АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.06.2017


ҚОШАНКӨЛДІК ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Күні: , 148 рет оқылды

19092745_286002791809616_134848364689658114_o 19023422_286001661809729_183402784038388103_oҚошанкөл ауылындағы Ғ.Бегалиев атындағы орта мектеп – аудандағы іргелі білім ошақтарының бірі. Талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып, өмірге жолдама берген мектептің қазіргі ғимараты 1983 жылы пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері бұл нысан күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 168 миллион теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мұнда «БатысСтройСервис» ЖШС-нің жұмысшылары тынымсыз еңбек етуде. Ғимараттың қабырғаларын қырып, шатырын ауысыру жұмыстары басталып кетті. Барлық оқу бөлмелері, асхана, спорт зал жаңартылатын болады. Мектеп ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ғимаратты уақытылы пайдалануға беру үшін жергілікті тұрғындар да жұмысқа тартылуда. Демек қошанкөлдік оқушылар жаңа оқу жылын жаңаланған білім ордасында жалғастыратын болады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҚАЙЫҢДЫДАҒЫ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Күні: , 124 рет оқылды

19055222_285990495144179_1700508879137012320_o 19092973_285990868477475_8415819874494819672_oБиылғы жылы Қайыңды ауылының тұрғындары жақсы сыйлыққа ие болды. Ол жөндеуден өткізілген ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт. 1967 жылы салынғанынан бері жөндеу көрмеген пунтке облыстық денсаулық сақтау департаментінен 24 млн. теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Енді міне, 4 адам жұмыс жасайтын бұл фельдшерлік-акушерлік пункт науқастарды жарық, жылы бөлмелерде қабылдауда.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


№ 15 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Күні: , 118 рет оқылды

19092849_285986985144530_7912298209686783311_o 19242936_285987051811190_3442226755344356567_oЖалпақтал ауылындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты тозығы жетіп, құлау алдында тұрған болатын. Енді міне, бұл мәселе де шешімін тауып, өрт сөндіру бөлімінің ғимараты жаңадан тұрғызылуда. Бұл жұмыстарға Төтенше жағдайлар комитетінен 50 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылысты «БатысСтройСервис» ЖШС жүргізуде.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ЕРТЕГІ» БАЛАБАҚШАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Күні: , 116 рет оқылды

19092704_285984598478102_6247229551970045467_o 19055296_285984475144781_2297675513687823049_oСоңғы жылдары ауданымызда құрылыс жұмыстары қарқын алып, ауылдар күннен-күнге көркейіп келеді. Осындай жақсы жаңалықтар Жалпақтал ауылында да көрініс табуда. Ауылға «Ақбұлақ» арқылы ауыз су тартылып жатырса, Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген «Ертегі» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Уақыт пен қаражатты талап ететін құрылысқа 76 млн. теңге жұмсаламақшы. 1977 жылы салынғанынан бері қырық жыл уақыт бойы жөндеу көрмеген “Ертегі” балабақшасы бүгінде түбегейлі жаңартылуда. Жергілікті азамат Серік Темірханов жетекшілік ететін мердігер «Жолаушы жол» ЖШС жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтаймыз деп отыр. Сондай-ақ осы балабақша жөндеуіне ауылдан 20 адам жұмысқа тартылған. Балабақша меңгерушісі Айгүл Кәрімованың қуанышында шек жоқ. -Балабақшада 140 бала тәрбиеленеді. 6 топ бар. Енді міне, балабақшамыз күрделі жөндеуден өтуде. Балдырғандарымыздың да қуанышында шек болмайтыны сөзсіз. Жаңа, жарық, әсем ғимаратта тәрбиеленетін бүлдіршіндердің болашақтары осындай жарқын боларына сенімдіміз, -дейді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«АҚБҰЛАҚ» АРҚЫЛЫ АУЫЛДАР БҰЛАҚТАЙ ТАЗА СУҒА КЕНЕЛМЕК

Күні: , 124 рет оқылды

19092980_285968121813083_472926401300477444_o 19143272_285971425146086_7800080255072381457_oАуданда халықты көптен бері толғандырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі ол ауыз су мәселесі болып табылады. Ауыз су тапшылығын сезініп отырған елді мекендерді, ауыл тұрғындарын сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығы ерекше. Себебі ауылына құбыр тартылмаған халық суды құдықтардан алып тұтынуға мәжбүр. Ал құдықтың суы санитарлық талаптарға сай келе ме, келмей ме, белгісіз. Сапалы ауыз судың болмауы тұрғындардың денсаулығына да әсер етеді. Өйткені сапалы ауыз су денсаулық кепілі. Осындай мақсатта еліміздің әрбір ауылына, елді мекеніне ауыз су жеткізуді мақсат тұтқан «Ақбұлақ» бағдарламасы ауданымызда толығымен жүзеге асырылатын болса, су тапшылығы едәуір азаюы мүмкін. Осыған орай биыл ауданымыздың 6 ауылдық округінің тұрғындары «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз су жүйесіне қол жеткізетін болмақ. Қазіргі күнде жалпы құны 2 млрд. 503 млн. 442 мың теңге болатын алты ауыз сумен қамту нысандарын қайта жөндеу мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза су тартылып жатырған Талдыапан, Жалпақтал, Жаңажол, Ақпәтер, Қайыңды, Бостандық ауылдарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Талдыапан ауылдық округіне таза ауыз су «Дөңгелек» су қоймасынан тартылмақшы. Бұл жұмыстарға жалпы құны 778 млн. 174 мың. Құрылыс жұмыстарын «БатысГазСтрой» ЖШС жүргізуде. Қаралған қаржының әзірге 100 млн. теңгесі бөлінсе де, жұмыстар қарқынды жүруде. Осы «БатысГазСтрой» ЖШС Ақпәтер ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстарымен айналысуда. Бұл жұмыстарға 237 744,5 мың теңгег қаражат қаралған. 18839472_285970515146177_2120451485978613795_oАл Жалпақтал ауылындағы таза су тарту жұмыстары «ПМК-117» ЖШС атқаруда. Қараөзен ауылын қоса қамтитын таза су жүйесіне 351 млн. теңге қаражат қаралған. Жаңажол, Қайыңды ауылдарындағы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстарына 168 млн. және 189 млн. астам қаржы бөлінген. Бұл жұмыстарды «Новосел-Стройсервис» ЖШС жүргізуде. Бостандық ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстары үшін 333 млн. 669 мың теңгені «Жиенбай» ЖШС ұтып алып, қазіргі күнде 11 көшеге су жүргізу қарқынды жүруде. Сондай-ақ осы жұмыстарға ауылдан 9 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Барлық жұмыстармен танысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -жұмыстар уақытында әрі сапалы жүруі тиіс. Сол себептен өз істеріңізге жауапкершілікпен қаруларыңызды сұраймын, -деді. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында су мәселелін шешу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Олай болса, жүзеге асырылып отырған осы бағдарламаның арқасында сусыз отырған көптеген елді мекендер мен ауылдар бұлақтай мөлдір суға кенелді деп сенеміз.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ОЗАТ ТҮЛЕКТЕРГЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ЖӘНЕ «ҮЗДІК АТТЕСТАТ» ТАБЫСТАЛДЫ

Күні: , 181 рет оқылды

19055553_285952785147950_1435276933405664740_o 19223042_285953258481236_7235875153530495308_o14 маусым күні аудандық мәдениет үйінде мектеп бітіруші түлектердің «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иелеріне арналған мерекелік шара өтті. Биыл ауданымыз бойынша мектеп бітірген түлектердің 19-ы «Алтын белгі» мен 12-сі «Үздік аттестат» иесі атанып отыр. Мерекелік шарада аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр 11 жыл бойы мектепті үздік оқып, білім бәйгесінде жоғары көрсеткіш көрсеткен түлектерді құттықтап: -әлемнің озық елдері қатарына қадам басқан Қазақстанның болашағы сіздерсіздер! Жолдарың ашық болсын, сәт-сапар! –деген тілегін жеткізіп, «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» және естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ осы озат түлектердің ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Шарада ауданымыздың «Алтын белгі» иелеріне Хаби Жақып атындағы қордың мүшесі Мұрадым Тілепов өз лебізін жеткізіп, естелік кітап пен қор атынан 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады. 19238119_285954161814479_434760061095806967_o 19221555_285954348481127_7830043611742060501_oСонымен қатар үлкен өмірге қадам басқалы отырған жас түлектерге тәлім-тәрбие берген мектеп директорлары да алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік шарада «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері атынан А.Оразбаева атындағы орта мектептің түлегі Рахман Бақтыгереев сөз сөйлеп, ұстаздарына, ата-аналарға алғысын жеткізді. Шарада ұстаз, мектеп туралы әсем әндер орындалып, мың бұралған билер де биленді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ҚАЙРАН БІЗДІҢ ӘЖЕЛЕР АРДЫ ОЙЛАҒАН»

Күні: , 160 рет оқылды

19025267_285090808567481_4230735483346661416_o 19055092_285091468567415_2180000923978231312_o 19092605_285091231900772_3964585823651721498_o 19092869_285090875234141_1225297801129734694_o 19142883_285090968567465_5501444444158287048_o12 маусым күні аудандық мәдениет үйінде ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған «Қайран біздің әжелер арды ойлаған» атты әжелер ансамбльдерінің байқауы өтті. Байқауға көршілес Жәнібек ауданының «Ақниет» және Қазталов, Жалпақтал, Болашақ, Жаңажол, Бірік, Бостандық ауылдық округтерінің әжелер ансамблі қатысты. Байқауда сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев және Жәнібек аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекет Әліпқалиұлы, -Жер-жерде құрылған әжелер ансамблі қоғамдық-мәдени шараларға үнемі атсалысып, белсенділік танытуда. Сонымен қатар жастарға салт-дәстүрді насихаттау, имандылық бағытта тәрбие жұмыстарын жүргізуде еш жалығып көрген жоқ. Бүгінгі байқау да сондай тәрбие берер шара деп санаймыз, -деді. Байқауда әжелер ансамбльдерінің мүшелері қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырса, ал сайыста өздерін таныстыру мен өнерлерін көрсету бойынша сынға түсті. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен 1 орынды «Гүлдерайым» (Қазталов), 2 орынды «Шапағат» (Жалпақтал), 3 орынды «Асыл әжелер» (Бостандық) ансамбльдері иеленсе, байқауға қатысқан басқа да әжелер ансамбльдері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.