АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.06.2017


БҰЛ ЖҮЙЕ АДАМДАРДЫҢ ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Күні: , 119 рет оқылды

19143201_287135465029682_214957487733072291_o16 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында мекеме,ұйым жетекшілерінің қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы кеңес өтті. Кеңес жұмысына Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департамент басшысы Сатқан Төлегенов, мелекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Тимур Түлепов, ҚР денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департамент бөлімінің басшысы Балжан Темірғалиева қатысып, адамдардың денсаулығын сақтау үшін 1 шілдеден бастап күшіне енетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы айтты.
Бұл жүйе — мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. 2017 жылдан бастап жұмыс беруші 2 пайыздан бастап, жыл сайын 1 пайызға арттыру арқылы 2024 жылы 5 пайызға жеткізу көзделген. Ал, қызметкерлер жарнасының көлемі 2 пайызға тең, 2019 жылы 1 пайыз, ал 2020 жылдан бастап 2 пайызға теңестірілмек. Өзін – өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған азаматтар (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) жарнасы кірістерінің 7 пайызына тең. Ал аударым 2017 жылы 2%, 2018 жылы — 3%, 2019 жылы -5%, 2020 жылдан бастап 7 пайыз болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған барлық сақтандыру жарнасына қатысты мәліметтер ашық түрде болады. Сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алады. Қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылатын азаматтар бар. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мұндай азаматтардың 15 санатын белгілеп отырӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі осында. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталмыш сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Әрине, жоғарыда аталған кейбір медициналық қызмет түрлері бұрынғыдай мемлекет есебінен жүзеге асады. Міндетті медициналық сақтандыру кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да осы. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілікті арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған дәрігеріне барып, емделуге мүмкіндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады,-деді. Кеңеске қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Жұлдыз АСҚАР


«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

Күні: , 70 рет оқылды

19223062_286594328417129_6897115168435945181_o12-14 маусым күндері Казталов аудандық сотында мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Ашық есік» күні өткізілді. 
Азаматтарды сот төрағасының міндетін атқарушы судья Әсел Жамантаева қабылдады. Қабылдауда болған Казталов ауылының тұрғындары Р.Төреғалиева тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша және Н.Каримуллина мемлекеттік қызметке орналасу жөніндегі өз сауалдарын қойды. «Ашық есік» күні қабылдауында болған тұрғындарға 23 маусым мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі туралы және сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлердің қызметі туралы мағлұматтар берілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ. БҰЛ ЖҮЙЕ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?

Күні: , 60 рет оқылды

19055753_286500541759841_1387451889546971419_o15 маусым күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ҚР-ның «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі» туралы түсініктер беру үшін азаматтарды қабылдады. Аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қабылдауда болған азаматтарға 1 шілдеден бастап күшіне енетін жүйенің мәні мен мақсатын түсіндірді. 
Нақтылай айтқанда, — Бұл жүйе қарапайым халыққа не береді? -деген сауалға жауаптар қайтарылды. — Азаматтарға медициналық қызмет пакетінің екі түрі ұсынылады. «Базалық» деп аталатын бірінші түрі мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек. Оның қаражаты республикалық бюджеттен қарастырылады және кез-келген азаматқа ұсынылады. Бұл пакетке жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, әлеуметтік сипаттағы ауру түрлерін емдеу, шұғыл жағдайдағы медициналық көмек, профилактикалық екпелер кірсе, медициналық көмектің екінші түрі – сақтандыру пакетінде амбулаторлық-емханалық емдеу, стационарлық емдеу (әлеуметтік сипаттағы ауру түрлерінен қоспағанда), стационарды алмастырушы көмек (бұл жерде де әлеуметтік сипаттағы сырқат түрлерінен басқа аурулар бойынша), қалпына келтіру емі, медициналық оңалту, паллиативті көмек, мейірбикелік күтім, жоғары технологиялық көмек түрлері кіретін болады. Міне, осы мәселелер төңірегінде сауалдар қойылып, оған жауаптар қайтарылды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.