭКСПО — 2017» көрмесінен алған әсерімен бөліссе, кітапхана қызметкерлері Астана туралы өлеңдер оқып, кітапкөрмеге шолу жасады.

Әсем БОЛАТ


«СӘТТІ ҚАДАМ» — ҮЛКЕН ӨМІРДІҢ ЖОЛДАМАСЫ

Күні: , 134 рет оқылды

19667742_1808401189471456_5608829820662891232_o«Нұр Отан» партиясының жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, мектеп түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ білім алуға көмек көрсетуге арналған «Сәтті қадам» жобасы жылдан-жылға өз жемісін беріп келеді. 3 шілде күні «Нұр Отан» партиясының Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясовтың төрағалық етуімен «Сәтті қадам» партиялық жобасына арналған брифинг өтті. Брифингке аудандық білім беру бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Брифингте биылғы жылы мектеп бітірген түлектердің ішінде ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспаған және тестілеуден шекті балл жинай алмаған оқушылардың әрі қарай оқуға ораналасуы және жұмыспен қамтылуы турасында сөз қозғалды. Сонымен қатар брифингте жетім балалардың білім алуы туралы да мәселе көтерілді.

Қайрат ЖАҚЫП


«ҚЫЗЫЛ ӘТЕШ» БАС КӨТЕРДІ

Күні: , 82 рет оқылды

19621163_293597604383468_2654080256919908644_o1 шілде күні ауданымызда дала өрті орын алды. Аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның мүшесі, бас маман Болат Данияловпен хабарласқанымызда: — дала өрті Бостандық ауылдық округіне қарасты Қурайлы қыстағында шөп шауып жатырған техникадан шығып кеткен. Соның салдарынан шабындық жер жалынға оранды. Аудандағы барлық техникалар мен күшті жұмылдыру нәтижесінде дала өрті дер кезінде ауыздықталды,- деді. Қырық күн шілденің 1-ші күні өрт оқиғасымен басталды. Күн ыстығы 40 градусты көрсетіп тұр. Күннің ыстығы ауа райын болжаушылардың айтуы бойынша аптаға созылуы ықтимал. Осыған байланысты сақ болайық, ағайындар!

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАС ТІЛШІНІ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 66 рет оқылды

18836765_293495224393706_6650534840012877144_o1 шілде күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Әсем (Болат) Халиуллинаны қабылдап, өткен БАҚ қызметкерлері мерекесіне орай «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директоры Жантас Сафуллиннің алғыс хатын салтанатты түрде табыстады. Аудан әкімінің орынбасары: -Әсемнің жазғандары әлеуметтік желіде де, газет бетінде де оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырып келеді. Әсіресе, эссе, монолог, әңгімелері оқыған адамдарды бейжай қалдырып көрген емес. Сонымен қатар ауданымыздағы өткізіліп жатырған мәдени шаралардың бейнебаяндарын жасау, оның мәтінін мәнерлеп оқуда да көп еңбек сіңіріп келеді. Алдағы уақытта да үлкен биіктерден көріне бер, -деді. Осындай салтанатты қабылдау үшін жас тілші де өзінің аудан әкімдігіне рахметін айтып, алдағы уақытта да шығармашылықпен жұмыс жасайтынын жеткізді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ГҮЛДЕРАЙЫМ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 216 рет оқылды

19488537_293494724393756_7101959651130759108_o1 шілде күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің мүшелерін қабылдады. «Гүлдерайым» әжелер ансамблі құрылған уақыттан бері өздерінің өнерлерімен көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Олар тек сахнада ән орындап қана қоймайды, жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге де атсалысуда. Өткен облыстық «Қайран біздің әжелер, арды ойлаған» атты байқауында жүлделі 3 орыннан көрінді. Бұл сөз жоқ, ансамбль мүшелерінің теккен терінің еңбегі деп білеміз. Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары: -Алдағы уақытта да ансамбльге барлық қолдаулар көрсетіле беретінін айта келіп, аудан әкімінің алғыс хатын және естелік сыйлықты табыс етті. Салтанатты қабылдауда сөз алған аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев және ансамбль мүшелері осындай жылы жүзді қабылдау үшін рахметтерін жеткізе келіп, «Дүние-керуен» әнін нақышына келтіре орындап, баталарын берді.

Әсем БОЛАТ


«ЖАСТАРҒА КЕҢЕС»

Күні: , 78 рет оқылды

19467916_293476074395621_5005870704765028215_o1 шілде күні Қазталов ауданы орталығында жастар үшін қолжетімді консультация беру мақсатында «Жастарға кеңес» акциясы ұйымдастырылып жатыр. Бұл акция барысында аудан жастарына аудандағы мекмелер мен ұйымдарының өкілдері әртүрлі бағыттарда кеңес беруде. Акция барысында жолығып жатырған жастардың дені өз кәсібін ашу, жұмысқа орналасу және ауыл шаруашылығы жөнінде кеңес алуда.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.