АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 28.06.2017


АЛҒЫСТАРЫН ТІЛМЕН ЕМЕС, ЖҮРЕКПЕН ЖЕТКІЗДІ…

Күні: , 92 рет оқылды

19477327_291429881266907_1492263213414967229_o 19477414_291429514600277_724763573454176563_oБүгін қасиетті Рамазан айының айт мерекесінің екінші күні. Осы бір қастерлі мейрамда Қазталов ауылының тұрғыны Жақсылық Алмурзиннің отбасы үлкен қуанышқа кенелді. Жастайынан мүгедек ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ГҮЛМИРА тұрған үйлерінің тарлығынан (ата-ана, аға-жеңгелерімен бірге тұрған.) қиындықтар көріп жүреді. Осы жағдайға байланысты өткен жылы өз күштерімен үй салуды бастаған болатын. Алайда қаржы қиындығынан үйдің құрылысы баяу жүрді. Құрылыс материалдарын сатып алуда да қиындықтар кездесті. Осы жағдайды көзімен көрген аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова бұл отбасына қолдау көрсетті. Белгілі Беғалиевтер ансамблінің белді мүшесі Арманға жолықты. Қандайма қайырымдылық істерге құлшына қол созатын Арман Алмурзиндер салып жатқан үйге пластик терезе алып берді. Сондай-ақ Зәйлім Исатайқызы Оралға барған іссапарында өңіріміздің белгілі кәсіпкері Біржан Қожақовқа да жолығып, осы жандарға демеушілік көрсету жөнінде әңгімелескен болатын. Қол-аяқтары балғадай қалталы азаматтар жасай алмай жүрген істі жасап, көпке үлгі болып жүрген Біржан Морякұлы Жақсылықтың асхана бөлмесінің бүкіл жихаздарын жасап беруді мойнына алды. Міне, қайырымдылық, жылы жүрек деген осы емес пе? Жаңадан салынып жатқан үйге қайырымдылық көрсеткен шараның басы-қасында болғанда Жақсылық пен Гүлмира осындай қайырымдылық істі қолға алған Зәйлім Исатайқызы мен Арман Маратұлына айтар алғысын тілмен жеткізе алмаса да, жүрегімен жеткізіп тұрғанын ұғындық.

Қайрат ЖАҚЫП


АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Күні: , 78 рет оқылды

19401828_290801517996410_6000867043308505176_oОраза айт мейрамы мұсылман халқы үшін қасиетті күн болып саналады. Исі мұсылман бір-біріне тілек айтып, араздасқаны болса, татуласады. Бірлік пен ынтымақ, имандылық турасында келелі әңгіме козғалады. Аталмыш ұлық мерекені аудан тұрғындары да лайықты дәрежеде карсы алды. Таң сәрісімен аудандық Қазталов мешітіне келген аудан орталығы тұрғындарының ішінде жастар көп болды. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр өзі бас болып айт намазына қатысты. Қазталов мешіттің бас имамы Жандосбек Құсайынов айт намазынан бұрын аталмыш мерекеңің маңызы мен мәртебесіне тоқталып, жиңалғаңдарға уағыз айтып, жиналған жамағатпен бірге айт намазын оқыды.

Қайрат ЖАҚЫП


«ҚАРЛЫҒАШ»-ҚА 50 ЖЫЛ

Күні: , 138 рет оқылды

19238135_290536434689585_8945380834717856755_o 19390899_290532881356607_906432857567575126_o 19400432_290541254689103_1064845523987884419_o 19400458_290533674689861_6972484904001789291_o 19401855_290541444689084_5856955888874743014_o 19401989_290532564689972_6996494292698760984_o 19402129_290533878023174_2943955876662636160_o 19417429_290524848024077_3833583402724918590_o 19417503_290152174728011_9037032886379592337_o24 маусым. Аудандық мәдениет үйі. Халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің әр жылдардағы жетекшілері және мүшелері өнер тарландары, жерлестеріміз Хадиша Бөкеева мен Сағит Садықовтың мүсіндеріне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар қонақтар мәдениет үйінің фоесіндегі «Қарлығаш» би ансамбліне арналған фотокөрмесін тамашалады. Мәдениет үйінің сахнасы ансамбль мүшелерінің «Қарлығаш» биімен ашылды. «… Бірақ, бірақ қазақ биі жұлдызы ғой әлемдік!» атты «Қарлығашқа» арналған эссе-бейнебаян көрсетілді. Салтанатта сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жиналған жұртшылықты өнер мерекесімен құттықтады. — Жаңа бейнебаяннан көрсеткендей осыдан 50 жыл бұрын би ансамблінің атын «Қарлығаш» деп қоюыма Алла Тағала ауызыма салған болар. Міне, 50 жыл бойы «Қарлығаш» көкте самғап жүр. Менен кейінгі сіңілілерім ізімді әрі қарай дамытып, жалғады. Бүгін жерлестерім сіздердің алдарыңызға «Қарлығаштың» алғашқы қарлығаштарын алып шығып отырмын. Сонымен қатар бұлар бұл күнде ана, әже де атанды. Сонау Астанадан Венера жете алмай қалды. Алғашқы қарлығаштар қазір өздерінің қызметтері арқылы халықтың алғысына бөленуде. Ал менен кейінгі ансамбль жетекшілері осы өнері арқылы елге танымал болуда,- деді шарада сөз алған «Қарлығаштың» алғашқы жетекшісі Райса Шынтемірова. Кішкентай бәйшешек бүр жарып келеді… Аспанда қарлығаш қанат қағуда. Кенет сахнаға «бәйшешектер» шыға келді. Олар жұртшылықтың көз алдында бәйшешектен қарлығашқа айналып кеткендей болды. Би құдіретімен қішкентай бүлдіршіндер «Қарлығашты» енді биікке ұшыратын біздер дегендей… Бұл анасамбльдің кіші тобы. Ақ пен Қара. Өмір ақ пен қарадан тұрады. Жақсылық-Жамандық… Мейірімділік-Зұлымдық… Бұлар үнемі бір-біріне қарам-қарсы. Мәңгі күресіп өтеді. Ақ күш алса, күн күлімдейді. Адамзат баласы қайғы-қасірет көрмейді. «Бейбітшілік» биінде осы идея би қимылымен көрермен жүрегіне жол тартты. Бұл — ансамбльдің орта тобы. Шолпылар сылдырлады… Қос бұрым тілерсекті соғып, сұлу қыз би әуенімен айналғанда сары шашты ағайындар тынып қалды. Не деген ғажайып!.. Би қимылымен оны сүйемелдеген домбыра, қобыз әуені теңіз толқынының үнін басып, тек бұл жерде қазақ деген халықтың хас өнері патшалық құрды… Браво! Браво! Олар ду қол соқты, ұзақ соқты. Бұл қазақ халқының өнеріне бас ию еді. Ансамбльдің репертуарында түрлі халықтардың билері бар. Ал сол билерді «Қарлығаш» буырқанған теңіз жағасындағы, ну ормандағы, Кавказ тауларын мекен еткен халықты таң қалдырды. Бұл — ансамбльдің үлкен тобы. «Ауыл айнасы» ақпарат

ХАЛЫҚТЫҚ «ҚАРЛЫҒАШ» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖАСАДЫ

Күні: , 146 рет оқылды

19417215_290520931357802_8533899167743336155_o 19417227_290520841357811_7066829607998074780_o24 маусым күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің құрылғанына 50 жыл мерекелік шарасына келген әр жылдардағы ансамбль жетекшілерін және алғашқы мүшелерін қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі,- халықтық «Қарлығаш» би ансамблі ауданымыздың мәртебесін 50 жыл бойы асқақтатып келеді. Бұндай би ансамбльдері сирек болады. Олай дейтінім,- көп жерлерде өнер ұжымдары уақыт өтпей түрлі себептермен тарап кетіп жатса, ал «Қарлығаш» 50 жыл бойы халқымызды өнерімен сусындатып келеді,- деді. Қабылдауда сөз алған «Қарлығаш» би ансамблінің алғашқы жетекшісі және оны өз қолымен аспанға қалықтатқан Райса Шынтемірова,- 50 жыл бойына «Қарлығаштың» сахна төрінде жүруіне үнемі қолдау жасап келе жатырған атқарушы органдарға рахметін айта келіп, осындай 50 жылдық мерейтойды ұйымдастыруға күш салған аудан әкімдігіне ыстық лебізін жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП


«ТАЗА ОРМАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Күні: , 122 рет оқылды

19238188_290413458035216_2488592944983287476_o 19402007_290413111368584_5938265293756637865_o24 маусым күні аудан бойынша «ТАЗА ОРМАН» акциясы өтті. Жеріміздің экологиялық аxуалын жақсарту, туған жердің табиғатын аялап ұстау мақсатында өтеткен акция барсыныда Сарыөзен бойы мен аудан орталығындағы саябақтар қоқыстардан тазартылып, ағаштардың айналасы арам шөптерден шабылды. Бұл акцияға аудандағы мекеме, қоғамдық ұйым ұжымдары бір кісідей ат салысты. Сарыөзен бойындағы тұрмыстық қалдықтарды тазалауда Бірік ауылдық окруігінің әкімі апараты мен ауыл тұрғындарының белсенділігі басым болғанын айта кеткеніміз жөн. Бұл акция барысында байқағанымыз Сарыөзен бойында тұрғындар шомылатын және демалатын орындардағы тұрмыстық қалдықтар көптігі. Аяқ алып жүре алмайсыз десек артық айтқандық болмас. Осындай демалыс орындарында әрбір адам өзі отырған орнын жинастыры жүрсе, мұндай қалдықтар болмайтыны анық. 19400397_290413274701901_7487254617804257113_o Бұл жағдайды ауданымыздың әрбір азаматы өз қатеріне алса дейміз.

Қайрат ЖАҚЫП


МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

Күні: , 128 рет оқылды

19441862_290152964727932_3321739732473181825_o 19417258_290153808061181_2333288377907700163_oМемқызметшілер және Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиында ауданның мемқызметшілері мен тәртіп сақшыларының күшімен мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламада мемқызметшілер мен тәртіп сақшылары қызметтік, галстукті, бірыңғай киімдерін сахналық киім үлгілеріне ауыстырды. Өздерінің өнерлерін ортаға салды. Мемқызметші қыздар туфлиді шкафка салып қойып, флешмобтың жылдам ырғағына ілесті… Ал Қошанкөл, Талдықұдық, Қараобаның әкімдері поэзия айдынында жүзіп, қиялға ерік берсе, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Досжан Ахметов әріптестерін бір мезет «демалдырып» өзі сахнада ән шырқады. Ал ардагер тәртіп сақшысы Қадырбек Балғынов ағамыз Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, губернатордың қазақ күйіне таң қалғанын тағы бір еске түсірді… 19453170_290152048061357_4731014316283460435_o 19417503_290152174728011_9037032886379592337_oКеремет концерт болды. Залға сыймай тұрған көрермендер мемқызметшілердің де, тәртіп сақшыларының да өнерлеріне риза болғандарын айтып жатты… Өнерлерің үстесін, жарайсыздар!

Гауһар ӘДІЛЖАН


ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТ

Күні: , 134 рет оқылды

19264412_290147614728467_5731523475975217110_o 19388636_290147818061780_3714882117612467286_o 19417577_290147184728510_5708148644743016767_o23 маусым — Қазақстан полициясы күніне арналған аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Салтанатта бір топ ішкі істер бөлімінің ардагерлеріне және аудандық жергілікті учаскелік полиция бөлімінің бастығы Әділбек Ғазизовке «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі табыс етілді. Сондай-ақ бір топ ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне және ардагер тәртіп сақшыларына БҚО ішкі істер департаментінің және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталса, ҚР ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Азамат Әубекеровке полиция лейнетанты шені берілді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТ

Күні: , 122 рет оқылды

19250651_290138524729376_6042396408870409325_o 19417455_290138758062686_9138361451663204364_o23 маусым — мемқызметшілер күніне арналған аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Мемлекеттік қызметшілер — Отанымызға адал қызмет жасайтын, жауапкершілігі жоғары, адалдық пен белсенді өмірлік позиция ұстанатындар. Салтанатты шарада мемқызметке жаңадан орналасқан қызметкерлер ант қабылдады. Сонымен қатар аудан әкімі Нұрлан Бекқайырға ҚР кәсіподақтар федерациясының құрмет грамотасы және «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгісі салтанатты түрде табысталды. Бұдан кейін БҚО әкімінің алғыс хатымен аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин және Қазталов ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Марат Наукешов марапатталды. 19222949_290138514729377_6971286126039016540_oСондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін біп топ мемқызметшілерге аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табыс етілсе, спорттық сайыстарда жүлделі орындардан көрінген бір топ мемқызметшілерге де алғыс хаттар табысталды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.