АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 23.06.2017


ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Күні: , 138 рет оқылды

19441690_289998868076675_3219337145216517490_o22 маусым күні Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Қазталов аудандық филиалы мен аудандық әділет басқармасының бірлескен отырысы өтті. Отырыста «Тауар белгілерін қолдану ерекшеліктері туралы» мәселелер қаралды. Отырыс барысында аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ниғметов және аудандық әділет басқармасының басшысы Э.Қайсағалиева, аудандық әділет басқармасының бас маманы А.Темрешева тауар белгілерін қолдану ерекшеліктері туралы түсінік берілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Күні: , 86 рет оқылды

19390849_289545281455367_5289196021289899966_oКешенді оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша теория мен тәжірибе әрекеттерінде үздік танылып, төтенше жағдайлардың алдын алуда және азаматтық қорғанысты жетік меңгерген арнаулы қызметтердің, ұйымдардың өкілдеріне Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының және Қазталов ауданы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Қайрат ЖАҚЫП


КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ «ЭКСПО – 2017» КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАП ҚАЙТТЫ

Күні: , 150 рет оқылды

19238188_289512984791930_2878349784722842745_o 19390908_289512908125271_921149059373359353_o 19452892_289512954791933_7594243357857222101_o«Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің» студенттері 14-20 маусым күндері аралығында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандырылған көрмесін тамашалап қайтты. Саяхаттың алғашқы күні студенттер Астана қаласының тарихымен, басты көшелерімен, сәулетті ғимараттарымен танысты. Екінші күні «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін аралады. Көрермен қызығушылығын көп тудырған ең тартымды павильондардың бірі қазақстандық – “Нұр Әлем” павильонын бірінші болып тамашалады. Павильон әлемдегі сфера пішіндегі жалғыз ғимарат. Павильонның 1 қабатында «Ұлттық павильон» орналастырылып, екі алаңның біріншісі – «Қазақстанмен таныстыру» алаңы еліміздің салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихына арналса, екінші алаңда «Жасампаз энергия» деп аталатын қазақстандық ғалымдардың баламалы энергетика саласындағы ең үздік жобалары қойылған. Сондай-ақ Ресей, Африка, Сербия, Жапония, Венисуэлла, Германия, Аргентина, Шри-ланка, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, АҚШ, Өзбекстан, Әзербайжан, Пәкістан, Румыния секілді шетел мемлекеттерінің павильиондарын аралап, жедел дамыған инновациялық технологиялар таныстырылымын тыңдады. Ал үшінші күні Астана қаласының мәдени орындары музейлер мен көрмелерді, «Тәуелсіздік» алаңы маңындағы «Қазақ елі» монументімен, «Тәуелсіздік» сарайымен, «Бейбітшілік және Келісім сарайымен», «Хазірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен үйлесім тапқан «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейін», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасын», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері музейін» аралап көрді. «Eurasian Book Fair – 2017» атты ІІ Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатынасып, түрлі мемлекет кітап баспа үйлерінің кітап қорлары, түрлі тақырыптағы презентацияларымен танысты. Студенттер « ЭКСПО-2017» көрмесінен ерекше әсермен оралды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


» …ДАРИЯ ШАЛҚАР ДАНАЛЫҒЫН АЛ, ТЫҢДА!»

Күні: , 146 рет оқылды

19390491_289511338125428_2481322061122630118_o 19400374_289511364792092_352383700132594461_o 19417559_289511534792075_6665788404554131632_o22 маусым күні аудандық мәдениет үйінде ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиналған көпшілік фоедегі көрмені және ардагерлер туралы «Дария шалқар даналығын ал, тыңда!» атты бейнебаянды тамашалады. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және облыстық ардагерлер ұйымы кеңесі төрағасының орынбасары Бауыржан Қойшыбаев құттықтау сөз сөйлеп, бір топ ардагерлерге алғыс хаттар табыстады. Салтанатта аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев «Ардагерлер ұйымына — 30 жыл» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар Жалпақтал ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Шынболат Өтешқалиев, аудандық ардагер ұстаздар бастауыш ұйымының төрайымы Гүлжиян Есмағұлова, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев құттықтау тілектерін айтса, күні кеше ғана Астанадағы «ЭКСПО -2017» көрмесіне барып қайтқан қайыңдылық Қисметова алған әсерімен бөлісті. Көк туы желбіреген Отанымның ардақты да, құрметті де алдыңғы толқын аға-апалардың басын қосқан ардагерлер ұйымының құрылғанына — 30 жыл. Иә, 30 жыл… Аз уақыт та емес, көп уақыт та емес… Отыз жылдық тарихы бар ардагерлер ұйымы еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге келеді. Елімізде тұрақтылық пен татулықты нығайтуда, ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде ардагерлеріміздің еңбегі орасан. Қазақстанның кемелдене түсуіне, гүлденуіне жастық жалын, маңдай терлерін төккен ардагерлерге қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Елімізде ардагерлер ұйымы мүшелігінде 1 млн. 845 мың ардагерлерлер есепте тұрса, аудандық ұйым филиалында 1500-ден аса зейнеткерлер бастауыш ұйымдарға топтасып отыр. Бұл бүгінгі өскелең ұрпаққа өнеге, тәрбие беретін — «Өмір университеті» . Қараөзен мен Сарыөзеннің ортасын алып жатқан елде ақылман қария да, өнегелі әже де бар. Ақылымен елді бірлікке шақырған ардагер ағалар, апалар бар. Алғашқы ардагерлер ұйымы құрылғанда соның басында кешегі сұрапыл жылдарды басынан өткерген, етігімен қан кешкен және Кеңес үкіметі деп аталатын алып елге бүкіл ғұмырларын сарп еткен ардагер ағалар болды. Олар: Қанапия Жангереев, Рысқали Қабиров, Сатқан Даниялов, Ихсан Құтқожин, Шәріп Хайруллин, Ахат Темірғалиев, Есімхан Меңешов. Ал бүгінде Уәлиолла Әбішев сынды ағаларымыз бар. Салтанатты шарадан кейін аудан көркемөнерпаздары ардагерлерге арнап, әндері мен билерінен шашу шашты.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАНЫМЫЗДА КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖАЛҒАСУДА…

Күні: , 108 рет оқылды

19390698_289458298130732_6169137214647765396_o 19441784_289458674797361_8268499939434151185_oАуданымызда өтіп жатырған кешенді оқу-жаттығудың негізгі бөлігі 22 күні таңғы сағат 7:30-дағы «ВОСХОД-2017», «ЗАРЯ-7117″ ДАБЫЛДАРЫ арқылы басталып, сағат 9:30-дағы кешенді оқу-жаттығу штабы мен аудан әкімі аппаратының жедел тобының, арнаулы қызметтердің жұмысын тексеруден басталды. Арнаулы қызметтерінің және ұйымдарының басшылары кешенді оқу-жаттығу штабына келіп хабарлама жасап, аудан орталығының шетінде «ЖИНАЛЫС» ДАБЫЛЫ бойынша арнаулы қызметтерінің және ұйымдарының жеке құрамалары мен техникалары дайындықтары тексерілді. Тексеру барысында арнаулы қызмет құрамалары мен техникалары төтенше жағдай мен азаматтық қорғанысқа сақадай-сай екендіктерін байқатты. Бұдан кейін оқу-жаттығу тәжірибе әрекеттеріне ұштасып, адам көп жиналатын аудандық кітапхана ғиамаратында жалғасты. Бұл жерде кіріспелер бойынша аудандағы арнаулы қызметтер №19 өрт сөндіру бөлімі, газ шаруашылығы, электр торабы және жедел жәрдем қызметінің құрамалары шартты өрт кезінде ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, ғимаратқа қосылған газ құбыры мен электр жүйесін айырып, дене жарақатын алған адамдарға медициналық көмек көрсетті. 19401919_289458494797379_4194433640766787682_oКешенді оқу жаттығудың кіріспе бойынша дала өртін сөндіру тәжірибелік әрекеті кезінде аудандағы №19 өрт сөндіру бөлімі, коммуналдық шаруашылық қызметкерелерінің және ауыл әкімдігінің еріктілері өз шеберліктерін көрсетіп, шартты дала өртін өз уақытында сөндірді. Сонымен-қатар аудандық электр торабыны мекмесінің қызметкерлері де кешенді оқу-жаттығу кезінде орын алған шартты электр жүйесінің үзілуін дер кезінде байқап, орын алған ақауды жоғарғы қарқынды жылдамдықпен жөндеп, кешенді оқу-жаттығу штаб бастығының оң бағасын алды. Кешенді оқу-жаттығу жалғасуда…

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАНЫМЫЗДА КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТУДЕ

Күні: , 118 рет оқылды

19417412_289164718160090_286578075352542341_o21 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожинның төрағалық етуімен 21-23 маусым күндері ауданымызда төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жұмыстарын жетілдіру мақсатында өтетін кешенді оқу-жаттығуға дайындықты пысықтау арналған жиын өтті. Жиынға облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы полковник Максим Хайрекенов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және ауданымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия мүшелері және арнаулы қызмет басшылары қатысты. Жиын барысында сөз алған азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы,- бүгіннен бастап Қазталов ауданында төтенше жағдайлардын алдын алу, азаматтық қорғанысты жетілдіру және аудан тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында кешенді оқу-жаттығу өтетін болады. Осы оқу -жаттығуларға қатысатын мекемелер мен ұжымдарды бір адамдай ат салысуға шақырамын,- деді. Ауданымызда өтіп жатырған кешенді оқу-жаттығудың негізгі бөлігі 22 күні таңғы сағат 7:30-дағы «ВОСХОД» ДАБЫЛЫ арқылы басталып, 9:30-дағы арнаулы қызметтерінің және ұйымдардың штабтарының құрамаларының дайындығын тексерумен жалғаспақ. Кешенді оқу-жаттығу штабының тел. нөмірі: 31-1-69

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.