АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 19.06.2017


ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ИГІ ІСТЕР БАРШЫЛЫҚ

Күні: , 72 рет оқылды

19143162_287590881650807_1824890293403320458_o19143154_287590884984140_4907075698614564384_o17 маусым күні қасиетті Рамазан айына орай Жалпақтал мешітінде болып, Алла үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігін білмек мақсатта бас имам Тілепберген Нұралиевпен сұхбаттасқан болатынбыз.
-Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын! Құдайға шүкір, қасиетті рамазан айына да аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі – үлкен нығмет. Жаратқан Ие баршамызға осы айдағы жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет берсін, жәрдем етсін. Қасиетті Рамазан айында 30 күн ораза тұтытып, тура жолдан таймаған мұсылман бауырларымыз біздің мешітімізге көптеп келуде. Бүгінгі күнде жамағат саны 100-ге жетіп отыр. Оның 20-сы нәзік жандылар. Бұл жамағаттың арасында жат ағымды ұстанғандар жоқ деп айтуға толық негіз бар. Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық көрсетіп жатырған және ауызашарлар беріп жатырған мекеме ұжымдарына, ауылымыздың кәсіпкелеріне және ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз! Алла Тағала баршасының отбасыларына мол саубын берсін дейміз! Олардың ұйымдастыруымен әр сенбі сайын аз қамтылған отбасыларға арнап монша ұйымдастырылса, күнбе-күн облыс орталығына 1 жеңіл көлік жоқ-жітіктерді тасымалдап жатыр. Сонымен қатар ауылымыздада 2 дүкен 30 күн ораза бойы халал тағамдарды сатып жатса, 2 дүкен арзан бағамен азық-түліктерді тұрғындарға сатуда. Сондай-ақ мешітіміздің жанынан медіресе ұйымдастырылып, 20 бала дәріс алуда. Балаларды үйретуге арнайы 3 маман алдырдық. Тағы бір айта кететін жәйт кәсіпкерлердің демеушілігімен мешіттің ішіндегі кілемдер (ұлттық нақышта жасалған) сатып алынса, абаттандыру жұмыстарына да қаражат бөлінді. Ол қаражатқа мешіттің ауласына төсеуге брусчатка тастар сатып алынды. Айта берсе атқарылып жатырған жұмыстар баршылық. Әрине бірінші Алланың арқасы және ауыл тұрғындарының ынтымағы мен жомарттығы десек артық болмас. Ендеше, сол үмбеттің жалғасы болып табылатын кейінгі ұрпақ біз де Ұлы Рахманнан ұлық рамазан айының берекесін тілейміз. Мейірім маусымының исі мұсылманға игілікті болуын тілеп Жаратқанға жалбарына дұға етеміз,- деп баян еткен Тілепберген ағамыздың бұл істеріне біз де риза болып қайттық.

Қайрат ЖАҚЫП


КӘСІБИ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ

Күні: , 76 рет оқылды

19143742_287584478318114_5586622702277073998_o 19221862_287584574984771_3693723596304855716_o 17 масым күні медицина қызметкерлерінің күніне орай аудандық аурухана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жалпақтал мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Шараға ранайы қатысып, сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева,- Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, асқан шеберліктің иесі адам өміріне араша түсетін ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі. Осы саланың ардагерлерін және бүгінгі таңда қызмет жасап жүрген барша ауданымыздағы медицина қызметкерлерін шын жүректен төл мерекелерімен құттықтаймын!- деген шынайы тілегін жеткізді. Сонымен қатар шарада Қазталов аудандық аурухана директоры Алмас Жүнісбеков және аудандық аурухананың кәсіподақ төрағасы Серікбол Қадемовтер де құттықтау тілектерін арнап, бір топ медицина саласының қызметкерлеріне төл мерекеге орай облыстық денсаулық басқармасының және аудандық аурухана атынан әзірлегенен алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыс етті. 19223036_287584744984754_6203465971272636313_o 19222833_287585261651369_27163265503582461_oСондай-ақ шарада ауыл тұрғындарына «Ең үздік донор» және «Үлгілі пациент» атаулары бойынша марапат көрсетілсе, ақ халатты абзал жандарға алғыс тілектерін жеткізген ауыл тұрғындары да болды. Мерекелік шара соңында аудандық ауруханының тыныс-тіршілігін баян ететін бейне ролик көрсетіліп, аурухана қызметкерлері әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты. Әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-қайратын салатын және қыл үстіндегі дама тағдырын арашалаушы жандардың мерекесі құтты болсын!

Қайрат ЖАҚЫП


ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ӘДЕМІ МӘДЕНИ -СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ

Күні: , 136 рет оқылды

19142983_287547918321770_9052447465489488163_o 19221691_287547931655102_3809415098612986898_o 19223034_287547774988451_547506581527795391_o17 маусым медицина қызметкерлерінің күніне орай Қазталов аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен және аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің қатысуымен «Дені саудың жаны сау» мәдени-спорттық шара өткізілді. Мерекеде аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастығы Альберт Талпахов құттықтау сөз сөйлеп, аудандық аурухана ұжымымен бірлесе өткізіп жатырған мәдени шараның осы орталықтағы қамқорлыққа алынған жандардың бір мезет көңілдерін көтеру олардың жүздеріне қуаныш ұялату мақсаты тұрғанын жеткізді. Мәдени шарада орталықтың қызметкерлері ән-жырдан шашу шашса, «Кім жүйрік», «Кім жылдам», «Ептілік сайысы», «Бетпе-бет», «Ракеткамен жүгіру» сияқты спорттық сайыстар да өткізілді. Соңынан осы мәдени-спорттық шараға қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР ШАРШЫ ТАҚТАДА КЕЗДЕСТІ

Күні: , 110 рет оқылды

19143799_287544821655413_9007548447232373378_o 19390811_287544794988749_4963071958691883730_o17 маусым күні аудандық орталық жасөспірімдер-балалар спорт кешенінде ҚР полиция қызметінің құрылғанына 25 жылдық мерекесіне орай ардагер тәртіп сақшылары мен полиция қызметкерлерінің арасында дойбыдан сайыс өтті. Сайысқа қатысушыларды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Әзілхан Қайырханов құттықтап, осындай сайыстар аға буын өкілдері мен жас тәртіп сақшылары арасындағы байланысты күшейте беретіндігін жеткізді. Сайыс кезінде Әзілхан Қайырхановты әңгімеге тартқанымызда, ол:-Ауданымызда 31 ардагер тәртіп сақшылары бар. Олар зейнетте болса да қоғамдық істерден шет қалып жатқан жоқ. Сонымен қатар өздерінің өмірдегі бай тәжірибелерін бүгінгі қызмет жасап жатқан тәртіп сақшыларына үйретуден еш жалыққан емес. Ал аудандағы ардагерлер хорының мүшелерінің көбі біздің бөлімнің ардагерлері емес пе?! Сондықтан бүгінгі сайыс та соның бір жалғасы,-деді. Сайыс жалғасуда.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 106 рет оқылды

19225301_287541574989071_6431279863671013219_n16 маусым күні медицина қызметкерлерінің күніне орай аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұжымының төрайымы Жанна Жәрдемәлиеваның ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин: — Дәрігер – адам жанының арашашысы деп бекер айтпаған, бұл мамандықты таңдаған адамда ерекше кәсіби шеберлік, еңбекке деген сүйіспеншілік және өз мамандығына деген ерекше жауапкершілік керек. Дәрігерлердің көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғайды. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын,-деп тілегін білдірді. Сондай-ақ аурухананың зейнеткер балалар дәрігері Қалима Құрматоваға, көз дәрігерінің медбикесі Лаура Берденоваға алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар шарада аудандық аурухананың әкімшілігі атынан дәрігерлер мен медбикелер де марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Бұл шараға зейнеткер дәрігерлер қатысып, алғаш рет медицина қызметкерлері күнін атап өтіп отырған жас мамандарға да естелік сыйлықтар берілді. Кәсіптік мерекеде балалар дәрігері Ұлданай Адаялиева, көз дәрігері Гүлнұр Иманғалиева, Мариям Сисенова облыстық кәсіподақ басқармасының алғыс хаттарымен және аурухана директоры Қайырбай Алтаев облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған болатын.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.