АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 08.06.2017


ПАРТИЯ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 180 рет оқылды

18891878_283199132089982_5054913970777962700_o 19055004_283199025423326_1270999035828543676_o 7 маусым күні Бірік ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясовтың төрағалық етуімен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында ауыл тұрғындарына шағын несие берудің тетіктері мен шарттары туралы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының көшпелі қабылдауы өтті. Көшпелі қабылдауда аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Жүсіп Шакуов, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің және ауылшаруашылығы бөлімдерінің басшылары Айбек Әкімәлиев, Сергей Тоқпанов, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы Талғат Хайдаров, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Әділ Мырзағалиев партиялық жоба аясында ауыл тұрғындарына отбасылық бизнесті дамыту, соның ішінде мал өсіру, ауылшаруашылық кооперативтерін құру және шағын несиелер алу жөнінде түсініктер берді. Осы айтылған мәселелер бойынша ауыл тұрғындары түрлі сауалдар қойып, оған жауаптар берілді.

Жұлдыз АСҚАР


НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДАН ҚЫЗМЕТТІ «ТАРТЫП АЛҒАН» -АМАНГЕЛДІ

Күні: , 148 рет оқылды

18922848_283163218760240_4010282206396215625_oҚазақтың «Задорновы» Тұрсынбек Қабатов айтқан: «нәзік жандылар бүгінде ерлердің барлық нәрсесін тартып алды. Бас киімімізді бердік, костюм-шалбарымызды бердік, көлігіміздің рөлін бердік, «кресломызды» бердік, шаңырақтың да «рөлін» бердік, ештеңе қалған жоқ…» Бұл әзіл болса да, өмірдегі шындық. Бірақ керісінше осы нәзік жандылар атқаратын қызметті «тартып алған» азаматтар да бар екен. Ол басқа жерде емес, Хайруш елді мекенінде тұрады. Алпыстың төріне келіп қалған Амангелді Рысқалиев 20 жылдан бері ауыл кітапханасында кітапханашы болып қызмет жасайды. Амангелді айтады: -Өзімнің мамандығым – кітапханашы. Сонау 1986 жылдан он жылдай клуб меңгерушісі болып қызмет атқардым. Содан кейін кітапханашылық қызметке ауыстым. Алла қосса, 20 жыл толады. Өздерің білесіңдер Хайруш – шағын елді мекен. 170-тей тұрғыны бар. Осы тұрғындардың 102-сі кітапхана оқырмандары. Бүгінгі күнде кітапханада 4500-дей дана кітап қоры бар. Оқырмандардың рухани сусындауы үшін шалғай жатқан ауылға аудандық кітапханадан жаңадан түскен оқулықтарды өзімнің жеке көлігіммен уақытылы әкеліп тұрамын. Бүгінде кезекті жаңа кітаптарды алуға келген бетім еді. Енді бұл қызмет маған өте қатты ұнайды. Кей кезде кітапханада оқырмандар болмай қалған күнде де айналамның барлығы қым-қуат тіршілікке толып тұрған сияқты көрінеді. Оның себебі – Жюль Вернге үңілсем Францияның аралына барғандай боламын. Абайға үңілсем бүкіл қазақ халқының өмірі келеді,-дейді. Міне, қызметті нәзік жандылардан «тартып алған» Амангелді тек оқырмандарын рухани сусындатып қана қойып жүрген жоқ, өзінің де рухани азығы мол азамат деп білеміз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


КӨК ТУЫМ КӨТЕРІЛДІ БАҒЫМ ЖАНЫП

Күні: , 174 рет оқылды

18815459_281954272214468_7374540027449104444_o 18922908_281954385547790_6806998342536374203_o4 маусым күні «Достық» саябағында мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – бірлігімнің нышаны» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға жиналғандарды Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева құттықтау сөз сөйлеп: -Әрбір азамат тәуелсіз еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Әркезде де бейбіт аспан көгінде Әнұранымыз шырқалып, тұғырлы Елтаңбамыз биіктеп, Көк байрағымыз желбірей берсін,-деген тілектерін жеткізді. Мерекелік шарада жерлесіміз Дархан Дәулетияровтың әні мен сөзіне жазылған «Қазталов – атамекен» әні шырқалды. Бұдан кейін 25 автокөлік Көк байрағымызды желбіретіп, аудан орталығының басты көшелерімен 7,5 шақырым шеру жасады. Осы шеру кезінде ауылдың көшелері көк Туға оранғандай болды. Шара соңында аудандық мәдениет қызметкерлерінің мерекелік әндері шырқалды. Сондай-ақ мереке соңы жастардың би кешіне жалғасты.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЗАҢСЫЗ КИІК АУЛАҒАН ӘЖІБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Күні: , 202 рет оқылды

18920140_281453625597866_668932391837667508_nҚазталов ауданының ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері мен қырағылығы арқасында 2 маусым күні сағат күндізгі 11-12 шамасында Әжібай ауылына қарасты «Мерәлі» қыстағының жанында заңсыз киік ұстаған Әжібай ауылының Ж. деген тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде Volkswagen Passat автокөлігінің ішінен аңшылық қару, мүйізі кесілген 1 бас киіктің төшкесі және мүйіз табылып, тәркіленді. Қазір бұл азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 337 бап 4 бөлімі (Заңсыз аңшылық) негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. (сурет ғаламтордан алынды)

Мөлдір ӘНУАРБЕК


АРДАГЕР ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 152 рет оқылды

18814655_281435792266316_6406816893179394416_o3 маусым күні ауданымыздың «Құрметті азаматы», құқық саласының ардагері Мұлхайдар Әміреев алда келе жатқан 23 маусым — Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде сөз алған ардагер Мұлхайдар Әміреев: -Бүгінгі полиция қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктелуде. Полиция қызметкері елдің тыныштығын қорғаумен қатар, қарапайым халыққа рухани-моральдық тұрғыдан да қолдау көрсетулері керек. Қай кезде де адамдар сіздерден көмек күтеді. Мен ұзақ жылғы еңбегімде осыларды байқадым. Сондықтан сіздер әркезде де халықпен тығыз байланыста болсаңыздар, еңбектеріңіз еленеді, -деді. Сондай-ақ Бірік ауылдық округінің әкімі Батырхан Байғонақов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева да тәртіп сақшыларын келе жатырған төл мерекелерімен құттықтай келе, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауға атсалысып жүрген сақшыларға алдағы уақытта да ел тыныштығын қорғау жолында қажырлы еңбек етіп, ел қорғаны деген атаққа қызмет етіңіздер, -деген тілектерін жеткізді. Кезедесуде Мұлхайдар атамызбен қызметтес болған зейнеткер Қадыртай Балғынов пен Талапқали Қожанов өткен күннің қызықты оқиғаларға тоқталып, естеліктерімен бөлісті.

 Әсем БОЛАТ


«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ»

Күні: , 166 рет оқылды

18920823_281177572292138_4151140653311539965_o 18879933_281179352291960_6909759894487582407_o 18953173_281175335625695_402253772833090573_o2 маусым күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға келгендер алдымен мәдениет үйі фоесіндегі Мемлекеттік Рәміздердің жасалу тарихы туралы шығарылған көрмемен танысты. Аудандық мәдениет үйінде жиналған көпшілікке аудандық жастар ресурстық орталығы жасаған «Кім айтады болмаған деп Әнұран» атты  бейнефильм ұсынылды. Мемлекетіміздің Әнұранын аудан орталығындағы «Ақбота», «Жадыра», «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшаның бүлдіршіндері орындап, мерекелік сәлемдеме жолдады. Салтанатты жиынға қатысушыларды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап: -Еліміздің көк Туы көкте желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, бақытты болашақты бірге жасайық! -деген тілегін жеткізді. Осы мерекелік шарада аудан әкімі Қазталов ауданының «Құрметті азаматы» атағын алған Мұлхайдар Әміреев, Нәсіпқали Ғазизов, Марат Биғалиев, Надежда Гефнидер, Марат Жұмағалиевке арнайы белгілерін салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар Мемлекеттік Рәміздерді насихаттауда үлгілілік танытып жүрген мекеме, ұйымдар алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиынға қатысушылар аудандық мәдениет үйі және саз мектебі қызметкерлерінің дайындаған концертін тамашалады.  

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ЖАЛПАҚТАЛДА РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 126 рет оқылды

18879915_281136422296253_2684243657487419395_o4 маусым мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 25 жыл толады. Осыған орай бүгін Жалпақтал мәдениет үйінде рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеге мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалды. Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Рахметуллин жалпақталдықтарды айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін арттыруға, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың ешқашан құны төмендемеуі қажеттігін баса айтты. Шарада сондай-ақ аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің АХАТ қызметінің статист маманы Мейрамгүл Махамбетқызы Арман, Гүлмира Балмашевтардың дүние есігін ашқан сәбиі Айлина Арманқызына туу туралы куәлігін табыс етті. Мерекелік шара соңы өнерпаздардың патриоттық концертіне ұласты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АУДАН ӘКІМІДІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 130 рет оқылды

18922435_281127942297101_1459331700535551041_o2 маусым күні Қазталов ауданы әкімдігінің отырысы өтті. Әкімдік отырысына аудан әкімі орынбасарлары, мекеме, ұйым басшылары қатысты. Әкімдікте «2017 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери өызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ө.Өтебасов хабарлама жасады. -Биыл аудандық қорғаныс бөлімі тарапынан 51 азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Ал медициналық комиссиядан өтуге 310 адам жоспарланды. Қазіргі таңда соның 191-і тексеруден өтті. Олардың 101 жарамды, 14 уақытша жарамыз, 11 жарамсыз болып табылды. Бүгінгі күні ауданымыздан 35 адам әскер қатарына жіберілді. Биыл көктемгі әскер қатарына шақыру кезінде азаматтардың комиссияға толық келуін қамтамасыз еткен Қайыңды, Қараөзен, Бостандық, Тереңкөл, Ақпәтер ауылдық округтерін атап өту қажет. Бұл жұмыс жыл бойы жалғасатын болады. Сондықтан ауылдық округ әкімдіктері мен қорғаныс бөлімі үнемі тығыз байланыста жұмыс жасауымыз керек, -деді аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы. Отырыста сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов «Ауданда өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылық техникаларын байқаудан өткізуді ұйымдастыру» туралы хабарлама жасады. -Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық байқаудан өту деңгейі өте төмен. Аудан бойынша 258 трактордың тек 33 пайызы ғана техникалық байқаудан өтті. Көп жағдайда тракторлардың салықтары соңғы 3 жылда төленбеген не иелерінің сенімхаттары жоқ болып келеді. Алда үлкен науқан келеді. Сол себептен техникалардың байқаудан өтуіне үлкен жауапкершілікпен қарайық, -деді Сергей Ғарифоллаұлы. Осы мәселеге қатысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының м.а А.Сағитов жарыссөзге қатысып, жаз мезгілдеріне өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесіне тоқталды. Әкімдікте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев «Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының паспортталуы мен бейімделу объектілері туралы» айтып өтті. Әкімдікте басқа да қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ТҰРЖАН ТАБЫС ТАУЫП ҚАНА ҚОЙҒАН ЖОҚ, ДАҢҒАРАДАЙ ҮЙ ДЕ САЛЫП АЛДЫ

Күні: , 122 рет оқылды

18814611_281126725630556_3445235525090351993_o 18891447_281126615630567_4795153778965691955_oОсыдан 20 жыл бұрынғы ауылда үйлердің қақпаларын көз алдымызға елестетсек қай үйде болмасын штакетниктен немесе қазақи тілмен айтатын «гәрблден» жасалған қақпалар келетін… Ал сүргіленген, көк сырмен сырланған дәу дуал ағаш қақпаларды көрсек, ол үйде сол ауылдың бір дөкейі тұратынын тағы білетінбіз… Енді бүгінде ауылдың ажарын кіргізетін заманауи қақпалар көбейді. Ол тек сол үйдің ғана емес, ауылдың жалпы сәнін келтіруде. Сондай қақпалар Қараоба ауылында көбейіп келеді. Оны жасаушы шебер — Тұржан Танауов. Ол Жалпақтал №17 кәсіптік мектебінен дәнекерлеуші мамандығын алған. Тұржан бала кезден еңбекке ерте араласып, әкесімен бірге құрылыста және басқа да түрлі жұмыстарды атқарыпты. Орал қаласынан темір игіш немесе түрлі оюларды иіп шығаратын аппаратты сатып алып, ауылға сән беріп тұратын қақпаларды жасап келеді. Осындай кәсібінің арқасында өзіне жаңа үй салып отбасымен бірге қуанышқа бөленіп отыр. Алдағы уақытта цех ашуды да жоспарлап отыр. Сонымен қатар қысқы маусым айларында үйлерге жылыту жүйесін жүргізу, авто машиналарды жөндеу сияқты жұмыстармен де шұғылданады. Міне, ауылда кәсіп жоқ дейміз. Ал Тұржан осындай кәсібі арқылы табыс табумен қатар, даңғарадай үй де салып алды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«БАЛА – КӨҢІЛДІҢ ГҮЛІ, КӨЗДІҢ НҰРЫ»

Күні: , 80 рет оқылды

18880300_280856975657531_2603444798433774974_o 18814472_280857135657515_8607544148954566379_o1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Достық» саябағында «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, -Біздің кішкентай бүлдіршін балалар! Сіздерді 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз. Бұл бағытта, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде барлық билік органдары назарын жас буынды тәрбиелеуге, олардың өзекті мәселелерін шешуге, әлеуметтік базаны нығайтып, дамытуға көңіл бөлуде. Балалық шақтарыңыз бақытты болсын! –деді өз сөзінде.  Мерекелік кеште аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің және аудандық саз мектебінің, «Нұрбалапан», «Жадыра», «Ақбота» бөбекжай-балабақшаларының бүлдіршіндерінің өнерлері көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ шарада жастар ресурстық орталығының жастарының ұйымдастыруымен ұлттық ойындар ойнатылып, сыйлықтар табыс етілді. «Достық» саябағындағы мерекелік кеш бүлдіршіндердің тәтті күлкілерімен, бал-бұл жайнаған жүздерімен қуанышты жалғасып жатты.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.