АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.06.2017


ҚАЗТАЛОВТЫҢ АСПАНЫНДА ҚАЛЫҚТАҒАН ӘСЕМ ӘНДЕР

Күні: , 216 рет оқылды

19023371_284346571975238_3917129899650335442_o 19023643_284347005308528_813828246730383417_o 19095666_284346218641940_4217504117797008810_o10 маусым күні эстарада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы мен жерлесіміз Дәурен Сейітжанов аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарына әннен шашу шашты. Бәріңізге белгілі Жұбаныш Жексенұлының және Дәурен Сейітжановтың репертуарындағы әндер жеңіл мән мен мазмұнға құрылмаған, адамдарға ой салатын әндер екенін тыңдармандар жақсы біледі. Жұбаныш Жексенұлының Шәмші Қалдыаяқовтың «Сүймегендер сағынбайды» әнін 40 жылдан кейін тыңдармандарға жеткізуінің өзі әншінің қазақ әндеріне деген сүйіспеншілігін және оның абыройын асқақататып жүргенін көрсетсе, жерлесіміз Дәуреннің орындауындағы «Қайран өмір» әні және басқа да олар орындаған әндер тыңдармандарды еріксіз алыстарға жетелегендей болды… Сондай-ақ жас әнші, өздері қастарына ертіп келген жерлесіміз Аңсар Ыбраевтың да болашағының бар екенін байқадық. Жұбаныш пен Дәуреннің орындауындағы қазақ вальсінің королі атанған Шәмшінің әндеріне көрермендер қосыла айтқанда әншілер мен көрермендер бір дауыста ән айтып тұрғандай болды. …Күлімдесе ай қабағың, Қалай ғана жай табамын? Көктем гүлі ұшқым келіп, Жердемін деп ойламадым. Барлық қазақпын деген адамдардың жан-жүрегінен орын алған махаббаттың, сағыныштың, сүйіктісіне деген ынтазарлықтың символына айналған «Нурикамал» әні Қазталовтың бұлт торлаған аспанына қалықтап, қайтадан адамдардың жүрегіне келіп қонғандай әсер етті. Тамаша концерттен кейін аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Досжан Ахметов әншілерге аудан әкімдігі атынан алғыс хат табыс етсе, бостандықтық «Екпін» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Нұғманов Дәуренге тұлпар мінгізді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


«ЭКСПО»-ҒА АРНАЛҒАН ШАРА

Күні: , 221 рет оқылды

19055646_284342411975654_1462638204399798624_o10 маусым күні «Достық» саябағында Астанада өтіп жатырған «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатына орай салтанатты шара өтті. Шара барысында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абзал Садықов, -Елімізде өтіп жатырған әлемдік деңгейдегі үлкен маңызы бар оқиғаның мәні мен мазмұнына тоқтала келіп, ауданымыздан да алдағы күндері «ЭКСПО-2017»-ге көрермендердің баратынын айтып өтті. Сонымен қатар барлық аудан жұртшылығын жарқын оқиғамен құттықтады. Салтанатты шарада флешмоб ұйымдастырылып, мерекеге арналған әндер шырқалды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ОРАЗА ТҰТҚАН ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР БЕРДІ

Күні: , 140 рет оқылды

18922154_284083262001569_7394086122257741651_nҚасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен əр жамағатқа ауызашар беру жыл сайын дəстүрге айналып келеді. Осыған орай 9 маусым күні аудандық ауыл шаруашылығы саласының бір топ ұжымы «Ретро» кафесіне ауызашар берді. Ауызашарда аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Мирлан Құсайынов ауыз бекіткен жандарды қасиетті аймен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. — Рамазан айы — айлардың сұлтаны, ең қайырлысы және сабырлық айы. Сондықтан әлемнің барша мұсылмандары бұл айға ерекше құрметпен қарап, ауыз бекітіп, пітір-садақаларын таратып, жетім-жесірге қолдау көрсетеді, -деді. Сондай-ақ Қазталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов жиналған көпшілікті қасиеті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестік білдірді, жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық шаралары туралы айтты.

Жұлдыз АСҚАР


ҚҰДЫҚ БАСЫНДА «ҚЫЗЫП» ҚАЛДЫ, БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Күні: , 192 рет оқылды

19059569_283881585355070_2134255789842400017_nМамырдың мамыражай күнінде Бостандық ауылының А. деген тұрғыны дүкеннен бір жарты алып шығады. Ол жартыны кафеде де емес, үйде де емес С. деген досымен құдық басында бөліп ішеді. Бұны көрген ауылдағы полиция инспекторы тәртіпке шақырып, оны қызметтік көлігімен үйіне апарып тастауға әрекет жасайды. Бірақ бойында «қызуы» бар А. тыңдамайды. Тыңдамағанымен қоймай, тәртіп сақшысын балағаттап, қызметтік киіміне зиян келтіреді. Осындай әрекеті үшін Қазталов аудандық соты А.- ны ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен, 379-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танып, 120 (бір жүз жиырма) сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АКЦИЯ ЖҮРГІЗІЛДІ

Күні: , 136 рет оқылды

18922797_283821052027790_2177044784292457757_o9 маусым күні Қазталов аудандық прокуратурасы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Халыққа арналған прокуратура» «Қажетті заң талаптарының негіздері» кітапшасын тұрғындарға тарату акциясы жүргізілді. Акция кезінде адамдардың күнделікті өмірдегі заң талаптарын орындау және оны білу, осы мақсатта адамдар арасындағы заңдылықты нығайту жөніндегі заңдардың кейбір тармақтары да түсіндірілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ТАЛАПҚА САЙ БОЛСЫН!

Күні: , 128 рет оқылды

18954791_283817915361437_1617226227561263292_o9 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожиннің төрағалық етуімен аудандық кәсіпкерлерімен жиналыс өткізілді. Жиналыста, -аудан көлемінде халыққа тамақ тасымалдау, сақтау, сату, өндіру және қоғамдық тамақтану мәселелері, — туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша аудандық тұтуынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров хабарлама жасады. Жаз айының басталуына байланысты адамдар арасында түрлі жұқпалы аурулардан және астан улану фактілері жиілейтіні сөзсіз. Осы орайда тамақ өнімдерінің талапқа сай болуы, оның пайдалану мерзімділігі қатаң сақталуы қажет. Сонымен қатар оқушылардың жазғы демалыс лагерьлеріндегі берілетін тамақ өнімдерінің сапасын үнемі тексеріп отыру, ауызсудың талапқа сай болуы және санитарлық-гигиеналық ережелері мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бұндай жағдайлардың алдын алу шаралары жүргізілмесе, орны толмас өкініштердің болып жататыны белгілі. Міне осы және басқа да мәселелерге байланысты тиісті мекеме ұйымдарға және тамақ өнімімен айналысатын кәсіпкерлерге тиісті тапсырмалар жүктелді.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАНДЫҚ «АТАМЕКЕН» БАЙҚАУЫ

Күні: , 122 рет оқылды

18922816_283533462056549_8188009947800436040_o8 маусым күні аудандық мәдениет үйінде ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың аудандық «Атамекен» ән фестивалі өтті.  Фестивальге әр ауылдық округтен үміткерлер қатысып, гала-концертке жолдама алды. Қазақ елін дүниежүзінің көптеген елдеріне танытқан әнші, композитор өзінің қоңыр сазды үнімен, жүрек тебірентер әсем әндерімен өнер сүйер қауымның жүрегіне жол тапқан Ескендір Хасанғалиевтің өнердегі жолы өзгелерге үлгі боларлықтай. Әсіресе, әншінің «Атамекен» әні туған жерге деген патриоттық сезімді оятатындай. Иә, бүгінгі кеште де әрбір сайысқа қатысушылардың орындаған Ескендір Хасанғалиевтің әндері көрерменнің жүрегінен орын алып, құдіретті де киелі өнерді серік еткен үміткерлердің өнеріне тәнті болды. Ауданда өткен байқаудың нәтижесінде 3 орынды Жәдігер Мұқашев (Қараоба), Мейрам Шайхымалиев (Қараөзен), Артур Қойшыбаев (Тереңкөл), 2 орынды Еділ Мақсотов (Бостандық), Марлен Сағатбаев (Болашақ), Жеңіс Ақаев (Әжібай), 1 орынды Ерсін Сапарғалиев (Қошанкөл) иеленсе, «Асыл арман» әнімен көрерменнің зор ықыласына бөленген қазталовтық Мұрат Ахметов бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Жеңімпаздар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.