АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 21.06.2017


«ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН МЕЙІРІМДІЛІК»

Күні: , 140 рет оқылды

19264658_288801851529710_3442653067616976847_o 19442112_288802468196315_1747252109027811349_o20 маусым күні аудандық мәдениет үйінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық концерті өтті. Бұл қайырымдылық концерті әжбайлық кішкентай бүлдіршін Диас Сұлтанға арналды. Рамазан айында өткізілген концертте «Адамның жүректен аяулы жері жоқ» атты журналист Әсем Болаттың эллегиясына негізделген бейнебаян көрсетілді. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» — деген екен данышпан халқымыз. Халқымыздың бойында өзінің кең даласындай дархан көңіл, жомарттық, кеңпейілділік, мейірбандылық бар. Ол атадан балаға ауысып, жалғасын тауып келе жатырған ізгі қасиет. Бүгінгі күнде де осы үрдіс жалғасын табуда. Ауданымыздағы тағдыр тәлкегіне душар болған жандар еш уақытта да назардан тыс қалып көрген жоқ. Айналасындағы жүрген адамдар олардың көзіне қарай отырып, жүректеріне де үңілуде. Ал адамдар жүрегіне үңілген адамдар — иманды жандар. Міне, осыдан келіп жанымызда жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың жүректері әркезде де қуанышқа толы. 19250467_288803181529577_6322354136874504386_o 19238107_288801938196368_4571430462867951172_oӘжібай ауылының 8 жасар тұрғыны, Диас Сұлтан. Ол өмірге іңгәләп келді.Мына бір жарық дүниеден оның да алар өз еншісі бар еді. Бірақ, бірақ… Диас ауруға шалдықты. Ол өзінің құрбыларындай еркін ойнап, күле алмайды. Кейде достарымен бірге балалықтың пәк сәбилі нұрлы күлкісімен күлсе де көзінде мұң қалады. Ол балалықтың мұңы. Бірақ Диас жалғыз емес. Айналасында жүректері ізгілікке толы мейірбан жандар жүр. Сол мейірбан жандардың бірі — бүгін «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық кешін ұйымдастырған ауданық жастар ресурстық орталығындағы аға-апалары журналист Жұлдыз Асқар жасаған бағдарламасында «Бақытқа бастар ұзақ жол» композициясынан көріністер қойса, әр округтардан келген талантты жастар адамгершілік, имандылық бағытындағы ән-жырдан шашу шашты. Кеш соңында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және Қазталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов,- осындай қайырымдылық істер көп болсын!- деген тілектерін айта келе, жастардың бастамасы басқа қоғамдық ұйым, мекемелерге үлгі боларлықтай,- деді. Сондай-ақ осы қайырымдылық шарасынан түскен қаражат Диас Сұлтанға табыс етілді.

ГауҺар ӘДІЛЖАН


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

Күні: , 68 рет оқылды

19390846_288709404872288_2511899525062642015_o20 маусым күні «Нұр Отан»партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға ауыл әкімі, депутаттар және мекеме басшылары қатысты. Қабылдауда болғандардың дені көпшілігі тұрғын үй және жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде өтініштерін жеткізді. Тұрғындардың өтініштерін тыңдай келе аудан әкімі,- Тұрғындарды үймен қамтудың тиісті заңдылықтарға сәйкес берілетінін айта келіп, жұмысқа орналастыру мәселесінде халықты жұмыспен қамту туралы үкіметтік бағдарламаларға қатысу қажеттігін жеткізді. Ал «Нұр Отан» партиясы өз тарапынан бұл мәселелерді басты назарда ұстайды,- деді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТӨБЕЛЕСТІҢ АРТЫ АУРУХАНАҒА ТҮСІРДІ

Күні: , 196 рет оқылды

19264404_288671344876094_548883077296668502_o19 маусым күні түнгі сағат 1:00 шамасында Қараоба ауылында 1972 жылғы Н.-деген азамат пен 1972 жылғы Ш.-деген азамат ішімдік салдарынан араларында жанжал туындаған. Нәтижесінде Ш. Н.-ға суық қару жұмсаған. Н. орта деңгейдегі дене жарақатын алып ауруханаға түсті. ҚР ҚК-нің 107 бабы бойынша Ш.-ның үстінен қылмыстық іс қозғалды. (Мәлімет Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінен алынды)

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҚАЗТАЛОВТА ҰБТ ӨТТІ

Күні: , 224 рет оқылды

19401849_288658904877338_2247035306584882477_o20 маусым күні Қазталов ауданы орталығында мектеп түлектерінің Ұлттық біріңғай тестілеуі өтті. Сынаққа жиналған түлектерді аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мен білім және ғылым министрлігі өкілдерінің топ жетекшісі Қуат Мусин құттықтап, сәттілік тіледі. Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеуге ауданымыдан 131 жас түлек қатысты. Тест қорытындысы бойынша орташа балы 84,16 пайызды құрады. Ең жоғары бал жинаған Молдашев мектебінің түлегі Карина Мұхамбетқалиева-125 балл.

Мөлдір ӘНУАРБЕК,

ҰБТ-ға қатысқан БАҚ өкілі


«МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ» ЗАҢНЫҢ ІСКЕ АСЫРУЛЫ

Күні: , 64 рет оқылды

19222887_288449011564994_5592547066257925960_oҚазталов аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы. Ә.Жамантаева Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылуы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже бойынша брифинг өткізді. Брифингте Ә.Жамантаева «Медиация туралы» ҚР Заңын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау барысында қолдану тәжірибесіне, соттың іс жүргізу міндеттерінің бірі тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу болып табылатынына тоқталып, пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар пилоттық жоба аясында олар бойынша медиация жүргізу міндетті болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттарын, пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттарын, пилоттық жобаның қатысушылары кімдер болып табылатынын, Ереженің медиацияны жүргізу тәртібі көзделген 7-тармағының талаптарын түсіндірді. Шара барысында БАҚ өкіліне «Медиация туралы» ҚР Заңын қолдану, пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер беріліп, ағымдағы жылдың 5 айында 6 азаматтық істер мен 2 қылмыстық істер «Медиация туралы» Заңын қолдану арқылы қысқартылғаны атап өтілді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.