АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 30.06.2017


АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Күні: , 156 рет оқылды

IMG_6789Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазталов ауданының әкімі болып Абат Абайұлы Шыныбеков тағайындалды. 29 маусымда облыс әкімі Алтай Көлгінов аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, Қазталов ауданы әкімі лауазымына Абат Абайұлы Шыныбековтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар облыс әкімінің ұсынысын қолдады. Осы күні өңір басшысы бұған дейін аудан әкімі қызметінде болған Нұрлан Бекқайырдың атқарған қызметіне алғысын білдіріп, актив жиналысқа қатысушыларға жаңадан тағайындалған аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбековті таныстырды. Актив жиналыста сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданның экономикасы мен әлеуметтік дамуы үшін күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Абат Абайұлы Шыныбеков 1973 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика –менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. А.Шыныбеков 1996-2003 жылдары аралығында әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте қызметтер атқарған. • 2003-2006 жылдары Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, • 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, • 2008-2012 жылдары «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары, • 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы; • 2013 жылдан бері Сырым ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

ЖАРАЙСЫҢДАР, «ГҮЛДЕРАЙЫМ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІ!

Күні: , 86 рет оқылды

19554026_292215574521671_2197070788208132563_nҚуанышты xабар келді.Аудандық «Гүлдерайым» әжелер ансамблі облыстық «Қайран біздің әжелер арды ойлаған» байқауында 3 орын алыпты. Осы қуанышты xабармен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішевпен бөліскенімізде: -Ауданымыз үшін бұл да бір мәртебе. Барлық аудандардан қатысқан ансамбльдердің ішінен 3 орынға ие болу — әжелердің маңдай терлерінің арқасы. Дегенмен де біздің «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің деңгейі өте жоғары деп санаймын. Күні кеше өткен аудандағы байқауда да жақсы өнер көрсетіп, биік деңгейден көрінді. Әсіресе, әріптестеріңіз Жұлдыз қызымның ансамбльдің таныстыруына арнап шығарған өлеңі өте сәтті шықты. Осыны ескере келгенде «Гүлдерайым» бұдан да жүлделі орынға ие болу керек деп санаймын. Бірақ 3-ші орында үлкен нәтиже. Биіктерді бағындыра беріңіздер, -деді.Біз де «Гүлдерайым» әжелер ансамбліне алдағы уақытта да өнер жолында биіктен көріне беріңіздер дегім келеді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


АУДАНДЫҚ СОТ ГАЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Күні: , 144 рет оқылды

19453062_292104984532730_5095245767382383973_oСот жүйесін ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету — мемлекеттің ең маңызды және өзекті тапсырмасының бірі болып табылады. Сот ісін жүргізу ашықтығы қоғамға да, сот жүйесіне де бірдей қажет. Қоғамның бағасы сот билігінің беделін арттыруға әсер етеді. Ал БАҚ өз кезегінде сот жүйесінің дамуына үлесін тигізіп, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға көмек көрсетеді. Осы орайда Қазталов аудандық соты әркезде де бұқаралық ақпарат өкілдерімен, соның ішінде, «Ауыл айнасы» газеті қызметкерлерімен жиі кездесіп, үнемі ақпарат алмасып отырады. Қай кезде де әділдік үйінің есігі журналистер үшін ашық деуге болады. Бұның өзі аудандық сот қызметкерлерінің жаңаша, былайша айтқанда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ойдағыдай жүзеге асуы бағытында жұмыстануда деп айта аламыз. 28 маусым күні аудандық сотта аудандық соттың судьясы Әсел Жамантаева бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай газеттің тілшісі Гауһар (Әділжан) Құрманғазиеваға алғыс хат пен естелік сыйлық табыстап, шығармашылық қызметіне жемісті еңбек тіледі. Сондай-ақ газет тілшісі де осындай құрмет үшін рахметін айта келіп, алдағы уақытта да сот пен БАҚ-тың арасындағы байланыс бұрынғыдан да нығая беретінін жеткізді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.